Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-231391591239 %61 %
2019-10-24000 %100 %


Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::УИЛЬЯМ ТЕККЕРЕЙ. БАкТАЛАСТЫк БАЗАРЫ. ІІ китап::Бақталастық базары ІІ

Кітәпханаға қайту

Бақталастық базары ІІ ->
Апторы: Уильям Теккерейроман
Бақталастық базары ІІ - Көрілім: (1441)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Елу төртінші тарау

АЙҚАСТАН КЕЙІНГІ ЖЕКСЕНБІ

Родон екі күннен бері үстінен тастамай жүрген балға киетін кәстөмімен есік басқышын жуып жатқан қызметші әйелді шошытып. қасынан өте шығып бауырының кабинетіне енгенде, сэр Питт Кроулидің Грейт-Гонт-стриттегі үйі жаңа ғана оянып, жуынып-шайынып жатқан-ды. Леди Джейн балаларының бөлмесінде олардың киінгенін көріп, сәбилерінің өзіне сүйеніп ертеңгі намазын оқығанына құлақ салып отырған-ды. Сэр Питт басқарып үй ішінің бәрі салтанатпен құлшылық еткенге дейін, балалар парыздарын өз бөлмелерінде орындайтын. Родон баронетпін кабинетіндегі үстелдің қасына қойылған креслоға отыра кетті, ол жерде ұқыптылық сезіледі: көк кітап ашылып, хат, мұқият белгі соғылған есеп-шоттар, біркелкі жиналған кітапшалар, кілтпен жабылған есеп-қисап кітаптары, жазу жабдықтары, жөнелтілетін шұғыл хаттың жәшігі. Інжіл, "Үш айлық шолу" және "Сарай анықтамасы" сапқа тұрған солдаттай тізіліпті.

Сэр Питт отбасылық уағыздар жинағын жексенбі күні бала-шағасына таратып, үстелдің үстіне қоятын, жұрт қалауынша қажетті бетін ашып оқитын. Уағыздар жинағының қатарында "Бақылаушы" газетінің соңғы нөмірі жатыр, әлі дымқыл, ешкім бетін ашпаған, мұқият бүктелген, бүл әрине сэр Питтің оқитын газеті. Қожайынының үстеліне қойғанға дейін мұны көрмегендер ғана оқи алады. Сол күні таңертең газетті кабинетке алып барып қойғанға дейін ол мұның бетінен кешегі "Гонт-хаустағы той" жайындағы есепті оқып шыққан, онда маркиз Стайн шақырған бекзаттардың бәрінің аты-жөні жазылған, бүл тойға жоғары мәртебелі король де катысыпты. Мұны ертеңмен шай ішіп отырған экономка мен оның немере сіңлісіне айтып беріп, сол ледидің бөлмесінде майға қуырылған ыстық нан жеп, Родон Кроулилер жағдайын қалай жақсартып алғанына қайран қалысты да, камердинер қожайын оқығанда ешкім ұстағаны білінбесін деп газетті буға ұстады да, қайта бүктеп, орнына қойды.

Бейшара Родон газетті алып оқымақ болып еді, көзі бұлдырап, еш нәрсені көре алмады. Кроулидің қара шаңырағының иесін күтіп отырған Родонның көз алдынан үкіметтің хабарлары, жаңа қызметке тағайындау (сэр Питт қоғамдық қайраткер болғандықтан, мұның бәріне көз жүгіртуге міндетті еді, өйтпесе жексенбі күні газет оқып несі бар), театр сыны, "Баркингск қасапшысы" мен "Татбери сүйіктісінің" арасындағы жүз фунтқа тігілген бәйге, әуелі миссис Беккидің ерекше көзге түскен Гонт-хаустағы атақты шарада жайындағы маңызды есеп те бұлдырлап, тұманданып көрінбей қалды.

Кабинеттегі қара мәрмәр сағат тоғызды қоңыраулатқанда мұнтаздай киініп, таза қырынып, сарғыш тартқан жүзін опалап, шашын жылтырата тарап, жейдесінің жағасын қысып түймелеп бөлмесінен шықты, крахмалданған галстук тағып, үстіне сүр бомазиден шапан киіп, тырнағын жүре тазалап, ескі көз ағылшын жігіттерінің нағыз үлгісін танытып, серілерше керіліп, басқышпен төмен түсті. Ол кабинетінде мыжылған кәстөм киіп, үрпиген, көзі қанталаған Родонды көргенде селк ете қалды. Бауыры артығырақ ішіп жіберіп, бір жерде серуен құрған ғой деп ойлады.

- О, жаратқан ием, Родонсың! - деді ол таңғалып, - таң атпай қайдан жүрсің? Үйіңе неге бармағансың?

- Үйіңе? - деді Родон кекетіп, - қорықпа, Питт. Mac емеспін. Есігіңді жапшы, саған айтар әңгімем бар.

Питт есігін жапты да, үстелге жақындап, басқарманы, агентті немесе басқа баронетпен жұмыс жайында ақылдаса келген адамдарды қабылдайтын креслоға отырды да, тырнағын бұрынғыдан да тездетіп тазалай бастады.

- Питт, менің саудам бітті, - деді полковник, сәл үнсіз отырып, - мен құрыдым.

- Сенің солай боларыңды бұрын да айтқанмын, - деді баронет ашуланып, ұқыпты алынған тырнағын тықылдатып. - Мен саған мың мәрте ескерткенмін. Саған ешқандай жәрдем көрсете алмаймын. Менің әрбір тиыным есептеулі, әуелі Джейн саған кеше берген жүз фунтты да, менің іс жүргізуші адамыма таңертеңге дейін беруім керек, әйтпесе маған үлкен ауырлық келтіреді. Саған мүлдем жәрдем көрсетпеймін деп айта алмаймын, бірақ ұлттық қарызымызды толық өтемеген сияқты, сенің кредиторларыңа да толық төлей алмаймын. Мұны менен күтуің ақылсыздық - нағыз ақылсыздық! Сен ымыраға келуің керек. Отбасы үшін ауырлық келтіреді, бірақ жұрт ондайды істеп жатыр. Мәселен, лорд Реглендтың ұлы Джордж Кайтли өткен жетіде соттасып құтылды ғой, олар мұны намыс көріп отырған жоқ. Лорд Регленд оған бір шиллинг те бермес еді және...

- Маған ақша керек емес, - деп Родон ағасының сөзін бөлді. - Мен өзім туралы айтайын деп келген жоқпын. Әңгіме менің қара басымда емес, оның жарасы жеңіл...

- Онда не туралы? - деді Питт біраз жеңілденіп.

- Менің ұлым... - деді Родон даусы қарлығып, - мен бұ дүниеден кеткенімде сен оған қамқоршы боламын деп сөз берсең болды. Сенің қайырымды, сүйкімді әйелің оған жақсы қарайды, ол мұны өзінің туған шешесінен артық көреді... Жоқ, құрысын. Питт, сен құлақ салшы, сен менің мисс Кроулиден ақша алуға тиіс екенімді білесің ғой. Мені баланың кішісі болған соң еңбекке баулымады, сондықтан еріншек, жалқау болдым. Әйтпесе өзгеше адам болар едім. Полкта кызметті жаман атқарған жоқпын. Қолымнан ақшаны қалай шығарып алғанымды, оны кім қағып кеткенін білесің бе?

- Соншама шығыннан кейін саған жасалған жәрдемімнен кейін маған мұндай кінә тағуыңды орынсыз деп санаймын, - деді сэр Питт. - Сені зорлап үйлендірген жоқпын.

- Оны талақ етемін, - деді Родон. Бүл сөздің күрсініп айтылғаны соншалық, сэр Питт селк етіп, бойын жиып, қақшиып қалды.

- О, жаратқан! Ол өлді ме? - деп үрейленіп, аяныш білдірді.

- Кішкентай Родон болмағанда, - деді Родон, - бүгін таңертең өзімді бауыздап тастайтын едім... Иә, ол сұмырайдың да шыбын жанын шырқыратар едім.

Сэр Питт не сұмдықтың болғанын түсіне қойды, Родонның кімнің жанын шырқыратқысы келгенін де ұқты. Полковник болған істі бауырына қысқа ғана баяндап берді.

- Сайқал, сол сұмыраймен сыбайласып, - деді ол, - маған бейлифті жібертіпті, солардың үйінен шыққанымда ұстатып жіберді. Оған ақша тауып жібер деп хат жазғанымда, төсек тартып жатырмын, ертең құтқарамын демеді ме. Ал үйге келсем, маржан моншақ тағып, сол сұмыраймен жеке думандап отыр.

Содан кейін ол бір ауыз сөзбен лорд Стайнмен қақтығысын айтты. Мұндай істен құтылудың бір-ақ амалы бар. Ол бауырымен ақылдасып, жекпе-жекке шақыруға бел байлады.

- Тірі қаламын ба, жоқ па, ол жағы белгісіз ғой, - деді Родонның даусы бәсеңдеп, -ұлымның анасы жоқ, сондықтан Питт, Джейн екеуіңнің қамқорлығыңа қалдырамын. Оған әке орнын басамын десең, көңілім жай табады.

Ағасы қатты толқыды да, Родонның қолын алды, онда мұндай жағдай сирек ұшырасады. Родон қолымен қалың қасын сипады.

- Рахмет, бауырым, - деді ол. - Сенің сөзіңе сенемін.

- Ант етемін, сеніміңді ақтаймын!- деп жауап қайырды баронет. Сонымен екеуі тез тіл табысты.

Содан кейін Родон қалтасынан Беккидің қобдишасынан алған кішкентай әмиян шығарып, ішінен бір бума несие билеттерін азды.

- Мінеки, алты жүз фунт, - деді ол, - менің бай екенімді сен білмеген боларсың. Сен бізге қарызға берген Бригстің ақшасын қайыр... Ол біздің балаға өте жақсы қараған... Сол бейшара кемпірден ақша алғанымызға бетімнен отым шығып ұялып жүруші едім. Мына ақшаны да ал. өзіме бірнеше фунт қалдырайын, мынамен Бекки күн көрсін.

Сол сөзді айтты да, әмиянынан тағы да ағасына бермек болып бірнеше несие қағаздарын аламын деп қолы қалтырағаны соншалық, әмиянын түсіріп алды да, одан мың фунттық билет ұшып түсті - бүл Бекки сайқалдың соңғы табысы еді.

Мұндай байлыққа таңғалған Питт еңкейіп еденнен ақшаны алды.

- Жо, оған тиме. Мен сол ақшаның песінің маңдайына оқ қадаймын ба деп отырмын. Оқты қағазға ораймын да Стайнның маңдайына отырғызамын. - Родонға кек алудың бұдан артық жолы көрінбеді.

Бұдан кейін бауырлар тағы да қол алысып қоштасты. Леди полковниктің келгенін естіп, әйел жүрегі бір пәленің болғанын сезіп, күйеуін кардағы асханада күтті. Асхананың есігі ашық қалған-ды, әрине, ағайынды екеуі кабинеттің табалдырығынан аттағанда леди Джейн де сол жерден шыға келді. Джейн Родонға қол беріп сәлемдесіп, ертеңгі асқа жақсы келдің деді, бірақ сақалы қырылмаған полковниктің қатулы күйеуінің жүзіне қарап, тамаққа қарайтындай күйде емес екенін аңғаруына болатын еді. Родон әлде қалай асығыс шаруасын айтып, жеңгесінің ұсынған қолын қысты. Жеңгесінің жәудіреген көзі оның жүзінен қайғылы кейіптен өзге ештеңе аңғара алмады, ол өзге бір ауыз тіл қатпай шығып кетті. Сэр Питт те оған түсіндіріп жатпады. Балалары сәлемдесуге келді, ол әдеттегідей салқындықпен беттерінен сүйді. Сэр Питт ертеңгі астын алдында үстелдің бір жағына қатарынан тізіліп той киімін, зерлі ливерияларын киіп, алдарына сақырлап қайнаған шайнектерін қойып, құлшылық жасап отырған отбасының мүшелері мен қызметшілеріне қарсы отырып дұға оқыған кезінде балалары тізе бүккенде анасы екеуін қолынан ұстап тұрған. Күтпеген жағдайға байланысты ертеңгі ас кеш ішілді, шіркеудің қоңырауы соғылған кезде олар дастарқан басында отыр еді. Леди Джейн шіркеуге баруға денсаулығым болмай отыр деді, үйдегі намазда да ойына құдай жолындағы қағида кіріп шыққан да жоқ.

Осы кезде Родон Кроули Грейт-Гонт-стритті артқа тастап. Гонт-Хаустың есігінің алдындағы қола медуздың басын балғамен соғып, бүл сарайдағы қақпашының қызметін атқарған күмістелген күрең қызыл желет киген, қызыл бет Силенді шақырды. Қақпашы да алба-жұлба полковниктің сұрқынан шошып, алдын орағытты. Бірақ полковник өзінің карточкасын шығарып, қақпашыға онда жазылған мекен-жайды көрсетті де, лорд Стайнға полковник сағат бірден кейін күні бойы өзінің үйінде емес, Сент-Джеймс-стриттсгі "Ридженгс-клубта" күтетінін айтыңыз деп қатал тапсырды. Родон ұзағанда қызыл бет семіз қақпашы қайран калып, оның соңынан қарады; кешеге мерекелік киімге киіп шыққан адамдар да, мұнтаздай жуынған жетімхананың балалары, ләпкесінің есігіне сүйеніп тұрған көкөніс сатушысы да, күннің көзінен көлеңкелеп, терезе қақпағын жауып жатқан сатушы да қарады, шіркеу де қоңыраулатып жарандарын намазға шақырып жатты. Полковник күйме жалдап, арбакешке Найтсбридж казармасының тұрағын беріп жатқанда, арбакеш биржасына жиналған сопақ байлар оның сырт киіміне қарап сайқымазақ жасады.

Родон казармаға жеткенде шіркеудің қоңырау үнінен аспан күңіреніп тұрды. Егер ол экипаждан мойнын созып қарағанда Бромптоннан Расссл-скверге қарай кетіп бара жатқан ескі танысы Эмилияны көретін еді. Бір топ мектеп оқушылары шіркеуіне беттеді, тротуарлар, мұқият сыпырылған, күймелер сыртына дейін жексенбілік серуенге шыққан адамдарға лық толы. Бірақ мұнын бәріне назар аударған полковник пе, ол өзінің ойымен әлек. Найтсбриджге келісімен ескі досы, әрі жолдасы капитан Макмердоның бөлмесіне көтерілді, құдай оңдап ол үйінде екен.

Капитан Макмердо Ватерлоо айқасына катысқан, полктас достарына жағымды, ескіден келе жатқан әскери адамды, бірақ қаражаты болмай, жоғары шенге жете алмаған. Ол демалып. төсегінде жатыр екен. Өткен түнде капитан Джордж Синкбарстын Бромптон-сквердегі үйінде біраз жас офицерлерді, кордебалеттен коп әйел шақырған қонақасыда болып. Мак әр түрлі жастағы, ор гүрлі шендегі адамдардың арасында болып, генералдармен сөйлесіп, ит ерткен бикештермен шүйіркелесіп, бишілермен, боксерлермен де көрісіп, қысқасы, іздесе жолықтыра алмайтын жандардың арасына түсіп, әбден шаршап, оның үстіне бүгін жұмысы да болмағаннан кейін төсекте жатқан-ды.

Оның бөлмесі жолдастары әскерден босап немесе үйленіп, байсалды өмірге көшкенде сыйға тартқан боксқа, балетке, спортқа арналған суреттерге толы еді. Сонымен капитан елуге келген, соның жиырма төрт жылын әскери қызметке бағыштады, сондықтан оның бөлмесі өзінше мұражай сияқты болатын. Ол Англиядағы атақты мерген, өзінің салмағындағы мықты шабандозы. Кроули полкта қызмет атқарғанда екеуі бәсекелес еді. Қысқасы, мистер Макмерд, біз жоғарыда айтқан "Таза өмірден", "Татбери сүйіктісі" мен "Баркингск қасапшысының" арасындағы жарыс туралы есепті оқып жатқан. Бүл тәпелтек, қысқа күзелген ақ шашты, басына жібек тақия киген қызыл шырайлы, қызыл мұрын, боялған ұзын мұртты әскери адамды.

Родон сенімді дос керек дегенде қандай достықтың қажет болғанын ол бірден түсіне қойды. Ол таныстары үшін осындай ондаған істі өте ұқыптылық, сақтықпен өткеріп берген. Оны жоғары мәртебелі королі марқұм бас қолбасшысының ұмытылмас есімі үшін Макмердо аса құрмет тұтатын, қасіретке ұшыраған жігіттердің қайсысы болмасын капитанға иек сүйейтін.

- Сүйікті Кроули, қандай жағдайға душар болдың? - деп сұрады карт жауынгер. - Тағы да картаның әлегі ме? Әлгі капитан Маркерді жалпасынан түсіргендей жағдай ма?

- Жо, жоқ... енді менің әйеліме байланысты, - деп жауап қайырды Кроули, көзі қарауытып, қатты қызарып.

Ол ысқырып жіберді.

- Ол сені тастап кетеді деп айтпап па едім, - деді ол (расында да, полкта де, клубта да полковник Кроулиді алда не күтіп түр деп жолдастары бәстесіп, миссис Кроулидің ізгіліктігіне шүбәланған), бірақ сөзі Родонға түрпідей тигенін түрінен аңғарып, Макмердо ол жағын қозғауды жөн көрмеді.

- Қалай сонда, достым, өзге амалдың құрығаны ма? - деді капитан байсалдылықпен, шынайы көңілін білдіріп, - сонда қалай, сезік пе, әлде... қалай өзі. Әлде хаты қолыңа түсті ме? Болдырмаудың реті бар ма? Мүмкін болса, бүл мәселе төңірегінде шу көтермеген жон.

"Мәссаған безгелдек! Бұл енді ғана сезген болды ғой", - деп ойлады да, капитан ол жайындағы офицерлер асханасындағы миссис Кроулидің есімін былапыттаған талай әңгімені есіне алды.

- Амал біреу ғана, - деді Родон, - екеуміздің біреуіміз о дүниеге сапар шегуіміз керек. Мак, жағдай мынадай, мені жолда ұстатып жіберді; екеуінің үстінен түстім. Мен оны өтірікші, қоян жүрек, қорқақ деп соғып тастадым.

- Сауап қылыпсың, - деді Макмердо. - Оның кім? Родон ол лорд Стайн деп жауап қайырды.

- Қарай гөр. Маркиз! Жұрт оны... жо... сені...

- Немене оны-мұны деп міңгірлеп қалғаның, — деп Родон ақырып жіберді, - онан да менің әйелім туралы өсек естідім демейсің бе, ол туралы маған неге айтпадың?

- Жұрт не демейді, жігітім, - деді ол, - жұрттың сандалғанын саған айта берсек не болады?

- Антұрған, сенің мұның достың ісі емес, - деді Родон әбден мұңайып, қолын бетімен жауып алды. Оның келуі карт жауынгерді қатты тебірентті.

- Бекем бол, достым! - деді ол - Атақты ма, атақсыз ба, онда шаруамыз жоқ, дәл маңдайынан қасқайтамыз, антұрғанның. Ал әйел жағына келсек, оның бәрі бірдей.

- Мен оны қалай сүйгенімді сен білмейсің ғой? - деді Родон кемсеңдеп. - Мен соңынан малайы құсап сүмеңдеп жүрмедім бе. Жолына барымды шаштым. Оған үйленемін деп тақыр кедей болдым. Қажетті затын алып беру үшін сағатымды да тапсырмадым ба? Ол болса осы уақыттың ішінде өзіне ақша жинағанда, мені түрмеден шығарып алу үшін жүз фунтты аяды ғой.

Содан кейін ол қатты қапаланып, Макмердоға болған жағдайдың бәрін баяндады, досы оның мұншалық ашылып сөйлегенін бұрын-соңды көрген емес-ті. Досы оның сөзіндегі кейбір көмескі жәйтке жармасты.

- Бәлкім, әйелің расында да кінәлі емес шығар, - деді ол, - мұны дәлелдей алды ма? Стайн бұрын да онымен әлденеше рет жалғыз қалып жүр емес пе?

- Солай да шығар, - деді Родон толқып, - бірақ мынасы кінәсіз адамның қылығы емес. Сөйтті де ол капитанға Беккидің әмиянынан тауып алған мың фунттық билетті корсетті. -Мінеки, оның бергені, ол мұны менен жасырып қойған ғой. Осындай ақша үйде жатқанда түрмеге жабылған жерімнен шығарып алмай отыр емес пе.

Ақшаның жағдайын құптамасақ капитанның шарасы қалмады.

Бұл мәжіліс өтіп жатқан шақта Родон капитан Макмердоның қызметшісін Керзон-стриттегі киімі салынған шабаданын алып келуге жөнелтті. Осы екі ортада Родон мен оның секунданты Джонсонның сөздігін пайдалана отырып, Макмердоның лорд Стайнға жөнелтетін хатын құрастырды. Капитан Макмердо полковниктің атынан маркиз Стайнға тіл қатуын өзіне асқан құрмет деп санай отырып, бүгін таңертеңгі оқиғаға байланысты, мәртебемнің өзі де қарсылық білдірмес керек, полковниктің талап етуімен қандай жағдайда да кездесуге полковниктен уәкілділік алғанын жазды. Капитан Макмердо лорд Стайнге сыпайы тіл қатып, оз тарапынан онымен (яғни капитан Макмердомен) кездесетін досының аты-жөнін айтуды, әрі бүл кездесуді кешіктірмей шұғыл ұйымдастыруды өтінді. Постекриптумда оның қолында мол сомадағы банк билеті барын, әрі мұны полковник Кроули маркиз Стайнның дүниесі деп айтқанын, әрі оған дәлелі де барын ескертті. Сондықтан полковниктің тапсыруымен ол бүл билетті егесіне табыс етуі керек.

Қызметшілер Керзон-стриттен қайтып оралғанша бүл хат жазылып болды, бірақ ол шабадансыз, саквояжсыз оралды, ол қысылып. ыңғайсызданды.

- Ол жердегілер ештеме бергілері келмейді, - деді ол, - үйдің астан-кестені шығыпты. Үйдің иесі келіп, қожалығын жүргізіп жатыр. Малайлар қонақ бөлмеде шарап ішіп жатыр. Олар сізді асхананың күміс ыдыстарын алып қашып кетті дейді, полковник, деді қызметші, біраз тұрып, - үй қызметшісінің бірі кетіп те қалды. Ал сіздің малайыңыз Симпсон қатты бажылдап, әрі өлердей мас, жалақысын төлегенге дейін үйден сабақты жіп шығармаймын деп сіресіп отыр.

Мейфэрдегі кішкентай революция жайындағы хабар олардың бұған дейінгі қайғылы жағдайларын әлдеқалай жеңілдетіп, көңіл сергітті. Екі офицер де Родонның жеңіліске ұшырағанына қарқылдап күлді.

- Ұлымның үйде болмағанына тәубе, - деді Родон, тырнағын тістелеп. - Мак, оны манежге алып келгенім есінде ме? Атқа қалай отырады, а?

- Иә, ұлың жақсы азамат, - деді қайырымды капитан.

Осы кезде кішкентай Родон "Уайтфрайерс" шіркеуінде, өзі сияқты мантия киген елу баланың арасында отырған, діни уағызды елеген ол жоқ, таяудағы сенбіде үйіне баратынын, әкесі не сыйлар екен, бәлкім, театрға алып барар деп қиялдаумен отырды.

- Ұлым жақсы бала, - деді Родон, әлі де соны ойынан шығармай.

- Мен опат болсам... егер мені атып өлтірсе, онда, Мак, сенен өтінерім... сол балаға жолығып, әкең сені өте жақсы көрген деп айтарсың. Тағы да... түу антұрған... достым, оған мына алтын ілгішімді берші, менде бұдан өзге дүние қалмады.

Ол кір қолымен бетін басты, көзінің жасы сора болып акты. Макмердо түнде киетін жібек қалпағын басынан алып. көзін сүртті.

- Төменге барып бізге ас дайындайтындар - деді өзінің малайына, даусын көтеріп, сергектік танытып, - Кроули сен ысқылайсың. Мәселен, тұспалаған бауыр ма, әлде селедка жейсің бе. Клей, полковникке менің жейделерімнің бірін алшы. Қымбатты Родон. екеуміздің бойымыз да шамалас еді-ау. Есіңде ме, полкке алғаш алынғанымызда екеуміз де ат құлағында ойнайтын едің-ау.

Осы сөзді айтты да, Макмердо полковник киім ауыстырсын деп. теріс қарады да досы киінгенше "Таза өмірдің" бетіне көз жүгіртті. одан кейін қашқанның өзі киінді.

Олар киінуге өте мән берді, себебі капитан Макмердо лордпен жолығатын еді. Ол мұртын басып, жылтыратып. крахмалданған галстук тағып, сарғыш түсті желет киді. Досынан кенін асханаға барған капитанды жас офицерлер онымен дауыстап сәлемдесіп. үйлену тойына бара жатқан жоқсыз ба деп сұрады.


Мазмұндас кітаптар

1 дастан
2 Константин Паустовскийәлем әдебиеті
3 Найман Хандығы - Сәбетқазы Ақатай
4 Бауыржан Момышұлыәңгіме
5 Ханс Кристиан Андерсенбалалар әдебиеті
6 Василий Шукшинәлем әдебиеті
7 дастан
8
9 Біржан сал Қожағұлұлыөлеңдер
10 Әбіш Кекілбаевпьеса

Пікірлер:


Жолдаушы №: #69, : 06:33 - 2017/06/07

Егер сіз, бизнес бастау үшін борыштық шоғырландыру Екінші Ипөтекә, Бизнес кредиттер, дербес несиелер, халықаралық қарыздар, әвтөнесие, кез келген түрлері үшін Отбасы Несиені шұғыл несие керек пе E.T.C. мейірімділікпен электрөндіқ пошта арқылы мырза Генри Тарақ хабарласыңыз

henrycomb100@gmail.com


Жолдаушы №: #62, : 22:24 - 2017/05/26


Егер шұғыл қәжет қарыз? белгілі несие кредитөр Anita Несие Компанияның хабарласыңыз иә, олар 2% мөлшерлемемен несие ұсынады және 24 сағат ең жоғарғы несие жеткізу қізметтерін көрсетуге болса, Электрөндіқ пошта: anitaloanfirm1@live.com


Жолдаушы №: #44, : 06:34 - 2017/04/14

Біз заңды және беделді ақша Несие берушi болып табылады. Біз қаржылық көмек мұқтаж жеке тұлғаларға жүзеге қаражат қарызға, біз жаман несие немесе бизнеске инвестицияләуғә, төлеуге шот ақша мұқтаж адамдарға несие береді. Сіз несие іздеген ба? Сіз Мен сізге тек осы электрөндіқ пошта мекенжәйін арқылы мені хабарласыңыз келсе қарыз мұқтаж сондықтан, егер сіз, мен 2% төмен мөлшерлемемен несие ұсынады дұрыс орында тұр, өйткені, сіз, алаңдатып тұр: mobilfunding1999@gmail.com

ҚАЖЕТ Кредиттік өтінімді АҚПАРАТ:

1) толық атаулары: ............
2) Жынысы: .................
3) Жасы: ........................
4) Ел: .................
5) Телефөн нөмірі: ........
6) Мамандығы: ..............
7) ай сайынғы табыс: ......
8) Қарыз сомасы қәжет: .....
9) Қарыз Ұзақтығы: ...............
Қарыздың 10) Мақсаты: ...........
 
рәхмет


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.