Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2310151362 %38 %

Халық өткізетін сүттің 90 пайызына сенім жоқ - Сүт одағы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:45 - 2019/08/13


Халық өткізетін сүттің 90 пайызына сенім жоқ - Сүт одағы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Сүт одағы елдегі ақ тағамның қауіпсіздігін арттырудың жол картасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың 1 қаңтарында Кедендік одақ аясына өнімдер енгізудің 21 және 33-техникалық регламенттері Қазақстан аумағында да күшіне енеді. Оның бірі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін реттесе, екіншісі сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұған дейін аталмыш регламентті енгізу Қазақстан үшін кейінге шегеріліп келген болатын. Осы шегеру мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстанның сүт одағы сүт өнімдерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жол картасын ұсынып отыр.

«Бұл құжатты Ауыл шаруашылығы министрлігінің барлық тиісті құрылымдары мақұлдады. Жол картасын дайындаудағы мақсатымыз – отандық сүт өнімдерін шетелдік баламаларымен бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру», - дейді Қазақстан сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников.

Сүт одағының өкілі ақ өнімдердің қауіпсіздігі бойынша ұйымдасқан шаруашылық құрылымдар мен кәсіпорындарға ешқандай сын таға алмайтынын айтады. Ал қосалқы шаруашылықтарға сенім азайған.

«Қазақстанда 150-ден астам сүт өңдеуші кәсіпорын бар. Олар жыл сайын 1,5 млн тонна шикізат қабылдайды. Оның тең жартысын ұйымдасқан қожалықтар мен сүт фермалары берсе, екінші жартысын қарапайым халық өткізіп отыр. Осы халық өткізетін сүттің 90 пайызына сенім жоқ. Өйткені, ауылдағы ел осыдан 300 бұрын сиырды қалай сауса, әлі күнге дейін солай істеп келеді. Ал 300 жылда экология да, жемшөп базасы да, технология да өзгерді. Осының бәрі қосалқы шаруашылықтар өткізетін сүттің қауіпсіздігін құбылтып тұр. Түрлі індеттер мен микробтар, улы химикаттар малға егілген дәрі арқылы сүтке түсіп жатыр», - деген Владимир Кожевников бұл іске БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мамандары тартылғанын айтады. Осылайша БҰҰ қолдауы арқылы сүт өндіру қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін роликтер мен мультфильмдер арқылы елге насихаттау жобасын қолға алынған.

Жол картасы екі кезеңде жүзеге асырылмақ. Бірінші кезеңде, яғни, 2020 жылдың басына дейін Сүт одағына мүше кәсіпорындар осы жол картасы бойынша жұмыс істеп бастайды. Ал екінші кезеңде, яғни, 2021 жылға дейін қалған сүт өңдеуші кәсіпорындары жол картасына қосылатын болады.

«Жол картасы саланы жетілдіру тетіктерін бір арнаға тоғыстыратын құжаттар кешені ғана. Бұл карта ауыл халқын сүт өткізуге немесе кәсіпорындарды елден сүт қабылдауға тыйым салмайды», - деді Владимир Кожевников.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033792
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Атыраулық «Жасыл ел» са 1 sagt
Үндістан электронды сиг 2 sagt
Ислам институты 67 дін 3 sagt
Таразда жыл соңына дейі 3 sagt
Амазониядағы алапат өрт 3 sagt
«Барыс»  швейцариялық « 4 sagt
Атырау облысында жыл ба 5 sagt
Біржан Ахмер | Әдебиет 5 sagt
Тауға шыққан туристерге 5 sagt
Шымкентте үш ауысымды м 5 sagt
Гонконгта орта мектеп о 6 sagt
Павлодар облысында  175 6 sagt
Ақұштап Бақтыгереева | 6 sagt
23 тамыз, жұма күнге ар 6 sagt
Гонконгте ереуіл өтіп ж 6 sagt
Еуропа лигасы: «Астана» 6 sagt
22.08.2019 - Ақпарат - 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Елімізде химия өнеркәсі 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Жамбыл облысында ЖОО-да 7 sagt
Вакансиялар мен төлемде 7 sagt
Алматыда Орталық Азия ж 7 sagt
Атырауда өртенген театр 7 sagt
ҚР Кәсіподақтар федерац 7 sagt
Польшада жай түсіп, бір 7 sagt
«Сарыарқа» газ құбыры е 7 sagt
Сарапшы елорданың радиа 7 sagt
Бүгін Татарстан астанас 7 sagt
Еуропа лигасы. "Астана 7 sagt