Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-0621662135 %65 %

Қамауда отырған белгілі трансплантологтың әріптестері мәлімдеме жасады - Қазақстан және әлемдегі соң



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:50 - 2019/07/19



Қамауда отырған белгілі трансплантологтың әріптестері мәлімдеме жасады


Белгілі қазақстандық трансплантолог Ғани Құттымұратовқа адам органдарын заңсыз алған деген айып тағылып, ол үш айдан бері қамауда отыр.

Бұл туралы «Медициналық қызметкерлердің құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігінің президенті Нұрлан Үдербаев мәлімдеді. Дегенмен дәрігердің көмегін күткен науқастар мен оның әріптестері еліміздің Бас прокуроры мен Ішкі істер министрінен Ғани Құттымұратовты тергеу амалдары аяқталғанша, уақытша босатуды сұрап отыр. Ал білікті дәрігердің үстінен іс қозғалуына не себеп болды? Бүгін баспасөз маслихатын өткізген тараптың айтуынша, еліміздің онкология және транспонтология ұлттық орталығы шетелдік компаниямен келісім жасасып, өзге ел азаматтарының Қазақстанға келіп, трансплантация жасауына уағдаласқан және осы бағытта нәтижелі жұмыс атқарылған. Алайда айыптаушылар «Ғани Құттымұратов бұл істің бәрін жеке өзі жасаған, ешбір консилиум өтпеген» деп отыр. Бірақ дәрігердің жақтастары бұл айыппен келіспей отыр.

Ардақ Айнақұлов, Нұр-Сұлтан қаласы UMC КҚ ана мен бала ҰҒО балалар урологиясы бөлімінің меңгерушісі:

– Бұған дейін Ғани Мұратұлын тергеуге шақырып жүрген. Соңғы рет тергеуге шақырған кезде қолына кісен салып ұстап алып кетті. Бұл 1 мамыр күні болған оқиға. Жауаптан гөрі біздің сұрақтарымыз көп. Не үшін? Неге негізделе отырып? Ғани Мұратұлымен біз 2012 жылдан бері Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында бірлесіп балаларға трансплантация жасап жүрдік. Біздегі балалар трансплантациясын дамытуға үлкен пайдасын тигізді.

Тіпті атақты транспантолог Юрий Пя да «тағылған кінә ақылға сыйымсыз», - деп отыр. Айта кетейік, Ғани Құттымұратов – медицина ғылымдарының докторы, жоғары дәрежелі трансплантолог-дәрігер. Елімізде 2012 жылдан бері трансплантация бойынша мыңнан астам операция жасалса, оның 28 пайызы Құттымұратовтың қатысуымен өткен. Ал еліміздің Ішкі істер министрлігі әзірге мәлімдеме жасауға асығар емес, тек тергеу жұмыстарын ведомстваның Тергеу комитеті жүргізіп жатқаны ғана белгілі болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1025117
Пікірлер

Көрші сілтемелер