Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-26157116860 %40 %

13 жасар спортшы Еуропаның ең жас чемпионы атанды Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Б



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 11:55 - 2019/08/13


13 жасар спортшы Еуропаның ең жас чемпионы атанды Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


13 жасар спортшы Еуропаның ең жас чемпионы атанды

Украиналық спортшы Алексей Середа 10 метрлік мінбеден суға секіруден Еуропа чемпионатында топ жарды. 13 жасар бозбала Еуропа тарихында чемпион болған ең жас спортшы атанды.

Суға секіруден Киевте өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Алексей Середа тарихқа атын алтын әріптермен жазды. 10 метрлік мінбеден суға секіруден 488,85 ұпай жинап, франциялық Бенджамин Оффре мен ресейлік Руслан Терновті қапы қалдырды.

Алексей қазір 13-те. Бұған дейін рекорд британиялық Томас Дейлиге тиесілі болған. Ол 13 жыл 10 айында чемпион атанған еді. Алайда украиналық спортшы одан үш айға кіші болды. 

Сондай-ақ Алексей Середа финалға өткен 10 спортшымен бірге 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдаманы ұтып алды. 

Бірнеше күн бұрын Алексей Середа 17 жасар Олег Сербинмен бірге мінбеден синхронды секіруден жүлдегерлер қатарына кірген болатын. Ресейлік Александр Белевцев пен Никита Шлейхерден 4 ұпайға қалып қойған украиналық жұп күмісті қанжығалады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1033765
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар