Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-2112267427 %73 %

Мамин: 2019 жылғы қаңтар–шілдеде ЖІӨ өсімі 4,2% құрады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 12:40 - 2019/08/13


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды, сондай-ақ жаңа оқу жылының басталуына дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрі Р. Скляр, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев, бірінші қаржы вице-министрі Б. Шолпанқұлов баяндады. 

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Алматы облысының әкімі А. Баталов, Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов тыңдалды. 

ҚР Премьер-Министрі 2019 жылғы 15 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев алға қойған міндеттер аясында Үкіметтің негізгі басымдықтары — халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестициялық ахуалды жақсарту екенін атап өтті.

«ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша бекітілген нақты шаралар жоспары біздің экономикамыздың одан әрі дамуына оң ықпалын тигізетін болады.

Осы жылдың қаңтар-шілде айларында ЖІӨ өсімі өткен жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 4,2% құрады. Оң өсім құрылыста 11,5%-ды, саудада 7,5%-ды, көлік саласында 5,4%-ды, өңдеу секторында, оның ішінде машин ажасауда 17,7%-ды, жеңіл өнеркәсіпте 14,3%-ды, түсті металдар алуда 17,2%-ды, мұнай өңдеуде 5,1%-ды құрады.

Сонымен қатар, салалық министрліктер көмір, шикі мұнай өндіру, химия өнеркәсібі және қара металлургия саласындағы жоспарланған көрсеткіштерге жету бойынша шараларды күшейтуі керек.

7 айдың қорытындысы бойынша негізгі базалық көрсеткіштер бойынша Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында экономикалық өсімге қол жеткізілді. Әкімдер мен мемлекеттік органдардың, өңірлердің басшылары соңғы нәтижеге қол жеткізуге және бюджет қаражатын жоспарлы игеруге дербес жауап береді.

Елбасы бастамалары мен Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау үшін инвестицияларды белсенді тартуды, өнімді жұмыс орындарын құруды, экономиканы әртараптандыруды, өнімділікті арттыруды, экспортты ілгерілетуді, технологиялар мен инновациялар трансфертін жалғастыру қажет», — деді А. Мамин. 

Жаңа оқу жылының басталуына дайындық туралы ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев пн Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтың баяндамалары тыңдалды.

Бүгінгі таңда мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы 85%-ды құрайтынын айта келе, Үкімет басшысы барлық білім беру нысандарын 1 қыркүйекке дейін 100%-ға дайындау қажеттігін айтты. Арыс қаласындағы мектептердің оқу жылына дайындығына ерекше назар аудару тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрі оқулықтармен қамтамасыз ету, балаларды тасымалдау және мектеп оқушыларына ыстық тамақ беруді ұйымдастыру мәселесіне баса назар аудара отырып, «осы жылдың 15 шілдесінде өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту тұрғысынан, оның ішінде компьютерлендіру, мектеп процестерін цифрландыру мәселелері бойынша берген  тапсырмаларын орындауды күшейту қажеттігін» айтты.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1033789
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ерлан Бекхожин "Хабар" 26 sek
Министр ЖОО ректорларын 10 min
Қайыр Рыскелдинов қызме 20 min
Алмазбек Атамбаевты қам 1 sagt
Желіде Назарбаевтың ән 1 sagt
Түркістанда Nur Otan-ны 1 sagt
Гүлшара Әбдіқалықова пр 1 sagt
Ер адам тойда құлап, қа 1 sagt
Қаралы үйдің шашылып ас 1 sagt
Израиль премьері жұбайы 2 sagt
Қостанайлық полицейлер 2 sagt
Алматыдағы Алма-Арасанғ 2 sagt
Айсұлтан Сейітов Nike к 2 sagt
Головкин келесі жекпе-ж 2 sagt
Алматы әкімі шығарған е 2 sagt
Қызылордада халықтың сп 2 sagt
Назарбаев Нұр-Сұлтан әк 3 sagt
Жөтелінің себебін білге 3 sagt
"Күтіңдер, келе жатырмы 3 sagt
Найзағай, жел, жаңбыр-б 3 sagt
Алматының орталық көшел 3 sagt
Үкімет басшысы Елбасыме 4 sagt
Шымкенттегі университет 4 sagt
Амангелді Кеңшілікұлы 4 sagt
Әл-Фараби мен тағы екі 4 sagt
"400-ден аса адам қатыс 4 sagt
Ресей Қазақстаннан келе 4 sagt
Израиль премьерінің әйе 4 sagt
Әміре Әрін | Әдебиет п 4 sagt
Ерлан Қожағапанов Алмат 4 sagt