Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18214105740 %60 %

Атырау тұрғындары төртінші қабаттан секірмек болған қызды райынан қайтарды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:00 - 2019/07/16


Атырау тұрғындары төртінші қабаттан секірмек болған қызды райынан қайтарды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда төртінші қабаттағы терезеден секірмекші болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«102 операторының пультіне ер адам хабарласып, бойжеткеннің терезеден секіруге әрекеттенгенін айтып жеткізген. Қала көшелерінде жүрген полиция департаментінің барлық жеке құрамдары сол жерге аттандырылды. Махамбет көшесінде орналасқан үйге алғашқылардың бірі болып сержант Нұрланбек Төлегенов келген. 4-ші қабаттағы пәтер терезесінің алдында тұрған қызды көріп, көршілеріне барған», - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

«Мен терезе алдындағы тақтайшаның тайғанақ екенін білгендіктен, аяқ киімімді шешіп тастадым. Карнизге жалаң аяқ тұрып, қыз отырған терезеге қолымды жеткізуге тырыстым. Көмек көрсету үшін тағы екі ер адам келді», - деп еске алады Нұрланбек.

Қала тұрғыны Есенбай Қайыровтың айтуынша, оқиға болған күні ол көлігін жөндетуге апара жатқан. Бойжеткеннің терезеге шығып, секірмек болғанын көрген. Дереу сонда қарай жүгірген.

Қаланың тағы бір тұрғыны Микаил Катаров дәл осы үйдің бірінші қабатындағы дүкенде жұмыс істейді.

«Адамдардың шулап жатқанын көріп сыртқа шықтым. Жай қарап тұрудың мәні жоқ еді, көмектесу керек деп ойладым. Сөйтіп екінші қабаттың балконына шықтым», - дейді Микаил.

Қызды құтқару кезінде адамдар қолдағы құралдарды пайдаланға. Яғни күрек пен таяқты арқылы бойжеткенді итеріп, пәтерге қайта кіргізген.

Полиция департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, Есенбай Қайыров пен Микаил Катаровқа қаланың патрульдік полициясының жеке құрамының алдында алғыс хат табысталды. Атырау қаласы Полиция басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Биғамбаев алғыс айтып, олардың әрекетін барлық азаматтар мен полиция қызметкерлері үшін үлгі ретінде атап өтті», - деп мәлім етті өңірдің ПД баспасөз қызметі.

Авторы А. Соколов

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1023656
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қапшағай маңында жер сі 5 min
Курчатов қаласында алға 9 min
Осы араны басып көріңіз 29 min
Мемлекеттік даму және р 29 min
Ақтөбеде жаңа форматтағ 1 sagt
Жәнібек Әлімханұлы жең 1 sagt
Жәнібек Әлімханұлы 27 ж 1 sagt
БАҚ өкілдері арасында Қ 1 sagt
Жүңгө халықаралық мәсел 1 sagt
Алматы облысында жер сі 2 sagt
Жәнібек Әлімханұлы 27 р 2 sagt
Түркістан облысында дәр 2 sagt
18 тамыз. Туған күн иел 3 sagt
18 тамыз. ҚазАқпарат кү 4 sagt
АӘК алушы 21 мыңнан аст 5 sagt
Полицейлерді боқтаған п 5 sagt
Ауа райы: Жексенбі елім 6 sagt
ШҚО-да ақын Абайдың тағ 8 sagt
Тұңғыш рет БАҚ өкілдері 8 sagt
Хоккей: «Барыс» Швейцар 8 sagt
Францияда егіздерге арн 8 sagt
Пара алған Қызылжар орм 9 sagt
Аманқос Ершуов | Әдеби 10 sagt
Тағы бір қазақстандық G 10 sagt
Украинада өртенген қона 10 sagt
Гүлбақыт Қасенова | Әд 10 sagt
Кезекті қазақстандық Go 11 sagt
Осы араны басып көріңіз 11 sagt
Аты аңызға айналған бок 11 sagt
АҚШ-та компьютердегі ақ 12 sagt