Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-26157116860 %40 %

Атамбаевтың үйінен қару-жарақ табылды - Жаһан | Tengrinews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 05:40 - 2019/08/13


Атамбаевтың үйінен қару-жарақ табылды - Жаһан | Tengrinews
Атамбаевтың үйінен қару-жарақ табылды кеше, 12:02
0
Атамбаевтың үйінен қару-жарақ табылды - Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйінен 11 түрлі атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тінту барысында оқжатары бар Драгунов мергендік винтовкасы, өздігінен оқтайтын Симонов карабині, тапанша-пулемет құрылымы негізінде жасалған "Капрал" тапаншасы, екі оқжатары бар ТТ марапаттық тапаншасы, екі GM-100 маркалы тапанша, "Сайга" карабині, қос ұңғылы ТОЗ және Fabarm, Zoli, Progress қарулары тәркіленді. Сондай-ақ, резеңке оқпен ататын жеті қару алынды, оларды Атамбаевтың жақтастары арнайы әскери қызметкерлерден тартып алған. Қазіргі таңда криминалистикалық сараптама жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 9 тамызда Алмазбек Атамбаев ұсталған еді. Ол тергеу изоляторына қамалды. Оған дейін Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясының қайта басталғаны хабарланған болатын. Кейін Атамбаевтың қызы видеомәлімдеме жасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1033649
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар