Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-171215391738 %62 %
2019-11-181794515640 %60 %
2019-11-191101359243 %57 %


Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 8-КИТАП::Әдеби жәдігерлер Х

Кітәпханаға қайту

Әдеби жәдігерлер Х ->
Апторы:
Әдеби жәдігерлер Х - Көрілім: (1712)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Ақирет - діни сенім бойынша ақырғы күн, соңғы уақыт. Бұл күні жер бетінің астан-кестені шығып, таулар жүндей түтіледі. теңіздер тасып. алай-дүлей болады. Ақиретте ұлы сұрақ-жауап болады, сырат көпірі тартылады. Ақирет фәни дүниенің бүтіндей тоқтап, бақи дүниенің шынайы басталуы.

Ақса мешіті — Құлдыс (бүгінгі Иерусалимде) шаһарында орналасқан қасиетті мешіт. Құранда Ақса мешіті деп аталған. Діни көзқарас бойынша оны Сүлеймен пайғамбар салғызған деп есептеледі. Меккедегі Қағбаға дейін мұсылмандар сол мешітке қарап намаз оқыған. 624 жылы құбыла Алланың жарлығымен Қағба болып өзгертілген. Ақса мешіті мұсылмандар үшін Меккедегі Харам мешіті мен Мединедегі пайғамбар мешітінен кейінгі үшінші орында қасиетті болып саналады. Мухаммед пайғамбар Миғраж оқиғасында осы Ақса мешітіне кіріп намаз оқып, содан кейін көкке көтерілгендігі айтылады. VII ғасырдың соңы мен VIII ғасырдың басына халифалық еткен Әбдімәлік тұсында бұл жер «Харам Шәриф» деп аталып. Ислам ғибадатханасы ретінде қарастырылған.

Ақшам - ислам шариғаты бойынша күнде оқылатын бес уақыт намаздың төртіншісі. Уақыты күн батқаннан қараңғы түскенше жалғасады. 3 бас парыз және 2 бас сүннеттен турады.

Аллаһу әкбәр - Алла ұлық. Исламдағы негізгі зікірлердің бірі. Сондай-ақ мұсылмандар қуанғанда Аллаға шүкіршілік ретінде айтады. Намаздағы көшу тәкбірлері кезінде де осы сөз қолданылады.

Ансар — араб тілінде көмекші, жәрдемші деген магына береді. Діни термин ретінде Мұхаммед пайғамбар мен оның жарандары Меккеден Мединеге қоныс аударғанда оларға алғаш қол ұшын беріп. көмектесіп, Хақ жолын таңдаған Аус және Хазраж тайпаларының ұлықтарына қарата қолданылады. Қоныс аударып келгендер — мұһажирлар. ал оларды күтіп алғандар ансарлар болып, ең алғаш мұсылман үмметін қалыптастырған. Үй-жайын, бар мал-мүлкін Алла жолында тастап келген мұһажирларға өздерінің мал-мүлкінен бөліп беріп, өз үйлеріне орналастырған осы ансарлар болатын. Ансар мен мұһажирдің арасындағы рухани байланыстын берік орнағандығы соншалық, бір туған бауырдай болып кеткен. Бәдір соғысынан бастап ансарлар пайғамбардың барлық ғазауаттары мен жорықтарына қатысқан. Ансарлардың арасынан ғалымдар кептеп шыққан.

Арасат - қиямет-қайым болған уақытта барша адамзат баласы туратын жер. Діни сенім бойынша ақырзаманда Адам атадан бастап. жер бетінде өмір сүрген адамның бәрі қайта тіріледі. Сонда олар осы Арасат алаңына жиналып, ездерінің фәни дүниеде істеген амалдары бойынша жауап береді. Кімнің - жұмаққа, ал кімнің тамұққа кететіні сонда белгілі болады.

Арафа - сөздікте білу, тану деген магына береді. Діни термин ретінде һижри-ай санағы бойынша он екінші, яғни Зулхижжа айының тоғызыншы күніне қарата қолданылады. Себебі діни түсінік бойынша Ибраһим пайғамбарға Жебірейіл періште қажылықтың шарттарын осы күні үйреткен деп есептеледі. Қажылыққа барғандар осы күні Арафат тауына шығып. күн батқанша құлшылық қылады.

Ал қажылыққа бармай қалған үйдегі жандардың ертеңгі айт күніне дайындық жасайтын күні де арафа күні деп аталады.

Арсы - үлкен тақ. Діни көзқарас бойынша арсы аяқтары бар тақ болып, оны періштелер ұстап тұрады екен. Ол әлемнің үстіндегі күмбезге ұқсайды. Алла Тағаланың таққа мұқтаждығы жоқ, алайда оны Өзі білген хикмет үшін жаратқан. Алла Тағаланың Арсыға тең болып, оның үстінде тұруы оған деген мұқтаждықтан емес. Алла одан да ұлық әрі теңдессіз. Ол өзінің құдіретімен өзінен темен Арсыны ұстап тұрады және оны ұстап тұрушыларды да көтеріп тұрады. Арсы туралы аят қасиетті Құранның 23 жерінде кездеседі.

Асыр - бес уақыт намаздың үшіншісі. Күн батардан екі-үш сағат бұрын басталып, күн батқанша жалғасады. Төрт рәкағат парыз намазы бар.

Ayс - Мединедегі ансарларды құрайтын негізгі екі араб тайпасының бірі. Шежірелерде Аус және Хазраж тайпалары Кахтаниға барып тіреледі. Аус тайпасы жаһилиет дәуірінде Манат пұтына табынған. Мұхаммед пайғамбардың Мединеге һижрет етуімен бірден дінді қабылдаған.

Аһзаб ұрысы - ислам тарихында орны бар Хандек соғысының екінші аты. Мұсылмандар мен Мекке мүшіріктері арасында болған бұл соғыс 627 жылы наурызда Мединеде болған. Атақты сахаба Салман Фарсидың ұсынысымен Мединенің айналасына ор қазылғандықтан да. бұл соғыс «Хандек», яғни ор деп аталған. Хандек соғысына құрайыштықтар, Хайбар йәһудилері, гатафандықтар, фәзарелилер секілді бірнеше тайпа қатысқандықтан да, кейде «Аһзаб», яғни партиялар, топтар деп те атайды.

Ә

Әзәзіл - Ібілістің бұрынғы аты.

Әзірейіл — атақты төрт періштенің бірі (Жебірейіл, Микәйіл, Исрафилдан кейін). Жан алушы періште. Діни риуаяттарда оның алғаш қарапайым періштелердің бірі болғандығы, Алла Тағала жерден топырақ алып келуге басқа періштелерді жұмсағанда олар жұмсақтық қылын алып келмегендігі, содан кейін Әзірейілді жұмсағанда оның, Жердің наразы болғанына қарамастан, топырақ алып келгені үшін оған жан алуды тапсырған делінеді. Адам баласы «сәкәнәтул-мәут», яғни жан тапсырар алдында келіп, оның жанын алады. Имандының жанын оңай, ал имансыздың жанын қинап алатындығы айтылады.

Әмирул-муминин - мұсылмандар әмірі. Халифат кезіндегі халифтардың атағы. Діни түсінік бойынша Мұхаммед - пайғамбар болса, халифалар пайғамбарлардың орынбасарлары деп есептеледі. Әмирул-муминин атағы алғаш рет хазірет Омарға берілген, одан кейін билікке келген хазірет Оспан мен хазірет Әлиге де қолданылған.

Әмір мәғруф - жақсылыққа шақыру. Қырық парыздың бірі болып, халықты тура жолға, әдемі мінез-құлыққа, қайыр-ихсанға, қайырымды һәм мейірімді болуға шақыру және жамандықтан қайтару. Кез келген мұсылман баласына әуелі отбасын, көршісін, сондай-ақ мұсылман бауырын қашанда жақсылыққа шақырып отыруы міндет саналған. Бұл туралы қасиетті Құранда Алла Тағала: «Сендерден жақсылыққа шақыратын, әмір мағруф және нәһи мункәр қылатын бір топ адам болсын. Міне, солар құтылушылар», - деген («Әли Ғымран», 104 аят).

Әсмәул-хуснә - Алла Тағаланың көркем есімдері. Тоқсан тоғыз есімнен тұратын бұл атауларда, негізінен, Алла Тағаланың өзіне тән сипаттары мен ерекшеліктері айтылады. Алланың есімдері әр түрлі дұғаларға қосылып айтылады. Алла Тағала бұл туралы қасиетті Құранда: «Алланың көркем есімдері бар. Енді, Оны осы есімдермен еске алыңдар», — деген («Ағраф», 180). Қолға ұстайтын тәспі санының да тоқсан тоғыз болуы, осы Алланың көркем есімдерімен тікелей байланысты. Алланың есімдері Құранның әр жерінде кездеседі. Жалпы саны тоқсан тоғыз.

Әһлі бәйт - Мұхаммед пайғамбардың отбасы. отбасы мүшелері. Ислам ғұламалары «әһлі бәйіт» ұғымына бірнеше түсінік берген. Кейбір ғұламалар бұл ұғымның аясына пайғамбарға жақын болған барша туыстарын да кіргізсе, келесі бір ғалымдар пайғамбардың әһлі бәйті деп тек оның отбасын ғана атаған.

Әһлі кітап - кітап иелері. Мұсылмандардан бұрын Жаратушының кітабына ие болған үмметтер. Олар: Мұса пайғамбарға түскен Тәурат, Дәуіт пайғамбарға түскен Зәбур және Иса пайғамбарға түскен Інжіл кітаптарын ұстанып, сол жолмен жүрушілер. Алайда уақыт өтісімен, сондағы Жаратушының қаулыларын өзгертіп, өздерінше бұрмалап алған. Әсіресе құлшылық-ғибадаттарға қатысты қаулылар мен Мұхаммед пайғамбардың шығатындығы туралы сүйінші хабарды жойған. Әһлі кітап дегенде, бұл күнде Зәбурді ұстанушылар болмағандықтан да, негізінен йәһудилер мен христиандар түсініледі. Мұсылмандар басқа отқа табынушылар мен пұтқа табынушыларға қарағанда әһлі кітап иелеріне түсіністікпен қараған.

Б

Байғат - ант беру, дауыс беру. Исламның алғашқы жылдарында халифаға байғат берілетін болған. «Хулафәи рашидин» деп аталатын хазірет Әбу Бәкір, Омар, Оспан және Әлилер таққа отырғанда, соларға басқа мұсылмандар келіп, байғат берген.

Бақиғ - Мединедегі мазар. Мұнда көптеген сахабалар жерленген.

Бамдат - бес уақыттың намаздың алғашқысы. Оны арабша «Салату фәжір» деп те атайды. Уақыты таң рауандап атқаннан бастап, күн ұясынан шыға бастағанша жалғасады. Екі бас сүннет пен екі бас парыздан турады.

Бәдір - ислам тарихында орын алған үлкен соғыс. Бәдір негізі Мединеден 150 км оңтүстік-батыстағы бір құдықтың аты; сол жерде 624 жылы 17 қарашада пайғамбар бастаған мұсылмандар мен Мекке мүшіріктері арасында кескілескен ұрыс болған. Меккеден Палестина мен Сирияға қарай жол алған керуен Медине жолы арқылы өтетін. Бұл жол Мекке ақсүйектері мен саудагерлері үшін үлкен табыс көзі болатын. Мұсылмандар сол керуенді қолға түсіруге талпынған. Содан Бәдір құдығының жанында Әбу Жәһіл бастаған 850 мүшірік пен пайғамбардың қасына топтасқан 80 мұһажир мен 230 ансар бетпе-бет келген. Бұл соғыста мүшіріктер жеңіліс тауып, олардың елу адамы қайтыс болады және елуі тұтқынға түседі. Мұсылмандардан 14 шәһид болған. Саны жағынан аз болғандықтарына қарамастан, жеңіске жеткен бұл соғыста мұсылмандар үлкен олжаға (30 ат, 150 түйе, көптеген қару-жарақ және т.б.) кенеледі. Сондай-ақ бұл соғыс мұсылмандардың басқа да жорықтарына жол ашып берді.

Бәйтулла Меккедегі Қағба. Мұны кейде Бәйтулатиқ, Харам мешіті, Құбыла және Қағба үйі деп те атайды. «Алланың үйі» дегенде Алланың тұрақ-мекені емес, қайта Аллаға сыйынатын жердегі қабылдаған орынды. Сондай-ақ жер бетіндегі мешіттің бәрі де «Алланың үйі» деп есептеледі.

Бәйтул Мақдис - Құлдыс шаһарында ежелден киелі саналған құлшылық үйі. Мұны кейде Бәйтул Мұқаддас (Қасиетті үй) деп те атайды. Себебі бұл ғибадатхана христиан, йәһуди және мұсылмандар үшін де қасиетті саналады. Орта ғасырларда ол жерлер «Харам шәриф» деп аталып, оның құрамына Ақса мешіті, Құббатус-сахра секілді және т.б. құлшылық үйлері кірген. Қасиетті Құранда Мұхаммед пайғамбардың Миғражға көтерілерде осы Бәйтул Мақдиста болғандығы айтылған. исламның алғашқы жылдарында, яғни Мединеге һижрет еткеннен кейін екі жыл шамасында, мұсылмандар Бәйтул Мақдиске қарап намаз оқыған. Кейін Алланың қалауымен құбыла Қағба болып өзгертілген. Бәйтул Мақдис хазірет Омардың халифалығы кезінде мұсылмандардың қолына өткен. 705-715 жж. Ақса мешітінің қайта жөнделуі, сондай-ақ Құббатус-сахра мешітінің салынуы бұл жерлерді діни орталыққа айналдыра білді. Сол кезден бастап бұл жер бұрынғы атымен Илия деп емес, арабша Құдыс деп атала бастады. Құдыс шаһары ХІ-ХІІІ ғғ. ірі діни-саяси ұрыстардың ортасына айналды. Батыстан келген кресшілер мен мұсылмандар арасында кескілескен соғыстар болған. 1517 жылдан бастап Осман империясының қарамағына өткен. Бәйтул Мақдис бұл күнде Израил мемлекетінің қарамағында.

Бәйтул мал — ислам елдеріндегі үкіметтің қарамағындағы мал-мүлікті атайды. Бұл дәстүр хазірет Омардың халифалығы кезінде қолға алынған. Онда хираж, жизия, зекет, хумстан түскен мал-мүлік сақталады. Сол ортақ қазынадан елдің қажеттілігіне жұмсалып, тағы бір бөлігі кедей-кепшіктерге, міскін-кембағалдарға үлестірілетін болған.

Бәйтул-Мұқаддас - қараңыз: Бәйтул Мақдис.

Бәни Исрайыл - Исрайыл ұлдары, яғни йәһудилер.

Бәни Myсталиқ ғазауаты - Мединедегі Хандек соғысынан кейін болған ғазауат. Хандек соғысында еш нәрсе шығара алмаған Құрайыш мүшіріктері айнала төңірегіне пікірлестерін жия бастады. Бәни Мусталиқ тайпасының көсемі Харис ибн Әбу Дирардың басшылығымен Мурәйси суының басына орда құрып. мұсылмандарға қарсы соққы беруге дайындық жасауға кіріседі. Бұл хабар туралы естіген Алла елшісі (626 жылы) 700-ге тарта адамнан қол жасақтап, Бәни Мусталиқ ғазауатына шықты. Екі жақтың әскері қақтығысып, мұсылмандардың жеңісімен аяқталған ұрыста қарсы тараптан он адам өліп, 700 (кей деректе 800) шамалас адам тұтқынға түскен. Ал мұсылмандардан бір адам шәһид болған. Сондай-ақ мұсылмандар 2000 түйе және 5000 қоймен олжалы оралған.

Бәнул жан - жындар қауымы.

Бәну Құрайза - Мұхаммед пайғамбардың заманында Мединеде өмір сүрген йәһуди тайпасы. Пайғамбар Меккеден Мединеге һижрет еткенге дейін Мединеде Бәну Құрайза, Бәну Қайнуқа және Бәну Нәдір деген үш йәһуди тайпасы өмір сүрген. Алайда олар пайғамбарға қарсы шыққаннан кейін сол жерлерден қуылған.

Бәну Салим - араб тайпаларының бірі.

Бесін - бес уақыт намаздың екіншісі. Күн қиямнан ауа бастағаннан бастап, асыр намазына дейін жалғасады. Бекітілген 4 рәкағат сүннет, 4 рәкағат парыз және 2 рәкағат сүннет.

Бір және Бар - Алла Тағала. Алланың Бірлігі мен Барлығын білдіретін бұл ұғым орта ғасырлық түркі жазба әдебиетінде кеңінен қолданылған.

Бір Мұңсыз - Алла.

Ғ

Ғазауат - соғыс, .ұрыс. Көбінесе Алла жолында дін тарату үшін ұрысқа шығуды айтады. Соғысқа шығушыны ғазауатшы деп атайды.

Ғази - Алла жолында ғазауатқа, жиһадқа шығушы мұсылман.

Ғәшәрәй мубәшшәра - жәннәтпен сүйіншіленген он адам. Көзі тірісінде жәннатқа баратыны белгілі болып, жұмақпен сүйіншіленген сахабалар мыналар: Әбу Бәкір Сыддық, Омар ибн Хаттаб, Оспан ибн Аффан, Әли ибн Әбу Тәліп, Әбдірахман ибн Ауф, Сағд ибн Әбу Уаққас, Зубәйір ибн Аууам. Талха ибн Убәйдулла, Сәбит ибн Зәйід. Олардың бәрі де Құрайыш тайпасынан шыққан.

Ғибадат - ислам дініндегі Алла үшін жасалатын құлшылық.

Ғиддет - шариғат бойынша ерінен ажырасқан әйелдің күтетін уақыты. Күйеуі талақ берген әйел жүкті не жүкті еместігі анық байқалғанша 4 ай 10 күн күтеді.

Ғұзза - арабтардың жәһилиет дәуіріндегі табынатын басты пұттарының бірі. V-VI ғғ. Арабияның кептеген жерлерінде, әсіресе Хижаз. Хира және Набатияда Ғұззаға табынған. Меккенің жанындағы Хурад аңғары Ғұззаға табынатын негізгі орталық саналған. Ғұзза ғибадатханасы «қасиетті аймаққа» орналасқан болып, сонда барып құрбандық шалынатын болған. Құрайыштардың Лат және Манат пұттары осы Ғұззаның қызы деп есептелген. Мекке фатх етілгеннен кейін Мухаммед пайғамбардың тапсырмасымен Халид ибн Уәлид барып, Ғұзза ғибадатханасын қиратып, ағашын шауып тастаған.

Ғұмра - кіші қажылық. Ғұмра қажылығын жыл он екі ай өтей беруге болады.

Ғұсыл - ислам діні бойынша бастан-аяқ жуынуды айтады. Ерлі-зайыпты қосылғанда, еркектен мәни аққанда, әйелдің етеккірі келіп біткенде ғұсыл құйынады. Себебі ғұсылсыз құлшылық-ғибадат етуге қатаң тиым салынған. Ғұсылдың үш парызы бар. Олар: ауызды шаю, мұрынды шаю және барлық денесін жуу.

Ғұшыр - исламдағы жер-судан алынатын зекет. Егіншілікпен айналысатын мұсылманға жиын-терін аяқталғаннан кейін түскен пайдасының оннан бірін кедей-кепшікке. мұқтаждарға беру парыз саналған.

Д

Дәрет - ислам дініндегі намаз, Құран секілді және т.б. құлшылықтардан бұрын тазалану. Дәреті жоқ адамның намаз, Құран оқуға құқы жоқ. Пайғамбар хадистерінің бірінде: «Дәрет - намаздың кілті» делінген. Сондай-ақ дәреті жоқ адамның Алланың кітабын ұстауға болмайтындығы Құранда ашып айтылған. Дәреттің төрт парызы бар. Олар: бетін, қолын жуу, басына мәсіх тарту және аяғын тобығына дейін жуу.

Дәрул бақа - мәңгілік мекен. Мұны кейде бақи дүние деп те атайды. Діни көзқарас бойынша бұл дүние фәни, яғни өткінші болып, о дүние бақилық, яғни мәңгілік деп есептеледі. Бақилық өмірде адамзат баласының рахатта не азапта болуы оның бұл фәни дүниедегі істеген істеріне тікелей байланысты.

Дәрул фәнә - өткінші. алдамшы дүние. Діни түсінік бойынша бұл дүние адамзат баласы үшін сынақ өмір болып, мәңгілік өмір ретінде о дүние айтылады. Адам баласы бұл өткінші дүниеде қандай амал жасаған болса, оның азабы мен рахатын бақилық, яғни мәңгілік өмірде көреді.

Дәрун-нәдуә - Мекке мүшіріктерінің жиын, кеңес өткізу үшін жиналатын үйі. Әбу Жәһіл бастаған имансыздар пайғамбарға қастандық жасау үшін дәрун-нәдуәға бірнеше рет жиналып, Алла елшісін қалай өлтіру керектігі туралы ойласқан.

Дәус тайпасы - каһтаниларға қатысты араб тайпасы. Солтүстік Йеменде Тихаме аймағында жасаған Дәус ибн Удсан бұтағынан шыққан. Жәһилиет дәуірінде басқа араб тайпалары секілді пұттарға табынған. Мекке мен Йеменнің арасында олардың Зулкәффәин деген пұттары болған. Дәус тайпасынан біраз адамдар исламның алғашқы жылдары-ақ Хақ дінді қабылдаған.

Дәруіш - Алла жолына қадам басып, өзін-өзі кемелдікке жеткізуге талпынған сопы. Алайда Орта Азия мен Хорасан аймағында дәруіш дегенде еш нәрсесі жоқ, кедей адам түсінілген.

Дүлдүл - Мұхаммед пайғамбардың мінген аты (не қашыры). Оны пайғамбарға Мұқауқыс патша сыйлаған болатын. Оны кейін пайғамбар хазірет Әлиге тарту еткен. Хазірет Әлидің сол Дүлдүлге мініп. талай ерлік көрсеткені діни қисса-дастандарда көп жырланған.

Е

Екінті - күнде оқылатын бес уақыт намаздың үшіншісі. Уақыты күн батар алдында шамамен екі сағат бұрын басталып, күн батқанша жалғасады. Төрт рәкағат парыз намазынан тұрады.

Ережеп - мұсылманша һижри жыл санағы бойынша жетінші ай. Мұсылмандар үшін қасиетті саналған төрт айдың бірі.

Ж

Жаназа - исламдағы жерлеу рәсімі. Дүниеден өткен адамға тірі пенденің төрт қарызы болады. Бірінші - ғұсыл құйындыру, яғни жуу, екінші - кебіндеу, үшіншісі — жаназа намазын оқу, соңғысы — жерге көму. Жаназа негізгі осы торт мәселені қамтығанымен де, әр халық өзінің салт-дәстүрі бойынша түрліше қолдануы мүмкін. Адамды жерлеудегі мәселелер қасиетті Құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне қайшы келмесе, жергілікті дәстүрлерге тиым салынбаған. Мысалы: марқұмның жетісін, қырқын, жылын беру секілді.

Жаран - қараңыз: Сахаба.

Жаһаннам - Алланы мойындамаушылар мен күнәһарлардың жататын жері. Оны кейде тамұқ, тозақ, от деп те атайды.

Жәмиғ - ислам әлеміне танымал имам Әбу Иса Термизидің хадистер жинағы. Еңбектің толық атауы «Әж-Жәмиғу сахих». Бұл еңбек кейде «Сунәни Термизи» деп те аталады. Мұнда Мұхаммед пайғамбардың «Сахих» деген хадистері жинақталған. Дәрежесі жағынан имам Бұхаридың «Сахихынан» кейін тұрады.

Жәһилиет - арабтардың исламнан бұрынғы дәуірі. Ислам діні адамзат баласын ақиқатқа шақырып, тура жолға бастайтындықтан да, арабтар өздерін исламға дейін жәһилиет, яғни қараңғылық, надандық дәуірінде болдық есептейді. Себебі Мухаммед пайғамбардың уағыз-насихатына дейін арабтарда сәбиді тірідей көму, ру-тайпалар арасындағы талас-тартыс, кісі ақысын жеу, путқа табыну, нахақ қан төгу, ойнастық жасау секілді жеркенішті істер көптеп саналған. Сондықтан да араб тарихында бұл дәуір қараңғылық дәуірі деп аталады.

Жебірейіл - Алла Тағаланың уахиін пайғамбарларға жеткізуші періште. Періштелердің ішіндегі үлкені саналады. Қасиетті Құранда Жебірейілді Рух, Рухул-құдыс, Рухул-әмин және Расул деген аттармен атаған. Мұхаммед пайғамбарға ең алғаш рет Хира тауында шынайы бейнесінде таққа отырған қалпы көрінген. Содан пайғамбар дүниеден өткенше Алланың аяттары мен үкімдерін жеткізіп тұрған. Мұхаммед пайғамбар Миғражға шыққанда да қасында Жебірейіл періште болған. Хадистерде Жебірейіл періштенің кейде Мұхаммед пайғамбарға Дихия ибн Халифа деген сахабаның бейнесінде де келгендігі айтылады.

Жиһад - Алла жолында дін тарату мақсатындағы қасиетті соғыс. Жиһадқа қатысушыны мұжаһид деп атайды.

Жумәдул әхир - мұсылманша һижри жыл санауының алтыншы айы.

З

Заққұм - тамұқтықтарға берілетін ірінді сусын.

Заһид - бұл дүниенің алдамшы қызықтарынан бас тартып, барынша құлшылық-ғибадатқа берілген жан.

Зәбур - Алла Тағала тарапынан Дәуіт пайғамбарға түсірілген қасиетті кітап. Онда Дәуіт пайғамбардың Алланы мадақтауы. жалынып-жалбарынуы, дұға-мінажаттары діни әнмен берілген.

Зекет - Ислам дінінің бес рүкінінің бірі. Мал-дүниеден жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге берілетін садақа. Әр мұсылманның байлығы белгілі бір есепке жетсе, оған малынан зекет беру парыз саналады. Зекет малдан, қаражаттан және егіннен беріледі. Олардың мөлшері шариғатпен белгіленген. Жылына бір рет беріледі. Алайда жер-судың зекеті өніміне қарай болады.

Зина - шариғат бойынша ер мен әйелдің некесіз жақындасуы, ойнас. Шариғат бойынша зина жасағандардың жазасы қатаң белгіленген. Егер зина жасаушылар үйленбеген болса, екі жаққа да жүз дүре соғылады. Ал үйленген болса, таспен ұрып өлтіру жазасы кесіледі.

Зулқағда - мұсылманша һижри жыл санауының он бірінші айы.

Зулхижжа - мұсылманша һижри жыл санауының он екінші айы.

Зікір - Алланы еске алу. Алла Тағала тарапынан тағайындалған кез келген құлшылық зікір болып есептеледі. Сопылықта белгілі бір тәспілерден құралған Алланы ұлықтауға арналған сөздерді зікір деп атайды. Зікірдің орындалуына байланысты «жария зікір» және «құпия зікір» болып екіге бөлінеді.

И

Ижмағ - исламдағы фикһ қайнар көздерінің бірі, белгілі бір мәселе бойынша ғалым-ғұламалардың бір пікірге келуі, тоқтауы. Пайғамбар өзінің хадистерінің бірінде: «Ғалымдар — пайғамбарлардың мирасқорлары», — деген. Сондықтан да шариғаттағы даулы мәселелерді ғұламалар қарап шығып. белгілі дәрежеде тоқтамға келеді. Ижмағтың басты шарттарының бірі - мұндай құқыққа тек шынайы діндар-ғалымдар ғана не болып, олардың келген тоқтамы не шығарған қорытындылары қасиетті Құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне қайшы келмеуі тиіс. Ижмағ алғаш рет VII ғасырдың екінші жарғысында пайда болған. Сол заманның атақты ғалымдары, яғни «Мединенің жеті фәкиһі» - Сағид ибн әл-Мусаиб, Уруа ибн әз-Зубәйір, Әбу Бәкір ибн Убайід, әл-Қасым ибн Мұхаммед, Убайдулла ибн Абдулла, Сүлеймен ибн Йасар және Хариж ибн Зәйід бірлесіп, бір мәселе туралы бір тоқтамға келген. Содан бері Құранда не хадисте ашық айтылмаған замана мәселелерін ғалым-ғұламалар ижмағпен шешіп келеді.

Иззи - Ие, яғни Жаратушы.

Иләһи -тәңірлік, жаратушылық.

Иншаллаһу тә алә - Алла Тағала қаласа.

Исаның діні - христиан діні. Қасиетті Құранда бұл дінді «Насара» деп атаған. Мұсылмандар христиан дінін аһлі кітап иелері, яғни көктен түскен кітабы әрі шынайы пайғамбары бар деп түсінеді. Алайда бұл діннің бертін келе көп өзгерістерге ұшырағаны туралы деректер ғылыми еңбектерде көптеп кездеседі. Бастауы дұрыс болғанымен де, бертін келе бұрмалануының бірден-бір себебі — христиандардың қасиетті кітабы болып саналатын Інжілдің түп нұсқасының болмауы. Бүгінгі қолда бар Інжіл нұсқаларының түпнұсқадан алшақ жатуы.

Иснәд - әрбір хадистің құжаттық құрылымы. Айтылған сөзді айтушымен байланыстыру. Хадисті айтар алдында сол хадисті айтқан, естіген адамнан бастап, хадистерді топтастыруға дейінгі барша адамдардың аттары бір-бірлеп аталады және бұл сол хадистің негізгі құжаты болып есептеледі. Ғалымдар сол өсиеттің пайғамбарға қаншалықты тиесілі екендігін осы адам аттарына қарап анықтаған. Хадисті айтқан адамдардың өмір сүрген жылдары мен имани қасиеттері шарттарға сәйкес келсе, иснәді дұрыс, яғни хадис те дұрыс деп есептеледі.

Исра - Мұхаммед пайғамбардың Миғражға, яғни көкке шығардың алдында Құдысқа келуі. Бір түннің ішінде Меккеден шығып, Құдыстағы Ақса мешітінде нәпіл намазын оқығаннан кейін ұшқан.

Исрафил - атақты төрт періштенің бірі (Жебірейіл, Микәйіл және Әзірейілден кейін). Жаратушы Алла бұл періштеге негізі екі міндетті жүктеген. Екі рет сүр үрлеу. Бірінші рет үрлегенінде жер бетіндегі барша жан-жануар, адамзат баласының бәрі жан тапсырады. Екінші рет үрлегенде Адам атадан бастап барша адамзат баласы қайта тіріледі. Содан Ұлы сұрақ-жауап басталады.

Ихийәул-'улум - Әбу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Ғазалидің еңбегі. Имам Ғазалидың «Ихийәи улум әд-дин» («Діни ілімдерді тірілту») деп аталатын бұл еңбегінде дін ілімінің теориялық мәселелері кеңінен қарастырылып, Исламдағы сопылық дүниетанымға кеңінен түсінік берілген.

Ихрам - мұсылмандардың қажылық құлшылығын өтеу кезінде киетін арнайы киімі. Ихрамды киген адам Мухрим деп аталып. ол кезде барлық күнәлардан сақтанып, қажылық шарттарын толық орындауға міндетті. Ихрам киімі екі бөліктен тұрады, бірімен сол иық жабылса, келесі бөлігі белге оралады. Қажылықты толық орындап болғаннан кейін шешіледі.

Ихтилаф - діндегі пікірталас, қарама-қайшылық.

Й

Йағаш - шамамен 9 км келетін қашықтық бірлігі.

Йәжүж-Мәжүж - қасиетті Құранда аты аталатын бұзық қауым. Деректерде Ескендір Зұлқарнайынның сол қауым шығып кетпесін деп, үлкен қорған салғандығы айтылады. Ал қиямет-қайым жақындағанда Йәжүж-Мәжүж қауымының жер бетін жаулап алатындығы айтылады.

К

Кәләм - Алла Тағаланың сөзі. яғни Құран.

Кәләм Мәжид - Құран.

Кәләмулла - Алланың сөзі, яғни Құран.

Кәлимәи шәһәдат - иман куәлігі. Исламдағы бес рүкіннің алғашқысы. Алланың Барлығы мен Бірлігін және Мұхаммедтің Алла елшісі екендігін тілмен айтып, жүрекпен бекіту. Иман куәлігі былай айтылады: «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһу уә әшһәду әинә Мұхәммәдән әбдуһу уа расулуһу» («Алладан басқа жаратушы жоқ екеніне куәлік беремін және Мұхаммед Оның қулы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін»). Егер тілмен айтып, жүрекпен бекітпесе, ондай жан мұнафық болады. Ал егер жүрекпен айтып, тілмен айтудан бас тартса, онда да мұсылман деп есептелмейді. Ханафи мәзһабы бойынша иман куәлігін тілмен айтып, жүрекпен бекіту шарт.

Кәтиб - хатшы.

Кәусар - жаннаттағы бұлақ немесе хәуіздің аты. Мұхаммед пайғамбарға берілген. Діни көзқарасқа қарағанда, бұл судың түсі сүттен ақ, дәмі балдан тәтті. Ішкен адам қайта шелдемейді. Қасиетті Құранда «Кәусар» (108-ші сүре) деген арнайы сүре де бар. Онда Мұхаммед пайғамбарға Кәусардың берілгендігі, сол үшін де Жаратушыға намаз оқып, тәспі айту керектігі баяндалған.

Кәффарат - шариғат бойынша орындалмай не оқылмай қалған құлшылықтың жазамен қайта өтелуі.

Кебін — мұсылман дүниеден өткенде үстіне жабылатын (оралатын) мата. Ер адамдардың кебіні - үшеу, ал әйелдердікі бесеу болады. Мәйітті кебінмен жерлеу мұсылмандар үшін парыз кифая саналады. Алла жолында шәһид болғандар кебінделмейді, үстіндегі киімімен жерленеді.

Керемет - Алланың шынайы достарына (әулиелерге) берілетін қасиет. Ешкімнің қолынан келе бермейтін істерді әулие жасаса, керемет деп аталады, пайғамбарларға берілетін қасиет мұғжиза делінеді. Ал дінсіздер жасаса, сиқыр немесе фокус деп аталады.

Кинана - Араб түбегіндегі үлкен бір тайпаның атауы. Шежірелерде ардақты пайғамбардың он төртінші атасы есептелетін Кинананың тегі Кинана бин Хузейма бин Мудрика бин Ілияс бин Мұдар бин Низар бин Миад бин Аднан болып жалғасады. Бұл тайпа ежелден Меккенің төңірегіне орналасқан.

Кисра - арабтардың Сасанид (Иран) патшалары үшін қолданған атауы. Мұхаммед пайғамбар 628 жылы көрші жатқан елдерге исламды қабылдауын өтініп хат жазған уақытта Сасанид патшасы II Хұсрау Пәруизге де Абдулла ибн Хузәйфа арқылы хат жолдаған. Алайда II Хұсрау пайғамбардың хатын жыртып тастаған.

Кисуа - Қағбаны жауып тұратын қара түсті мата. Мақта араласқан сегіз бөлек қара шәйі матадан тігіледі. Жоғарғы жағына Құранның Мекке мен қажылыққа қатысты аяттары («Әли Ғымран», 96) алтынмен жазылған. Пайғамбардың тірі кезінде кисуа Йеменде тігілетін. Хазірет Омардың тұсында Мысырда тоқылатын болды. 1925 жылдан бері кисуа Меккеде тігіледі.

Күнә - шариғат шарттарына қайшы амал немесе ақидаға қарсы жасалған іс-әрекет. Ислам түсінігі бойынша ең үлкен күнә - Аллаға серік қосу. Бұл күнә кешірілмейді. Бұдан басқа да ата-анаға қарсы шығу, адам өлтіру, ұрлық, сиқырлықпен айналысу секілді үлкен күнәлар да бар. Алайда булар Аллаға истиғфар етумен кешірілуі мүмкін. Себебі Алланың бір сипаты — күнәларды кешіруші. Ислам ғұламалары үлкен күнәларды үш жүзге дейін жеткізген. Ал кіші күнәлардың есебі жоқ десе де болады.

Қ

Қабір азабы - адам баласының дүниеден өте салысымен қабірде алғаш кездесетін кіші сынағы. Оны кейде «Азабул-қабр» немесе «Азабул-бәрзах» деп те атайды. Адам баласын қабірге көмгеннен кейін Мәңкүр-Нәңкүр екі періште келіп, алғашқы сұрақтарды қояды. Содан кейін ол пенденің қайда баратындығы белгілі болып, қиямет-қайымға дейін өзінің амал-әрекетіне байланысты жазасын алып жатады. Сондықтан да пайғамбар: «Қабір -жәннаттан бір бақша немесе тозақтан бір шұңқыр», — деген.

Қадыр түні - Рамазан айының соңғы онкүндігінде, соның ішінде тақ күндері (21, 23, 25, 27, 29) келетін қасиетті түн. Ислам ғұламаларының көбісі оның Рамазан айының 26-нан 27-не қараған түн деп білген. Қасиетті Құранның 97-ші сүресі «Қадыр» деп аталып, тікелей осы қасиетті түнге арналған. Қадыр түні алғашқы Құран аяттары түскен. Сондықтан да Рамазан айын кейде Құран айы деп жатады. Қадыр түні мұсылмандар тан атқанша ұйықтамастан құлшылықпен өткізуге тырысады. Себебі сол түні көктен Жебірейіл періште бастаған сан мыңдаған періштелер түсетіндігі айтылған. Әрі сол түнде өтеген құлшылық мың айдың сауабына тең деп есептеледі.

Қажылық - ислам дініндегі мұсылманға міндетті болып саналатын бесінші рүкін. Алайда бұл парыз барша мұсылманға қатысты емес, мал-мүлкі, қаражаты бар бақуат мұсылмандарға қатысты. Шамасы келген адам өмірінде бір рет қажылық жасауға міндетті. Қажылықтағы басты құлшылықтар - Алланың үйі болып есептелетін Қағбаны зиярат ету, Сафа мен Маруа тауларының арасында жүгіру, шайтанға тас ату, Арафатта тұру. Қажылықтың негізгі шарттары 632 жылы

Мұхаммед пайғамбардың «Қоштасу қажылығында» белгіленіп берілген. Бүгінгі зияратшылар сол дәстүрдің негізінде құлшылық етеді.

Қарап тайпасы - Ирактағы араб тайпаларының бірі.

Қасуа - Мұхаммед пайғамбардың түйесі. Деректерде ол түйенің қызыл түсті болғандығы айтылады. Әуелде Қасуа — Бани Құшайыр ибн Кағб ибн Рабиғаның түйесі болған. Оны хазірет Әбу Бәкір 400 дирхемге сатып алып, пайғамбарға сыйлаған. Әсма бинт Иәзидтің айтуынша, «Мәида» сүресі пайғамбар Қасуа түйесінде отырған уақытта түскен. Сондай-ақ пайғамбар Мединеге осы түйемен һижрет еткен. Және оның Мединедегі шөккен жеріне кейіннен Пайғамбар мешіті тұрғызылған.

Қиямет - бұл дүниенің соңы, ақыры. Оны кейде ақирет деп те атайды. Ақиретте халықтың бәрі тік тұрып сұрақ-жауапқа тартылатындықтан да, оны кейде «қиямет», яғни тік тұру, орнынан тұру деп атайды. Қияметте бүкіл адамзат баласының тағдыры шешіліп, әркім өз амалына қарай жұмақ не жаһаннамға қарай жол тартады.

Құбыла - мұсылмандар намаз оқығанда жүзін бұрып тұратын бағыт. Мұсылмандар үшін құбыла Меккедегі Қағба болып есептеледі. Исламның алғашқы жылдары Кұддыс (Иерусалим) жаққа қарап оқыған, кейін 624 жылы арнайы Құран аятымен («Бақара», 144) құбыла Қағба болып өзгертілген. Орта Азия халқының құбыласы батыс тарап. Себебі Мекке сол жақта орналасқан. Алайда мұсылмандар қай жерде болмасын, бәрі Меккеге қарап намаз оқиды.

Құдси хадис - мағынасы Алла Тағаланыкі болып, пайғамбар тарапынан айтылған даналық сөз. Құран аяттарынан ерекшелігі Алла Тағала пайғамбарға илхам арқылы түсінде жеткізген, ал Алла елшісі сол хадистерді жеткізіп отырған. Сондай-ақ Құдси хадистер ғибадат-құлшылықтарда Алла аяттары секілді қырағат етілмейді. Дәреже жағынан Құран аттарынан және пайғамбар өсиеттерінен кейін турады. Құдси хадистерді кейде «раббани хадис», «иләһи хадис» деп те атайды. Мазмұны жағынан «сахих», «заиф» деп те бөлінеді.

Құптан - ислам шариғаты бойынша күнде оқылатын бес уақыт намаздың соңғысы. Уақыты қараңғы түскеннен бастап, бамдат намазына, яғни таң атқанша жалғасады. 4 бас парыз, 2 бас сүннет және 3 бас уәжіптен турады.

Құрайыш - Араб түбегін мекендеген тайпа. Ежелде жаз айларында Шам, қыста Йемен жұртында көшіп-қонып жүрген. Мұхаммед пайғамбар осы Құрайыш тайпасының Хашим руының өкілі. Қасиетті Құранның 106-шы сүресі «Құрайыш» деп аталады. Онда бұл тайпаның қысы-жазы көшу бейбітшілігі болғандығы, Алланың өзі оларды аштықтан құтқарып, қауіп-қатерден өзі аман сақтағандығы айтылады. Сондай-ақ Құрайыш тайпасы исламның саяси тарихында да коп рол атқарғандығы тарихи деректерде кеңінен жазылған.

Құтба - мешіттерде жума намазынан бұрын және айт намазынан кейін айтылатын үгіт-насихат.

Қутул қулуб - Әбу Тәліп әл-Меккидің (?—996 жж.) сопылыққа қатысты еңбегі. Шығармада сопылықтағы мақамдар, мүрит пен мүршит қарым-қатынасы секілді тариқаттың өзіне тән әдептері кеңінен сөз болады.

Қырағат - қасиетті Құран аяттарын тәжуидпен, белгілі бір мақаммен оқу. Тіләуаттан айырмашылығы - Құран аяттарынан басқа өлең-жырларды да өз әуенімен оқуды қырағат десе, ал тіләуат деп тек Құран аяттарын ғана мақаммен оқуды айтады.

Л

Лат - арабтардың Исламның алдыңғы жәһилиет дәуіріндегі әйел - пұт. Латқа сол кездегі Арабияның Хижаз, Хира, Йемен өлкелерінің тұрғындары табынған. Тайф шаһарына жақын жерге Лат пұтының символы — ақ тас орналасқан. Міне, сол тас пен оның қасындағы сәжде жасайтын орын зиярат орны есептелген. Латқа көбінесе Тайфтағы Сақиф тайпасы қатты табынған. 631-632 жж. Сақиф тайпасы Хақ дінді қабылдағаннан кейін Лат пұты қиратылған.

Ләухул мәхфуз - адамзат баласының тағдыры жазылған үлкен кітап. Діни риуаяттарда оның ақ дүрден жасалып, ұзындығы жер мен көктің аралығындай, ені Шығыс пен Батыстың арақашықтығыңдай, екі беттен тұратындығы айтылады. Оның қасында жазу қаламы болып, оның да үлкендігі Ләухке сай келетіндей. Ол үлкен бір періштенің көкірегіне орнатылған болып, үстіңгі жағы Арсыға байланған. Алла Тағала Ләух пен қаламды жаратып, қияметке дейінгі болатын барша нәрсені. тағдырды жазып қойған.

М

Махмұд — ежелгі Йемен патшасы Әбраһаның жорыққа шыққанда мінетін пілі. Деректерде Йемен патшасы Әбраһа Санға қаласына Қулайыс деген үлкен шіркеу тұрғызады. Алайда оның салған шіркеуіне ешкім де зиярат етіп келмейді. Ол Қағбаны қиратсам, сонда барып тауаф етіп жүрген халық менің шіркеуіме зиярат етіп келетін болады деп ойлап, үлкен әскермен жолға шығады. Алайда Меккеге жақындай бергенінде Алланың қалауымен көктен белгісіз құстар пайда болып, оның үлкен қосынын опат етеді. Өзі де сонда қайтыс болады. Бұл оқиға қасиетті Құранның 105-ші, яғни «Піл» сүресінде қысқаша баяндалған.

Махшар - қиямет-қайымда барша адамзат баласының жиналатын күні. Ақыр заманда Исрафил періште сүрін алғаш үрлегенде жер бетіндегі барша адамзат қайтыс болады. Екінші рет үрлегенде Адам атадан бастап қияметке дейінгі адамның бәрі қайта тіріледі. Сол кезде үлкен сұрақ-жауап басталып, әркімнің бүл дүниедегі істеген амал, іс-әрекетіне байланысты жаза тағайындалады. Сол күнді махшар күні деп атайды.

Мәзһаб - исламдағы шариғат, яғни діни-құқықтық мектептері. Бұл діни-құқықтық. мектептер VIII-1X ғасырлардан бастап қалыптаса бастады. Әһлі сүннет уәл жамағат жолында атақты торт мәзһаб бар. Олар: Ханафи, Шафиғи, Ханбали және Мәліки мәзһабтары. Ислам ғұламалары тарапынан бұл мәзһабтардың бәрі де дұрыс жол деп бекітілген. Бұл мәзһабтар шариғат мәселелері төңірегінде. онда да құлшылықтағы сүннеттер мен әдептерде ғана айырмашылық болғанымен де, ақида жағынан бәрі де бір пікірге тоқтайды. Ал ақида жағынан алшақтық болған ағымдарды фирқа (секта) деп атайды.

Мәкрүһ - шариғат үкімдерінің бірі. Дін тарапынан қатты істеуге тиым салынбаса да, мұсылманның істеуі орынсыз, әдепсіз саналады. Дәрежесі жағынан харамнан кейін тұрады. Күнәсінен қорқып орындамаған адам сауапты, ал істеген адам күнәһар болады.

Мәләкут - Алланың иләһи сырларының, сондай-ақ идея мен шешімдерінің жоғарғы әлемі. Құранда мәлакут сөзі Алланың ұлық билігі мағынасында келген және жердегі биліктен тіптен өзгешс екендігі айтылған.

Мәсабих - сенімді хадистер жинақталған имам Бағауи әл-Фәрраның еңбегі. Толық атауы -«Мәсабихус-суннә». «Сахих» және «хасан» хадистер топтастырылған еңбекте пайғамбардың 4931 өсиеті жүйелі түрде берілген. Бұл еңбектің бүкіл ислам әлеміне кеңінен таралғаны соншалық, әр заманда бұл хадистер жинағына қырыққа тарта ғалым түсініктеме жазған.

Мәуақит - белгілі дінтанушы ғалым Абдулла Сарахсидың дін ілімдеріне қатысты еңбегі.

Мәһір — неке қиылған кезде ер адамның әйеліне алып беретін сыйлығы. Мәһір діни некенің басты шарты болып есептеледі. Ондағы мақсат - егер әйелдің күйеуі қайтыс болып, жесір қалатын болса немесе жолдасы талақ ететін болса, сол уақытта әйелі сол мәһірді материалдық қажеттілігіне жұмсайды. Көлемі мен құнына қарамастан, күйеуі тарапынан берілген кез келген сыйлық мәһір болып табылады. Алайда ең аз мөлшері 30 грамм күмістің құнынан кем болмауы тиіс.

Машәриқул ануар - атақты мұхаддис Радиуддин Сағанидың (7—1252 жж.) пайғамбардың сахих хадистері негізінде жазған еңбегі. Толық атауы - «Мәшәриқул-әнуәрин-нәбәуия».

Мешіт Ақса — қараңыз: Ақса мешіті.

Мешіт Харам - қараңыз: Харам мешіті.

Миғраж - Мұхаммед пайғамбардың көкке шығуы. Бұл Алла елшісінің өзіне тән мұғжизаларынан саналады. Қасиетті Құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне қарағанда, Мұхаммед пайғамбар бір түннің ішінде пырақ атқа отырып, Меккеден Құдыс шаһарына барған (исра). Сондағы Ақса мешітінде нәпіл намазын оқып болып, жеті қат көкке көтерілген. Қас қағым сәтте жеті тамұқ пен сегіз жәннатты көрген әрі сондағы пайғамбарлармен кездескен, Жаратушымен өте жақын қашықтықта (каба қаусеин) болған. Пайғамбар осы сапарында бес уақыт намазды алып қайтқан делінеді. Мұсылмандар Ережеп айының 27-ші күнін «Миғраж түні» деп атап, осы түнді құлшылық-ғибадатпен өткізуге тырысады. Миғраж оқиғасы туралы көптеген ақын-шайырлар қалам тартқан. Түркі шайыры Сүлеймен Бақырғанидың (XIII г.) «Миғражнама» деген дастаны бар. Сондай-ақ XIV ғасырда өмір сүрген Бұрһануддин Рабғұзидың «Пайғамбарлар тарихында» да осы миғраж оқиғасына кең орын берілген. ХІХ-ХХ ғғ. өмір сүрген Шәді Жәңгірұлының «Сияр шәриф» шығармасында«Миғражнама» тақырыбы кеңінен жырланған.Микәйіл -атақты торт періштенің бірі (Жебірейіл, Әзірейіл және Исрафилден кейін). Дүниені материалдық жағынан қамтамасыз етуге бұйырылған. Діни сенімдерде оның Алла Тағала Адамға сәжде жасаңдар деген уақытта, Жебірейілмен бірге алғаш сәжде жасағандығы, Мұхаммед пайғамбардың жас кезінде көкірегін жарып, жүрегін тазалағаны, Бәдір соғысында мұсылмандарға көмектесу үшін жерге түскендігі айтылады.

Михраб - мешіттің құбыла жағына жасалатын, имамның құлшылық ететін орны. Исламның алғашқы дәуірлерінен бастап барлық мешіттерде михрабқа арнайы орын белгіленіп келеді.

Муаззин - мешітте азан айтып, намазға шақыратын адам. Халық оны көбінесе азаншы деп атайды. Муаззиннің үш міндеті бар: адамдарды намазға шақырады. имамды шақырады және намаздың басталғанынан хабар береді. Ислам әлемінде ең алғашқы муаззин -пайғамбардың азаншысы Біләл Хабаши болған.

Муәххид — Алланың Барлығына һәм Бірлігіне иман келтіріп, иман куәліктерін жүрекпен бекіткен пенде.

Мужтала - атақты ғалым имам Зәйнул Әиммәти Фердоусидің дін ілімдеріне қатысты еңбегі.

Муснәду Әнәс - ислам әлеміне белгілі мұхаддис ғалым имам Шабған ибн Мәһдидіц пайғамбар хадистері туралы еңбегі.

Муфәссир - шамасы келгенше қасиетті Құран аяттарының мағынасын ашушы ғалым. Муфәссир тұспалдап, астарлап келген Алла аяттарын талдап, қарапайым оқырманның санасына лайықты түрде түсіндіріп береді. Ең алғашқы муфәссир Мұхаммед пайғамбар болған. Ол сахабалардың Құран аяттарына қатысты сұрақтарына барынша толықтырып, түсіндіріп жауап берген. Кейінгі сахабалардың ішінде торт әділ халифтың да муфәссир болғандығы айтылады. Ислам әлемінде муфәссирлер жүздеп саналады.

Мухаррам - мұсылмандардың һижри жыл санағы бойынша бірінші айы.

Мұғ - отқа табынушы (зороастризм) дінініц рухани көсемі.

Мұғжиза - Алла Тағала тарапынан пайғамбарларға берілетін ерекше қасиет. Әулиелерге берілетін ерекшелік керемет деп аталса, дінсіздер мен имансыздардың көрсеткен ерекшеліктері сиқыр деп аталады. Жаратушы әр пайғамбарға заманына лайықты мұғжизалар беріп отырған. Олар халықты Хақ дінге шақыруда мұғжизаны кеңінен қолданған. Мысалы, Мұса пайғамбарға аса таяқ берген, ол таяғын тастағанда ол аждаһаға айналып шыға келген. Иса пайғамбар алапес, соқыр ауруларды жазса, Жүсіп пайғамбарға түс жору қасиетін берген. Мұхаммед пайғамбардың айды екіге бөлуі (шаққул-қамар), қасиетті Құранның түсуі секілді т.б. ерекше қасиеттері де мұғжиза деп аталған.

Мұқариба мақамы - Алланың құзыры. Сопылық дүниетанымда тек Алланы ғана ойлап, дүние істерінен бас тартуды айтады.

Мұнара - мешіт пен медреселердің жанына салынатын үлкен құрылыс. Муаззин сол мұнараға шығып, азан айтып, халықты бес уақыт намазға шақыратын болған.

Мұнафық - иман куәлігін тілімен айтқанымен де, жүрекпен бекітпеген екіжүзді. Жұрттың көзінше діндар болып көрінгенімен де, шын мәнісінде Алланың Барлығы мен Бірлігіне, Мұхаммедтің шынайы пайғамбар екеніне күдікпен қарайды. Сондықтан да мұнафықтар қасиетті Құранда сыналған. Пайғамбар өз хадистерінде мұнафықтың үш белгісін ашып айтқан: жалған сөйлеу, уәдеде тұрмау және аманатқа қиянат жасау.

Мұрат тайпасы - Ирактағы араб тайпаларының бірі.

Мұсхаф - беттелген (жазылған) Құран. Хазірет Әбу Бәкірдің халифалығы кезінде Құран алғаш рет киік терісінен жасалған беттерге жазылған. Осы Мұсхафтың негізінде хазірет Оспанның көшірткен Құран нұсқалары Мұсхафтар деп аталған. Бұл күнде де Мұсхаф Құранның синоним і ретінде қолданыла береді.

Мұхаддис — пайғамбардың айтқан сөздерін, істеген істерін және жасаған амалдарын, яғни хадистерін жинаған, топтастырған және сол өсиеттерге түсінік берген ғалымға қарата айтылады. Пайғамбардың өсиеттерін тереңінен зерттеп, оны жеткізушілер туралы (рауиларын. иснадтарын анықтап) мәліметтер қарастырып, сол хадистің шын мәнісінде пайғамбарға қатыстылығын анықтап (сахих, заиф, хасан), сондай-ақ пайғамбар өсиеттеріне кең көлемде түсінік берген ғалымдар шоғырын мұхаддистер деп атаған. Ислам әлемінде мұхаддистер көптеп саналады. Солардың ішінде Имам Бұхари, Имам Муслим, Имам Термизи, Әбу Дәуіт, Ибн Мажа секілді ғалымдардың есімдері зор құрметпен аталады.

Мұһажир - Мұхаммед пайғамбарға еріп Меккеден Мединеге көшіп барған мұсылмандар. Сондай-ақ Меккеден Хабашистанға көшіп, одан қайтып Мединеге келген сахабаларды да мұһажир деп атаған. Олар хақ дінге шынайы иман келтіргендіктен де, барша мал-мүлкін, үй-жайын. тіпті отбасын тастап. Мединеге келген. Сонда жергілікті халық, яғни ансарлар оларға өздерінің мал-мүлкінен бөліп берген. Халифаттық дәуірлерде мұһажирлардың дін тарату мен Алланың дінін насихаттаудағы ерліктері ескеріліп, көптеген жеңілдіктер берілген.

Мүмін - исламның алғашқы жылдарындағы Медине үмметінің өкілі. Шариғат шарттарын толық орындаған пенде мұсылман деп аталған. Алғашқы жылдары екі атау екі мағынада қолданылғанымен де, кейіннен мұсылман мен мүмін сөздері сіңісіп, иман келтіруші деген мағынаға ие болған. Ислам ғұламалары бұл атауға бірнеше анықтама берген. Әһлі сүннет уәл жамағат ғұламалары мүмін дегенде шынайы жүрекпен сенетін, шариғат шарттарын шын ықыласымен жасайтын пендені атаған.

Мүңкір-Нәңкүр - адамзат баласы дүниеден өткенде қабірде сұрақ-жауап алатын екі періште. Қабірге кірген пендеден дінін, кітабын, құбыласын сұрап, алғашқы сынақты алады. Осы сұрақтарға жауап берген пенденің қабірі қияметке дейін кең болып тұрады, ал сұрақтарға жауап бере алмаған күнәһар пенденің қабірі, керісінше, тар болып, мәйітті қиямет-қайымға дейін қысып турады. Мүңкір-Нәңкүр аттары қасиетті Құран аяттарында кездеспегенімен де, пайғамбар хадистерінде аталады.

Мүфти - шариғат саласының білімпазы, діни-құқықтық мәселелер бойынша үкім шығарушы. Оның шығарған үкімдері фәтуаларда баяндалып, мұсылмандар үшін кеңінен қолданылады. Ең алғаш мүфтилер хазірет Оспанның халифалығы кезінде Мысырда тағайындалған. Содан бері мүфтилер діни-құқықтық мәселелер бойынша фәтуа құқығына ие болған. Бұл күнде әр елдің өзінің мүфтиі болып, сол елдегі зекет, пітір садақаға қатысты мәселелерге үкім шығарады.

Мүшірік — Алланың Жалғыздығын мойындамастан, Оған серік қосушы. Таухид іліміне қарсы шығушы. Қасиетті Құранда Алланың серігі жоқ, жалғыз екендігі бірнеше жерде айтылған.

Мінбер - мешітте имамның шығып уағыз-насихат айтатын орны. Алғашқы мінбер орындық секілді болып, 628 жылы Мұхаммед пайғамбар жарандарына уағыз айтқанда соған отырған. Пайғамбардың осы мінберінен хазірет Әбу Бәкір, хазірет Омар және хазірет Оспан пайдаланған. Ал хазірет Әлидің дәуірінде Куфада екінші мінбер пайда болған. Мұғауияның халифалығы кезінде Дамаскіде де мінбер жасалған. 748 жылы Мервте Әбу Муслим жеңіске жеткеннен кейін мінберлер кафедра секілді бола бастаған.

Н

Намаз - исламдағы бес рүкіннің екіншісі болып, мұсылмандар үшін орындалуы шарт болған құлшылық. Күніне бес рет намаз оқу парыз саналған. Олар: бамдат (таң намазы), бесін, асыр, шам және құптан. Намаз пайғамбардың Миғражға шыққанында парыз етілген. Намаздың парыз, уәжіп және сүннет деген түрлері бар. Бес уақыттан басқа және жұма намазы да парыз деп есептелген. Екі айт намазы уәжіп саналады. Сондай-ақ пайғамбардың осыған намаздары сүннет деп оқылады.

Нәһи мункәр — жамандықтан қайтару. Қырық парыздың бірі. Адамзат баласын жамандықтан, күнәлі істерден, қатыгездік пен жауыздықтан қайтарып, Алланың Хақ жолына шақыру, қайырым һәм мейірімді болуға үндеу. Бұл туралы қасиетті Құранда Алла Тағала: «Сендерден жақсылыққа шақыратын, әмір мағруф және нәһи мункәр қылатын бір топ адам болсын. Міне, солар құтылушылар», — деген («Әли Ғымран», 104-аят).

Нисәбул әхбар - белгілі ғалым имам Әбул Әләи Ушидің дін ілімдеріне қатысты еңбегі.

О

О дүние - ақирет, мәңгілік дүние. Кейде «Дәрул-бәқа», яғни мәңгі бақилық дүние деп те атайды. Діни сенім бойынша бұл дүние фәни, яғни өткінші болып, о дүние мәңгілік тұрақ мекен болып есептеледі. Сондықтан да ертеңгі күнін ойлаған пенде бұл сынақ дүниеде барынша жақсы іс-әрекеттер жасауға талпынады.

Ораза - ислам дініндегі негізгі бес рүкіннің үшіншісі. Әрбір дені сау, балиғат жасына жеткен және сапарда болмаған адам Рамазан айында бір ай бойы ораза ұстауы шарт. Бұл негізгі міндеттердің (парыз айн) бірі болып саналады.

П

Парыз - Алла Тағаланың пенделеріне жіберген әрі орындалуы шарт болған амалдары. Парыз діндегі негізгі міндеттің бірі саналып, оны орындамаған пенде күнәһар деп есептеледі. Шариғатта парыз - «Парыз айн» және «Парыз кифая» болып екіге бөлінеді. Парыз айнды әрбір мұсылманның орындауы міндетті (намаз, ораза, зекет және т.б. секілді), ал парыз кифаяны сол қауымнан не ортадан бірнеше адам орындаса, басқалардың мойнынан түсетін амал (жаназа намазы, жамағатқа біреу сәлем бергенде, арасынан біреу жауап берсе, басқалардың жапа-тармағай сәлем беруі шарт емес секілді т.б.). Шариғатта «Қырық парыз» түсінігі бар. Балиғат жасына жеткен, дені cay әрбір мұсылманның осы қырық парызды біліп, соған амал етуі бұйырылған. Онда негізінен Аллаға құлшылық-ғибадат міндеттері ашып айтылған.

Періште - діни түсінік бойынша Алланың әмірін орындайтын жаратылыс. Араб тілінде «мәләк» деп аталады. Олардың нақты санын Алла біледі. Қасиетті кітаптарда Жебірейіл, Микәйіл, Исрафил және Әзірейіл секілді үлкен төрт періштенің аты аталады. Сондай-ақ бұлардан басқа жәннат пен тозақ періштелері, қабірдегі періштелер секілді періштелер де бар. Алланың періштелерінің барлығына иман келтіру әрбір мұсылманға міндет болып есептеледі.

Пырақ - Мұхаммед пайғамбарды көкке алып ұшқан жануар. Діни риуаяттарда пырақтың аттан кіші. қашырдан үлкен екендігі,ұшқанда желдей есетіндігі айтылады. Қасиетті Құранның «Ісра» сүресінің алғашқы аятында Мұхаммед пайғамбарды пырақ аттың әуелі Ақса мешітіне алып барғандығы, содан кейін жеті қат көкке асып ұшқандығы айтылған. Миғраж тақырыбын көтерген ақын-шайырлардың бәрі пырақ атты өздерінше суреттеп берген. Сүлеймен Бақырғанидың «Миғражнама» дастанында пырақ мейлінше баяндалған.

Р

Раббани – тәңірлік, жаратушылық.

Раббы - Жаратушы, яғни Алла.

Рамазан - мұсылманша һижри жыл санауындағы тоғызыншы ай. Мұсылмандар үшін қасиетті деп есептеліп. осы айда ораза ұсталады. Себебі бұл айда ең алғаш бес аят түскен. Сондықтан да бұл айды кейде Құран айы деп те атайды. Осы айда Қадыр түні бар. Сол бір түнде орындалған құлшылықтың сауабы мың айдан да артық деп есептеледі. Ғалымдар Қадыр түнінің Рамазан айының соңғы онкүндігінде, соның ішінде тақ күндерде кездесетіндігін айтқан. Көптеген ғалымдар сол түнді 26-нан 27-не қараған түн деп есептеген.

Рауза - Мұхаммед пайғамбардың жатқан жері. Мединедегі Пайғамбар мешітінің ішінде. Пайғамбардың қасында хазірет Әбу Бәкір мен хазірет Омар жатыр.

Payи - хабаршы. Алла елшісінің хадистерін жеткізуші.

Рахим - Алла Тағаланың өзіне тән тоқсан тоғыз есімінің бірі. Қайырымды, мейірімді деген мағына береді. Ислам ғалымдары «Рахим» деген ұғымға «Алла Тағаланың о дүниеде тек мұсылмандарға ғана мейіріммен қарауы» деген анықтама берген.

Рахман - Алла Тағаланың өзіне тән тоқсан тоғыз есімінің бірі. Қайырымды, мейірімді деген магына береді. Ислам ғалымдары «Рахман» деген ұғымға «Алла Тағаланың бұл дүниеде мұсылман не кәпір, иманды не имансыз болсын, бәріне де мейіріммен қарап, ризық-несібе беруі» деген анықтама берген.

Рахмани түс - Алла Тағала тарапынан келетін түс. Діни көзқарас бойынша түс рахмани, шайтани және бос түс болып үшке бөлінеді. Рахмани түс тек Алладан ғана келеді әрі ол жорылады. Ал қалған шайтани және шаршағандықтан пайда болған түстер жорылмайды.

Рәби'ул әууәл - мұсылманша һижри жыл санауының үшінші айы. Осы айдың он екісінде дүйсенбі күні Алла елшісі Мұхаммед дүниеге келген.

Рәкағат - намаздың негізгі бөлігі, намаз оқығанда орындалатын белгілі қимылдар және оқылатын дұғалар жиынтығы. Әр рәкағат қол көтеріп тәкбір алу, тік тұру, белге дейін иілу (рукуғ), басты жерге қою (сәжде), отыру (қағда) және қайта тұру секілді қимылдардан турады. Әрбір намаз кемі екі рәкағаттан тұрады. Мысалы: таң намазы екі рәкағат сүннет және екі рәкағат парыз.

Рида - исламдағы негізгі бес рүкіннің бірі болып есептелетін қажылық құлшылығын өтейтін кезде қажылардың арнайы киетін киімі.

Ризуан - жұмақтың есігін қоритын періште.

Риуаят - сөздікте хабарлау, әңгімелеу деген мағына бергенімен де, діни термин ретінде пайғамбар өсиеттерін жеткізуші рауидің айтқан хадистеріне қарата қолданылады.

Рия - құлшылықты шынайы Алла үшін емес, халыққа көрсету, атақ-абырой жинау үшін жасау. Екіжүзділік.

Риязат - сопылық терминдердің бірі. Тариқат жолына кадам басқан мүриттің не дәруіштің өзінің нәпсісін сындыру үшін әр түрлі қиыншылықтар мен ауыртпашылықтарға төзуі.

Рукін - исламда ең қажет саналған бес міндет, яғни діннің негізі. Олар: иман куәлігін айту, намаз оқу, ораза ұстау, дүниесі болса, зекет беру және байлығы жетсе, қажылыққа бару. Бұл бес парыз әрбір мұсылман үшін басты міндет болып саналады. Мұсылмандар Мединеге һижрет еткеннен кейін 18 айдан соң парыз етілген. Шариғатта оразаның парыз, уәжіп, нәпіл және мәкруһ секілді түрлері бар. Парыз ораза Рамазан айының оразасы болса, уәжіп оразаға ұсталған нәпіл оразаның кайта тұтылуы жатады. Ал нәпіл ораза деп, Шэууал айында алты күн ораза тұту, әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері ауыз бекіту саналады. Мәкруһ деп айт күндері ораза ұстауды айтады.

С

Сағи - қажылықта өтелетін шарттардың бірі болып, Сафа мен Маруа төбелерінің арасында жүгіру. Қағбаны тауаф еткеннен кейін орындалады. Діни деректер бойынша, Ибраһим пайғамбар әйелі Хажар мен ұлы Исмайылды жапан далаға тастап кеткен уақытта, Хажар анамыз су іздеп осы екі төбенің арасында жеті рет жүгірген делінеді. Содан бері қажылықта осы екі төбенің арасында жеті рет жүгіру міндет болып қалған.

Салауат - Алла елшісі Мұхаммедке мақтау мен мадақ айту. Намазда қағдатул әхирада (соңғы отырыс) отырғанда тәшәһһудтан кейін салауат оқылады.

Сапар - мұсылманша һижри жыл санағының екінші айы.

Сахаба - Мұхаммед пайғамбармен бірге болған, онымен бірге ғазауаттарға қатысқан мұсылман. Сондай-ақ кейінірек Мұхаммед пайғамбарды өмірінде бір рет болса да көрген мұсылманды да сахаба деп атай бастаған. Сахабалардың басым бөлігін мұһажирлар мен ансарлар құраған. Олар хақ діннің таралуы жолында барша ғазауаттарға қатысқан. Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін де Алла елшісінен көрген-білгендерін кейінгі табиндерге жеткізіп, Хақ діннің одан әрі тарауына көп септігін тигізген.

Сақиқа - мұсылмандардың кеңесетін үйі. Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткен уақытта сахабалар Сақиқа үйіне жиналып, болашақ халифтың тағдырын шешкен.

Сақиф тайпасы - Араб түбегіндегі тайпаның атауы. Негізінен Тайфта өмір сүрген. Хунейн соғысында Хауазин тайпасымен бірге мұсылмандарға қарсы шыққан. Бұл соғыс Мекке фатх етілгеннен кейін, он жеті күннен соң. 630 жылы болып еді.

Сахих - ең сенімді деп есептелген пайғамбар хадисі. Ислам ғалымдары хадистердің қаншалықты Алла елшісіне қатыстылығын анықтау мақсатында пайғамбар өсиеттерін «сахих», яғни «ең сенімді», «хасан», яғни «жақсы» және «заиф», яғни «әлсіз» деп үшке бөлген. Рауилары мен иснадтары толық шыққан хадисті «сахих» деп атаған. Сондай-ақ тар мағынада имам Бұхари, имам Мұслим және имам Термизидің хадистер жинағы да «Сахих» деп аталады. Себебі ислам әлеміне белгілі мұхаддис ғалымдар (Бұхари, Муслим және Термизи) өздерінің бұл жинақтарына пайғамбардың тек сахих хадистерін ғана кіргізген.

Сәжде - намаз оқығанда маңдайды жерге қою. Сәждеде «Субхәнә раббиул әғлә» дұғасы айтылады.

Сидратул Myнтаһа - жеті қат көкте өсетін өте үлкен ағаш.

Сурәтул әзхаб - имам Әбу Миғали Мұхаммед Исфижабидің дін ілімдеріне қатысты еңбегі.

Сурияни тілі - көне арамей тілі.

Сүннет - Мұхаммед пайғамбардың айтқан сөздері, істеген амалдары мен іс-әрекеттері. Пайғамбар сүннеті қасиетті Алла кітабынан кейін турады. Ғалымдар пайғамбардың айтқан сөздерін, істеген іс-әрекетін, дене-бітімін (халки), мінез-құлқын, өмір сүру дәстүрін сүннет деп атаған. Сондай-ақ сахабалардың істеген іс-әрекеті мен амалын пайғамбар мақұлдаған немесе оған тиым салмаған болса, оны да сүннеттің аясында қарастырған. Сүннет VII ғасырдың ортасынан бастап жинала бастаған. IX ғасырда сүннетті жинаудың дамығаны соншалық, бұл ғасыр «Хадистанудың алтын ғасыры» аталған. Осы дәуірде имам Бұхари, имам Термизи, имам Муслим секілді атақта мұхаддистер шығып, Алла елшісінің өсиеттерін бір жүйеге түсірген.

Сүре - Құранның ішкі бөлімдері. Сүре Құранның бір бабы болып, кем дегенде үш аяттан тұрады. Құранда 114 сүре бар. Сүрелер меккелік және мединелік болып екіге бөлінеді. Ең қысқа сүре «Кәусар» үш аяттан, ең ұзыны «Бақара» 286 аяттан тұрады.

Т

Табин - ислам тарихында сахабалардан кейін тұратын мұсылмандар. Сахабалардың көзін көріп, олармен сұхбаттас болғандарды табин (ізбасар) деп, ал табиндердің тәлімінде болғандарды таба табин деп атайды. Табиндердің ислам тарихында алар орны ерекше. Олардың арасынан көптеген ғалымдар шыққан. Табиндер дәрежесіне қарай кубра(ұлық), уста(орта) және суғра(кіші) болып үшке бөлінеді. Сахабалардан көп тәлім алған Сағид ибн әл-Мусаиб, Уруа ибн Зубәйір, Ақлама ибн Қаис - кубраға. Хасан Басри. Мұхаммед ибн Сирин, Мұжаһид, Икрима, Қатада, Омар ибн Әбдуләзиз - устаға, сондай-ақ Ибраһим ән-Нахаилар суғраға жатқан.

Тақуа - Алланың азабынан қорқушы, дініне берік діндар. Дінге қатты берілген тақуа қашан да харам мен күмәнді нәрселерден бойын аулақ ұстайды. Жүрсе-тұрса Жаратушыны ойлап, сауапты амалдарды көптеп жасауға тырысады.

Талақ - шариғат бойынша некені бұзу. Ер адамның осы сөзді айтуымен белгілі бір уақыт өткенде әйелімен ажырасады. Онда да әйелдің ғиддеті (уақыты) біткенше күйеуінің үйінде тұрады. Шариғат бойынша екі талақтан кейін де ер мен әйелді қайтадан қосуға болады. Алайда үшінші талақтан кейін әйел басқа бір ер адамға тұрмысқа шығуы тиіс болады. Мұның бәрі ажырасуды барынша тыюдан туған мақсат.

Тамим тайпасы - Меккедегі Құрайыш тайпасының бір бұтағы. Бұл Бәну Тамим тайпасынан көптеген атақты сахабалар шыққан. Солардың бірі - кезінде жұмақпен сүйіншіленген Талха ибн Убәйдулла.

Тассуж - 1/24 бөлігі.

Тауаф - қажылықтың басты шарттарының бірі болып, Қағбаны айналу құлшылығы. Қажылыққа барғандар үш рет тауаф амалын жасайды. Сондай-ақ Меккенің айналасында тұратын мұсылмандардың қажылықтан басқа күндері де Қағбаны айналып құлшылық етуі тауаф деп аталады. Тауаф еткенде қара тастың тұсынан басталып, сағаттың тіліне қарсы жеті рет айналады.

Таухид - Алланың Бірлігі, ешқандай да серігі не жолдасы жоқ екендігі туралы ілім. Ислам монотеистік дін болғандықтан да, таухид ілімі Ислам дінінің негізгі тірегі болып саналады. Сондықтан да Алланың Барлығына, Бірлігіне, Оның зати һәм субути сипаттарына, көркем есімдеріне (әсмәу хуснә) күдік келтірген адамның діннен шығу қаупі бар. Қасиетті Құранның 112-ші сүресі «Ахад» деп аталып, сонда таухид ілімінің негізгі шарттары қамтылған. Онда Алланың жалғыздығы, ешкімге мұқтаж еместігі. тумағандығы және туылмағандығы, сондай-ақ жаратылыста ешкімге де ұқсамағандығы ашып айтылған.

Таяммум - дәреттің бір түрі. Әдетте су болмаған жағдайда шариғат топырақпен дәрет алуға бұйырады. Таяммум Құран мен хадисте ашып айтылған. Негізгі төрт парызы бар. Олар: ниет ету, таза топырақты жерді табу, екі қолын жерге ұрып, жүзіне сүрту және екі қолын жерге ұрып, екі қолының білегіне дейін сүрту.

Тәбук - дін тарату жолындағы үлкен ғазауат. Пайғамбардың өзі катысып, сахабаларын бастап барған.

Тәғриф - X ғасырда жасаған шейх Имам Исхақ Кәләбәзидің «Әт-Тәғәрруфли мәзһәби әһли тәсаууф» деген еңбегі. Бұл шығармада әһлі сүннеттің ақидасы негізінде сопылықтың сырлы әлемі мен тариқат негіздері ашып көрсетілген. Зікір, фәна, тәжәлли, таухид секілді бірнеше сопылық ұғымдарға терең талдау жасаған. Сондықтан да ғұламалар арасында «Тәғәрруф болмағанда сопылық танылмайтын еді» деген сөз бар.

Тәжуид — Құранды қырағатпен, өзіне тән мақаммен оқу. Құранды жаңадан үйренушілерге тәжуид үйретіледі. Тәжуид ақырын (тәртил), орташа (хадр) және тез (тәдуир) деп үшке бөлінеді.

Тәлбие - қажылық құлшылығы кезінде оқылатын дұға.

Тәнбиһул ғафилин - Әбу Ләйс Нәсір ибн Мұхаммед ибн Ахмет ибн Ибраһим әс-Самарқандидың (7-1003 ж.) ақида мен фикһқа қатысты еңбегі. «Ғапылдарға ескерту» деп аталатын бұл еңбекте исламның негізгі шарттары мен құндылықтары жеке-жеке баптарға бөлініп, жүйелі түрде берілген.

Тәпсір - адам баласының шамасы келгенше Алланың кітабына түсінік беруі. Құранға тәпсір жасау Мұхаммед пайғамбар тұсында бастау алған. Пайғамбар қасиетті Құран аяттарындағы түсініксіз жерлерді сахабаларға түсіндіріп берген. Кейіннен сахабалар табиндерге үйреткен. Кейінірек жеке ғылым ретінде қалыптасты. Мұхаммед пайғамбардан кейінгі тәпсіршілер ретінде Әбу Бәкір Сыддық, Омар ибн Хаттаб, Оспан ибн Аффан, Әли ибн Әбу Тәліп, Абдулла ибн Аббас, Абдулла ибн Аббас, Убәй ибн Кағбтардың есімі зор құрметпен аталады. Тәпсірден ең алғаш кітап жазған ғалым Әбдімәлік ибн Жураиж. Бүгінде тәпсір кітаптары көптеп саналады.

Тәспі - Алланы ұлықтау, пәктеу. Намаздан кейін әр мұсылман «Субханалла» сөзін 33 рет, «Әлхәмду лилләһ» сөзін 33 рет және «Аллаһу әкбәр» сөзін 33 рет айтып, тәспі тартады.

Тәурат - Алла Тағаланың Мұса пайғамбарға жіберген кітабы. Қасиетті Құранда Тәурат туралы: «Күдіксіз Тәуратты түсірдік, онда тура жол және нұр бар. Аллаға бойсұнған пайғамбарлар йәһудилерге онымен үкім етер еді» («Мәида», 44), - деп анықтама берген. VIII—X ғғ. бастап Тәурат грек, көне йәһуди және латын тілінен арабшаға тәржімаланған. Содан бастап ислам ғұламалары ондағы Мұхаммед пайғамбарға қатысты жерді айғақ ретінде пайдалана бастаған. Ислами көзқарас бойынша, бұрынғы Тәурат пен бүгінгі Тәураттың арасында жер мен көктей айырмашылық болып, көптеген өзгерістерге ұшыраған. Соның нәтижесінде бүгінгі йәһудилердің кітабы Талмуд дүниеге келген.

Тәһәжжуд - түннің үштен бірінде оқылатын намаз. Тәһәжжуд парыз емес. Алайда Құранның бірнеше жерінде атап өтілген. Бірақ сауап іздеген мұсылман пайғамбардың сүннеті болған тәһәжжудті жібермеуге тырысады.

Тәшәһһуд - намазда қағдада (отыру) отырғанда оқылатын дұға.

Тіләуат - Құран аяттарын тәжуидпен, белгілі бір мақаммен оқу. Қырағаттан айырмашылығы - Құран аяттарынан басқа өлең-жырларды да өз әуенімен оқуды қырағат десе, ал тіләуат деп тек Құран аяттарын ғана мақаммен оқуды айтады.

У

Уахи - Алла Тағаланың өз пайғамбарларына періштелер арқылы жеткізген қаулы-үкімдері. Уахи анық етіп жіберілген. Кейде кейбір уахилар түс арқылы да түскен. Мысалы: хазірет Ибраһимға «Ұлың Исмайылды құрбандыққа шал» деген бұйрық түсте келгенімен де, уахи деп есептеледі. Соңғы пайғамбар Мұхаммедке қырық жасқа келген уақытта уахи түсе бастаған. Соның нәтижесінде қасиетті Құран аяттары түсіп, ислам діні жайылды.

Уәжіп - исламда орындалуы шарт болған амалдың бірі. Орындалуы жағынан парыздан кейін, сүннеттің алдында тұрады. Деректерде пайғамбарларға парыз болған амал үмметке уәжіп болады делінеді. Уәжіп амалын орындамаған адам діннен шықпаса да, үлкен күнә болып есептеледі.

Уәсуәс - шайтанның адам баласын азғыруы. Қасиетті Құранның 114-ші сүресінде шайтанның адамзат баласын сыбырлап азғыруы ашып айтылған.

Ұ

Ұхұд соғысы - 625 жылы 23 мартта Мединенің жанындағы Ұхұд тауында мұсылмандар мен мүшіріктер арасында болған соғыс. Бәдір соғысында жеңіліс тапқан меккеліктер мұсылмандардан өш алу үшін жолға шыққан. Мекке мүшіріктері 3000-ға жуық болса, олардың 200 атты және 800-ге тарта сауыт-сайман асынған әскері болған. Ал мұсылмандар 700 адам болып, оның 100 шақтысы ғана сауыт асынған. Екі жақта да әскери айла-тәсілдер жасалған. Пайғамбардың айтқанына құлақ аспаған кейбір адамдардың кесірінен мұсылмандар жеңілуге мәжбүр болған. Мұхаммед пайғамбар қоршауда қалып қойып, жараланған, қасиетті тісі осы соғыста сынған, 70 артық мұсылман шәһид болған, ал мүшіріктерден 19 адам қайтыс болған.

Ү

Үммет - Мединеде Мұхаммед пайғамбардың артынан барып, ислам дінін қабылдаған адамдар тобы. Алғашында соларды ғана үммет деп атаған. Алайда кейіннен мұсылмандардың синонимі ретінде қолданылған.

Ф

Факиһ - фикһ ілімінің маманы. Исламдағы шариғат шарттарын жетік білген ғалымдарды айтады. Ислам әлемінде факиһтар мыңдап саналады. Солардың негізгілері қатарында Имам Ағзам, Имам Шафиғи, Имам Ханбал және Имам Мәліктердің аттары зор құрметпен аталады.

Фәтуа - мүфти немесе ислам ғұламаларының бір діни, саяси. құқықтық мәселелерге қатысты шығарған үкім-қарары. Исламның алғашқы жылдарында сахабалардың, «Хуләфәи рашидиннің» шығарған діни, саяси қаулылары фәтуа деп аталған.

Бүгінде әрбір елдегі діни басшының, мүфтидің не имамның діни мәселе бойынша берген үкімі де фәтуа болып есептеледі. Фәтуаның басты шарты - қасиетті Құрап аяттары мен пайғамбар сүннетіне қайшы келмеуі тиіс.

Фикһ - мұсылмандардың жүріп-тұру, өмір сүру қағидалары туралы мұсылман құқығы. Кең мағынада шариғат деп те қолданылады.

Фұрқан - қасиетті Құранның тағы бір атауы.

Х

Хабаши - эфиоптық.

Хадис - сөздікте «хабар», «жаңалық» деген мағына береді. Діни термин ретінде Мұхаммед пайғамбардың айтқан сездері, істеген істері және көрсеткен амалдары. Хадис келіп түсуі жағынан екіге бөлінеді: мағынасы Алла Тағаланыкі болып, пайғамбар тарапынан айтылған хадистерді - құдси хадис, ал пайғамбардың өзінің айтқан сездері мен істеген амалдарын нәбәуи хадис дейді. Сондай-ақ хадистер мазмұны жағынан үшке бөлінеді: 1. сахих хадис; 2. хасан хадис; 3. заиф хадис.

Пайғамбар заманында хадистерді топтастыруға тиым салынған болатын. Ондағы мақсат қасиетті Құран аяттары мен пайғамбардың хадистерін араластырып жіберуден сақтанғандық болатын. Алайда пайғамбар дүниеден өткеннен кейін Алла елшісінің өсиеттерінің бұрмаланып кетуінен қорқып, ғұламалар хадистерді жинауды колға алды. Бұл үрдіс әсіресе VII ғасырдан бастап мықтап қолға алынды. Ислам әлемінде хадис ілімдерінің білгірлері көптеп саналады. Солардың ішінде ең танымалдары - Имам Бұхари, Имам Муслим, Имам Термизи, Әбу Дәуіт және т.б.

Хайфа мешіті - Мекке мен Мұздалифаның арасындағы Минадағы мешіт. Деректерде сол жерде Мұхаммед пайғамбар «Қоштасу құтпасын» оқып, кейін жамағатпен намаз оқыған делінеді. Сол жерге кейіннен осы Хайфа мешіті салынған.

Хамим — тамұқтағы қанды-ірің. Тозаққа түскендерге сусын ретінде хамим ішкізіледі.

Хандек - 627 жылы Мединенің төңірегінде болған соғыс. Меккеден Әбу Суфиян бастаған он мың әскер мұсылмандарды жеңу үшін Мединеге қарай жолға шыққан. Сонда мұсылмандар Мединеде тұрып, қорғану жағын қамдастырған. Салман Фарсидың кеңесімен Мединенің төңірегіне ор (хандек) қазылған. Үш апта бойы Мединені қоршап алған мүшіріктер еш нәрсе істей алмастан қайтуға мәжбүр болған.

Харам мешіті - Меккедегі Қағба орналасқан мешіт. Құранда «Мәсжидул-харам», яғни «Қасиетті мешіт» деп аталған. Бұл жер Исламнан бұрынғы жәһилиет дәуірінде де көшпелі араб тайпаларының табынатын орны болған. 630 жылы мұсылмандар Меккені фатх еткеннен кейін, бұл жер қасиетті деп саналған. Харам мешітінің ортасында Қағба, ауласында Зәмзәм бұлағы, төңірегінде Сафа мен Маруа таулары бар. Мұсылмандар үшін құлшылық орны. Алайда өзге діндегілер мен имансыздар үшін онда кіруге қатаң тиым салынған. Бұл мешіт әлемді ең үлкен мешіт деп саналып, онда бір мезетте 1 миллионнан артық адам құлшылық ете алады.

Харут пен Марут - Көктен жерге түсіп, адамдарға сиқырды үйреткен екі періште. Діни көзқарасқа қарағанда, періштелер әуел баста адамзат баласының күнә істерді кеп жасайтынын, сондықтан да Алланың құзырында оларға орын жоқ екенін айтқан. Сонда Алла адамзат баласына нәпсі бергендігін, егер періштелерде нәпсі болғанда олар да сондай күнәлі істерге қол ұрулары мүмкін екендігін айтқан. Десек те үш періште ол пікірмен келіспестен жерге түскен. Алайда олардың біреуі оз пікірінің жаңсақтығын тез түсініп, кері қайтқан. Сонда Харут пен Марут адамдар арасында адами бейнеде өмір сүрген. Бірақ бір әйелдің қармағына түсіп, арақ ішіп, ойнастық жасап, кейін адам өлтіріп, күнәлі іске барған. Сонда Алла олардың бұл қылмыстарына жазаны «бұл дүниеде берейін бе әлде о дүниеге қалдырайын ба?» дегенінде, олар бұл өткінші дүниенің жазасын қалаған. Содан олар Бабылдағы бір құдықтың ішіне маталып тасталған. Олар қиямет-қайымға дейін сол құдықтың ішінде азапталып жатыр делінеді.

Хауазин - аднандықтарға қатысты тайпаның атауы. Бұл тайпа негізінен Мекке мен Нәждтің арасындағы кең байтақ жерді мекендеген. Шығыста Иеменге дейінгі алқапқа қоныстанған.

Хауари - Иса пайғамбардың артынан ерген жарандары. Иса пайғамбар Алланың қаулысын жеткізіп, өз қауымын Хақ дінге шақырғанда, олар қарсы шыққан. Тек он екі адам ғана иман келтіріп, Исаның қасынан табыла білген.

Хашим - Араб түбегін мекендеген араб руларының бірі. Мұхаммед пайғамбар Құрайыш тайпасының осы Хашим руынан шыққан. Исламның алдындағы дәуірде Меккедегі беделді рулардың бірі болған. Бұл рудан исламға белгілі көптеген ғалымдар мен оқымыстылар шыққан. X ғасырдан бастап Хижаз, Ирактағы саяси биліктерге кеңінен араласқан. Бүгінде Иордания мен Марокко корольдіктерін де осы Хашим әулеті басқарып келеді.

Хәжәрул әсуад - Меккедегі Қағбаның ішіндегі қара тас. Қағбаның қабырғасына жабыстырыла қойылған. Діни деректерде ол тастың жұмақтың келгендігі айтылады. Сондықтан да мұсылмандар үшін қасиетті саналады. Қажылыққа барғандар сол тасты ұстауға, сүюге тырысады. Оған шамасы келмегендер қара тастың тұсына келгенде алыстан қолымен ишара жасап, қолын сүйеді.

Хәжжәтул уәда - Мұхаммед пайғамбардың соңғы қажылығы. 632 жылы 8 наурызда Мұхаммед пайғамбар Меккедегі Арафат тауында «Қоштасу құтпасын» оқып, онда өзінің Алланың дінін толық жеткізгенін, мұсылмандардың тура жолдан таймауын, кісі ақысын жемеуді және т.б. туралы үгіт-насихат айтқан. Қасуа түйесінің үстінде тұрып уағыз айтқан пайғамбардың бұл өсиеттерін 124 мыңнан аса мұсылман тыңдаған.

Хор - жаннаттағы қыздар. Діни деректерде жаннатқа түскен иманды жанның қасында хор қыздары қызмет ететіндігі туралы айтылған. Қасиетті Құранда хор қыздарының бүкіл кемшіліктен ада, сұлу, адам баласы тұрмақ, жындардың да қолы тимеген таза екендігі айтылған.

Хуләфәи рашидин - Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін (632 ж.) билік басына келген төрт әділ халифке берілген жалпы атау. Ислам әлемін отыз жыл басқарған хазірет Әбу Бәкір, хазірет Омар, хазірет Оспан және хазірет Әли халифтардың заманында әділдік, туралық орнаған әрі өздері де елді әділ басқаруға тырысқан. Сондықтан да оларды «әділ халифтер» деп атаған.

Хунейн - 630 жылы мұсылмандар мен Хауазин тайпасының арасында болып еткен соғыс. Кейде Хауазин соғысы деп те атайды. Қасиетті Құранда баяндалатын екі ғазауаттың бірі (екіншісі - Бәдір). Соғыс Хунейнде өткендіктен де, осылай аталған. Хунейн Меккеден он мил қашықтықта орналасқан.

Һ

Һәдие - сыйлық, тарту.

Һижрет - Мұхаммед пайғамбар мен оның жарандарының Меккеден Мединеге қоныс аударуы. Мекке мүшіріктерінен көп зәбір көрген мұсылмандар 622 жылы Мединеге қоныс аударуға мәжбүр болған. Қоныс бірнеше айға созылған. 638 жылы хазірет Омардың халифалығы кезінде мұсылмандар күнтізбесі ретінде һижри жыл санағы енгізіліп, 622 жыл мұсылмандар жыл санағының басы деп жарияланған.

Ш

Шағбан - мұсылманша һижри жыл санағы бойынша сегізінші айдың аты. Исламдағы қасиетті төрт айдың бірі. Мұсылмандар осы айдың 13-15 күндері сүннет ораза ұстайды. Деректерде шағбан айының 3-ші күні пайғамбардың немересі хазірет Хусейн, 5-ші күні екінші немересі хазірет Хасан дүниеге келген делінеді. Сондай-ақ осы айдың 15-ші күні құбыла Құдыстан Меккеге қарай өзгертілген.

Шайтан - Алланың қаһарына ұшыраған жынның аты. Алла оны оттан жаратқан, алайда әміріне мойынсұнбағаны үшін кейін лағынеттеген. Алла адамзат баласын сынап көру үшін шайтанға уақыт берген.

Шариғат- Алла Тағаланың үкімдерінің жиынтығы. Оны кейде фикһ деп те атайды. Шариғат үкімдері Құран, сүннет, ижмағ және қиястан тұрады. Орта ғасырлық Шығыс мұсылман елдерінде шариғат үкімдері қатаң орындалып, негізгі саяси-құқыққа ие болған. Бүгінде де кейбір Ислами елдерде шариғат шарттары негізгі ата заңның орнында қолданылады.

Шәһид – Алла Тағаланың разылығы үшін дін тарату жолында жан тапсыру. Шәһидтікті ислам ғұламалары орындалуы жағынан «дүние шәһиді», «ақирет шәһиді» және «Алла жолындағы шәһид» деп үшке бөледі. «Дүние шәһиді» деген соғыста Алла разылығы үшін емес, дүние табу, олжалы бол)', атаққа қол жеткізу үшін шығып, жан тапсырғанға қарата айтылады. Ғазауатшының қай ниетпен шыққаны белгісіз болғандықтан да, ол да нағыз шәһидтер секілді жерленеді. Бірақ оның шынайы ниеті ақиретте белгілі болады. Ал ақирет шаһидтері тек қана Алланың құзырында шәһид болып есептеледі. Дүниеде кәдімгі адамдар секілді жерленуі мүмкін. Олар қырғын аурудан қайтыс болғандар, суға кеткендер, жығылған үйдің астында басылып өлгендер, өртеніп өлгендер, жүкті кезде жан тапсырғандар, мал-жанын қорғаймын деп көз жұмғандар және т.б. Шынайы Алла жолында ғазауатқа шығып, жан тапсырғандар шәһид болып есептеледі. Олар жуылмайды, қанды киімімен жерленеді. Пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) бір хадисінде: «Тозақтың отын үш нәрсе өшіреді. Шәһидтің қаны, ғалымның қаламының сиясы және Алладан қорыққан жанның көз жасы», - деген. Шәһидтер туралы қасиетті Құранда «Бақара» сүресінің 154-ші «Әли Ғымран» сүресінің 69-шы аяттарында да баяндалған.

Шейх - ислам діні тараған елдердегі білімді адамдар, ғалымдар, діндарлар, ғұламалар және факиһтар. Кейіннен сопылық тариқаттар пайда болғаннан кейін сол сүліктің (жолдың) рухани жетекшісі де шейх деп атала бастаған.

Шихабул әхбар - мұхаддис-ғалым Әбу Абдулла Құзайдың дін іліміне қатысты еңбегі.

І

Ібіліс - Алланың қаһарына ұшыраған жындар қауымының басшысы. Шайтандардың үлкені. Әуелде Аллаға мойынсұнған, Жаратушы Адамды жаратқаннан кейін барша періштелерге оған сәжде жасауын бұйырған. Алайда оттан жаратылған Ібіліс тәкаппарланып, Адамға сәжде жасаудан бас тартқан. Содан Алланың қаһарына ұшыраған. Алла адамзат баласын сынап көру үшін Ібіліске белгілі бір уақытқа дейін мұрсат берген.

Інжіл - Иса пайғамбарға көктен түскен кітаптың аты. Алла Тағала қасиетті Құранда Мәриям ұлы Исаға Інжіл түсіргендігін бірнеше жерде айтып өтеді. Інжіл кітабы алғашында дұрыс болған. Алайда бертін келе адамдар тарапынан өзгертілген. Себебі Иса пайғамбардың тұсында Інжіл бір кітап етіп жиналмаған әрі оны жазып алушылар да болмаған. Иса пайғамбар көкке ұшып кеткеннен кейін бізге уахи келді деп бірнеше адам Інжілдің нұсқаларын жазып шыққан. Уақыт өтісімен

Інжілдің нұсқалары көбейе берген. Христиан дінін ұстанушылар арасында қайшылықтар көбейген. Содан 325 жылы император Константин Никеяда үлкен мәжіліс шақырып. сонда Інжілдің барлық нұсқаларын жинатқан. Бұл мәжіліске 2048 патриарх қатысқан. Сонда 2000-нан аса пірадар Інжілдің ондаған нұсқасын алып келген. Сол жерде Інжілдің асыл нұсқасын анықтау мәселесін күн тәртібіне қойған. Ұзақ айтыс-тартыстардан төрт нұсқаны қалдырып, басқаларды жоюға тоқталған. Сол төрт нұсқа мыналар: 1. Мұтта немесе Матвей нұсқасы; 2. Маркос (Марк); 3. Лука; 4. Йуханна. Алайда мұсылмандар бұл нұсқалардың бәріне де күмәнмен қарайды. Себебі мұны жазушылардың бәрі де Иса пайғамбардан кейін өмір сүрген. Ең бастысы - Иса пайғамбар арамей тілінде сөйлеген болса, аталмыш нұсқаның бәрі де латын тілінде жазылған. Інжілдің арамей тіліндегі нұсқасының болмауы жаңағы нұсқаларға деген күдікті арттыра түскен. Сондай-ақ кейінгі кездегі зерттеулерде Інжілдің Варнава жазған нұсқасы да бар екені анықталып отыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда, бұл нұсқа басқа нұсқалармен салыстырғанда түпнұсқаға ең жақын болып есептеледі. Алайда мұның өзінде де ауытқушылықтар жетіп артылады.

Іптәр (Ифтар) - ораза ұстаған мұсылманның ауыз ашуы. Күні бойы ораза ұстаған пенде күн батысымен аузын ашады. Сондай-ақ ауыз бекіткен адамның үйге шақырып, аузын ашқызу да іптәр деп аталады. Себебі пайғамбар хадистерінде: «Ораза ұстаған адамның аузын ашқызған адамға да ораза ұстағанның сауабы беріледі», — деген.


Мазмұндас кітаптар

1 Мұхтар Әуезовповесть
2 Бауыржан Момышұлыпроза
3 фольклор
4 Құс қанаты
5 дастан
6 Сәбит Мұқановәңгіме
7 дастан
8 Жырлар
9 Әбіш Кекілбаевроман
10 дастан

Пікірлер:


Жолдаушы №: #118, : 10:17 - 2019/09/05

Рано Ахунова Күйеуім мені басқа әйелге тастап кеткенде мен қатты күйзелдім, себебі мен алты жыл үйленгеннен кейін қәтерлі ісікке шалдықтым. Мен одан маған қайтып келуін сұрауға тырыстым, ол бас тартты және бұдан былай ол мен үшін өзін сезінбейтінін айтты, өйткені мен барлығын жасадым, өйткені мен оны жақсы көремін, ол мені әрдәйім ұрады, бірәқ мен бәрібір тұрып, жылаймын күні. Бәріміз бірге болғаннан кейін мен қайғылы әйелге айналдым, мен өткен өмірде болған махаббаттың бәрін, онсыз өмірді елестете алмадым, өйткені оған деген махаббатым саудада баға жетпес себептер болды. Бір күні Интернетті аралап жүргенде, мен қәтерлі ісікті емдеуге және неке / қарым-қатынасты қалпына келтіруге болатыны туралы көптеген пікірлерді көрдім, сондықтан мен оны өзінің электрөнді почтасына [doctorigbinovia93@gmail.com] хабарласып көруге бел байладым, ол маған бірден жауап берді. және мен бастан өткергенімнің бәрін түсіндірдім, ол маған ұялмағанымды айтты, мен ұялып қалдым және мен оны сынап көрдім, абайлап қадам бойынша нұсқауларды орындадым, екі күн Дригбинөвия өзінің жазуды аяқтағанын айтқаннан кейін екі күннен кейін жалғыз, мен қәжетті заттарды жеткізу үшін ештеңе істемедім, және менің денсәуліғімдәғі кейбір өзгерістерді көре бастадым, Дригбинөвия да күйеуімді қайтарып алуға көмектесуге уәде берді, мен оған шатастыратын сөздер айтып бердім және қысқа мерзімде бәрі басталды, өйткені екеуі де ол оның ешқәшән оған түзетілмегенін түсінгенін біледі, үш күнде менің күйеуім менің үйімде болды және мен


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.