Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18214105740 %60 %

Атыраулық болашақ мұнайқұбыршылар өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:00 - 2019/07/19






Атыраулық студенттер «Қазтрансойл» АҚ өндірістік кәсіпорындарында ақысы төленетін тәжірибеден өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл Атырау мұнай құбыры басқармасында акционерлік қоғам басшылығы жергілікті оқу орындары мен студенттерді компанияның өндірістік нысандарында тәжірибеден өткізу мақсатында келісімге келген болатын.

Осының арқасында студент-жастар жазғы демалысты пайдалы өткізетін болды.

Мұнай-газ университетінің студенті Абай Нағиев келесі жылы диплом алады. Ал болашақ жас маман үшін мынадай алып кәсіпорында тәжірибеден өту таптырмайтын олжа әрі жұмысқа орналасуына біртабан жақындата түседі. Өндірістік тәжірибеге еліміз бойынша профильді университеттер мен колледждер енгізіліп отыр.

Абай Нағиев, Атырау мұнай-газ университетінің студенті:

– Мұнай айдау станциясында көптеген жұмыспен танысып жатырмыз. Университетте теориялық білімді алғаннан кейін оны практикамен бекіту осы кәсіпорында болып жатыр. Көптеген мұнайдың агрегаттарымен танысып жатырмыз. Осы «Қазтрансойл» АҚ алғысымыз шексіз.

Биыл «Қазтрансойл» АҚ-ның Атырау облысындағы өндірістік нысандарында 117 студент тәжірибеден өтеді. Атап айту қажет, компания университет студенттеріне 100-120 мың, ал колледж студенттеріне 70-80 мың теңгеден шәкіртақы төлейді. Оған қоса тасымал, арнайы киіммен қамту, тамақтандыруды да өз мойындарына алып отыр.

Нариман Егінбаев, АМҚБ, Т.Қасымов атындағы мұнай айдау стансасының бастығы:

– Практика басталғалы үш аптадай уақыт өтті, студенттердің өндіріске деген құлшынысын байқадық. Бәрінің де ынтасы, үйренсем, білсем деген ниеттері бар. Студенттердің алғашқы қадамдары да жаман емес, енді біз олардың болашақта еліміздің мұнай тасымалдау саласының майталман мамандары болатынына кәміл сенеміз. 

Биыл еліміздің 12 облысынан 433 студент ««Қазтрансойл» АҚ-ның» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Компанияның Жастар жылына орай арнайы «Жол картасы» қабылданып, жоба алдағы бес жыл, яғни 2023 жылға дейін жоспарланып отыр. 

Авторлары: Бекен Әлирахым,  Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1025121
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ер адамның найзағай соқ 1 min
Ер адамның найзағай соқ 7 min
БАЛАЛАР ҮЙІНЕ БАЗАРЛЫҚ 10 min
ҚАЖЫЛЫҒЫН ӨТЕГЕН 40 10 min
Су игілігі министрлігі 10 min
Құрама Штаттар Huawei « 20 min
Серуендеп жүрген ер ада 22 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Кешірім сұраудың жолдар 1 sagt
Шяңгәң ерекше әкімшілік 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қапшағай маңында жер сі 1 sagt
Курчатов қаласында алға 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Мемлекеттік даму және р 1 sagt
Ақтөбеде жаңа форматтағ 1 sagt
Жәнібек Әлімханұлы жең 2 sagt
Жәнібек Әлімханұлы 27 ж 2 sagt
БАҚ өкілдері арасында Қ 2 sagt
Жүңгө халықаралық мәсел 2 sagt
Алматы облысында жер сі 2 sagt
Жәнібек Әлімханұлы 27 р 3 sagt
Түркістан облысында дәр 3 sagt
18 тамыз. Туған күн иел 3 sagt
18 тамыз. ҚазАқпарат кү 5 sagt
АӘК алушы 21 мыңнан аст 5 sagt
Полицейлерді боқтаған п 6 sagt
Ауа райы: Жексенбі елім 7 sagt
ШҚО-да ақын Абайдың тағ 8 sagt
Тұңғыш рет БАҚ өкілдері 8 sagt