Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Fariza Ongarsynova. Olender zhinagy. II::Өлеңдер жинағы. II кітап

Кітәпханаға қайту

Өлеңдер жинағы. II кітап ->
Апторы: Фариза Оңғарсыноваөлеңдер
Өлеңдер жинағы. II кітап - Көрілім: (771)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


ЖЕТІМТАУ

Көп жұрттың ұғымында: Айға аттаған

мен жүрген жаны қайрақ, қайратты адам.

Ал, өзім “жетім” деген сөзді естісем,

сол бойда құздан құлап, жайрап қалам.

Сан ғасыр шыр айналып жұмыр жерім,

таппады жетімдіктің бүгін де емін.

Жан-жағы – тұлдыр дала тауға қарап:

“Жетімтау. Жетімтау…” – деп күбірледім.

Бұл дертті жоқ менің де емдер дәрім,

жанға, рас, жаны жүдеу дем берді әнім.

Таңдандым таулар да шын тата ма деп

жердегі жетімдіктің кермек дәмін.

Маңайда естілмейді жыр да, шу да.

Сонда да көңіл соқпас құр жасуға.

Жанында Жетімтаудың таулар түгіл

төбе жоқ сырласуға, мұңдасуға.

Айнала – қиыры жоқ сырлы далам,

Жетімтау асқақ қарап тұрды маған.

Тас жарып сайға қарай жарысады

қос бұлақ құлыншақтай құлдыраған.

Мен тұрдым ойлар сүйреп, мұңға кетіп,

Жетімтау шыныққандай сынға бекіп,

күлкілі, күбірлі орта қызықтарын

тұр асқақ жалғыздыққа құрбан етіп!

1981


Мазмұндас кітаптар

1 әлемдік философиялық мұра
2 Франсуа Мориакәңгіме
3 саясат
4 Жүсіпбек Аймауытовпедагогика
5 Хамза Есенжановроман
6 Сәбит Мұқановпоэма
7 Абай Құнанбаевөлеңдераудармалар
8 Рюноскэ Акутагаваәлем әдебиеті
9 әлемдік философиялық мұра
10 Танагөз Толқынқызыөлеңдер жинағы

Пікірлер:


Жолдаушы №: #141, : 04:26 - 2020/04/25

Өте керемет өлең.жүректі жылатып жібереді екен.мәғән қуатты ұнады.


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.