Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-2111355329 %71 %

Магистратура: Жаңа форматтағы сынақ қалай өтіп жатыр? - Ел жаңалықтары | Tengrinews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 07:50 - 2019/08/13


Магистратура: Жаңа форматтағы сынақ қалай өтіп жатыр? - Ел жаңалықтары | Tengrinews
Магистратура: Жаңа форматтағы сынақ қалай өтіп жатыр? кеше, 09:42
0
Магистратура: Жаңа форматтағы сынақ қалай өтіп жатыр? -

Білім және ғылым министрлігі биыл магистратураға түсу талаптарының өзгеретінін хабарлаған болатын. Халықаралық тәжірибеге негізделген жаңа талаптағы емтихан Түркістан облысында қалай өткізілуде? Оған деген оңтүстік тұрғындарының көзқарасы қандай? 

Жаңа форматтағы кешенді тестілеу аймақтағы көшбасшы жоғары оқу орны М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өткізілуде. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

"Кеше Әуезов университетінде магистратураға түсу үшін жаңа форматтағы кешенді тестілеу басталды. GMAT форматы бойынша бірыңғай емтиханды өткізу адалдық мен ашықтықты, әділдік пен жариялылықты қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосады. Ол үшін сынаққа өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, "Шымкент - адалдық алаңы" Жобалық кеңсесі мен аймақтағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және Шымкент қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары бақылаушы ретінде тартылды", - дейді М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Дария Қожамжарова.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы тестілеудің нәтижесі бойынша білім беру бағдарламалары тұрғысында қорытындысы сараланып, жоғары балл жинаған талапкерлер грант алады, сәйкесінше ерікті түрде өзі жоғары оқу орнын таңдайтын болады деп жазған болатын.

Бұл бастама өз кезегінде "грант магистранттың соңынан ереді" деген қағиданың жүзеге асуына және білім беру жүйесіндегі адалдықтың жаңа стандарттарының қалыптасуына негіз болады. ОҚМУ ректорының пікірі де осыған саяды.

"Қазақстанның жас азаматтары білікті, жоғары моральді және кәсіби қасиеттерді иеленген тұлға болуы тиіс. Бұл үшін не істемек керек? Ол үшін білімді, білікті болуы керек, олардың. Көзі ашық, саналы азаматтар олқылықты істерге жол бермейді. Осы орайда айтқан ләзім, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен енгізілген магистратураға түсудің жаңа талабы Әуезов университетінің профессор-оқытушыларымен қатар, оңтүстік өңірдің тұрғындары арасында да қолдауға ие болып отыр. Себебі, жаңа талапта әділдік бар. Әділдік бар жерде қоғам өзгереді. Бір бұл ғана емес. Жаңашылдық жоғары білім сапасы мен университеттердегі бәсекелестікті арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға және мемлекеттік білім гранттарының ашық та әділ бөлінуіне ықпал етеді", - дейді қоғамдық ұйым өкілдері.

Айта кетейік, сынақтың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ОҚМУ-дың ресми интернет-ресурсында тестілеу барысын онлайн режимде көрсету ұйымдастырылған. Аталған университетте емтихан тапсыру қарсаңында құқық бұзушылық фактілерінің орын алуына жол бермеуге ерекше назар аударылып отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1033673
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Желіде Назарбаевтың ән 11 sek
Түркістанда Nur Otan-ны 9 min
Гүлшара Әбдіқалықова пр 10 min
Ер адам тойда құлап, қа 20 min
Қаралы үйдің шашылып ас 1 sagt
Израиль премьері жұбайы 1 sagt
Қостанайлық полицейлер 1 sagt
Алматыдағы Алма-Арасанғ 1 sagt
Айсұлтан Сейітов Nike к 1 sagt
Головкин келесі жекпе-ж 1 sagt
Алматы әкімі шығарған е 2 sagt
Қызылордада халықтың сп 2 sagt
Назарбаев Нұр-Сұлтан әк 2 sagt
Жөтелінің себебін білге 2 sagt
"Күтіңдер, келе жатырмы 3 sagt
Найзағай, жел, жаңбыр-б 3 sagt
Алматының орталық көшел 3 sagt
Үкімет басшысы Елбасыме 3 sagt
Шымкенттегі университет 3 sagt
Амангелді Кеңшілікұлы 3 sagt
Әл-Фараби мен тағы екі 3 sagt
"400-ден аса адам қатыс 3 sagt
Ресей Қазақстаннан келе 3 sagt
Израиль премьерінің әйе 3 sagt
Әміре Әрін | Әдебиет п 4 sagt
Ерлан Қожағапанов Алмат 4 sagt
Франция президенті Пути 4 sagt
СҚО-да мөңке балығы қыр 4 sagt
Италия Премьер-министрі 4 sagt
Азия чемпионаты: Волейб 4 sagt