Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2310151362 %38 %

Қарағандылықтар Арыстағы жөндеу жұмыстарын аяқтады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 00:50 - 2019/08/13






Қарағанды облысы Арыстағы жөндеу және құрылыс жұмыстарын алғашқылардың бірі болып аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеншілер өңірінен барған 20-дан астам құрылыс фирмасы жарылыстан зақым келген баспаналарды қайта қалпына келтірді. Тұрғындар үйлеріне ертерек оралу үшін 400-ге жуық маман күндіз-түні тынбай еңбек етті. 

Арыс қаласында болған жарылыстан мына бес қабатты тұрғын үйдің терезелері сынып, қабырғасы сөгілген еді. Сондай-ақ есіктерімен шатыры да зақымданған болатын. Қарағандылық құрылысшылар небәрі екі аптаның ішінде олқылықтың орнын толтырды.

Бота Бижанова, Арыс қаласының тұрғыны:

– Есігіміз, тереземіз ауыстырылып, үйіміз жөнделді. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлына, жұмыскерлерге рақмет. Үйімізді жөндеуге қаржыны қайдан табамыз деп отырғанда, бәрін тегін жөндеп берді.

Қарағандылықтардың төтенше жағдайлар салдарын жоюда тәжірибелері мол.

Алғашқы күннен бастап арнайы штаб құрып, жауапты мамандар атқарылатын жұмыстың жоспарын әзірледі. Тапсырмаға асқан жауапкершілікпен қарап, құрылыс жұмыстарын алғашқылардың бірі болып аяқтады.  

Тайхан Қалмаханов, Қарағанды облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

– Тұрғындардың өтініштерін тыңдау үшін арнайы орындар бекітілді. Халық өздерінің талаптарын айтуға штабқа барып, уақыттарын жоғалтқан жоқ. Әрқайсысын өз үйінде қабылдадық.

Жарылыстан соң, үйлерді қалпына келтіруге 25 құрылыс компаниясынан 400-ге жуық маман қатысты. Барлық атқарылып жатқан жұмыстарды облыс әкімі Ерлан Қошанов өз бақылауына алды.

Бір айдың ішінде қарағандылық құрылысшылар 519 пәтер мен 72 жекеменшік үйді жөндеді. Мұнымен қоса, демеушілік қаражатқа спорт алаңқайын тұрғызып берді. Бұл балалар үшін тосын сый болды.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Юлана Чаус, Сайлау Игіліков

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1033631
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Атыраулық «Жасыл ел» са 22 min
Үндістан электронды сиг 2 sagt
Ислам институты 67 дін 2 sagt
Таразда жыл соңына дейі 3 sagt
Амазониядағы алапат өрт 3 sagt
«Барыс»  швейцариялық « 4 sagt
Атырау облысында жыл ба 4 sagt
Біржан Ахмер | Әдебиет 5 sagt
Тауға шыққан туристерге 5 sagt
Шымкентте үш ауысымды м 5 sagt
Гонконгта орта мектеп о 5 sagt
Павлодар облысында  175 5 sagt
Ақұштап Бақтыгереева | 6 sagt
23 тамыз, жұма күнге ар 6 sagt
Гонконгте ереуіл өтіп ж 6 sagt
Еуропа лигасы: «Астана» 6 sagt
22.08.2019 - Ақпарат - 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Елімізде химия өнеркәсі 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Жамбыл облысында ЖОО-да 6 sagt
Вакансиялар мен төлемде 6 sagt
Алматыда Орталық Азия ж 6 sagt
Атырауда өртенген театр 7 sagt
ҚР Кәсіподақтар федерац 7 sagt
Польшада жай түсіп, бір 7 sagt
«Сарыарқа» газ құбыры е 7 sagt
Сарапшы елорданың радиа 7 sagt
Бүгін Татарстан астанас 7 sagt
Еуропа лигасы. "Астана 7 sagt