Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Бабалар созі. 12-том::Бабалар сөзі. 12-том

Кітәпханаға қайту

Бабалар сөзі. 12-том ->
Апторы: дастан
Бабалар сөзі. 12-том - Көрілім: (1348)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


СӨЗДІК

Абад, абат /а/ – мәңгілік, жойылмайтын; қалың ел қоныстанған жер; шалғынды, көкорай

Ағлам /а/ – білгір, бәрінен жақсы білетін

Ағуа /а/ – азғыру

Ажына /т/ – қазына

Ақаттық /а/ – қиындық; сенім; идеология

Ақырап, самсам, зұлхажа, қамқам – Мұхаммед пайғамбардың қылыштарының аттары

Анда /т/ – сонда

Андаза /а/ – оқтаулы

Апу қыл /а/ – ғапу қыл, кешірім ет

Апырын /п/ – жақсы, керемет

Апырын деу /п/ – мақтау, қошаметтеу

Арасат /а/ – қиямет күні адамдар жиналатын алаң

Арыслан – арыстан, хазірет Әлидің эпитеті

Асан /п/ – жеңіл, оңай

Асқал – асқақ, асып-тасу

Асылық /а/ – күнәһарлық

Аузу бисмилла /а/ – Алланың атымен сақтанамын

Ахад /а/ – жалғыз, Алла тағаланың 99 есімінің бірі.

Ахирет, ақырет /а/ – діни ұғым бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алланың өзгеден жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық. Пенделер тірі кезінде істеген күнәләрына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезініп, ауыр болса, қабір азабын тартады; о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы.

Аял бермей /а/ – дамыл бермей

Әжуни /п/ өткір

Әзел /а/ – мәңгілік; мәңгі бақилық; жойылмаушылық; ілгеріде; әуелде

Әзелде /а/ – өмірлік, мәңгілік, ертеде

Әзіз /а/ – қымбатты, аяулы, ардақты

Әйла /т/ – жаса, істе

Бағзы /а/ – кейбірі, кейбіреу

Бағыры /т/ – бауыр, ауыспалы мағынасы “жүрек”. Көне және орта ғасырлық түркі әдебиеті мен фольклорында “бағырым езілді”, “бағырым пара болды” және тағы басқа сол сияқты сөз тіркестері қайғылы, қасіретті жағдайды білдіреді

Бамдат, памдат /п/ – таң намазы

Барабар /п/ – тепе-тең, бірдей

Барһам /п/ – аласапыран, аралас; қиын, күрделі; ретсіз

Батпан, батман /т/ – ежелгі шығыс елдерінде қабылданған салмақ өлшемі. Әр елде өлшем әр түрлі. Көне Бұхарада бір батпан 8 пұтқа тең, ал кейбір жерде 4 пұтқа тең. Ферғанада – екі пұт деп саналған. Қазақ өлшемінде – ауыр салмақ, үлкен, көп деген мағынада қолданылады.

Баһадүр /т/ – батыр

Баһана /п/ – сылтау, себеп

Баһар /п/ – ғибрат

Баһыл болу, бақыл болу /п/ – бекем болу, қоштасу, соңғы сөз

Бәлант, балант /п/– жоғары

Бәнт, бәнит /п/ – арқан, тұзақ

Бе /п/ – қа,ке,ға,ге (барыс септігінің жалғаулары)

Бейәдеп – әдепсіз

Беймар /п/ – ауру, сырқат

Бейпәруай – қорқынышсыз, қорықпай

Бейтаупық – шарапатсыз, дінсіз

Бейхад /п/ – шексіз

Бейхұда, бейхұдай – құдайсыз

Бетарап тарапқа

Бихұш /п/ – көңілсіз, жағымсыз

Бұқалаш – халық, бұқара

Бір уа Бар /а/ – Алла Тағала

Гәп /п/ – сөз

Гөзел /т/ – дала аңы; киік, қарақұйрық, жайран секілді жүйрік түз тағысы

Гөриан /п/ – қайғыру, жылау

Ғазат /а/ – жорық; мұсылмандардың ислам дінін орнықтыру үшін жүргізген қасиетті соғысы

Ғазы /а/ – сарбаз; күрескер; ар-ождан жолында күресуші; қасиетті соғыс – ғазауатқа қатысушы мұсылман; діни соғыста ерекше ерлік көрсеткен адамға берілетін құрметті атақ

Ғайри /а/ – басқа, өзге

Ғаләм /а/ – білу

Ғамкін /п/ – көңілсіз, жабырқау

Ғани /а/ – бай, мұңсыз

Ғаплат /а/ – немқұрайдылық, ынтасыздық, алаңсыздық; қапы қалушылық, опық жеушілік

Ғаршы-Күрсі /а/ – [ғаршы /а/ – тақ; ғарыш; аспан; күрсі /а/ – орындық; орын; тақ] – мәтінде ауыспалы мағынада қолданылған: жеті қат көк

Ғасы /а/ – күнәһар

Ғауға /а/ – айқай, шу

Ғибадат /а/ – мойынсұну, табыну

Ғиззат /а/ – қадір, сый, құрмет

Ғинаят /а/ – мейірімді, жарылқаушы; мейірімділік, жақсылық; қамқор

Ғинаят әйласа /а/ – қамқор етсе

Ғұлғұла /п/ – у-шу, опыр-топыр

Дағым /а/ – тірек, сүйеніш

Дақат /а/ – минут

Даң – атақты, даңқты

Даңдама – шу; әңгіме, ырду-дырду сөз

Дарақ /п/ – ағаш

Дахил қылды /а/ – енді, кірді

Дәйім /а/ – мәңгі; ұзақ; әрқашан

Дәли /п/ – қыран

Дәргаһ /п/ – салтанатты сарай; Құдай үйінің дарбазасы; табалдырығы

Дәремет /п/ – шапағат, қайырым

Дәст, дәста /п/ – қол

Дәуіт /а/ – сия сауыты

Дәш, дәшт /п/ – шөл, дала

Дәфін, дәпін, дапын /а/ – жерлеу, арулап қою

Деркер /п/– қажет, керек

Доқ – дікілдеу, қоқаңдау

Долдық – ашу

Дост /п/ – дос

Дүрри /а/ – маржан, інжу

Ділда, ділла, тілла /п/ – алтын ақша; алтын, зер мағынасында қолданылады

Діні қар – діні жаман

Егар – ер, ер тоқым

Жама /а/ – жамағат, қауым

Жамиғ /а/ – бәрі, түгел

Жаппар, Жағыпар /а/ – құдіретті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Жаһаннам /а/ – діни ұғым бойынша, о дүниедегі күнәһарлардың жаны ұшып баратын жеті тамұқтың бірі, тозақ. Аллаға күмән келтіріп, сенімсіздік білдіріп, оған құлшылық етпегендер жаһаннам отында мәңгі жанады

Жұмла, жүмлә /а/ – барша, көп

Жүдә /п/ – өзге, бөлек, тіпті

Жыға хандар мен қолбасылар айырым белгісі ретінде дулығаның төбесіне қауырсын қадап, оны жыға атаған; патшалар мен қолбасылардың соғыста киетін бас киімі

Забун /а/ – әлсіз, халі кетіп

Зағиф, зайып /а/ – әлсіз, ауру, нашар, аз

Зарап /а/ – зор

Зарип, зарып /а/ – соққы, сабау

Заһар /а/ – у, зәр

Заһид /а/ – діндар; сопы

Заһир /а/ –анық; ашық; нақты

Зәңгі /а/ – зор, үлкен, қара түсті адам

Зер – алтын, асыл тас

Зиярат /а/ – көрісу; құлшылық

Зиярат ету /а/ – көрісу; құлшылық етуге бару

Зұлжалал /а/ – мәртебелі; Алланың 99 есімінің бірі

Зұлмат /а/ – қараңғылық; түнек; қиыншылық; жамандық; кесапат

Зұлпықар (зұлфықар) – Мұхаммед пайғамбардың қылышының атауы. Исламға дейінгі Арабиядағы атақты қылыштардың бірі. Бадр түбіндегі шайқастан кейін қолға түскен олжаны бөліс кезінде Мұхаммед оны өзі алған. Пайғамбар өлген соң қылыш Әлидің қолына тиді. Қылыштың сиқырлы күші туралы аңыз-әңгімелер көп. Ол қажет жерде ұзарып, қысқара алатын болған деген аңыздар бар

Зұлхажа – қылыштың аты

Зікір /а/ – ес, жад; Алланы еске алу

Зінжір /п/ – шынжыр

Иғламнама /а., п/ – хабарлама

Ижазат /а/ – рұқсат, келісім

Изһар ету /а/ – көрсету, талап ету, ұсыну

Иқрар /а/ – мойынсұну, еру

Иләһ /а/ – Құдай, Алла, Ие

Илһам /а/ – діни сенімге ие болу; шабыттану; жігер беру, рухтандыру

Имам /а/ – діни жетекші, мұсылман қауымының басшысы; мешітті басқаратын және намаз оқығанда алда тұратын дін басшысы

Иман /а/ – сенім, діни сенім; мұсылмандардың бес парыздың біріншісі – Алла Тағаланың жалғыз, біреу екеніне сену

Иншалла (ин шаа Алла) /а/ – Алла қаласа, Алла тілесе (ин – егер, шаа – қалау)

Исенбе /т/ – сенбе

Карар /п/ – батыл, ер

Кәпір, кәуір /а/ – Құран Кәрімде яһуди [жүһүдтер] мен христиандар жазба жұрты, кітап иелері [аһлул китаб] деп аталған, ал көпқұдайшылдар, яғни түрлі пұтқа – қолдан жасалған мүсіндерге, я отқа, тасқа, тауға, суға, т.с.с. басқа да жаратылыстарға табынып құлшылық етушілер, шындықты мойындамағандар кәпір делінген. Соңғы дәуірлерде ислам дінін ұстанушылар бүкіл мұсылман еместерді кәпір деп атаған.

Кәрден /п/ – мойын

Кәри /п/ – іскер, белсенді

Кәрім /а/ – жомарт, игі, шарапатты; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Кәлима шаhадат /а/ – куәлік сөз. Алла Тағала мен оның елшісі Мұхаммедке сенім, иман білдіретін шарт

Кәлла /п/ – бас

Кәманд /а/ – шынжыр, арқан

Кәмандаушы, кәмандаз /п/ – арқан тастаушы

Кемер – асыл таспен әшекейленген, оюланған жалпақ белбеу

Кәміл /а/ – толық; кемел; шын, рас

Кепт /а/ – иық

Керкүдән /т/ –жүйрік жылқы

Керік – бойы тапал ат

Көзе /п/ – балшықтан жасалған ыдыс, құмыра

Көксі /т/ – кеуде, көкірек

Көксіне /т/ – кеудесіне

Күрзі – шоқпар

Күрсі /а/ – орындық; тақ

Қабағат /а/ – өте, тым, тіпті, аса, орасан

Қадір /а/ – құдіретті, күшті; Алланың 99 есімінің бірі

Қады /а/ – көлем

Қазап, Ғадаб /а/ – ашу, ыза, қаһар

Қайлеттік /а/ – ақыр, соң (істің), нәтиже, қорытынды

Қайыл болды /а/ – сөйлеу, айту; мойындау, баға беру; қайран қалу

Қамқам – қылыштың аты

Қандек – арық, ор

Қар /п. т/ – жамандық, аярлық

Қарар /а/ – шешім; келісім; ұсыныс; сабыр; тағат

Қари /а/ – Құранды жатқа білетін адам

Қатыл /а/ – өлтіруші

Қаумет /а/ – күш, жігер, қуат, көтерілу

Қаһан /т/ – хан

Қиям /а/ – көтерілу

Қиямет күні /а/ – ақырет күні, ақыр заман, өмірдің соңы

Қиямет қайым /а/ – өлгендердің тірілуі, ақыр заман

Қияпат /а/ – кескін, келбет, пішін

Қошуақ /п/ – көңілді

Құл /а/ – айт, сөйле

Қылует /а/ – жалғыздық, құпия орын, оңаша тұру

Қысас /а/ – өш, саза, қас

Ла ғалам /а/ – ол білмейді

Лап, лаб /п/ – мақтаншақтық,, өзін мақтау; бос сөз; жағалау, кернеу шет

Ларза /п/ – тербеліс, зілзала

Лат – арабтардың ислам дініне дейінгі сиынған әйел құдайының аты

Лаухул Қалам, Лаухул Махфуз[лаух /а/– тақта; махфуз /а/ – сақталған, жадында ұсталған] – сақтаулы тақта. Діни ұғым бойынша, әр адамның тағдыры күні бұрын жазылып қояды. Сол жазу тақтасы Лаухул Махфуз, Лаухул Қалам деп аталады.

Ләнгар /п/ – бақан, сырық, қада; якорь, маятник, ауыр зат, зіл, салмақ

Ләпес – лебіз

Ләшкер /т/ – әскер

Лек /т/ – жүз мың (әскер саны)

Мағзұр /а/ – көп, асып-тасқан

Мағлұм /а/ – белгілі, анық, мәлім

Мажал /а/ – мүмкіндік

Мақтұл /а/ – өлтірілген, біреудің қолынан қаза тапқан

Мақшар /а/ – ақырзаман күнінде болатын сот

Малал /а/ – қорқыныш, мазасыздық, дегбірсіздік

Манат – арабтардың Ислам дініне дейінгі сиынған әйел құдайының аты

Маннан /а/ – қайырымды, жомарт; Алланың 99 есімінің бірі

Маншы /п/ – хатшы

Мар, мара – көрнекті, мақтаулы, таңдаулы

Мард, мардан /п/ – батыр, ержүрек; батыл

Масала – шырақ, от

Масат болу – масаттану, шаттану

Мат болу – жеңілу, күлкіге қалу

Матал болу – маталу

Махал /а/ – жер, орын

Махкам /а/ – берік, мықты, бекем

Махмұйт /а/ – әлсіз, енжар

Машқұл /а/ – іспен шұғылдану

Мәгәр /тат/ – тек; бірақ; дегенмен; алайда; сірә

Мәйіл /а/ – дайын болу

Мәлік /а/ – билеуші, әмірші, патша, хан; періште

Мәнзил /а/ – үй

Мәсжид /а/ – мешіт

Мәтім /а/ – дүние салған адамды жоқтау

Мәула /а/ – қожа, әкім, әмір, ұлық, қамқоршы, қолдаушы, сүйеуші

Мейманасын толтырсын – көңілі өссін, масаттансын

Мехнат тартып /а/ – бейнет көріп

Миясар /п/ – көңіліне жақын, лайықты, бейім

Мият /п/ – көңілге медеу, тірек, сүйеніш

Мұддаға /а/ – тілек, ой; мақсат, арман; мүдде

Мұқарраб /а/ – жақын. Аллаға жақын төрт періште: Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайыл, Ысрапыл

Мұқым /а/ – тіптен, мүлдем; бүкіл, түгел

Мұнтас – пілдердің күтушісі

Мұсыбат /а/ – апат, ауыртпалық

Мұхлат /п/ – уақыт; үзіліс

Мұхтал /а/ – қу, айлакер; кедергі

Мүбада /п/ – егер, алда-жалда

Мүбәрак /а/ – берекелі, құтты, сәтті

Мүбәриз /а/ – батыр, күрескер

Мінәжат /а/ – құлшылық ету

Міннәт /а/ – күш, төзімділік

Набыт болу /п/ – жойылу, өлу

Нағыра /а/ – музыкалық аспап

Найылаж /п/ – лажсыз

Налаш қылу /п/ – налу, ренжу

Нам /п/ – ат, есім

Насап /а/ – әділдік, қайырымдылық, мейірімділік

Насар – христиан; көмекші

Нахан /п/ – зор, үлкен

Ошал /т/ – осы

Пайым /а/ – байым, түсінік, ұғым

Памдат, бамдат /п/ – таңғы намаз

Панаһ /п/ – пана, қамқоршы, сүйеніш

Панжа /п/– бес саусақ; қарудың бір түрі

Паришан /п/ – қобалжу

Паруай /п/ – қызығу, тілеу

Пәй, пәйт /п/– аяқ, табан; негіз, тірек

Пәлак /п/ – биік

Пәрман, пәрмен /п/ – бұйрық, әмір

Пәруана /п/ – түнде ұшатын көбелек. Ауыспалы мағынасы: біреудің жолына құрбан болу, садаға болу, жанын үзу

Пәтуа /а/ – бітім, келісім, уәде; тұрақ, тиянақ, береке

Пәруардигар /п/ – жаратушы, жасаған, Құдай

Пенде болу /п/ – кіріптар болу, бағыну

Пиада /п/ – жаяу

Пұт параст /п/ – пұтқа табынушы

Пұшайман болды /п/ – қапа болды, өкінді

Рағна /а/ – сүйкімді, шырайлы, әдемі, сұлу

Рада /а/ – жағымсыз

Расиа /а/ – қозғалмайтын, тырп етпейтін

Расул /а/ – елші, яғни жіберілген, негізінен Мұхаммед (с.ә.с.) пайғамбарға байланысты айтылады

Рахбар /п/ – жол бастаушы

Рахман /а/ – мейірімді, рахымды Алланың 99 есімінің бірі

Рахмат /а/ – мейірім, рақым, рақымшылық

Рахым /а/ – мейірімді, қайырымды Алланың 99 есімінің бірі

Рәса /п/ – өте, тым

Риза /а/ – разы; сүйіспеншілікті білдіру; Мұса пайғамбардың теңеуі

Рубару /п/ – жүзбе-жүз

Сақи, сахи /а/ – жомарт, мырза, қолы ашық, қайырымды

Сама /а/ – аспан

Самад /а/ – мәңгі

Самсам – қылыштың аты

Сапа /п/ – әскер

Сапи, сапы /а/ – қалаулы, сайлаулы, шын, адал дос

Саранжам /п/ – аяқ, соңы, ақыры; қару-жарақ

Саранжам қылу /п/ – тәртіп орнату

Саргардарын /п/ – бас айналдыратын, шыр айналдыру

Сафа /а/ – жақсы; таза; нағыз

Сахаба, асхаб /а/ – Пайғамбардың артына ерген серіктері

Сахар /а/ – сиқыршы

Сахат /п/ – жазылу, айығу

Сахып /а/ – дос, жолдас

Сахыр, сахар таң, таңертең

Сахыт, сахат /а/ – қиыншылық; дұрыстық, шынайылық

Саясат /а/ – айла, тәсіл; майдан; алаң

Сәргәрдан /п/ – сергелдең

Сәркарда /п/ – ие, қожа, қолбасшы

Сәруар /п/ – басшы, көсем

Сибағ /а/ – саусақ

Соры, сұры /а/ – сырнай, керней; мәтінде: Ысрапылдың ақырзаман орнарда тартатын сырнайы

Сұбхан /а/ – жасаған, күшті, құдіретті

Сүбхі садық /а/ – таң

Сүдігер – жыртылған жер

Сүрек – мерзім

Сүрлігу – шаршау, болдыру

Сыдық /а/ – шыншыл, шындықты айтушы. Төрт “Әділетті халифаның” бірі – Әбубәкірдің теңеуі

Сіреу – қатып қалған, сірескен

Табиб /а/ – дәрігер ,емші

Такия /а/ – сүйену

Тарандаз – мерген

Талатоп /п/ – лас, кір

Талиғ /а/ – тағдыр, жазмыш, бақ, бақыт, несібе

Тамам /а/ – біту, аяқталу

Тарбият /а/ – тәрбие

Тауфиқ /а/ келісім, мойынсұну; ынсап, қанағат; жәрдем, көмек, табыс; бақыт

Тахсил /а/ – табу, алу

Тахсин /а/ – жақсы

Тахыт /а/ – тақ

Таһлил /а/ – мадақтау, дәріптеу, “Алладан басқа Құдай жоқ” (Лә иләһә илла Алла) сөзін айту

Тәжідар тәж иесі

Тәкбір /а/ – ұлғайту, асқақтату; "Аллаһу акбар" сөзін айту, Алланы дәріптеу

Тәсбі, тәсбих /а/ – мадақтау, дәріптеу; 33 моншақ тастан тұратын тізбек. Тәсбі тарту – моншақ тастарды тере отырып, 34 рет “Аллаһу Акбар”, 33 рет “Сұбхан Алла”, 33 рет “Әлхамдулилла” деп Алла Тағаланы мадақтап сиыну. Бұл ерекше көркем сөздерді Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ә.с.) қызы Фатима анамызға үйреткен; кейіннен мұсылман әлемінде нұр сәулелі Фатиманың тәсбісі деп аталып, әр намаз сайын айтылатын болған.

Тегмә /т/ – аталған, аталынған, делінген

Топшақ – ат

Тұғры /т/ – тура

Түпірік – түкірік

Тылауат /а/ – оқу

Уа /а/ – және

Уағда /а/ – уәде

Уасил, уәсіл /а/ – жақын; ойына, мақсатына, дегеніне жету

Уахи /а/ – Мұхаммед пайғамбарға жіберілген бұйрық-жарлықтар

Уәжіп /а/ – міндет, борыш

Уәли /п/ – әмір, аймақ басшысы

Уәли /а/ – қамқоршы, сүйеуші; жақын, туысқан, дос; әулие

Ұстан – тіреу

Үмбет, үммет /а/ – ел, қауым, жамағат; жол; Мұхаммедтің үмбеттері, мұсылмандар, ислам дінін ұстанушылар

Үшбу /т/ – осы

Фатиха /а/ – беташар, кіріспе; Құран Кәрімнің 1 сүресі

Фазыл /а/ – артықшылық; әмір; Алланың бұйрығы

Хабиб /а/ – сүйікті, Мұхаммед (с.ә.с.) пайғамбардың эпитеті

Хад /а/ – өлшем, шек

Хадден асты /а/ – шектен асты

Хазірет, әзірет /а/ – жоғары мәртебелі. Пайғамбарлардың, имамдардың, белгілі әулиелердің есіміне қосылып айтылатын діни атақ

Хайдар /п/ – арыстан; хазіреті Әлидің эпитеті

Хақ, Ақ /а/ – ақиқат, шынайы, күмәнсіз шындық; Құдай, Жаратушы, Алла Тағаланың 99 есімінің бірі

Халас /а/ – толық, бүтін, бос

Хале, қалы /п/ – қымбат, бағалы

Хале тон – құрметті шапан, тон

Хамду сәна, хамд сана – Аллаға мадақ айту

Ханнан /а/ – мейірімді; Алла Тағаланың тоқсан тоғыз атының бірі

Хас /а/ – айрықша, ерекше

Хараж /а/ – орта ғасырларда ислам пайда болғаннан кейінгі мұсылман елдеріндегі жер салығы

Хараб /а/ – қирау, жоқ болу, апатқа ұшырау

Харба /а/ – соғыс

Хауыз /а/ – су қоймасы, су алабы; бассейн

Хикмет /а/ – керемет; ғажайып; дана сөз

Хұсусан /а/ – әсіресе

Чок /түрік/ – өте, тым, аса

һәлак /п/ – әлек, өлім, өлтіру

һәмма /п/ – барлық

Шадыман /п/ – қуанышты

Шайқы-бұрқы – ел, халықты күлкіге қарық қылып жүретін кезбе, диуана.

Шамақ /а/ – тәкәппар

Шар мағми /п/ – төрт көмекші

Шарайна – сауыт

Шарғи /а/ – заңды, шариғатқа сай

Шариғат /а/ – заң; исламның негізгі заңдар жинағы

Шауқым – ойын-сауық, қызық-думан

Шах /п/ – қатты жер, топырақ

Шаһар, шәр /а/ – қала

Шаһариар – [шаһар /п/ – төрт, жар /т/ – жар,серік] – Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли. Кейде төрт жар, төрт шәрі деп те аталады. Бұлар араб халифатын билеген төрт әділетті халифа тарихта “ал-хулафа ар-рашидун” деген атпен белгілі болған.

Шаһид /а/ – дін жолында қаза болған адам

Шаһимардан /п/ – батырлардың патшасы

Шән-саукат /а/ – салтанат

Шер – арыстан

Шемен, чаман /п/– шым, қыртыс

Шұддат /а/ – өктем, қысым; күш; қатыгездік

Шығыр, шығыршық – екі басы дөңгеленіп келіп, бір жерден түйіскен, ортасы ашық, кішірек келген жұмыр темір

Шымал – майда құмырсқа

Ықылым /а/ – жер; бөлім, бөлік; таныс емес, бөгде ел

Ықыраж /а/ – салық


Мазмұндас кітаптар

1 әлемдік философиялық мұра
2 Нұрғали Оразәңгіме
3 Мұқағали Мақатаевәңгіме
4 Марфуға Айтқожинаөлеңдертолғаулар
5 Армян жазушыларының әңгімелері
6 Константин Паустовскийәлем әдебиеті
7 Василий Шукшинәлем әдебиеті
8 Рене Груссетарих
9 әңгіме
10 әлемдік философиялық мұра

Пікірлер:


Жолдаушы №: #138, : 02:36 - 2020/04/21

Ғазауат = қәсиетті соғыс, алла жолында, ел жер қорғау күресі


Жолдаушы №: #137, : 05:32 - 2020/04/08

Ғазауат сөзінің мағынасы қандай


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.