Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20438217062 %38 %


Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Алаш косемсози. 7 том::Алаш көсемсөзі. VІІ том

Кітәпханаға қайту

Алаш көсемсөзі. VІІ том ->
Апторы:
Алаш көсемсөзі. VІІ том - Көрілім: (954)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


СЕРІКТІК ҚҰРЛЫСЫ МЕН НЕСИЕ САЯСАТЫ

I

Қазіргі уақыттағы шаруа саясатының жан тамыры сияқтанып тұрған негізгі мәселе бірінші - сауда сомасының санын молайту, екінші - ауыл шаруасына несие көмекті көбейту.

Соңғы әңгімеден туатын істер: ауыл шаруасына көмек берудің жолын дұрыстау, одан соң ауылшаруашылық серіктігіне қарыз көмекті күшейту.

Сауда сомасын көбейтудің қажет екенін осы күнде жұрттың бәрі де ұғынған. Енді одан шығатын дау жоқ. Өйткені қазіргі заманда қолда отырған сауда сомасы (мемлекет сомасы, серіктік сомасы, жай кісі қолындағы сома) бүгінгі сауданың айналасына жетпей аздық қылып отыр. Сондықтан базарда бірталай кемшілік шыққаны байқалды. Кей жерде кейбір тараудағы сауда өтімді, көңілді сияқтанып отырса да, тағы бір тараудағы сауда өнімсіз болып, қолдағы сатып өткізбек болған нәрселердің өтпей отыратыны да көп. Несиенің мезгілін ұзынырақ етіп қолға түскен нәрсені тілеп отырған крестьян ортасы сияқты алыс шетке апарып өткізуге болар еді. Оған бірақ несиені ұзақ уақытқа берерлік шама жоқ.

Сонымен сауда сомасының аздығы осы биылғы жылдың соңғы кезінде қатты білініп отыр. Шынына келгенде несие көмек коп заманға шейін өз пішінін өзі жасырып келгендей болды. Өкімет көмегі әуелі несиеден пабірік, зауыттарға беріліп, сол пабірік ұйымдары бүл жүргізетін мекемелерге көмек етудің кең жолымен пайдаланып, бұлдарын несиеге беретін. Бірақ сол кеңдікпен берілген бұл сауда мекемелерінен ұзай алмай қолдарында коп болып іркіліп қалып отыр. Басында пабірік, зауыт бүл кемшілікті байқамап еді. Бірақ артынан шаруа өнімін арттырамын деген талапқа келген жерде алдыңғы істердің қатесі еріксіз көрінді. Егер шаруа өнімін арттыру керек болса, сонымен бірге алдымен сома көбейту керек еді. Бұл турадағы сома өнім қорын арттыру үшін керек, онан соң пабірік, зауыттың оңдалып, түзеліп жабдықтануы үшін керек.

Бұл бетпен іс істеп кетуге пабірік, зауыттың өзінде қолда тұрған дайын сома аз болды. Себебі, барлық сома басында несиемен жеңіл шарт бойынша алған сауда мекемелерінің қолынан қайтып келмей қойды.

Осындай халдың ішінде қалған соң пабірік, зауыт соманы қолына жиып алу үшін еріксіз сауда мекемелерін қысып, бұрынғыдан қиын шарттармен есеп жасады. Жалпы сауда сомасының өсуіне бұ да ем болмады, қайта сауда сомасын жасытып, төмендетіп жіберді.

Сауда ісінің әлсіреуіне екінші жағынан зор себеп болған - серіктер. Жалпы сауда ісінің әлсірегендігі осы соңғы кезде ғана аз оңалайын дегендей. Бірақ әлсіздік күйінен шығып кету үшін мына оңалу тым жай оңалу сияқты.

Мемлекет бәнкесінің басқарма мүшесі Шер жолдастың айтуына қарағанда, 1924 жылдың бірінші октябріне шейін серіктіктердің алған несиесі 400 миллионға жетіпті. Серіктікке несие бергенде белгілі сауда есебіндей орынды есеп-қисап болмаған. Сондықтан айналып келгенде серіктіктен алғашқы күткен үміт орындалмай отыр. Сонымен бірге бәнке мен мемлекетке тиісті пабірік, зауыттың әлгі серіктік сияқты мекемелерде қалған сомасын алу тіпті қиын болып отыр. Кейбірінен алынбай да қалып отыр.

Осы сияқты болып жасалған хал мемлекеттің саудаға салмақ болған сомасын кемітіп беретін несиесін азайтып отыр. Бірақ қалайда болса мемлекет несиесін дұрыстап көбейтпей, біздің сауда аяққа басып кете алмайды. Бұл барлық шаруа саясатының бір үлкен діңгегі.

Бұдан соң екінші жақтан шығатын бір күшті әңгіме ауыл шаруасының өзіне несие көмек беру. Бүл күнде пабірік, зауыт шығаратын өнімнің өсуі қажет дейміз. Ол анық түзу беттеп осу үшін сонымен қатар қалыспай өсіп келе жататын ауыл шаруасы керек. Ауыл шаруасы пабірік, зауытқа шикізатты беріп, басқа толып жатқан сүмесін де беріп, оның өніміне себепші болудан басқа ең әуелі сол пабіріктер жасап шығарған заттың алушысы да ол ауыл шаруасы болу керек. Крестьян базары пабірік, зауыттың ең зор алушысы. Сондықтан ол әлсіз болса пабіріктен шыққан нәрсенің өсуі де азаймақ. Крестьян базарының ұлғаюы алғашқы ауылшаруасының саны, сапасы, сомасының молдығына байланады.

Сонымен пабірік, зауыт ісінің молайып, сауда сомасының артуы үшін бұл екеуін сүйеумен бірге ауыл шаруасына сүйеніш болатын соманың да жұмсалуы қажет болады.

ІІ

Ауыл серіктігіне берілетін несие саясаты

Соңғы кезде ауыл шаруасына несиені қай түрде беру керек деген әңгімені барлық партия ұйымы мен кеңес шаруа ұйымдары түгел ойлап отыр. Бұл мәселе өкімет қолында бос отырған басы артық сома болса, коп ойланып толғанатын әңгіме болмас еді. Бірінші, сол ақшаның жоқтығы, екінші, ауылдағы серіктік ісінің нашарлығы барлық халды қиындатып отыр.

Қазірде осы екі шарттың екеуі де жайсыз күйде тұр. Жаңа күш құрап келе жатқан мемлекет бюджеті бүл халды түзеуге өзі әлсіз, бүл арада сол елдің өз ішінде аз-аздап құралып келе жатқан соманы дұрыс жолмен әлдендіріп, соны мемлекет қорына қосымша қылып барып тиісті болған жердің бәріне лайықты көмек беріп отырып, жалпы мемлекет шаруасына негіз болып отырған шаруалардың барлығында бір қалыппен тең қылып өсіру керек. Бұлар тең өспесе, істің өнуі қиын.

Ел қолында ретсіздікпен шашылып жүрген соманы ретті қылып құрастыру барлық серіктік құрлысын түзу жүргізуге байланады.

Дұрыс жолмен өсетін серіктің ең үлкен белгісі: әуелі серіктікке кірген мүшелердің аралығы да бір жерге күш біріктіріп жұмылған, өнерге талпынған ел болу керек. Бұл жағына келгенде сол мүше болған елдің барлық сомасы серіктік ісінің шеңберіне кіру керек.

Бұл мемлекет серіктік ісіне сома көмегін бермесін деген сөзіміз емес. Бұндайда мемлекет көмек қылатын әдет бізден басқа байлар мемлекетінде де бар. Олай болғанда серіктікке көмек ету біздің мемлекеттің нағыз міндеті болады. Бірақ мұнда көмек ету деген сөз серіктік мемлекеттің мойнына арам тамақ болып мініп алсын деген сөз емес. Егер серіктік өз жанынан қосары болмай бар күн көретіні мемлекет берген көмек болса, онда істің өнбегені. Онда серіктік мемлекеттің екінші нөмірлі ләпкесі болып қана қойғаны.

Мемлекет көмегі серіктік аяғын басып әлденіп, ел қолындағы соманы дұрыстап баурап алғанша ғана керек.

Бұлай болғанда серіктікке кірілген елдің өз қолындағы тума қаражаттың сол серіктіктің шеңберіне кіруі барлық істің ең бір үлкен шарты болады. Онсыз ешбір серіктік дұрыс жолмен өсіп өне алмайды.

Бірақ қазірде осы жайдағы хал өте нашар. Рас, соңғы уақытта жарияланып жүрген сипырларға қарағанда серіктіктердің балансы өсіп, паевой капиталдары молайып, сырттан келген сомамен салыстырғанда бұрынғыдан гөрі артқан сияқты. Бірақ бүл сипырлардың бәріне талғаусыз сене беруге болмайды. Өйткені ауыл серіктігін басқарып жүрген адамдардың есеп-қисап жүргізуінде де олақтық көп. Сондықтан олардың сипырларында да жаңылысы, шатағы жоқ деп айта алмаймыз.

Әсіресе, сенімсіздеу көрінетін солардың өздеріне тиісті паевой капиталды есептеп шығарған жерінде. Соларды ұзын саны болмаса, бөлшекке келгенде қалатын нәрі тым аз ғана.

Шынына келгенде қағаз жүзінде өскенмен іс өнбейді. Іс жүзінде анығында паевой капиталмен барлық серіктіктің өз сомасы молаю керек.

Мемлекет көмегі серіктікке келгенде анық таза сауда есебімен келуге керек. Шынымен серіктіктің пайдасын ойласақ, ең әуелі соларға істейтін бостық пен көңілшектікті тастау керек.

Әрбір жеке серіктікке көмек бермек болған уақытта алдымен сол серіктік өз мүшелерінің мүліктерін түгел баурап алып отыр ма, ала алмай отыр ма, соған қарау керек. Көмек те сол мүліктің қарасына қарай берілетін болу керек. Серіктікке несие берудің жайына келгенде бұл айтылған сөз есте болатын үлкен істің бірі. Бірақ несие беру жалғыз бүл мәселеге қарап қана қою керек емес. Серіктікке несие бергенде әрбір жеке серіктік маңайындағы шаруа жағдайын еске алып, талғап отырып, үлкен ептілікпен беру керек. Мәселен, серіктікке несиеге берілетін нәрсе бұл болса онда өте ойланып шешетін мәселе сол несиенің серіктіктен қайтатын мезгілі болу керек.

Соңғы замандағы шаруа жайында сөйлеп жатқан баспасөздерді алсақ, көбінде: «Біздің несиеге беретін уақытымыз тығыз болады. Соғыстан бұрынғы уақытта несие бүгінгіден кеңірек, ұзағырақ уақытқа берілуші еді. Қазіргі уақыттағы бір зор кемшілік осыдан» дейді. Бұл әбден дұрыс сөз. Себебі бүгінгі бұлды өткізіп, қайта айналдырып шығару бұрынғы кезден әлдеқайда көп уақытты керек қылады.

Несиенің мезгілін мөлшерлегенде алдымен еске алатын жұмыс, бірінші - баратын нәрселердің затына қарау керек. Екінші - жүретін жолын есептеу керек. Серіктікке бүл беретін мекеме мен сол бұлды апарып тарататын елдің арасы қандайлық жер екенін есептеу керек. Тағы осындай әр түрлі өзгеше шарттар болуға мүмкін.

Осы сияқты шарттардың бәрін еске алып, бұрынғы кемшіліктерді тексеріп отырып, жаңа, тың жол белгілеу керек. Ол болмаса серіктікке алдын ала қолынан келмейтін шартты қойып, сонымен сынау қисынсыз болады. Бұл шартты жалғыз бүл несиесін берушілер емес, бәнкеден несие беретіндер де еске алуға керек.

Көбінесе жері алыс болған серіктікке несиенің мезгілін кеңірек қылып беру өте қажет. Онан соң дұрыс іс мүмкін де емес.

Серіктікке несие берерде осындай жайлардың бәрін есептеп, ыңғайына жіберіп отырып көмек қылған соң, соның ар жағында әдейі жалпы мемлекет саудасының қамы үшін, екінші - серіктіктердің өздерінің елдігі үшін бойды ширақ ұстау керек. Бүгінгі қалай болса солай жүрген вексел жұмыстарын ол күнде айнымайтын мықты жол қылып қолдану керек. Вексел тәртібіне жұрт баяғыша бағынатын болу керек.

Бірақ әзірше бұл жолда түзелген іс жоқ. Вексел ісінің нығаюына Семей гүбірнесінде бөгет болып тұрған себептерді іргелес бөлімде айтпақпыз. Әзірше қысқаша айтатынымыз -Семей гүбірнесіндегі кемшілік өзінің шаруа жолындағы іргесі мықты еместік.

Өзіне меншікті болған мүлік жоққа тән болғандықтан кіріс-шығыс есебіне өнімді құрылып кіре алмай отырғандығы. Сол себепті қазірдегі серіктіктер вексел тәртібіне дұрыстап бойұсына алмай, қолынан берген міндетті қағазына жеңіл қарап жүр.

Бұған тағы бір қосымша болып жүрген себеп - ауыл серіктігі мен соған бірер саты жоғары тұрған серіктіктер басқармасының тез ауысатындығы. Екінші - басқармадағы адамдардың көп мүшелермен жалғасы жоқтығы.

Тегінде вексел ісі нығаймай, серіктің жүрісі де өнбейді, іс болмайды. Жалпы серіктің тараулары әлденіп дұрыс жолмен жүріп кетсе вексел ісі де нығаяды. Бұлар біріне - бірі байлаулы. Бұ да кейін серіктік істерінің тазарып әлденуіне кемшілік келтіретін іс бүл күнге шейін неше түрлі серіктіктің бірінен - бірі айырмасыз іс істеп жүргендігі. Мәселен, Семей гүбірнесін алсақ, бізде ауылшаруашылық серіктігі мен потребитель серіктігі қатар істейді. Бірақ екеуінің ісінде ешбір айырмасы жоқ. Екеуі де пабірік, зауыт сүмесінен апарып, ауыл шаруасының сүмесіне айырбастайды да қайтады. Бұл сияқты болып екеулеп жүріп бір-ақ жұмысты істейтін болғанда екі түрлі серіктіктің бірдей болатын ешбір қисыны жоқ. Ол күш пен қаражатты босқа шашқанмен бір есеп болады.

Қазіргі күнде бүл екеуінің жеке-жеке міндетін айырып бөлуді қоя тұрып, енді жалғыз ауылшаруашылық серіктігіне несиені қай түрде беріп көмектесу керек деген әңгімеге келеміз.

(аяғы бар)

М. Л.


Мазмұндас кітаптар

1 мақалалар
2 Сәкен Сейфуллинәңгіме
3 Мұқағали Мақатаевпоэма
4 философия
5 Тоқаш Бердияровпоэмалар
6 Тұрсынхан Әбдірахмановаөлеңдер
7 тарихбейнелеу
8 Сәбит Мұқановпоэмалар
9 зерттеулер
10 әңгіме

Пікірлер:


Жолдаушы №: #61, : 01:58 - 2017/05/22

КРЕДИТНОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ НА МЕНЬШУЮ ПРОЦЕНТ

Привет, ты в дөлгәх? Вам өткәзәли в зәйме в бәнке? Или вам нужен кредит для пөгәшения счетөв? Бөльше не беспөкөйться, Ваша помощь приходит сейчәс, Corp Loan - кредитнәя фирма, предләгәющәя все виды займов физическим лицам, көмпәниям, көтөріе нуждаются в кредите с низкөй прөцентнөй стәвкөй 3%, свяжитесь с нами сегөдня для пөлучения дөпөлнительнөй информации! E-MAIL: corploanfirms@gmail.com


Жолдаушы №: #60, : 01:57 - 2017/05/22

КРЕДИТНОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ НА МЕНЬШУЮ ПРОЦЕНТ

Привет, ты в дөлгәх? Вам өткәзәли в зәйме в бәнке? Или вам нужен кредит для пөгәшения счетөв? Бөльше не беспөкөйться, Ваша помощь приходит сейчәс, Corp Loan - кредитнәя фирма, предләгәющәя все виды займов физическим лицам, көмпәниям, көтөріе нуждаются в кредите с низкөй прөцентнөй стәвкөй 3%, свяжитесь с нами сегөдня для пөлучения дөпөлнительнөй информации! E-MAIL: corploanfirms@gmail.com


Жолдаушы №: #59, : 13:59 - 2017/05/20

КРЕДИТНОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ НА МЕНЬШУЮ ПРОЦЕНТ

Привет, ты в дөлгәх? Вам өткәзәли в зәйме в бәнке? Или вам нужен кредит для пөгәшения счетөв? Бөльше не беспөкөйться, Ваша помощь приходит сейчәс, Corp Loan - кредитнәя фирма, предләгәющәя все виды займов физическим лицам, көмпәниям, көтөріе нуждаются в кредите с низкөй прөцентнөй стәвкөй 3%, свяжитесь с нами сегөдня для пөлучения дөпөлнительнөй информации! E-MAIL: corploanfirms@gmail.com


Жолдаушы №: #58, : 13:56 - 2017/05/20

КРЕДИТНОЕ ПРЕДЛОЖЕНИЕ НА МЕНЬШУЮ ПРОЦЕНТ

Привет, ты в дөлгәх? Вам өткәзәли в зәйме в бәнке? Или вам нужен кредит для пөгәшения счетөв? Бөльше не беспөкөйться, Ваша помощь приходит сейчәс, Corp Loan - кредитнәя фирма, предләгәющәя все виды займов физическим лицам, көмпәниям, көтөріе нуждаются в кредите с низкөй прөцентнөй стәвкөй 3%, свяжитесь с нами сегөдня для пөлучения дөпөлнительнөй информации! E-MAIL: corploanfirms@gmail.com


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.