Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23795422639 %61 %

Алматы облысында жастар форумы өтіп жатыр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:30 - 2019/06/18


Алматы облысында жастар форумы өтіп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Алматы облысы жастарының форумы өтіп жатыр. Шараға Жетісу өңірінің 150-ге жуық жас өрені қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Жастар көзқарасы: парасаттылық пен адалдық» тақырыбындағы шараның мақсаты - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде атап өткен 10 бағытты жүзеге асыру, жас мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін қалыптастыру. Сондай-ақ жастардың бойына жемқорлыққа төзбеушілік қасиеттерді сіңіріп, жауапкершілікті арттыру, еркін ойлау, батыл сөйлеу, саяси белсенді болуға шақыру.
Алматы облысында жастар форумы өтіп жатыр 

Форумға аймақтан 150-ге жуық жас қатысып, аға буынның ақылын тыңдап, секциялық оқуларда дәріс алды. Семинар-тренингтер арқылы өзін-өзі дамытуға, жаңаша көзқарас қалыптастыруға үйренуде. Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев сөз алып, қатысушылармен өз тәжірибесімен  бөлісті.
Алматы облысында жастар форумы өтіп жатыр 

«Мансаптық өсу. Меритократия жолымен өзінің бойындағы қасиетті толық ақтап, толық көрсетіп, мемлекетке пайдасын тигізу керек. Және өзінің де қоғам алдындағы беделін көрсетіп өсуі қажет», - деп атап өтті департамент басшысы.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1010984
Пікірлер

Көрші сілтемелер