Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-26192131460 %40 %

Ашық әкімдік: Елорданың 600-ге жуық тұрғыны ашық есік күніне қатысты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 07:42 - 2019/08/13


Ашық әкімдік: Елорданың 600-ге жуық тұрғыны ашық есік күніне қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың барлық аудандық әкімдіктерінде «Ашық әкімдік» ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Аудан әкімдері құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен бірге тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, үлестік құрылыс, жұмысқа орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек алу және қосымша білім беру мәселелерін қарастырды. Іс-шараға елорданың 600-ге жуық тұрғыны қатысты. Ең көп адамдар Сарыарқа ауданының әкімдігіне келді. Екінші орынды Алматы және Байқоңыр аудандары бөлісті.

ҚР Президентінің қоғаммен байланысты нығайту тапсырмасын орындау мақсатында қала әкімдігінде азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізіледі. Бір жарым ай ішінде қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды жеке қабылдауында 230 тұрғынды қабылдады, олардан 809 сұрақ түсті. Ең көп өтініштер саны 175 балаларды мектепке дайындау және балаларды балабақшаға кезекке қою, 157 тұрғын үй мәселесі, одан екі есе аз медицина, бизнесті дамыту және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша жолықты.

524 өтініш бойынша мәселелер шешілді, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Азаматтарды қабылдауға 6 баланың анасы Сағадатта келіп, өз сұрақтарын қойды. Сағадат бірнеше жылдан бері үй кезегінде тұр. Бұл кісінің балаларына «Мектепте жол» атты акциясы бойынша көмек көрсетілетін болады.

Қабылдауда Қамысты ауылы бойынша да өзекті мәселелерге назар аударылды. Қарлығаштың айтуы бойынша, адамдар суды колонкадан тасиды. «Аурухана алыста орналасқан. Ауруханаға жету үшін екі автобусты қолданамыз», - деді Қарлығаш.

Қала әкімі Қамысты кентіне баруды кестесіне енгізетінін атап өтті. Азаматтарды қабылдауға басқарма басшылары, аудан әкімдері, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері қатысады. Мемлекеттік органдар жергілікті жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың проблемалық сұрақтарына жауап береді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033671
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар