Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-091213446956 %44 %

Дұрыс тамақтану: Кеңсе қызметкерлеріне 7 кеңес Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 12:05 - 2019/08/13


Дұрыс тамақтану: Кеңсе қызметкерлеріне 7 кеңес Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Дұрыс тамақтану: Кеңсе қызметкерлеріне 7 кеңес

Адам диета ұстар алдын өзіне "Бірде-бір зиянды тамақ жемеймін" деп сөз береді. Белгілі бір уақыт аралығында бұл тәртіпке бағынады. Алайда кейде өзіңізді бақылау қиынға соғатын жағдайлар болады. Мысалы, әріптесіңіз туған күніне пицца әкеледі немесе ортақ асүйде шайға тәттілер тұрады. Осындай сәттерде кеңседе дұрыс тамақтануды ұстануға көмектесетін 7 кеңес ұсынамыз. 

Үстеліңіздің тартпасына пайдалы тіскебасарлар салып қойыңыз. Ол жаңғақтар, кепкен жемістер және қытырлақ нандар (хлебцы) болуы мүмкін. Бірдеңе жегіңіз келгенде немесе әріптестеріңізбен бірге шай ішкен кезде тәттілердің орнына өзіңіздің тіскебасарларыңызды аласыз. 

Әріптестеріңіздің әдетін қайталамаңыз. Зерттеулер нәтижесі бойынша, әйелдер құрбыларының немесе жалпы айналасындағы әйелдердің тағамдық әдеттерін қайталауға бейім келеді. 

Су құятын бөтелке алыңыз. Күніне 2 литр су ішу керектігін білеміз, бірақ ұмытып кетіп жатамыз. Стақаныңызда су бітіп қалғаннан кейін біразға дейін су ішу туралы ұмытып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан әрдайым қолыңызда жүретін су құятын бөтелке болғаны дұрыс. Оны кез келген жиналысқа немесе кездесуге бірге алып жүріңіз. 

Әріптестеріңізді диета туралы ескертіп қойыңыз. Егер айналадағылар ниетіңіз туралы білсе, диетаны сақтау оңайырақ болады. Әріптестеріңіз түсіністікпен қарайды. 

Жүйелі түрде тамақтаныңыз. Дұрыс тамақтануды ұстанатын адамдарға ұнайтын екі түрлі тамақтану жүйесі бар: 6-реттік және 3-реттік тамақтану. Қайсысын таңдасаңыз да, дәл уақытында тамақтану керектігін ұмытпаңыз. 

Спорттық үзіліс жасаңыз. Егер кеңсеңіздің жанында спортзал болса, түскі асқа дейін 30 минутыңызды созылуға немесе жаттығуға арнаңыз. Егер спортзалға баруға мүмкіндік болмаса, кеңсенің айналасында қандай да бір алаң болса, жылдам жүріспен 20-30 минут шамасында жүріңіз. Диетологтар жаттығудан соң күрделі көмірсуларға мән беру керектігін айтады. Мысалы: күріш. Оны ет немесе тунец секілді жоғары ақуызды өніммен толықтырған жөн. 

Жұмыс үстелінде тамақ жемеңіз. Көпшіліктің кеңседе жіберетін қатесі – жұмыс компьютерінің алдында тамақ жеу. Соның кесірінен артық тамақтанып қоясыз және күннің соңында өзіңізді ауыр сезініп, шаршап тұрасыз. Сондықтан мүмкіндік болса, түскі ас үзілісінде кеңседен шыққан дұрыс немесе кеңседегі арнайы асүйде тамақтанған жөн.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1033774
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар