Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-131309403842 %58 %

Бүгін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне 99 жыл



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:36 - 2019/08/13


Бүгін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне 99 жыл

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыдан 99 жыл бұрын, яғни, 1920 жылы қазақ тарихындағы алғашқы ақпарат агенттігі құрылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1920 жылы алғашқы қазақ ақпарат агенттігі РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды. Аталмыш қара шаңырақтың бүгінгі иесі – қазіргі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС.

1925 жылы агенттіктің аты ҚазРОСТ болып өзгерді. Ал 1937 жылы «ҚазТАГ» деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді. Арада 60 жыл өткенде, яғни, 1997 жылғы қыркүйектің 10-ында ҚР Президентінің №3629 Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАА)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.

2002 жылғы қарашаның 8-інде ҚР Үкіметінің №1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды. 2008 жылғы шілденің 3-інде агенттік ҚР Үкіметінің №668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді. Ал 2012 жылғы тамыздан 2014 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамында болды. 2014 жылдың қаңтарында «ҚазАқпарат» елдегі алғашқы халықаралық ақпарат агенттігі (ХАА) мәртебесіне ие болып, өз тарихының жаңа кезеңін бастады.

2004 жылы Агенттік пайдаланушыларына жаңалықтарды қазақ тілінен латын қарпіне академик Әбдуәли Қайдаровтың әдісімен көшірудің жаңа нұсқасын ұсынды. Бұл осы әдісті іс жүзінде қолданған алғашқы ақпарат агенттігі болды. Соның арқасында кириллица қарпін оқи алмайтын шетелдердегі отандастарымыз тарихи Отанындағы болып жатқан оқиғаларды біліп отыруға мүмкіндік алды.

«ҚазАқпарат» жаңалықтары агенттіктің www.inform.kz веб-сайты арқылы қазақ, орыс, ағылшын, арабша төте жазумен және қытай тілдерінде таратылады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033730
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар