Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20418207263 %37 %


Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Илияс Жансугуров. Макалалар, ой толганыстар, хаттар::Мақалалар, ой-толғаныстар, хаттар

Кітәпханаға қайту

Мақалалар, ой-толғаныстар, хаттар ->
Апторы: Ілияс Жансүгіровмақалалархаттар
Мақалалар, ой-толғаныстар, хаттар - Көрілім: (2401)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


СОНДАҒЫ ШАЛТАБАЙ ӨЛЕҢІНЕН

(Манап Байпақұлы жинағанынан алынды)

Үш Қарқара, кең Текес қайран жерім,

Қайғысыз, қамсыз өскен қайран елім.

Кәпірдің уысына қалдың түсіп,

Күн болмас баяғыдай енді тегін.

Ел-жұртым, тілеулес бол, амал бар ма.

Тістеулі қос бармағым, кетті-ау кегім.

Басқа бәле түскенде, қызыл тілім

Аман бол дейді елім, ағам, інім...

Қолына түсіп орыстың

Көрдім дүние жалғанын.

Тазабек, Саурық күш қоспай,

Тараншыға сенем деп

Тістеулі кетті-ау бармағым,

Ішімде кетті-ау арманым.

Замандастар аман бол.

Көтеремін мойныммен

Орыстың салған қармағын.

Қожеке, сенің әкең Назар еді,

Жігітке жүрген жері базар еді.

Іліпбай, Саурық ағам аман болса,

Артымнан бір қағазды жазар еді.

Ауылым көшті ме екен жайлауына,

Тұрмайды жалғыз бие байлауыңа.

Іліпбай, Саурықпенен тірі болса,

Орыстың жібермес ед айдауына.

Менің атым Шалтабай,

Асылдан соққан балтадай.

Сібірге айдап барады

Мынау кәпір қайтеді-ай.

Есек артқан сүмбелер,

Күні біткен күнде өлер.

Шалтабайдай жалғыздың

Артынан іздеп кім келер?

Шыққалы мен ауылдан талай болды,

Екі сарт есегімен малай болды.

Арбаның күн жағына таңып алып,

Заманы Шалтекеңнің қалай болды.

Жер сорлысы Кетпенсің,

Сен түбіме жеткенсің.

Бұзылмасаң талқан бол,

Менен де сен кеткенсің.

...Қазақ құры сыртымен төрелері арқылы орысқа бағынса да көпшілігі Жетісуға әбден отырып болғанша, орыс орын тепкенше сенген жоқ. Қаладан далаға шыққан орысты егінде, шөпте, жолда қазақтар өлтіріп кетіп жүрді. Орыстар қаладан егінге, шөпке, тоғанға, малға, жолға ылғи жасақпен көптесіп жүруші еді. Сондықтан Қытайдан мына бөлініп шыққан тараншы, дүңген сықылды жерге еңбек сіңіретін халықтарға орыс бөркін аспанға тастап қарсы алды. Қазақ-қырғыздың даяр тоғандарын бұларға басып алып берді. Жердің ең жақсы жеріне отырғызды. Қазақтарды тауға тықты. Бұдан басқа тараншылардың бір адамы Уәлі ақун Полдашбайұлы арқылы жер алған тараншы диқандарына қазынадан ақша, көлік, егін жабдығы үлестірілді.

Мұның артынан Қытайдан 4 мыңдай жан қалмақ қашып, орысқа келді. Бұл қалмақтардың бірқатары бірнеше жылдан соң бұрынғы жеріне (Қытайға) қайтты. Олардың қалғаны бүгінгі Лепсі оязындағы Сарқан қаласында қалып, казак-орыс ретіне жазылып, шоқынды.

1878 жылы дүңгеннен 5 мың және келді. Бұл дүнгендерге Қарақолдағы Бырдың суының өлкесі берілді. Бұл дүңгеннің бірсыпырасы Тоқпақ ауданына қоныстандырылды. 1882 жылы орыс уадасына Құлжа ауданынан ауып 45000 тараншы, 6000 дүңген келді. Бұл дүңгендер Пішпектің батыс жағына отырғызылып, тараншылар Жаркент, Алматы ояздарына жайғастырылды.

Бұдан басқа 1883 жылы Қытайдан 25 мың жандай Суан (қазақ) ауып келіп, Іленің оң жағынан, Жаркент оязынан жер берілді. Мұны дәлелдеу үшін сол күндегі Күнбатыс-Сібірдің әскер бастығына берген Колпаковскийдің 1885 жылғы № 6794 нөмірімен білдіруінен төмендегі сөзді оқуға болады:

«...Об эмиграции в наши переделы Китайских подданных (не дунганов) нет никаких известий, кроме нескольких человек, вышедших одновременно с чугучакским вице-консолом, ожидать ее в теперешнюю зимнюю пору нельзя, потому что, по случаю небывалой глубины снегов и сильных холодов, всякое сообщение даже с ближайщими киргизскими аулами совершенно прекратилось, но если бы эмигранты появились в наших переделах, то на первый раз они будут помещены в Лепсинской, Урджарской и Зашийских станицах, где трудами своими могуть свободно прокормиться, для дальнейшего же их обеспечение продовольствием будуть употреблены местные средства; они получат землю и по возможности, будут снабжены хлебными семенами, водворение их я пологал бы допустить на тех основаниях, как дозволено селиться при Алма- атинских станицах, в Ташкентской слободке азиатским выходом, так точно могуть быть поселены при любой станице и китайские эмигранты без особенного надела землей, но с дозволен пользоваться ею обще с киргизами. О чем Вашему провосходительству доношу присовокуплением что, сообразно этим известиям, будут приняты меры для сохранения на границе нашей спокойствии и для сохранения киргиз от всякого волнения и от вмешательства в деле инсурекции.

Колпаковский».

Сөйтіп, Жетісуды орыс жаулағанда алдымен ең сулы, жайлы жерге орыс қалалары салынады. Онан қалғаны тараншы, дүңген сықылды халыққа берілді. Онан қалған жақсы жер жылдан-жылға қазынаға алынып, Ресейден көшірілген келімсекке беріледі. Міне, сондықтан баяғы көшпелі қазақ-қырғыз әлі көшпелі болып, егін салып отыра алмай, жерге-суға өгей болғандығы осыдан келе жатады. Қазақ- қырғыздың өзіне жайлы жері жетпейтіндігін генерал Колпаковский өзі-ақ 1867 жылда жазған баяндамасында айтқан. Ол осы айтқанын 1878 жылда да Түркістан генералы Кауфманға берген баяндамасында да түсіндірген.

Колпаковский қалайда Жетісуды орысқа шегелеп ұстауға отар саясатын мықтап ұстайды. Жетісуды орнықты отар қылуға орнығып отыратын орыс керек болады. Сондықтан ол түрлі жолдармен орыс отарына Жетісуға жол ашып, шара қолданады. Оның бірқатары айтылып келеді. Және бір «түрлісі» мещан болады. Мещан қалада отырмақ. Мещан жерді қазақтан не казак-орыстан жалға пайдаланады. Мещан қаланын санын молайтып, солдат береді.

«Жетісуда жер мол» деген дақпырт.бүтін Ресейге таралады. Орыс жаулап алған күннен өз бетімен Жетісуға шұбыра көшіп жатқан крестьян келімсектері сендей соғылысады. Бұларды алғашқы уақытта өкімет «өзің көр де сүйген жеріңе отыра бер!» деп қана қойған. Бұлар өз беттерімен қазақтың, қырғыздың даяр тұрған, жайлы жайлауына басып қоныстанды. Судың ен көмейіне қала салынады. Тоған, егіндіктің тәуірлері қазақ қолынан тартып алынады. Жер-судан айрылған қазақ-қырғыз кедейленіп, аяқты малдың өрісі тарылып, азайып, егін салып, егінші боп күн көруге жайлы жері, суынан айрылып, әлгі келімсектерге малай боп сіңеді. Мұның үстіне сауда капиталы жүріп, әр жерден базар ашылып, ел ішіне саудагер, алыпсатар толып, қазақ шаруашылығы жаншылады, Қазақтың саудагері, жуаны, байы, қазақтың қалың қара бұқарасы шаруадан айрылып, тозғындайды. Сөйтіп орыс, қазақтың арасына шаруа қайшылығы, қанаушылық түседі. Алғашында Жетісуға жалғыз арбамен қаңғырып келген қара мұжықтар Жетісуға келіп, жаулап алған ел ішіне келген соң өзін өкім санап, мінезі өзгеріп, еңбек жеу, шаруа қанауына, жұрт соруға құнығады. Әрқайсы 4-тен, 5-тен қыстау жай салып, 20 — 30-дан малай жалдайтын алпауытқа айналады. Бұдан басқа талай шаруа, саясат, әлеумет мәселелерінің шиеленген шатақтары болады. Осының бәрі тарихы шиеленіскен Жетісуда орыс-қазақтың ұлт өшпенділігің шыңдай береді.

* * *

Жетісуды орыс жаулап алудың ең аяғы Ұзынағаш соғысы болды. Бұл туралы Түркістанның алғашқы жарым патшасы (генерал-губернаторы) Фон Кауфман: «Ұзынағаш соғысындағы жеңісіміз біздің орыстың бүтін Орта Азияны жаулағандағы жеңісіміздің анасы болды», — дейді. Жетісу алынғанды жазған орыстың Нэдзбецкий дегені «Ұзынағаш соғысындағы орыс үстемдігі Жетісудағы орнаған орыс отарының ең мықты салынған алғашқы табалдырық тасы еді», — дейді. Міне, сөйтіп Ұзынағаш соғысын орыстар өзінің үлкен ерлігіне санап, 1855 жылда Колпаковский Ұзынағаштың дөңіне өзіне ескерткіш (памятник) салдырған. Басына самұрық қондырып, біткенде ұлы дүбір той қылдырған.

* * *

1921 жылы ұйымдасқан қазақ-қырғыздың жалшы-батырақтары тұңғыш тойында сол Колпаковский ескерткішінің басындағы самұрық белгісін сындырып кетті. Осы күні самұрығы сынған, қалғаны тұр.

(Қолжазба араб қарпінде. КР Орталық мемлекеттік

архиві: Қор — Р-1368; тізбе — I; іс — 51).


Мазмұндас кітаптар

1 жыр
2 Мұхтар Әуезовлибретто
3 әлемдік философиялық мұра
4 Жырлар
5 саясат
6 Мұхтар Әуезовшығармалар
7 Александр Дюмароман
8 саясат
9 Сәкен Иманасовестеліктер
10 саясат

Пікірлер:


Жолдаушы №: #5, : 10:30 - 2016/03/03

Керемет деррек кен. рәқімет.


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.