Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-207338230 %70 %

Арысқа өңірлерден гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:20 - 2019/06/25



Арысқа өңірлерден гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр


Жарылыстан зардап шеккен арыстық ағайындарға бүкіл ел жұмылып қол ұшын беріп жатыр.

Бірі ақшалай, енді бірі тұрмыстық заттар, киім-кешекпен көмектесуде. Бүгін барлық өңірден азық-түлік, басқа да керек-жарақтары тиелген автокеруен Арысқа жол тартты.

Тобыл өңіріндегі бірқатар мекеме, кәсіпорын ұжымы Арыста зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік еңбекақыларын аудару туралы шешім қабылдаған. Игілікті істен бизнес өкілдері де шет қалған жоқ. Мысалы, жергілікті кәсіпкер Сергей Блок  жағдайды естіген бойда бір миллион теңге аударатындығын  жеткізген. Ал қарапайым халық гуманитарлық көмек жинауды бірден бастап кетті. Алғашқылардың қатарында көмек қолын созғандардың бірі – Қостанай қаласының тұрғыны Ерболат Аханов.

Ерболат Аханов, Қостанай қаласының тұрғыны:

– Арыс қаласында болған жағдайға кішкене болса да өз үлесімді қосайын деп, шамалы бір көмекті алып келдім. Әрине, сын сәтте ынтымақ танытуымыз керек. 

Семей қаласында да гуманитарлық көмекті қабылдау орны ашылған. Ағайынның басына түскен қиындыққа бейжай қарамайтын қарапайым қайырымды жандар таңертеңнен бері азық-түлік, ауыз су, гигиеналық заттар әкеліп тапсырып жатыр. Жекелеген мекеме ұжымдар бір күндік еңбекақыларын аударын үлгірген.     

Алмас Айтмұқаш, Jas Otan жастар қанатының төрағасы:

– Ел болып, жұрт болып бірігіп, Арыс қаласындағы ағайындарға, «жұмыла көтерген жүк жеңіл», «көп түкірсе, көл болады» дейді, сол себепті азғантай болса да әлеуметтік көмек қолын созуға талпынып жатқан жағдайымыз бар. 

Ал Қызылорда облысы тарапынан арнайы автокеруен жасақталып, 14,5 тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық 1,5 тонна сүт жіберілді. Жергілікті атқарушы орган өкілдері де, барлығы 2083 мемлекеттік қызметші бір күндік жалақысын аударуға ниет білдірген. Облыста құрылған жедел штаб кез келген уақытта түрлі көмек көрсетуге дайын.

Ержан Байтілес, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

– Бір түнде ғана жиналған зат. Əлі де біз Қызылорда облысының атынан құрылыс материалдары болсын, қажетті заттар болсын сондағы ағайынға жеткізіп беруге ниеттеніп отырмыз.

Ардақ Кəрімбаев, Қызылорда облысының тұрғыны:

– Апат айтып келмейді, біз де қалыс қалмайық деп Арыс қаласына көмек қолын беріп жатырмыз.

Осы оқиғаға байланысты теміржол қатынасы арқылы діттеген жеріне жете алмай қалған 1200 адамға көмек көрсетілді. Оларға  тегін ас-суы жеткізіліп берілді. Пойыз бағыты өзгергендіктен, жолаушылар әрі қарай автобуспен сапар шегеді.

Авторы: Мағауия Қалиев

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1015039
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Аялдамалар алып тастала 1 sagt
Биыл 3200 адам қажылық 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Республика даңғылында қ 1 sagt
Елордалық полицейлер қа 2 sagt
«Қазақтану» пәні енгізі 2 sagt
Ұлттық кеңестен не күте 2 sagt
Астаналық нарық – жақс 2 sagt
Қазақстанның бірқатар о 2 sagt
Алты жастан мектепке ба 2 sagt
Жылу беру маусымына дай 3 sagt
ҚАЛДЫҚТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРА 3 sagt
Президент кубогы: Финал 3 sagt
Иран АҚШ санкциясынан қ 3 sagt
Ілгерлеу бар, бірақ бая 3 sagt
Мүгедектерге нысандарды 3 sagt
Пәкістанда экс-премьер 3 sagt
Қарағандыда «Бақытты от 3 sagt
Қиын жасөспірімдер «Жас 3 sagt
19.07.2019 - Parasat ma 4 sagt
Қолды болған құндылықта 4 sagt
Қазақстандық дзюдошылар 4 sagt
Көне дәуірден сырт тарт 4 sagt
Тіл ортақ болмай, қоғам 4 sagt
Муфаса мақалдап сөйлейд 4 sagt
Зеленскийдің партиясы ж 5 sagt
Теннис: Александр Бубли 5 sagt
Тыныштықбек Әбдікәкімұл 5 sagt
130 отбасына қайырымдыл 5 sagt
Оқырмандарды саяхатқа ш 5 sagt