Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-061818636160 %40 %

13 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 07:03 - 2019/08/13


13 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 13 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1920 жылы бірінші қазақ ақпарат агенттігі, қазіргі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды. 1925 жылы - агенттік аты ҚазРОСТ болып өзгертілді. 1937 жылы - ҚазТАГ деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді. 1997 жылы қыркүйектің 10-ында Қазақстан Республикасы Президентінің №3629 Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАА)» республикалық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. 2002 жылы қарашаның 8-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1186 қаулысына сәйкес ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды. 2008 жылы шілденің 3-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді. 2012 жылғы тамыздан 2014 жылға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамында болды. 2014 жылдың қаңтарында «ҚазАқпарат» елде алғашқы халықаралық ақпарат агенттігі (ХАА) мәртебесіне ие болып, өз тарихының жаңа кезеңін бастады.

2004 жылы Агенттік пайдаланушыларына жаңалықтарды қазақ тілінен латын қарпіне академик Әбдуәли Қайдаровтың әдісімен көшірудің жаңа нұсқасын ұсынды. Бұл осы әдісті іс жүзінде қолданған алғашқы ақпарат агенттігі болды. Кириллица қарпін оқи алмайтын шетелдердегі отандастарымыз тарихи Отанындағы болып жатқан оқиғаларды біліп отыруға мүмкіндік алды.
«ҚазАқпарат» жаңалықтары агенттіктің www.inform.kz веб-сайты арқылы қазақ, орыс, ағылшын, арабша төте жазу, қытай тілдерінде таратылады.

2003 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудан орталығынан 130 шақырым жердегі Бекетай құмдарында Исатай-Махамбет көтерілісшілерінің патша әскерімен шайқасқанына арналған ескерткіш орнатылды.
Дәл осы жерде 1837 жылғы қарашаның 15-інде күрескерлер бостандық үшін патша әскеріне қарсы тұрған тарихи Тастөбе шайқасы болды.
Көтерілісшілерді Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы басқарды.
Ескерткіштің биіктігі 5 метр, ал салмағы 3 тонна. Исатай мен Махамбеттің бастаған шайқас туралы мәліметтер қабырғаға қашалған.

2007 жылы Батыс Қазақстан облысында археологиялық және өлкетанушылық жұмыстары нәтижесінде ұлы ақын әрі батыр Махамбет отырған зынданның есігі табылды.

Төбесі дөңгеленіп өрілген, тік төртбұрышты қабырғалары қыш-тастан қаланған бұл зынданның биіктігі 3, ені 4 метрдей болған. Ішіне кіргенде, тастан трапеция етіп өрілген баспалдақпен 1-1,5 метрдей төмен түсуге тура келеді. Жоғары жағында екі торлы терезе болған. Қабырғаларына тұтқынның қолын байлайтын темір шығыршықтар бекітіліпті. Есіктің жасалуы ерекше, ешқандай дәнекерлеуші құралсыз темірден түрлі ою-өрнектер салып, оны мықтап бекіткен.

Махамбет Өтемісовті (1804-1846) Орынбор губернаторының бұйрығы бойынша 1841 жылы Жылыой жағында казак-орыс әскері тұтқынға алады. Содан оны алдымен Гурьевке (Атырау) әкелген, сосын Калмыковқа (Тайпақ) жеткізген. Калмыковтан Оралға апара жатқанда Антон ауылындағы (қазіргі Атамекен ауылы) зынданға салып, бір түн «түнеткен».

2007 жылы Қытайда қазақ жазушысы және драматургі, Атырау облысының тумасы Рахымжан Отарбаевтың төте жазумен және қытай тілінде жарық көрген «Соғыстың соңғы бомбасы» (қытай аудармасы - «Хэй Сюаньфэн») кітабының таныстырылымы өтті.

Жинаққа «Бәйтерек», «Американың ұлттық байлығы», «Жалғыздық», «Жайық туралы аңыз» және т.б. повестері мен тарихи әңгімелері кірді. Кітап Қытайда тұратын қазақтар қоғамының бастамасымен аударылды.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қызылағаштағы тасқын судан қаза тапқандарға қойылған ескерткіш монументке барып, тағзым етті, жұртшылықпен кездесті.

Ескерткіштің авторы - Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Қаби Баулықов. Ескерткішке ананың тасқыннан қайда қашарын білмей аласұрған сәті бейнеленген. Бетон мен граниттен жасалған ескерткіштің биіктігі - 7, ені -14 метр.

2010 жылы Алматыда Қазақстандағы тұңғыш мүгедектер арбасымен жүретін мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың отбасылары үшін мамандандырылған тұрғын үй пайдалануға берілді. Жергілікті бюджеттен құрылысқа 227 миллион теңге бөлінді.

2012 жылы қазақстандық боксшы Серік Сәпиев Олимпиаданың ең шебер боксшысына берілетін Вэл Баркер Кубогын жеңіп алды. 2012 жылы Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындағы барлық жекпе-жегінде боксшы үздік техникасымен көзге түскен.

Серік Сәпиев Вэл Баркер Кубогын алған үшінші қазақстандық спортшы атанды. 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша бұл жүлде Олимпиада чемпионы Василий Жировқа берілген. Афина-2004 ойындарында Олимпиада чемпионы атанған Тараз бокс мектебінің өкілі Бақтияр Артаев та осы Кубокты жеңіп алған. Лондонда бұл мәртебелі Кубок Серік Сәпиевке табысталды.

2014 жылы атақты Берлин симфониялық оркестрінің тарихында тұңғыш рет Қазақстан өкілі жеке өнер көрсетті. Берлинде өткен Audi Klassik Open Air классикалық музыка фестивалі шеңберінде Берлин симфониялық оркестрінің дирижері Лиора Шамбалдың басшылық етуімен дүниежүзіне белгілі қазақстандық скрипкашы, көптеген атақты халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаеваның жеке концерті өтті.

2016 жылы Ш. Қалдаяқов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясы, «Тұмар» фольклорлық ансамблі және «Қазына» би ансамблі Аустрия елінің Филлах және Клагенфурт қаласына ат басын бұрып, Еуропадағы ең ірі Villacher Kirchtag фольклорлық фестивалінде алғаш рет Қазақстанды танытты.

2017 жылы пауэрлифтерші Гузаль Ергешева Канадада өткен аласа бойлы адамдарға арналған әлем чемпионатында «алтын» иеленді.

2018 жылы әлемдегі ең үздік граффитилерді жариялайтын танымал ағылшын тілді StreetArtNews порталы астаналық суретші Дмитрий Левочкиннің «Сұлтандар» граффитиін әлемдегі ең үздік деп таныды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033663
Пікірлер

Көрші сілтемелер