Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-061268406757 %43 %

Чанжоудағы студент өлімі жазатайым оқиға салдарынан болған - ҚР СІМ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 17:20 - 2019/07/16


ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының дипломаттары Чанжоуда (ҚХР) қаза тапқан студенттің туған-туыстарымен Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің, Сандира Серікханова оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биылғы жылдың 26 сәуірінде Чанчжоу қаласындағы (Цзянсу провинциясы, ҚХР) тұрғын үйлердің бірінің 17-қабатынан құлау салдарынан, Цзянсу провинциясының технологиялық университетінің студенті, 1995 жылы туған ҚР азаматшасы Сандира Серікханова көз жұмған болатын. Бұл қайғылы оқиға туралы ақпаратты алғаннан кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының қызметкерлері марқұмның ата-анасына дереу хабарлап, сондай-ақ еліміздегі Қытай Елшілігінде С. Серікханованың әкесіне және ағасына ҚХР визаларын жедел ресімдеуге көмек көрсетті.

Олар Чанжоу қаласына келгеннен кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының дипломаттары Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілдерімен, С. Серікханова оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды", - делінген сыртқы саясат ведомоствосының Telegram-да жарияланған хабарламасында.

Өткен кездесуде туған-туыстарына С.Серікханова қаза тапқан үйдің кіреберісіне орнатылған камералардың тиісті бейнематериалдары көрсетілді.

Тергеу әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес, өлім жазатайым оқиға салдарынан болғаны анықталды. Кісі өлтіру күдігі анықталған жоқ.

Қазақстандық дипломаттар Шанхайда қаза тапқан ҚР азаматының мәйітін Отанына жеткізуге көмек көрсетті. 2 мамырда С.Серікханованың мүрдесі Бейжіңнен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1023636
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар