Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Герольд Бельгер::Герольд Бельгер. Қазақ дәптері

Кітәпханаға қайту

Герольд Бельгер. Қазақ дәптері ->
Апторы:
Герольд Бельгер. Қазақ дәптері - Көрілім: (9602)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


V. Көне сөздің сәулесі

Енді қазақтың қолданыстан шыққан көне сөздеріне, мағынасы көмескіленіп қалған ескі ұғымдарға назар аударып көрейік. Бұл да бір қатпар-қатпар, өшпес, сарқылмас қазына, ұлт байлығы, бабалар аманаты.

Сөз де – тірі ағза. Ол да туады, өседі, күшіне еніп, құлпырады, түрленеді, сонан соң ажарынан, күш-қуатынан айырылып, әлсірейді, ауруға шалдығады, жетімсірейді, көштен қалады, ұмытылады, өледі. Адам өледі. Сөз өледі. Тіл өледі. Есләм ақынша айтсақ, «мен де өлемін, сен де өлесің, ол да өледі».

Со-о-на-ау замандарда жер шарында, мамандардың есебінше, 150 мыңдай тіл мен диалект болғанға ұқсайды. Бүгінде олардың саны 6 мыңға жетер-жетпес. Демек, әрбір апта сайын бір тіл жантәсілім болады. Әсіресе Африка, Үндістан, Қиыр Солтүстік халықтарының тілі мен диалектілеріне ерекше қауіп төніп отыр. Күш-қуаты, абырой-беделі, нәрі-сөлі мол тілдер болса да ағылшын, қытай, испан, хинди, орыс, араб, бенгал тілдері екен. Қолдану аясының кеңдігі жағынан БҰҰ-ның дерегі бойынша жапон тілі -10, француз тілі – 11, неміс тілі 12 – орынды алады. Қазақ тілінің бұл тізімдегі орнын білмеймін, бірақ шамалауға болады. Өркениеттің қарқынды ағымына шыдай алмай көп тілдер әлсізденіп, қажеттіліктен шығып, көмескіленіп, сал болып, «шықпа, жаным, шықпалап», ақыры өледі екен. Оның бір айқын көрінісі – архаизм сөздерінің көбейіп, жаңа сөздердің азайып қалуы. Тіл мамандары осы бір процеске назар аударып, теңгермелік есеп жүргізіп жүр ме, жоқ па, ол жағы маған беймәлім, анық мәліметім жоқ, бірақ өзімнің пайымдауымша, қазақ тілінде көне сөздер мен мағынасы көмескіленген атаулар күннен-күнге көбейіп, жапатармағай қазақшаландыру науқанымен тым әуестеніп, тілдік көркемдік және дәлдік қасиеттерінен алшақтап бара жатқандаймыз. Қателесуім бек мүмкін, шынымды айтсам, қателескім келеді де, бірақ қазақтың ескі ақын-жырауларын, Абай, Әуезов, Аймауытов, Жансүгіров сияқты классиктерін, би-шешендерін оқып отырып, бүгінгі қаламгерлерге көшкенде көрінер көзге тіл жұтаңдығына тап болып, бүгінгі қазақ тілінің өрісі күрт тарылып, тынысы ауырлап, кемшілігі әр жерде көрініп тұрғандай елестейді.

Соған қарап, кей-кейде «Қазақ тілінің бақуатты, өскелең, қуатты шағы сонау замандарда қалып қойған жоқ па?» деп те ойлап қаласың.

Орыстарда да солай. Орыс әдебиетінің дүниежүзі сүйсініп, таңырқаған алтын-күміс ғасырлары келмеске кетті. Қазіргі жазғыштар – Акунин, Донцова, Улицкая, Маринина, Толстая, Пелевин, Сорокин сияқтылар орыс тілінің қадірін әбден кетіріп болды. Олар әдебиетті қарабайыр бизнеске айналдырды. Уақиға қуып, тілге мүлдем мән бермейді. Бір қызығы: шығармасымақтары бүгінде ең үлкен (миллиондаған) тиражбен шығады екен, ал ең сауатсыз жазғыштардың бәйгесінде де дәл осылар бірінші орынды ешкімге бермей тұр. Міне, заманымыздың мазағы да, шатағы да деп осыны айту керек.

Бүгінгі коммерциялық әдебиет онсыз да азайып қалған, ат төбеліндей оқырманның санасын әбден улап, мәңгүрттендірген.

Немістерде де бір кездегі Гете, Кант, ағайынды Манндар, Герман Гесселер бүгінде жоқ. Әдеби, тілдік, рухани құлдырау оларда да көрініс тапқан.

Дәл мұндай жағдай Америка, Франция, Англияда да кездеседі. Жаһанданамыз деп жүргенде жаппай рухани тоқырауға, құлдырауға тап болған сияқтымыз. Әдебиетте, тілде рухани серпіліс бүгінде тек Латын Америкасында анық білінеді. Ол жақта өмір тек футболмен шектелмейді екен.

Қазақтың көне сөздері мені ерекше қызықтырады, баурайды, арбайды. Олардың магнитизм қасиеті бар сияқты. Кездесе қалса, «Апырай, мағынасы не екен? Сөздіктерде бар ма? Түп-тамыры қайдан шықты? Нені білдіреді?» - деп ойланып қаламын. Атақты Фасмердің сөздігіндей қазақтарға да бір этимологиялық сөздік керек болып тұр-ау!

Таяуда маған Макс Фасмердің (1886-1962) Гейдельбергте шығарған үш томдық этимологиялық сөздіктің (1950-1958) орыс нұсқасын (4 том) пәлен мың теңгеге қолға түсірген қазақ заңгері келді. Төрт томды парақтап шығып, оған түбірлі түркі тілдес сөздердің енбей қалғанын өкінішпен айтты. Мысалы, сақ, қыпшақ, алтын сықылды көне түрік сөздері Фасмерде болмай шықты. «Осы жағдайды сіз көтеріңіз, қазақ тілшілеріне құлаққағыс қылыңыз, Фасмерді толықтырып, бізде де шығарсын, жұрт оқысын, білсін, өркениет саласында түркі тамырлы сөздер қалыс қалмасын» – деп өтінді. «Бұл құнды жұмыс әлемдік деңгейдегі сөздікті маңыздандыра түсер еді», – деп қолыма бір парақ қағаз ұстатты. Қалай болғанда да мәселені әлгі қызуқанды патриот заңггер дұрыс көтеріп отыр. Оны қалай шешуге болатынын ол да, мен де анық білмейміз. Бірақ қазақы этимологиялық сөздіктің қажеттілігі даусыз.

Қай сөз қайдан шыққан, кімнен келген, қалайша бұрмаланған, о бастағы мағынасы сақталған ба, әлде түрленіп, құбылып, мүлде қашықтап кетті ме? Міне, осындай сұрақтар тіл сүйгіш адамның санасын қозғайды, ойын оятады.

Мәселен, Бұқар жырауды (1693-1787) оқып отырып, мынадай сөздерге кезіктім: пұсырман, маһи, мамыр, көрпелдес, мортық, кәләм, һәммет, шөншік, талыс, арсы мен күрсі, шадияр, кебе... Кейбір сөздердің мағынасын көмескілеу болса да мәтін ішінде сеземін, кейбіреуі – бейтаныс жұмбақ.

Дулат ақынның (1802-1887) мына сөздеріне көңіл аудардым: ғақыл, ғазиз, ғаділ, ғадем, қиямет, жолан... (Әрине, бұл сөздердің дені арабтан кіргені көрініп-ақ тұр).

Абайдың да көп сөздері қазіргі қазаққа түсініксіз: нәпіл, бергек, пәруардігер, бадалдық, өлекшін, серменде, құтпа, шардақ, бәһра, бәңгі басқа да көптеген араб, парсы, діни сөздер.

Жүсіпбек Аймауытовтан теріп алған, маған түсініксіз сөздер: мандам, бұғылама, (мал аурулары болуы мүмкін), шауқар, бөдес, дүкірт, құнтиыңқы, сұқым, салдаман, тәсібі, нырай, лике, жам, бейуаз, саңқал, ергенек, шайырғал, березе, маукіл, мәзқар, шажа, мыршым, мүдуар, дәнеқұс, мырсын, шүлеңгер, тағысын тағылар.

Ә.Нұрпейісовты аударып жүріп, орысша баламасын таппай, мына сөздерге қиналып, әрдайым сүрініп жүрдім: аласат лаң, жұмбаздап, тағдыр кесігі, үзір көбейіп, жабдан біреудей, айбықадамданып, тұғыжым, мартудай, беренауыз, күпсер бойы, жетішкі әйел (әлде бұл сөздер диалект пе екен?)

Жорналшы және жазушы марқұм Балғабек Қыдырбекұлы қазақтың көне, сирек қолданылатын сөздеріне ерекше құмар еді. Шоқан ескерткішінің жанында сейілдеп жүргенде ол әрдайым менен емтихан алып жүретін. «Білгіш болсаң, Гера, пәйкел, нұғара, шіленгір, күрік, мұрақ деген сөздердің мағынасын айтшы», – деп маған тәптіштеп түсіндіріп, миыма құятын. Сонсоң неше түрлі құйтырқылау сұрақтар қоятын. «Жыланның ұрғашысын қазақтар не дейді? Мысықтың баласын ше? Барыстың «әйелі» қазақша қалай болады? Баласы ше? Қасқырдың ұрғашысын қазақтар қалай атайды?» Әрине, мен көбісін білмеймін. Бәкең мәз болып, миығынан күліп, сәнді галстугін түзеп қойып, шыт жаңа костюміндегі болар-болмас қылшықты саусағының ұшымен шертіп, сілкіп тастап, маған асықпай-саспай түсіндіреді: мәлике, мәулен, таутан, алан, құртқа.

Кез келген қазақ жазушысының шығармаларынан (әсіресе, тарихи тақырыпта жазылған Есенберлин, Кекілбаев, Мағауин, Жұмаділов романдарынан) қазақтың көне сөздерін көптеп табасыз. Қазақтың күнделікті тұрмыс-салтына, жер бедеріне, мал шаруашылығына, туыстық қарым-қатынасына, этнографияға, қолөнеріне, санаға, дүниетанымына байланысты ұғым-атаулар санында, Құдай біледі, шек жоқ. Жылқы мен түйеге қатысты сөздердің өздері жүздеп саналады. Киіз үйдің төңірегінде жүз сөз табылып қалады (Еуропа тілдерінің ешқайсысында, әлбетте, оның біреуі де жоқ. Киіз үйдің өзі болмаған соң, олар қайдан болсын?). Ұсталық өнер жайында қаншама сөз бар! Зергерлік атаулар қаншама! Бір ғана «вид» деген сөзге қазақтың 26 синонимі бар. Бір ғана сырғаның қазақта 20-30 түрі табылады. Бір ғана пышақтың ұшы, қазинегі, кежегесі, ілдірігі, жүзі, сағасы, алқымы, жемесі, сырты, сақинегі, құрсауы, дүмі, шығыршығы, болатынын марқұм Дәркембай ұста жазып та, суретін салып та түсіндіріп еді. Байыбына барып ойлансаңыз, аузыңызды ашып, жағыңызды ұстайсыз. Бұл байлық қолданыстан шығып, ұмытылып барады. Обал ғой, обал!

Қазақтың көне сөздерін жаңғыртуда бүгінгі қазақ басылымдары (әсіресе «Ана тілі», «Прасат») көп ізденіп жүр.

Бірнеше мысал келтірейін.

Ауыш – ақылы ауысқан, есінен адасқан

Әнгек – тік жарлау келген шұңқыр

Байтаба – ұйысып өскен қалың ағаш

Бәдия – шөл дала

Бәкізе – таза, пәк

Бөлер – дәке, марлы

Буыз – кебек

Бітуана – тиянақты, келісім

(«Парасат»,№9/04).

Адина – анық, айқын

Айлаңкес – аласуан, тентек, жарымес

Алағұс – сөзінде көп тұрақ жоқ, пәтуасыз адам

Ақадал – шынайы, адал, қалтқысыз таза

Алакөбең – елең-алаң, күн шығар алды

(Ж.Нұрмахан).

Шәуіш – қыс түсе алғаш жұқа қатқан мұз

Шәндік – жағада жүретін кішкентай шағала

Бұлқын – желдің өзгеруіне байланысты су астынан соғатын толқын

Шонай – балықтың еркегінің ұрығы

Шүйілім – теңіз жаңғағы

Шөбіре – балық еті желінгеннен кейін шыққан сүйектері

(С.Хайдарұлы)

Қамырбұрыш – нан ашытқының бір атауы

Зуала – ашыған қамырдан үзіп алынған бір нандық бөлік

Шөрек – нан түрі (Жайма, қаттама, сүтнан, пияз нан, зағара, пәтір, шелпек, көмбе нан дегендей нан пісіру тәсілдері мен атаулары бар).

Шәңгіл – кіші бақыраш

(О.Ұзақбайұлы).

Тізімімді осымен тоқтатайын. Қазақтың көне сөздерін әркімдерден алып тізе берсем, әлденеше бет болары анық. Әсіресе, осы тектес сөздерді жазушы, этнограф Сейіт Кежеахметұлы, Атырау азаматы Жанаш Нұрмахан, «Ана тілінің» қызметкері Сабыржан Шүкірұлы, ұста, этнограф Дәркембай Шоқпарұлы, ақын, публицист Мырзан Кенжебай көп келтіреді. Сөз жоқ, мақтарлық, құптарлық шаруа. Бұл сөздердің мәнділігі, маңыздылығы, әуезділігі, әрлілігі маған ұнайды. Көркем шығармада көне сөздер орынды жерінде жақұт тасындай ойнайды, құлпырады, көз тартады, ойды қозғайды, сүйсіндіреді, үлкен халықтың өткенінен, тарихы мен мәдениетінен хабар береді, сағымдай елестейді. Ата-бабадан қалған бұл сөздерді ұмытпай, жоғалтпай, әлсін-әлі еске алып, тірілтіп, сөз арасына қосарлап, келесі буындарға көне заманның көзі, сәлемі деп жеткізуіміз керек. Өйткені бұл сөздердің сәулесі әлі өшкен жоқ. Оларды көп болып, мұқият жинап, сұрыптап, зерттеп, зерделеп, этимологиясын анықтап, айшықтап, қағаз бетіне түсіріп, қастерлеп, қалың кітап етіп, келешекке аманат қылып, шашау етпей тапсыру керек. Мың жыл жасаған қазақ әлі де мыңдаған жылға барар. Қазақ тілі бір кездегі Мысыр, Ассирия, Көне латын, көне Грекия, Финикия, шумер тілдері сияқты жер бетінен таяу ғасырда жоғала қоймас. Оған қазақтың кешегі мен бүгінгі қуатты, нәрлі, көп мағыналы, әуезді, поэзияға толы, өрнекті, сазды сөзі кепілдеме бола алады.


Мазмұндас кітаптар

1 Мұхтар Әуезовертегі
2 Балғабек Қыдырбекұлыәңгімелер
3 Қасым Аманжоловпоэма
4 Шерхан Мұртазаәңгіме
5 Қуаныш Жиенбайәңгіме
6 Мұхтар Әуезовлибретто
7 дастан
8
9 дастан
10 Қалихан Ысқақшығармалар

Пікірлер:


Жолдаушы №: #132, : 15:24 - 2020/02/06

Өте керемет маған ұнады


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.