Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-08934261167 %33 %

Димашпен салыстыру, өмірі және вокал қабілеті. Әділхан Макин жайлы не білеміз? Біз сізді жарқын әлем



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 17:40 - 2019/07/16


Димашпен салыстыру, өмірі және вокал қабілеті. Әділхан Макин жайлы не білеміз? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Димашпен салыстыру, өмірі және вокал қабілеті. Әділхан Макин жайлы не білеміз?

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4-курс студенті, көптеген байқаудың қатысушысы Әділхан Макин 15 шілдеде "Славян базары-2019" байқауының жеңімпазы атанды. Лезде әлеуметтік желі қолданушылары оны Димашқа теңеп, мақтай бастады. Әділхан Макин туралы, оның вокал қабілеті мен Димашпен салыстыру жайлы Tengrinews.kz тілшісі мақала әзірледі.

Әділхан 1994 жылы 5 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында туған. Жастайынан өнерге құштар бала көптеген байқауға қатысқан. Әділханның анасы Зәуреш Макинаның айтуынша, ол бала кезінде өте тілалғыш, көңілді және мейірімді болған.

"Отбасымызда төрт адамбыз. Әділхан тұңғышымыз, одан кейін інісі бар. Бала кезінде спортқа және өнерге жақын болды. Мінезі өте ашық бала. Көбі "Макин" деген тегін лақапаты екен деп ойлайды. Алайда, Макин оның негізгі тегі болып саналады", - дейді анасы.

Зәуреш Макина, Әділханның анасы

Әділханның академиядағы ұстаздарының бірі Лаки Кесоглу жеңімпаз туралы ойын бөлісті.

"Әділхан - ерекше дауыс иесі. Ол - өте дарынды бала. Негізі оның даусы тенорға жатады. Кең диапазон иесі. Менің ойымша, оның болашағы зор. Себебі оның әнді тыңдарманға жеткізу стилі ерекше. Былтырғы іріктеуге біз Әділханды таңдадық. Себебі Әділхан өте дарынды әрі кәсіби білімі жоғары оқушылардың бірі", - деді ол.

Жеңімпаздың вокал бойынша ұстазы Янис Георгиевич Әділхан әмбебап вокалист дейді. Себебі, ол әртүрлі вокалдық техникаларды қолданады. Оның ішінде, академиялықты, эстрадалық тіпті рок вокалды да жақсы меңгерген.

"Әділханның даусы шынымен де ерекше. Себебі, ол даусын кәсіби түрде жоғары деңгейде қолданады. Жоғары нотаны да, төменгі нотаны да өте әдемі алады. Менің қоластымда жүрген кезінде байқағаным, өте еңбекқор жігіт. Ол әрдайым ән айтып, үнемі жаттыққанды ұнатады. Кейде тіпті ол емес, менің өзім шаршап кететін кездерім болады. Алынбайтын қамал жоқ. Әділхан бұдан да биік белестерден көрінеді деп ойлаймын", - дейді ұстазы.

Ұстазының айтуы бойынша, Әділхан өте талантты адам. Себебі, бұған дейінгі қатысқан жобалары оның оқу үлгеріміне кедергі жасамаған, керісінше барлығына үлгеріп жүрген.

"Біздің академия үнемі талантты жастарға қолдау көрсетеді. Әділханның ұстазы ретінде айтарым, ол бұған дейін қатысқан жобаларында да жүлделі орындарға ие болып келді. Бұл оның дұрыс бағытта келе жатқанының айқын көрінісі", - дейді ұстазы.

Витебскіде байқау кезінде түсірілген сурет

Янис Георгиевич желі қолданушыларының Әділханды Димаш Құдайбергенмен салыстыруы туралы ойын да білдірді:

"Салыстыруларға келетін болсақ, Димаш сөзсіз вокалдық кәсіби жағынан болсын, техникалық жағынан болсын орындаушы ретінде жоғары деңгейдегі маман. Әділхан мен Димаш бұрыннан таныс. Әділхан Димаштан кәсіби, вокал бойынша кеңес алып тұратын. Өмірде дос болып, сондай-ақ салауатты бәсекелестіктің болуы қалыпты жағдай деп есептеймін. Бұл әлемдік сахнада жақсы нәтиже көрсетуге септігін тигізеді. Сондықтан, бұл жеңіске Димаштың да сәл де болсын қосқан үлесі бар. Екеуіне де сахнада сәттілік тілеймін".

Суреттер Әділхан Макиннің Instagram желісіндегі парақшасынан алынған

Еске салайық, Әділхан Макин 15 шілдеде Витебскіде өткен "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Ол фестивальдің қорытынды кезеңінде Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындаған. Ал бірінші турда Әділхан Макин Игорь Крутойдың "Озеро надежды" әнін айтып, көш бастаған еді.

Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын "Славян базары-2015" xалықаралық фестивалінде Димаш Құдайберген тұңғыш рет бас жүлде иеленсе, ал 2017 жылы Ернар Садырбай І жүлдеге ие болған еді. 

Автор: Сымбат Сатыбалдина


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1023647
Пікірлер

Көрші сілтемелер