Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121198280934 %66 %

Көне дәуірден сырт тартқан – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 01:15 - 2019/07/20


Көне дәуірден сырт тартқан – Астана Ақшамы

Елордадағы «Has Sanat» өнер галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі қылқалам шебері Мәжит Байтеновтің «Ұлы даланың сырлары» атты жеке көрмесі ашылды.

Көрмеде жақында жетпіс жастың жотасына шыққан суретшінің өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бүгінгі күнге дейін кескіндеген картиналары қамтылды. Мәжит Бәйтенов өзінің шығармашылығында көне тарихты, соның ішінде түркі халықтарының тарихын, салт-дәстүрлерін бейнелеуге бейім. Көптеген суреттерінде Тамғалы петроглифтері көзге шалынады. Сондай-ақ, ауыл тақырыбы да жанына жақын. Суретші шығармашылығының бір ерекшелігі, ол картиналарын авангардтық, абстрактілі стильде салады.
Бұл күндері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Сәулет және дизайн» кафедрасының доценті ретінде шәкірт тәрбиелеп отыр. Суретші «Сурет оқулығы» атты әдістемелік құралдың авторы.
Қылқалам шеберінің мерейтойлық көрмесіне әріптестері, бейнелеу өнерінің жанкүйерлері көп жиналды. Суретшіге Суретшілер одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының атынан сый-құрмет көрсетілді. Филиал төрағасы Жанұзақ Мүсәпір сөз сөйлеп, Көркемсурет академиясының «Алтын медалін» тапсырды. Аталмыш көрме 13 тамызға дейін жалғасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1025141
Пікірлер

Көрші сілтемелер