Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20229117763 %37 %

БҚО-да түлектер ауылға сыйлық жасады - Ел жаңалықтары | Tengrinews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 05:50 - 2019/08/13


БҚО-да түлектер ауылға сыйлық жасады - Ел жаңалықтары | Tengrinews
БҚО-да түлектер ауылға сыйлық жасады кеше, 12:52
0
БҚО-да түлектер ауылға сыйлық жасады - Сурет: Хабар 24
Сурет: Хабар 24

Батыс Қазақстан облысында Жалпақтал ауылының түлектері туған жерге деген құрметін іспен дәлелдеп жүр. Соңғы жылдары мұнда жалпы сомасы 92 миллион теңге болатын 16 жобасы жүзеге асқан, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі.

Биыл да мектеп бітіргендеріне 30 жыл болған түлектер құны 8 миллион теңгеге ойын алаңын салып берсе, 1982 жылғы ауыл жастары су жаңа саябақта күмбез астындағы павильон тұрғызды. Жігерлі жастардың жәрдемімен ауыл ажарын ашатын өзге де сәулет нысандары ел игілігіне тапсырылды. Бұл ізгі істер 2013 жылы бастау алса, кейін "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" бағыты аясында ерекше қарқын алды. 5 мыңдай тұрғыны бар алақандай ауылдағы тындырымды тірлік өзгеге өнеге боларлықтай.

"Осы мектепте оқып, осы мектепте бітірдік. Ол уақытта алаң болған жоқ, мына жерде қақпа да болған жоқ. Тас қойып ойнайтын едік. Тастарға құлап сүрініп. Қазір сол заманымызға шүкір етіп салып беріп жатырмыз", - деді ауыл түлегі, кәсіпкер Әлібек Сартаев.

"Бұл енді ауыл азаматтарының елге деген, жерге деген, туған еліне деген патриоттық сезімі деп түсінеміз. Біз ешкімге де бармаймыз. Ұсыныстарымен, ой-пікірлерімен, тілектерімен өздері келеді. Біз бағыт-бағдар беріп отырамыз", - деді Жалпақтал ауылы әкімі міндетін атқарушы Меңдіхан Халимуллин.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1033650
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар