Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18214105740 %60 %

СҚО-да ВИЧ жұқтырған мыңнан астам адам есепте тұр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:33 - 2019/07/19


СҚО-да ВИЧ жұқтырған мыңнан астам адам есепте тұр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған мыңнан аса адам диспансерлік есепке алынса, соның 14-і бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл есепте тұрған балалардың саны бірден төрте есеге артқан. Сырқат балалардың көбеюіне олардың еліміздің басқа өңірлерінен, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан көшіп келуі себеп болған.

«ВИЧ жұққан балалардың ең үлкенінің жасы бүгінде 12-де. 2006 жылы, желтоқсан айында туған. Отбасының тұңғышы. Ата-анасымен тұрады, жалпы білім беретін мектепте оқиды. Антиретровирусты терапиядан өтіп, қажетті дәрі-дәрмекті алып тұрады», - дейді орталықтың емдеу-профилактикалық жұмыстар және диспансеризация бөлімінің меңгерушісі Ольга Шилкина.

СҚО-да ВИЧ жұқтырған алғашқы бала Қызылжар ауданында анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, қыз бала үнемі Мәскеу қаласында ем қабылдаған. Алайда 13 жасында балалар үйінде қайтыс болыпты.

«Баланың сырқат екенін жария етуге біздің құқымыз жоқ. Әке-шешесі жазба түрде рұқсат берген жағдайда ғана белгілі бір адамдар хабардар болуы мүмкін. Жалпы ВИЧ сырқаттардың мәртебесін ашпауды республикалық, қоғамдық ұйымдардың бастамасымен өтетін арнайы семинар-тренингтерде үйретеді», - дейді Ольга Шилкина.

Сәбилерге көп жағдайда инфекция анасынан берілсе, жасөспірімдер есірткі қабылдау барысында және ерте жастан қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түскенде жұқтырады.

Ольга Шилкинаның айтуынша, екіқабат әйелден инфекция табылған жағдайда бірден антиретровирус терапиясынан өтеді. Сәбиге да ВИЧ-ке қарсы дәрілер оның салмағына қарай сироппен беріледі. Егер де емдеу шаралары дер кезінде қолға алынса, көп жағдайда бала ауырмайды екен.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1025113
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Кешірім сұраудың жолдар 9 min
Шяңгәң ерекше әкімшілік 9 min
Осы араны басып көріңіз 9 min
Қапшағай маңында жер сі 15 min
Курчатов қаласында алға 19 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Мемлекеттік даму және р 1 sagt
Ақтөбеде жаңа форматтағ 1 sagt
Жәнібек Әлімханұлы жең 1 sagt
Жәнібек Әлімханұлы 27 ж 1 sagt
БАҚ өкілдері арасында Қ 1 sagt
Жүңгө халықаралық мәсел 1 sagt
Алматы облысында жер сі 2 sagt
Жәнібек Әлімханұлы 27 р 2 sagt
Түркістан облысында дәр 3 sagt
18 тамыз. Туған күн иел 3 sagt
18 тамыз. ҚазАқпарат кү 4 sagt
АӘК алушы 21 мыңнан аст 5 sagt
Полицейлерді боқтаған п 6 sagt
Ауа райы: Жексенбі елім 7 sagt
ШҚО-да ақын Абайдың тағ 8 sagt
Тұңғыш рет БАҚ өкілдері 8 sagt
Хоккей: «Барыс» Швейцар 8 sagt
Францияда егіздерге арн 9 sagt
Пара алған Қызылжар орм 10 sagt
Аманқос Ершуов | Әдеби 10 sagt
Тағы бір қазақстандық G 10 sagt
Украинада өртенген қона 11 sagt
Гүлбақыт Қасенова | Әд 11 sagt
Кезекті қазақстандық Go 11 sagt