Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-061818636160 %40 %

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды - Ел жаңалықтары | Tengrinews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 09:20 - 2019/08/13


Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды - Ел жаңалықтары | Tengrinews
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды кеше, 14:40
0
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды - © shymkent.gov.kz
© shymkent.gov.kz

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Садыр Ербол Әбілхайырұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген жаңа қала әкімінің орынбасарын Ерлан Айтаханов аппараттық мәжілісте таныстырып, қаланың дамуы жолындағы еңбегіне табыс тіледі.

Ербол Әбілхайырұлы  1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған. 1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2013 жылғы 22 мамырдан - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2017 жылдың 14 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы өз қызметінде кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, туризм және цифрландыру мен табиғатты қорғау салаларына жетекшілік ететін болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1033701
Пікірлер

Көрші сілтемелер