Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-201839508052 %48 %
2020-01-211438405941 %59 %
2020-01-2217027953 %47 %

Мажар жастары Абай әндерін шырқады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:33 - 2019/08/13


Мажар жастары Абай әндерін шырқады

БУДАПЕШТ. ҚазАқпарат – Мажар жастары Будапештте қазақтың ұлы ақыны, философы Абайдың лирикалық әндерін шырқады, деп хабарлайды Мажарстандағы ҚР Елшілігіне сілтеме жасап.

Будапешт қаласында қазақтың ұлы ақын Абайдың 174-жылдығына орай шара өткізілді. Іс-шара барысында қазақ диаспорасының өкілдері мен мажар студенттері Абайдың тақпақтарын, қара сөздерін оқып, өлеңдерін айтты. Соның ішінде мажар жастары шырқаған «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде» әндері әсерлі шықты.

«12 тамызда Будапешт қаласында, қазақ халқының ұлы ақыны, философы, ағартушысы және қоғам қайраткері Абайдың 174-жылдығына орай Мажарстандағы ҚР Елшілігі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін өткізді. Іс-шараға Елшіліктің қызметкерлері және олардың жанұя мүшелері, қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер, сондай-ақ қазақ тілін оқитын және қазақ мәдениетімен қызығатын мажар студенттер қатысты», делінген елшіліктің Facebook-тегі парақшасында.

 

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алған болатын. 

Айта кетерлігі ақынды ұлықтау челенджі халықаралық сипат алды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033707
Пікірлер

Көрші сілтемелер