Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-091213446956 %44 %

Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 4,2 пайызды көрсетті – ҰЭМ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:27 - 2019/08/13


Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 4,2 пайызды көрсетті – ҰЭМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2 пайызға дейін жеделдеді. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2 пайызға дейін жеделдеді. Қаңтар-маусымда бұл көрсеткіш 4,1 пайызды құраған еді. Серпін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және көрсетілетін қызметтер саласындағы жеделдеумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың тұрақты қарқынымен қамтамасыз етіліп отыр. Инфляция деңгейі жылдық мәнінде 5,4 пайызды құрады. Бұл инфляция дәлізінің 4-6 пайызының шегінде», - деді Ұлттық экономика министрі 2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша берген есебінде.

Министрдің айтуына қарағанда, инвестициялар серпіні Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан озық болып отыр (11,3 пайыз). Инвестициялар ауыл шаруашылығында 61,4 пайызға, құрылыста 46,3 пайызға, саудада 23,0 пайызға және өнеркәсіпте 18,9 пайызға өскен.

Еске сала кетсек, Руслан Дәленов осыдан екі ай бұрын да ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрағанын хабарлаған болатын.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033702
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар