Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-202611316 %84 %

Қазақстандық дәрігерлер үш адамға жасанды жүрек салып берді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:21 - 2019/06/18


Қазақстандық дәрігерлер үш адамға жасанды жүрек салып берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда бұрын-соңды әлем елдерінде болмаған толықтай жасанды жүрек отасы 3 адамға жасалды. Бұл туралы бүгін халықпен кездесу өткізген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәрімізді мазалайтын келесі өзекті мәселе сапалы жоғары технологиялық медициналық көмек алу болып отыр. Расында, тарихи жағдайға байланысты кейбір технологияларымыз болмағаннан кейін көп пациенттер шетелге барып ем іздейді. Бірақ, бізде бұл мәселе  бойынша жоспарлар енгізіліп, жұмыс жасалып жатыр. Осы ретте, ұлттық ғылыми клиникаларға алғыс білдіргім келеді. Өткен үш жылдың ішінде жоғары технологиялық қызметтердің саны, соның ішінде бірегей операциялардың үлесі артып келеді», - деді министр.
Қазақстандық дәрігерлер үш адамға жасанды жүрек салып берді 

Мәселен, оның айтуынша, еліміздің Ұлттық кардиохирургиялық орталығында өткен жылы жүрек трансплантациясы бойынша 8 ота жасалған.

«Басқа мемлекеттерде енгізілмеген толықтай жасанды жүректің 3 трансплантациясы  жасалды. Бұл - Франция және басқа мемлекеттердегі ғылыми-зерттеу жұмысы. Бірақ, біздің кардиохирургиялық орталығымыз дүниежүзінде тұңғыш рет осындай операцияны жасап жатыр», - деді Е.Біртанов.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1010978
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар