Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18906332945 %55 %


Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Алемдік философиялык мура 3::Әлемдік философиялық мұра. XVII

Кітәпханаға қайту

Әлемдік философиялық мұра. XVII ->
Апторы: әлемдік философиялық мұра
Әлемдік философиялық мұра. XVII - Көрілім: (1075)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


ЕУРОПАНЫҢ ҚҰРДЫМЫ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ ТАРИХЫ МОРФОЛОГИЯСЫНЫҢ ОЧЕРКТЕРІ.

Т.1. Бейне және шындық.

Кіріспе

1

Бұл кітапта тұңғыш рет тарихты алдын-ала айқындауға қадам жасалды. Әңгіме мәдениеттің, атап айтқанда, жалғыз мәдениеттің, қазір осы ғаламшарда аяқталуға жақын батыс еуропалық-американдық мәдениеттің тағдырын, оның әлі бітпеген кезеңдерінде бақылап байыптау туралы болып отыр.

Осындай аса ауқымды міндетті шешу мүмкіндігі, тегінде, назарға алынбады, ал солай болған күннің өзінде, оны жүзеге асыруға қаржы табылмады немесе ол жеткілікті пайдаланылмады.

Тарихтың қисыны бола ма? Барлық кездейсоқтықтың және жекелеген жағдайда есепке алу мүмкін емес болатын жағдайлар ауқымында баршаға көрінетін, белгілі рухани-саяси құрылымдардың сыртқы болмысынан принципті түрде тәуелсіз тарихи адамзаттың метафизикалық құрылымы бар ма? Осы бардың өзін өмірге әкелетіннің өзі мейлінше төменгі дәрежеде ме? Дүние жүзі тарихының жалпы белгілері түсінетін жанға қорытынды жасауға мүмкіндік беретін үнемі жаңғырып отыратын гештальдта көріне ме? Егер солай болса, мұндай қорытындылардың шекарасы қайда? Өмірде осы мүмкін бе, себебі, адамзат тарихы ұлан-ғайыр өмір жолдарының жиынтығы. Оларды тұлғаландыру үшін жоғары деңгейдегі «антиктік», «қытай мәдениеті» немесе «қазіргі өркениет» сияқты ойландыра тын және әрекет жасайтын индивидтерді енгізу арқылы ортақ тәртіппен өтуге тиіс баспалдақтарды анықтау мүмкін бе? Барша тіршілік үшін «дүниеге келу», «өлім», «жастық». «кәрілік», «өмірдің ұзақтығы» ұғымдарының түбегейлі маңызы және осы ауқымда белгілі бір қатаң және ешкім ашпаған мән бар ма? Қысқасы, барша тарихилықтың ас тарында жалпы биографиялық праформалар жатқан жоқ па?

Батыстың құлдырауы оған дейінгі антиктік заманның батуы сияқты ең әуелі кеңістік пен уақытта шектеулі феномен, сайып келгенде, оны мән-маңызы жағынан танын. білген күнде тірліктің барлық күрделі мәселелерінің кілті боларлық философиялық тақырып.

Ал, егер батыс мәдениетінің тағдыры қай гештальдта шешілетінін білгілері келсе, онда мәдениеттің не екенін, оның бізге мәлім тарихқа, өмірге, жанға, табиғатқа, рухқа қатысын, қандай формаларда оның көрінетінін және' ол формалардың - халықтар, тілдер мен дәуірлер, шап қастар мен идеялар, мемлекеттер мен құдайлар, өнер және өнер туындылары, ғылымдар, құқықтық қатынастар, шаруашылық түрлері және көзқарастар, ұлы адамдар мен ұлы оқиғалар - символдар болып табылатынын және осы санада түсіндірілуі қажет екенін ұғыну керек.

2

Өлі формаларды танудың құралы - математикалық заң. Тірі формаларды танудың құралы -ұқсату. Сол арқылы әлемнің қарама қарсылығы мен кезеңділігі ажыратылады.

Дүниежүзілік тарихи құбылыстардың шектеулігін, ғасырлардың, замандардың, жағдайлардың, жеке тұлғалардың типтік қайталанатынын сезіну қашанда болған. Қай бір кезде Наполеонның әрекетін талқылағанда Цезарьдің және Александрдың ойда тұрмауы мүмкін емес, бұл ретте бірінші салыстырудың морфологиялық тұрғыдан қателігін, ал екіншісінің дұрыстығын көреміз. Наполеонның өз басы өз жағдайын Карл Великийдің басына түскен жағдайға ұқсатқан. Конвент Карфагенді айтқанда Англия ойында тұрған. ал якобиндіктер өздерін римляндар деп атаған. Салыстырғанда - Флоренцияны Афинамен,Будданы Христоспен алғашқы христиандықты қазіргі социализммен, Цезарь кезіндегі римдік қаржы магнаттарын янкилермен - барлық жағдайда бірдей негіз болмаған. Петрарка тұңғыш өз ісіне берілген археолог - өйткені, археологияның өзі тарихтың қайталамалығы сезімінің көрінісі, - деп ойлады император Адриан туралы таяуда ғана Сесил Родс өзі және Цицерон туралы айтқан кезде. Ол ағылшындық Оңтүстік Африканың ұйымдастырушысы, кітапханасында өзіне арнап жасалған цезарьлардың антиктік өмірбаяндары болған. Швецияның королі Карл XII үшін оның ерте жастан Александрдың Руф Курций жазған өмірбаянын өзімен бірге алып жүріп, осы басқыншыға еліктеуі түбіне жетті.

Фридрих Великий өзінің саяси меморандумдарында мәселен, 1738 жыл туралы «ConsiderationsTa» дүниежүзіндегі саяси ахуалды өзінің түсінуін сипаттау үшін, айталық, ол француздарды Филипптің тұсындағы македондықтармен, ал немістерді гректермен салыстыру арқылы ұқсастықтарды келтіруге аса сенімді болды. «Фермопилдер қазірдің өзінде Германияда, Эльзас пен Лотарингия Филипптің қолында». Сол арқылы кардинал Флеридің саясаты ерекше дәлдікпен шешілді. Бұдан әрі Габебургтермен Бурбондардың әулеттерінің саясаты және Антоний мен Октавианның проскрипциялары салыстырылады.

Бірақ осының бәрі бірден суырып салмалық қабілетпен айтылды және үзінді түрде қалды, сондай-ақ, тарихи форманы терең сезіну емес, бір сәттік ақынжандылық пен тапқырлықтың көрінісі еді.

Мәселен, аналогияның асқан шебері Ранкенің Киаксар мен I Генрихті, киммерицилердің шапқыншылықтары мен мадьярлар арасын салыстыруларында морфологиялық мән жоқ; сол сияқты оның гректің қала-мемлекеттері мен Ренессанс республикаларын жиі салыстырулары да жаңағыдан алыс кеткен жоқ; керісінше, Алкивиад пен Наполеонды салыстырулары терең, бірақ кездейсоқ шындық. Бұларды ол дүниежүзілік аренада өтіп жатқан оқиғалардың ұқсастығын жәй ғана байқампаздықтан туатын плутархтық, яғни, халықтық романтикалық талғаммен таразылайды. Мұнда дифференциалды теңдіктердің екі тобының іштей тектестігін танитын математикалық ыждаһаттылық жоқ, сондықтан, олардан профан сыртқы түрдегі айырмашылықтан басқа ештеңені көрмейді.

Көріністерді, картиналарды таңдаудың идеядан, белгілі бір қажеттік сезімнен емес, негізінен көңіл-күй эсерімен анықталатыны бірден байқалады. Салыстырулар техникасына біздің әлі қолымыз жеткен жоқ. Олар енді ғана жаппай, бірақ жоспарсыз және ешбір байланыссыз пайда болуда; егер олар түсінуге қолайлы мағынада дәлме-дәл болып шықса бүл үшін бақытты кездейсоқтыққа, ал көбінесе инстинктке рахмет айтуға тиіспіз. Бүл жерде ешқандай принцип жоқ. Соған орай әдіс қалыптастыруды ешкім ойлаған емес. Тіпті, тап осы жерде тарих мәселесінің ұлы шешімінің бірден-бір тамыры барын алыстан болса да сезінудің белгісі де жоқ.

Салыстырулар тарихтың органикалық құрылымын ашып көрсететін болғандықтан, тарихи ойлауға пайдасы тиер еді. Олардың техникасы белгілі-бір жалпы ортақ идеяның әсерімен мейлінше жетілдіріліп, қажеттілікті таңдауға жол бермейтін қисынды шеберлік болуға тиіс. Өкінішке қарай, күні бүгінге дейін олар талғамға ғана қатысты болып, тарихшының тарих формаларының тілінен және оларды талдаудан өзінің қазір шешілмегені өз алдына, тіпті, түсініксіз міндетті пайымдауға байланысты қиын да көкейкесті шаруаны саналы түрде күш жұмсауға жол бермеді. Олар ішінара жеңіл-желпі болды, мәселен, Цезарьды римдік ресми баспасөздің негізін қалаушы деп атады, немесе, одан да сорақысы, антиктік замандағы мейлінше шытырман және іштей бізге мүлде тән емес құбылыстарды қазіргі «социализм», «импрессионизм», «капитализм», «клерикализм» секілді модаға айналған сөздермен сипаттайды. Жекелеген жағдайда белгілі миллионер және өсімқор Бруттың якобиндік клубындағыдай Брут мәдениеті деген таңқаларлық бұрмалаушылықтар орын алды. Ал оның олигархиялық конституцияның идеологы ретінде және патрициандық сенаттың қолдауымен демократияның қолдаушысын шауып тастағаны мәлім*.

3

Сонымен, бастапқыда қазіргі өркениеттің шектеулі проблемасын шешуге бағытталған міндет егер батыстың метафизикалық әбден тозған іргетасында әлі де болса батысеуропалық рухтың таяудағы кезеңдерінің мүмкіндіктерінен туатын бірден-бір философияға, болашақтың жаңа философиясына дейін кеңейеді: яғни, ол міндет осыған дейін философияның жалғыз тақырыбы болған табиғаттың морфологиясына қарама-қарсы дүниежүзін тарих ретінде танып білетін дүниежүзілік тарихтың морфологиясына дейін кеңейеді, дүниежүзінің барлық бейнелері мен қозғалыстарын олардың аса терең және соңғы мәнінде тағы да қамтиды, бірақ, бүл танып білгеннің жалпы сипатында емес, керісінше тәртіппен, аяқталмаған, қалыптасу үстіндегі көріністер арқылы жүзеге асырылады.

Дүниежүзі тарихы ретінде оның өзінің дүниежүзі табиғат ретіндегі қарама-қарсылығынан танылған, көріп-білінген, сипатталған, ол осы планетадағы адам тұрмысының жаңа қыры болып табылады. Мұны оның өзінің аса ауқымды практикалық және теориялық мән маңызы Жағынан анықтау күні бүгінге дейін толық түсінілмеген, тіпті, тек бұлдыр сезілетін, кездейсоқ шешілетін және ешқашан жүзеге аспайтын міндет болып қалады, оның салдарлары да жеткілікті. Бұл жерде адам өзін қоршаған әлемді іштей түйсініп, оны бастан кешуінің мүмкін болатын екі әдісі бар. Мен әлемді органикалық қабылдауды механикалық қабылдаудан қатаң түрде форма бойынша емес, субстанция арқылы ажыратамын, гештальдтардың жиынтығын заңдардың жиынтығынан, образ бен символды формула мен жүйеден, бір мәрте мүмкінді тұрақты мүмкіндіктен, фантазияны жоспарлы реттейтін мақсатты тәжірибені нысаналы түрде ірітетін мақсаттан ажыратамын. Мұндағы мақсатым осы арқылы күні бүгінге шейін ешкім байқамаған аса коп мәнді қарама-қарсылықты, яғни, хронологиялық сандарды қолдану саласын математикалық сандарды қолдану саласынан ажырату болып табылады14.

Демек, осыған ұқсас зерттеуде әңгіме рухани-саяси сипаттағы сырттай бақыланатын оқиғаларды ескеруде, яғни, оларды «себеп» пен «салдарға» қарай реттеп, ішкі пайымдық түсінікті үрдісін анықтауда болып отырған жоқ. Тарихты мұндай «фрагматикалық» түсіндіру бүркемеленген жаратылыстанудың көшірмесі болады да қояды. Бұдан тарихты материалистік түсінудің жақтастары да құпия жасамайды, ал, олардың қарсыластары қосарлы ресімдердің біркелкілігі дегенде өздеріне жеткілікті есеп бермейді. Мәселе белгілі-бір уақыттың құбылысы ретінде алынған нақты тарихи фактілердің қандай екендігінде емес, өзінің құбылысы арқылы нені көрсететіні де және сипаттайтыны да болып табылады. Қазіргі тарихшылар белгілі-бір заманның саяси рухын бейнелеу үшін діни, әлеуметтік және қажет болған жағдайда, тіпті, тарихи көркем нақты мысалдарды пайдаланғанда өздерін қажеттіліктен көп еңбек сіңіргендей көреді. Бірақ олар ең негізгісін ұмытады, бүл жерде ең бастысы сол, белгілі тарихтың жанды формаға ие болған көрініс, белгі екенін естен шығарады. Мен бұған дейін барлық мәдени салалардың формалары мен тілін іштей байланыстыратын морфологиялық туыстықты саяси фактілер саласымен шектелмей, гректердің, арабтардың, үндістердің, батыс еуропалықтардың соңғы терең математикалық идеяларын, олардың ертедегі оюларының мәнін, сәулеттік, метафизикалық, драмалық, лирикалық алғашқы формаларын, олардың ұлы өнерінің бағыттары мен толыққандығын, атап айтқанда, көркем техникасы мен материалды таңдауын салмақты зерттеген ешкімді кездестіргенім жоқ. Ал, жаңағы факторлардың тарихтың формалары проблемасы үшін бәрінің де шешуші мәнге ие екенін түйсіну жайында әңгіме болуы да мүмкін емес.

Дифференциалдық санау мен XIV Людовиктің заманындағы мемлекеттің династикалық қағидасы, полистің антикалық мемлекеттік формасы мен евклидтік геометрияның, батыстық майлы бояумен бейнелеу өнерінің кеңістіктік перспективасы мен теміржол, телефондар мен алысқа ататын қарулар арқылы кеңістіктен өтудің, контрапунктикалық аспапты музыка мен несиенің шаруашылық жүйесі араларында терең өзара байланыс жатқанын кім біледі? Саясаттың байыпты фактілерін осы тұрғыдан қарастырудың өзі символикалық, тіпті метафизикалық сипатқа ие және бүл жерде, бәлкім, египеттік әкімшілік жүйе, антиктік монета шығару ісі, аналитикалық геометрия, чек, Суэц каналы, қытайдың кітап баспасы, прустық армия және жол құрылысының римдік техникасы сияқты құбылыстар түңғыш рет символдар ретінде қабылданады және осы сапада түсіндіріледі.

Осы тармақтан тарихи тұрғыдан қаралатын теориялық жағынан байыпталған өнердің жоқтығы аңғарылады. Осылай аталатындар өзінің әдістерін танудың әдістері физикадан қатаң негізделген ілімдер саласынан алады. Бір назар аударарлығы сол, ескі стилдегі философия ұғынықты адами сергектік пен қоршаған ортаның байланысында ешқашан және басқаша қарым-қатынасты мойындамады. Кант өзінің негізгі еңбегінде танымның формалды тәртібін орната отырып, саналы қызметтің объектісі ретінде табиғатты ғана есепке алады, мұны оның өзі де, өзгелер де байқамайды. Ол үшін білім математикалық білімге пара-пар. Ол жетілудің жаратылыстық формалары және пайымдау категориялары туралы айтқанда тарихи әсерлерді түсінудің мүлде басқа ерекшеліктері туралы ешқашан ойланбайды. Ал, Шопенгауэр болса Канттың барлық категориялары ішінен себептілікті ғана мойындай отырып, тарих жөнінде жирене сөйлейді*15. Себеп пен салдардың қажеттілігіне қоса мен оны кеңістік қисыны деп атағым келеді - өмірде сонымен қатар тағдырдың органикалық қажеттілігі - уақыт қисыны бар. Бұл дегеніміз мифологиялық, діни және көркем ойлаудың бәрін бойына сіңірген, сонымен қатар табиғатқа қарама қарсы бүкіл тарихтың мәні мен өзегі болып табылады. Ол сонымен қатар «таза ақыл сынында» зерттелген танымның формаларына беймәлім болып қалады: теориялық тұжырымдау саласына әлі жеткен жоқ. Философия, табиғаттың ұлы кітабындағы Галилейлік «Saggiatore»-ның әйгілі тұжырымында айтылатындай «scritta in lingua matematica». Бірақ біз қазір де тарихтың қай тілде жазылғаны және оны қалай оқу қажеттігі жөнінде философтың жауабын күтеміз.

Математика мен каузалдық қағида құбылыстарды табиғи реттеуде, ал хронология мен тағдыр идеясы тарихилыққа әкеледі. Осының екеуінде де әрқайсысы өзінше бүкіл әлемді қамтиды. Бар айырмашылығы көзде, яғни онда және ол арқылы жүзеге асырылатын өмірде болып табылады.

4

Табиғат дегеніміз - бұл өзінің ауқымында жоғары мәдениетті адам, өзінің тікелей алған әсерлерінің бірлігі мен маңызы туралы хабарлайтын гештальт. Тарих дегеніміз одан адамның фантазиясы, одан әлемнің тіршілігін тануға ұмтылатын, сол арқылы оны бірегейліндіретін гештальт. Ол осынау пластикалық форма түзуге дайын ба? Және оның қайсысы сергек сананы меңгереді, міне, адамның өмір сүруінің бірінші мәселесі осы. Бұл арада әлемдік шығармашылық адамына тән екі мүмкіндік айдан анық.

Олардың шындық болуы мүлде міндетті емес. Егер бұдан былай бізге кез-келген тарихтың мән-маңызы туралы мәселе көтеру керек болса, онда ең алдымен басқа сұраққа жауап беру керек, бірақ ол бір де бір рет қойылған емес. Тарих кім үшін керек? Сұрақ қисынсыздау көрінеді, себебі кез-келген адам өзінің өмірі мен іс-әрекетінің жиынтығы бойынша тарихтың мүшесі болып табылады. Бірақ, үлкен айырмашылық оның өз өмірі жүзжылдықтарға немесе мыңжылдықтарға созылатын мейлінше кең өмірбаянының элементі екенін үнемі сезінуіне, болмаса жаңағыны өз-өзінде тұйықталған нәрсе ретінде сезінуіне байланысты. Іс-әрекеттің осы түрі үшін ешқандай да дүниежүзілік тарих, тарихы ретіндегі дүние жүзі деген жоқ. Ал, егер тарих алдындағы рухта тұтас мәдениеттің өзін-өзі түсінуі жатса ше? Оған шындық қалай көрінбек? Сол сияқты дүниежүзі, өмір қалай көрінеді? Егер біз эллиннің желдегі санасында басынан кешкеннің бәрі тек қана жеке басының тағдыры ғана емес, жалпы осыған дейінгінің баршасы десек, ол аңызға айналған уақытқа тәуелсіз қосымша болып шығады. Мәселен, Александр Великийдің тарихы ол өлмей тұрып-ақ антиктік сезім үшін дианис туралы аңыздан айырмасы болмайды. Ал, Цезардың өзінің тегінің венерадан тарайтынын қисынсыз көрмеген. Бұл жағдайда, біз, уақыт шекарасын айқын сезінетін күнделікті түсінікті жыл санауды Христос дүниеге келгенге дейінгі және одан кейінгі деп бөлетін батыстың адамдары үшін тап осындай күйзеліске түсу мүмкін еместей көрінеді. Алайда, біз тарих мәселесіне байланысты бұл фактіге көз жұма алмаймыз.

Бөтен халықтардың, уақыттардың, мінез-құлықтардың психологиялық салыстырмалы талдаудың барлық түрлерін қамтитын тарихи зерттеу өзінің мейлінше кең ауқымында тұтас мәдениеттер үшін маңызы жеке адамның күнделіктері мен өмірбаяндарының маңызындай болады. Бірақ антиктік мәдениет өзінің арнайы мәні жағынан тарихи органға, жадыға ие болмады. Антиктік адамның жадысы, бұл жерде біз бөтен жанға өзіміздің жанымыздың картинасынан алынған ұғымды таңамыз. Бұл өзінің өткені мен келешегі жоқтықтан мүлде басқа болып шығады, және мұнда Гете антиктік өмірдің барлық көріністеріне, әсіресе пластикалық өнерге табынатын «таза бүгіннің» қуаты сезіледі. Дорикалық бағаналар ғажайып символы болып табылатын бүл таза бүгінгі, іс жүзінде уақытты терістеу болып табылады. Фемистокал мен римнің кез-келген консулы сияқты өткен өмір полярлы уақытқа тәуелсіз құрылымның әсері сияқты көрінеді. Себебі, аңыз шығарудың рухтанған соңғы мәні осындай, ал, біздің дүниетанымымыз бен көзқарасымыз үшін ол кезең-кезеңге бөлінген жүздеген немесе мыңдаған жылдықты қамтитын мақсатты организм болып табылады. Осы эсер батыс сияқты антиктік өмірге де өзіндік сипат береді. Гректің ғарыш деп атағаны қалыптасып келе жатқан емес нақты бар өмірдің картинасы еді. Сайып келгенде, гректің өзі де, қалыптасып келе жатқан емес, іс жүзінде нақты бар адам.

Сондықтан антиктік адам вавилондық және ең бастысы египеттік мәдениетте нақты хронологияны, күнтізбелік есептеуді мейілінше жақсы білгенімен және жұлдыздарды қарау арқылы мәңгілік уақыт пен сол сәттің шарасыздығы арасындағы орасан зор уақытты есептеуді күшті меңгергенімен, іштей ол өз үшін одан ештеңені игере алмады. Оның философтары осы байланысқа орай оның тәжірибеден емес, есту арқылы жеткенін еске салады. Азиялық грек қалаларына қоныстанған Гиппарх мен Аристарх тәрізді жекелеген данагөйлер ойлары стоиктіктермен де, аристотельдік бағыттармен де теріске шығарылды, жалпы алғанда, тар шеңбердегі мамандардан басқа оны назарға алған ешкім болған емес. Платонның да, Аристотельдің де обсерваториясы болған емес. Афинадағы Перикл билігінің соңғы жылдары референдум арқылы кімде-кім астрономиялық теорияларды таратса, оны эисангелияның ауыр жазасы күтіп тұрады деп қорқытатын шешім қабылданды. Бұл терең мәнді символиканың актісі болды, онда антиктік жандүниенің өзінің дүниетанымынан кез келген жат нәрсені алып тастау еркі көрінді.

Антиктік тарихнамаға қатысты нәрсе болса, онда Фукидидке жүгінсін. Бұл адамның шеберлігі болып жатқан оқиғаны сол сәттегі өзі арқылы сезінуді түсіне білетін нағыз антиктік қабілеттігі болып табылады. Оған кезінде өзі қолбасшы әрі лауазымды қызметте болған мемлекеттік адам болу жаратылған адамның жіті, керемет көзқарасы ықпал етеді. Өкінішке орай, осы практикалық тәжірибені тарихи сезіммен шатыстырады, оған ғалым-тарихнамашылар үшін ғана аса үздік үлгі ретінде қарауға мүмкіндік береді. Бірақ одан мүлдем бас тартатын нәрсе не десек, ол ғасырлардың тарихына перспективалық көзқарас, бұл біздің жағдайымызда тарихшылыққа жататындығы белгілі. Антиктік тарихи сипаттамалардың барлық жақсы үзінділері сол автордың саяси көзқарасымен шектеледі, баяғыда өткен басқалардың кереметтерін баяндайды. Фукидид жалпы гректік немесе тіпті египеттік тарихты айтудың орнына парсы соғыстарының тақырыбын қазбалаумен айналысып кетті. Оның да көзқарас сенімділігі, саясатшы-практик Полибий мен Тацит тәрізді, бұрынғы өткенге бұрылған кезде жоғалып сала береді, көбінесе қандайда бір онжылдықтар көлемінде қозғаушы күштерге барып соқтығысады, бұл гештальтте мұндай қозғаушы күштер оларға жеке праксистен мәлім емес. Полибий үшін бірінші Пуникалық соғыс түсініксіз, ал Тацит үшін - Август, біздің перспективалық зерттеулеріміз тұрғысынан алып қарағанда - ол мүлдем тарихи емес - Фукидидтің сезімі өзінің кітабының алғашқы бетінде-ақ көрініс табады, оның уақытынан бұрын болған әлемдегі оқиғаның (400 шамасында) ешқандай мәні жоқ*.

Сол себепті антиктік тарих парсы соғыстарына дейін, сондай-ақ неғұрлым кейінгі кезеңдердегі дәстүрлі құрылым да тура сол сияқты мифтік ойлаудың бірден-бір өнімі болып табылады. Спарта мемлекетінің тарихы - Ликург, оның өмірбаяны бүге-шігесіне дейін айтылады, орман құдайы Тайгета - эллиндік дәуірдің ойдан шығарылғаны, ал ганнибалдық кезеңге дейін рим тарихын фабрикалау (қолдан құрастыру) Цезарь кезеңіне дейін тоқтатылған жоқ. Бруттың Тарквинийлерді қуғындауы - әңгіме, оның прототипі цензор Аппий Клавдийдің бір замандасы болды (310)16. Римдік патшалардың есімдері байыған плебейлік әулеттердің аттары тегінен пайда болды (К.Й.Нейман). «Сервий заңы» туралы айтпағанның өзінде, 367 жылғы Лицинийдің атақты аграрлық заңы Ганнибал кезеңіне дейін белгілі болмаған. (Б.Низе). Эпаминонд мессендер мен аркадтарды босатып, оларға мемлекеттікті сыйға тартты, олар сол бойда-ақ өздері үшін ежелгі тарихты ойлап тапты. Әңгіме ондай жағдайдың орын алғандығында емес, мәселе тарихтың қандайда да бір түрінің өзі болды ма дегенге тіреледі. Тарихилықтың батыс және антиктік сезімнің ерекшелігін былай айқындауға болады, 250 жылға дейін римдік тарих, Цезарь уақытында оны білгендегідей, бұрмалаушылықпен жасалған және неғұрлым кейінгі кездегі римдіктер үшін мүлдем белгісіз болған кейбір мәселелерді анықтауға мүмкіндік болды. Антиктік мағынадан алғанда оған «тарих» сөзі тән, Александр туралы романдар өздерінің мазмұндарымен тарих бойынша саяси және діни еңбектерге қатты ықпал етті. Олардың мазмұнын деректі мәліметтерден принципті түрде ажырату керектігі туралы ешкім ойланып жатпады. Варрон республиканың ақырында халықтың жадынан тез жоғалған рим дінін бұрмалауға кірісті, ол Құдайларды бөлді, мемлекет тарапынан оған құлшылық ету реттелді, di certi және incerti - олар туралы әлі де болса білетіндер бартұғын, ресми наным-сенімнің ұзақтығына қарамастан олардан тек аттары ғана қалды. Шын мәнінде рим қоғамының сол кездегі діні - рим ақындарының қолдарынан тек Гётеге ғана емес, тіпті Ницшенің өзіне де өтті - ол эллиндірілетін әдебиеттің бір бөлігі болды, және оның ежелгі наным-сеніммен байланысы болған жоқ, оны енді ешкім түсінбейтін болды.

Моммзен рим тарихшыларын атай отырып, батыс еуропалық көзқарасты қалыптастырды -бүл орайда алдымен Тацитті айтты - адамдар «олар айтылмайтын туралы айтты, және айтуға тиісті туралы үндемеді».

Үнді мәдениеті, нирвана идеясы (браминдік) мүлдем тарихиланбаған жандүниені ең батыл көрсету болып табылады, қандай мағына тұрғысынан алғанда «қашан» дегенге ешқандай мән бермеді. Ешқандай үнді астрономиясы, үнді күнтізбесі жоқ тәрізді, осыған орай үнді тарихы деген саналы дамудың рухани конденсаты деп түсінуге болады. Бүл мәдениеттің даму көрінісіне келетін болсақ, оның органикалық бөлігі буддизмнің пайда болуымен аяқталды, бүл антиктікке қарағанда бізге онша белгілі емес, сірә, XII және VIII ғасырлардың арасындағы ұлы оқиғаларға бай болса керек. Оның екеуі де негізінен түс көрушілік-мифтік гештальтте сақталған. Буддадан кейін тұтастай мыңжылдық өткеннен кейін, 500 жыл шамасында Р.Х.-дан кейін, Цейлонда тарихнаманы жеке түрде еске түсіретіндей бірнәрсе пайда болды.

Үндістердің жерге тән сана-сезімі тарихилыққа жатпайтыны соншама, тіпті әлдебір автордың жазған кітабы тізді феномен десе болады, оған уақыт кезеңі бойынша оқиғалар таныс емес. Органикалық тұрғыдағы шығарманың орнына, біртіндеп бұлдыр мәтіндер пайда бола бастады, оған әркім өзінің қалағанын жаза берді, бүл орайда дербес руханилық ерекшелік ұғымы, ойдың дамуы, ойшылдық дәуірінің қандайда бір рөлі қамтылмады. Осы анонимдік гештальтте үнді философиясы жатыр, үнді тарихының барлық гештальті осындай. Онымен физиогномиялық дәлдікпен жазылған кітаптары мен тұлғалары бар Батыстың философия тарихымен салыстыра берсін.

Үндіс бәрін де ұмытты, египеттіктер ештеңені ұмыта алмады. Үнді өнерінің портреті -өмір баяны in nuce - ешқашан болып көрген емес; египеттік пластика қандайда бір басқа тақырыпты әрең білетін.

Египеттік рух тарихқа айрықша мән береді және бұрынғы дүниемен шексіздікке ұмтыла отырып, өткен мен болашақты өзінің бүкіл әлемі ретінде сезінді, ал қазіргіні осы екі аралықтағы жіңішке шекара деп білді. Египеттік мәдениет болашақты жүзеге асыруға деген мақсат, бүл гранит пен базальтті көркемдік материалы ретінде таңдаудан17, қашап жазылған құжаттардан, басқару жүйесінің жүйелігі мен суландыру желісінен18, бұл орайда бұрынғы өткенмен ажырамайтын байланыс бары көрінеді. Египеттік мумия - жоғары тәртіптің символы. Өлген адамның денесін мәңгілікке қалдырды және сонымен бір мезгілде оның жеке тұлғасының, оның «Ка»-сы портреттік мүсіндер арқылы мәңгілік екендігін білдірді.

Өткен тарихқа көзқарас пен өлімді түсіну арасындағы үлкен байланыс бар, ол жерлеу салтынан көрінеді. Египеттіктер дүниенің жалғандығын жоққа шығарады, антиктік адам оны өз мәдениеті нысандарының барлық тілі деп тұжырымдайды. Египеттіктер мумияны өзінің тарихымен бірге сақтауға қойды: хронологиялық мәліметтер және сандар. Сол кезде гректердің солондыққа дейінгі тарихынан ештеңе сақталмаған, ешқандай дата да, ешқандай түпнұсқа есім де, ешқандай нақты оқиға да жоқ, ал үшінші мыңжылдықтағы көптеген египеттік патшалардың аттары мен басқарған жылдарын, тіптен одан бұрынғыларын да жақсы білеміз, ал Жаңа Патшалықта олардың бірін қалдырмай білу керек болды. Бүгінде біздің мұражайларымызда бет-бейнесі сақталған ұлы фараондардың мүрделері сақталған. III Аменемхеттің тегістелген граниттен өрілген пирамидасындағы «Аменемхеттің сұлулығы күндей» деген сөздерді айқын оқуға болады, екінші жағында: «Аменемхеттің рухы Орион шыңынан да биік, және ол тамұқпен жалғасқан»... деген сөздер бар. Бұл - дүниенің жалғандығынан, жалаң бүгінгіден арылу, және жоғары дәрежедегі антиктік еместік.

5

Антиктік мәдениеттің ең табалдырығындағы египеттік өмірлік символдардың осы құдыретті тобына қарама-қарсылық деп өзінің ішкі және сыртқы өткенін жойып жіберудің айқын мысалы өлгендерді отқа жағу пайда болуынан көреміз. Микен дәуірінде басқалармен қатар осы жерлеу салтының тас ғасырындағы алғашқы қауымдық құрылыстың адамдары қолданған салт қасиеттелікке жат еді. Мұны патша табыттарын жерлеудің артықшылықтары дәлелдейді. Бірақ гомерлік кезең (сондай-ақ ведийлік те) жерлеуден өртеуге кенеттен ауысуды білдіреді, Илиадада13 салтанатты түрде бүкіл тарихи мәңгілік атаулыны жоққа шығару суреттеледі.

Осы сәттен бастап жеке адамның рухани дамуының икемділігі аяқталады. Антиктік драма түпнұсқа тарихи мотивтерге аз орын береді, ол ішкі даму тақырыбына көп жол бере қоймайды, және эллин түйсігі бейнелеу өнерінде портретке ашықтан ашық қарсы шықты. Императорлар дәуіріне дейін антиктік өнер бір сюжетті ғана білді, ол - миф19. Тіпті эллиндік пластиканың идеалды бейнеленуінің өзі Плутархтың үлгісі бойынша типтік биографияны мифтендіреді. Ұлы гректердің бірде-біреуі бұрынғы өткен дәуірді рухани байлық ретінде көрсететін естеліктер жазбады. Тіпті Сократ өзінің ішкі өмірі туралы біздің көтеріп отырған тақырыбымызға орай айтарлықтай ештеңе айта қойған жоқ. Сонда жалпы алғанда антиктік рухта Парцифальдің, Гамлеттің, Вертердің пайда болуы тәрізді табиғи түйсік тәртібінде әлдеқандай нәрсе болуы мүмкін бе деген сұрақ туындайды. Біз Платоннан өзінің ілімін дамытуды пайымдауын мұқият іздестіріп қарадық.

Оның жекелеген шығармалары өзінің өмірінің әр кезеңіндегі мейілінше әртүрлі көзқарастың жай ғана нұсқалары болып табылады. Олардың генетикалық өзара байланысы оны пайымдаудың пәні болған жоқ, Бірақ батыстық рухани тарихтың бастауы жан-жақты өзін-өзі зерттеудің, Дантованың Vita nuova эталоны болды. Осының өзінен-ақ Гёте антиктікті яғни сол сәттегіні аз қолданды, ол өзінің айтуы бойынша, шығарманың, яғни бір үлкен уағыздың үзіндісін ешқашан ұмытпаған.

Парсылар Афинаны қиратқаннан кейін ежелгі өнердің барлық шығармалары қоқыс үйіндісіне лақтырылып тасталды - бүгінде біз оны одан қайта теріп алудамыз, - алайда бірде-біреудің Эллададан Микен мен Фестінің үйіндісіне дейінгі тарихи фактілерді тауыпты дегенді ешқашан естіген емеспіз. Өзінің Гомерін оқыды, бірақ Шлиман тәрізді Трояның дөңін қазуды ойлаған емес. Тарихты емес, мифті ұнатты. Эсхил мен Сократқа дейінгі философтар туындыларының бір бөлігі эллин дәуірінде-ақ жойылып кеткен. Бірақ Петрарка осы мәдениетке жататын антикварлық заттарды, монеталарды, қолжазбаларды жинады, ол шын мәнінде өз дәуірі үшін бөтен адам болғанымен сонысымен-ақ биік шыңдарға жетуге талпыныс жасады. Ескі мұраларды жинақтаушы оның уақыт кезеңіне деген түсінігін білдіреді. Әсіресе қытайлықтардың мұраларды жинақтауға деген ынта-ықыласы мүлдем бөлек. Қытайға барып саяхат жасаған адам «көне іздермен» жүріп отырып, дао деп аталатын аударылмайтын алғашқы ұғым арқылы ол тарих қойнауына сүңгиді.

Керісінше, эллин дәуірінде Павсаний сипаттағанындай, мифологиялық тұрғыдағы мұралар барлық жинақталып, көрсетілген, онда трихилық жағынан «қашан» және «неге» деген сауалдарға мүлдем мән берілмеді, ал сол кезде египеттік ландшафты ұлы Тутмостың дәуірінде-ақ қатаң дәстүрдің орасан зор мұражайына айналды.

Батыс халықтарының арасында немістерге механикалық сағатты ойлап табу бұйырыпты, мұндай сағат өтіп бара жатқан уақытты есептеп, күндіз-түні Батыс Еуропаның сансыз мұнараларынан сыңғырлап тұрды, бұл адамның дүниені тану туралы түсінігінің бұрын-соңды болмаған көрінісі болатын.

Антиктік ландшафт мен қалалардан бүл сияқты уақытты өлшеу тәсілі кездеспейді. Периклге дейін күндізгі уақыт тек көлеңкенің ұзындығымен өлшенді, Аристотельден бастап «юра» вавильон «сағаты» мәнге ие бола бастады. Оған дейін күнді дәлме-дәл болу деген болған емес. Вавилонда және Египетте әр дәуірде су және күн сағаттары жасалды, бірақ Афинада клепсидр пішінін сағат ретінде қолдануды Платон енгізді, ал одан кейінірек күн сағаты күнделікті тұрмыста қолданбайтын құрал болды, тіпті антиктік өмірді өзіндік сезінуде ешқандай әсер ете алмады.

Осы орайда антикті және батыс математикасының аралығында ешкім зерттей қоймаған өзіндік ерекшеліктері болды. Антиктік сандық есептеу затты сол сәтте бар деп есептейді, ал бұл уақыттан тыс қарастырылады. Бұл евклидтік геометрияға, математикалық статистикаға және конус қималары туралы ілімнің шығармашылық жүйесінің аяқталуына әкелді. Біз затты функция ретінде олардың қалыптасуы мен өзара қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырамыз. Бүл динамикаға, аналитикалық геометрияға және одан дифференциалды есептеуге алып келді . Функциялардың қазіргі заманғы теориясы осы ой қабаттарын тәртіпке келтірудің бір көрінісі. Грек физикасы - статиканы динамикаға қарама-қарсы қойған - сағатты қолдану дегенді білмейді және оның жоғын да сезінбейді және - біз секундтардың мыңыншы бөліктерін есептейтін болсақ - ол ешқандай хронометражды қолданбауы таңғалтады. Аристотельдің энтелехиясы барлық тіршілік етушіліктің дамуының бірден-бір - тарихилық емес ұғымы.

Сол арқылы біздің алға қойған мақсатымыз айқындалады. Біз, батыс еуропалық мәдениет адамдары, ережемен емес, біздің тарихи сезімімізбен ерекшеленеміз. «Бүкіл әлемдік тарих» - бұл «адамзаттың» картинасы емес, бұл біздің әлем картинасы. Үндіс пен грек үшін қалыптасқан әлемнің картинасы болған емес, және, Батыстың өркениеті бірде жойылып кетсе, ондай мәдениет ешқашан енді қайта болмауы мүмкін, демек, ондай адамзат типі ол үшін «бүкіл әлемдік тарих» сергектіктің соншалықты қуатты нысаны болады.

6

Сонымен бүкіләлемдік тарих дегеніміз не? Бұл әлдебір ретке келтірілген ұғым, бүл әлдебір ішкі постулат, сезімнің нысанын білдіру екені күмән туғызбайды. Бірақ соншалықты айқындалған сезім әлі де нағыз форма емес, және, біз бүкіл әлемдік тарихты бәріміз сезінеміз, бастан кешіреміз, оның біз гештальтте қалмауын қарастырамыз, бүгінде оның нысанының өзі емес, біздің ішкі өміріміздің нақты көшірмесі емес, кейбір нысандары ғана белгілі.

Егер кез келген адамнан сұрап қарасаңыз, оған тарихтың ішкі нысаны айқын әрі анық көрінетіндігіне сенімді болады. Мұндай иллюзияның орын алуы тарихтың ішкі нысаны туралы әлі ешкім терең ойлап көрген емес, адамдар өзінің біліміне аз күмәнданады.

Ежелгі дүние - Орта ғасырлар - Жаңа уақыт: міне, жұтаң әрі мағынасыз схема, біздің тарихи ой-санамызға біржақты үстемдік неміс императорларының кезеңінен Батыс Еуропаның негізінде пайда болған әлемнің шағын бөлігі өмірінің барлық мерзімін, адамзаттың жалпы тарихына оның қатыстылығын, нақты орнын, дәрежесін, гештальтін біздің дұрыс қабылдауымызға кедергі келтірді. Бұл проекция өзінің қарапайым турашылдығымен, оның ғасырдан ғасырға барған сайын мүмкін бола қоймайтын, біздің санамыздың аясына қайтадан қосылуына жол бермейтін елеулі тепе-теңдіктерімен, өзінің мәнділігінен бірде-бір рет айқын ауытқымауымен қазіргі мәдениеттерге онша сай келе қоймайды. Өйткені, тарихты зерттеушілердің арасында әу бастан дағдыға айналған аталған схемаға қарсылықтың болуының ешқандай мәні жоқ. Олар сол арқылы оны ештеңемен алмастырмай, бұрын болып келген проекцияны жұмсартпақшы болды. Гректік орта ғасыр мен германдық ежелгі дәуір туралы қанша жерден айтқанмен, бүл Қытай мен Мексика, Аксум патшалығы мен Сасанидтер патшалығы органикалық орын алатын айқын және іштей қажетті картинаға әкеле алмайды, «жаңа уақытты» Ренессансқа крест жорықтардың бастапқы нүктесіне, одан XIX ғасырдың бас кезіне ауыстыру мұндай схема әлі де болса мызғымайтындығын ғана дәлелдейді.

Бұл тарихтың ауқымын шектейді, бірақ сорақысы сол, оның аренасын тарылта түседі. Батыс Еуропаның ландшафтысы бір орында тұрған полюсты құрайды (математикалық тілмен айтқанда, шардың бет жағындағы сингулярлық нүкте) - басқа қандай негіз бары түсініксіз, ал біз осы тарихи картинаны жасаушылар, тап осы жерде өзімізді үйіміздей сезінеміз, - осы полюстің айналасында мыңдаған жыл бойы орасан зор тарих және алыста қалған зор мәдениет айналумен болды. Бұл өзіндік үйлесім ерекшелігі бар тұтастай ғаламшарлық жүйе. Қандайда бір жекелеген ландшафт әлдебір тарихи жүйенің табиғи шоғырлануы ретінде ішінара қабылданады. Бұл арада оның орталығы - Күн. Одан тарихтың барлық оқиғалары өзінің нағыз жарығын алады. Одан олардың мәні перспективалық тұрғыдан айқындалады. Бірақ санасында «бүкіләлемдік тарих» фанты орныққан батысеуропалық адамның менменшілдігі ешқандай скепсиске жол бермейді. Осы менменшілдік оптикалық тұрғыдан көзалдауға әкеп соқтырады, айталық, қытай мен египеттің мыңдаған жылдар бойғы тарихына менсінбей қарап, Лютерден, әсіресе Наполеоннан бастап өзімізге жақын онжылдықтар қиял-ғажайып түрге енеді. Аспандағы бұлт биікте болған сайын бізге жайменен қозғалып бара жатқандай көрінеді, алыстан қарағанда кетіп бара жатқан поезд да жайменен жылжып бара жатқандай болады, үнді, вавилон, египеттің бұрынғы кездегі тарихының қарқыны біздің таяу арадағы өткенімізден әлдеқайда баяу болып көрінеді. Біз олардың субстанциясын баяулатылған және шұбалаңқы пішінде деп есептейміз, өйткені біз сыртқы және ішкі дистанцияны есепке алуды үйренбегенбіз.

Батыс мәдениеті үшін Афинаның, Флоренцияның, Париждің болуы Лоян мен Паталипутраның болғанынан маңыздырақ екені онсыз да түсінікті. Бірақ бұл бағаларды бүкіл әлемдік тарих схемасының негізіне жатқызуға бола ма? Мұндай жағдайда қытай тарихшысының бүкіл әлемдік тарихты жобалағаны дұрыс болып шығады, ондай тарихта крест жорықтары мен Ренессанс, Цезарь және Фридрих Великий туралы айтылмады, айтылса да маңыз беріле қоймайды. XVIII ғасыр морфологиялық тұрғыдан алғанда одан бұрынғылардың кез келген алпысынан маңызды болады? Бірнеше ғасырды қамтитын, оның үстіне негізінен Батыс Еуропада орныққан «Жаңа уақытты» сол сияқты мыңжылдықтарды қамтитын, гректерге дейінгі дәуірмен есептелетін «Ежелгі дүниеге», оларды қандайда бір бөліктерге бөлмей тұрып, салыстыра қою күлкілі емес пе? Ескірген схеманы құтқару үшін Египет пен Вавилон үнсіз қалмады ма, олардың әрқайсысы өзінше Карл Великийден дүниежүзілік соғысқа дейінгі бүкіләлемдік тарихты прелюдия ретінде антиктікпен теңдестірді емес пе; үнді және қытай мәдениетінің қуатты кешенін әлдебір түсіндірмеге апарып қойды емес пе, ұлы американдық мәдениетті олардың байланыстары (немен?) болмағаннан кейін жоққа шығарды емес пе?

Қазіргі батысеуропалық схема үшін мұндай үйреншікті нәрсені айтып отырмын, осы кітапта ескі схеманың орнына антиктік және Батыс Үндістанмен, Вавилонмен, Қытаймен, Египетпен, араб және Мексика мәдениетімен тарихтың жалпы көрінісінде бірдей мәнге ие болады.

7

«Ежелгі дүние - Орта ғасырлар - Жаңа уақыт» схемасы өзінің бастапқы мағынасында Кир кезеңінен парсы және иудейлік дінде алғаш көрінген, Даниил кітабының ілімінде торт әлемдік дәуірлер туралы апокалиптикалық редакцияны алған және Шығыстың христиан діндерінде, ең алдымен гностикалық жүйелерде, бүкіл әлемдік тарихтың нысанын алған магиялық дүниені сезінуді құру болып табылады.

Осы елеулі тұжырымдаманың рухани алғышартын құрайтын қысаң шекаралардың шегінде оның өзіндік құқығы болды. Бұл орайда үнділік те, тіпті египеттік тарих та қарастыру шеңберінен тыс қалады. «Бүкіл әлемдік тарих» сөз тіркесінің өзі осы ойшылардың айтуынша Эллада мен Парсының арасындағы ландшафтда болған драмалық актінің ең жоғарғы дәрежедегі көріністерін білдіреді. Онда шығыс адамының қатаң түрде дуалистік дүниені сезінуі өзіндік көрініс табады, бұл полярлық белгілермен емес, жан мен рухты, ізгілік пен зұлымдықты қарама-қарсы қою арқылы бір мезгілдегі метафизикада жүзеге асады, бірақ мерзімділік белгісімен болмайды*, дүниенің жаратылуы мен дүниенің ақыры арасындағы екі дәуірдің шегіндегі апат оптикасында, барлық элементтерді жоққа шығара отырып, олар бір жағынан антиктік әдебиетпен де, екінші жағынан Тауратпен немесе тиісті жүйедегі оның орнын басатын басқа да қасиетті кез келген кітаппен де қамтылмаған. Әлемнің осы картинасында «Ежелгі дүние» мен «Жаңа уақыт» ретінде пұтқа табынушылық пен иудейлік (немесе христиандық), антиктік және шығыстық арасындағы, мүсіндер мен догмалардың, табиғат пен рухтың арасындағы қарама-қарсылықтан бірін бірі алмастырып отырған. Тарихи алмасудың діни белгілері болады. Таяз, провинциялық көзқараста тұрақтап қалған, аталған ландшафтымен және аталған адамзат тірлігімен байланысты барынша логикалық және жетілген аспект табиғи тұрғыдан кеңеюге қабілетсіз екендігі даусыз нәрсе.

Батыстық негізде үшінші дәуірді - біздің «жаңа уақытымызды» қосу жолымен - бұл картинаға қозғалыс үрдісі енгізілді. Шығыс картинасы тұрақтанған, тұйық, нағыз орталығында бір мәртелік құдырет әрекетімен антитеза тепе-теңдігінде мызғымайтын күйде қалған. Адамның қабылдаған мүлдем жаңа типтегі картинасы кенеттен созылып кетті - ондай алмасудың байыбына ешкім де бара алмады, - Гомерден немесе Адамнан жоғары немесе төмен бастайтын әлдебір желінің гештальтінде - қазіргі мүмкіндік үнді-германдықтармен, тас ғасырымен және маймыл-адаммен - Иерусалим, Рим, Флоренция және Париж арқылы, тарихшының, ойшылдың немесе суретшінің, осы үш бөлікті картинаны шексіз еркіндікпен интерпретациялаған жеке талғамына байланысты байытыла түсті.

Сонымен, пұтқа табынушылық пен христиандықтың қосымша ұғымына «Жаңа уақыттың» қорытынды ұғымы келіп қосылды, ол өзінің мағынасы бойынша ресімделулердің жалғасуына жол бермейді және, крест жорықтары уақытынан бірнеше мәрте «созылғаннан» кейін, одан әрі ұзаруға қабілетсіз болып шығады20.

Ежелгі дүниенің және Орта ғасырлардың арғы жағында әлдебір аяқталу басталады деген пікір қалыптасты, Үшінші Патшалық, схоластиктерден бастап біздің кезіміздегі социалистерге дейін, әлдебір мерзімді орындау, әлдебір шарықтау шегіне жетуді мақсат еткен олардың әрқайсысы оны өзіне ғана телиді. Бұл оның авторлары үшін айқындауда қолайлы болды. Батыстың рухы, ол жеке адамның санасында қалай көрініс тапса да, дүниенің мәнімен қалай болса, солай теңдестірілді. Кейіннен ұлы ойшылдар рухани қажеттіліктен метафизикалық ізгілікті жасады, бұл орайда consensus omnium арқылы қасиеттілікті уағыздады және философия базисінде схеманы қатты сынға алмады және өзінің «бүкіл әлемдік жоспарының» авторлығын Құдыретті Құдаймен байланыстырды. Әлемдік дәуірлердің мистикалық үштігі онсыз да метафизикалық талғам үшін өзінде әлдебір қызығушылықты иеленді. Гердер тарихты адамзатты тәрбиелеуші деп атады, Кант бостандық ұғымының дамуы, Гегель - әлемдік рухтың өздігінен таралуы, басқалар өзінше бағалады. Кімде-кім уақыт кесіндісінің аталған үштігіне абстрактілік мағына беретін болса, онда оны тарихтың негізгі нысаны жөнінде жеткілікті дәрежеде пайымдау жасады деуге болады.

Батыс мәдениетінің алғашқы табалдырығында ұлы Иоахим Флорский (1202)21 пайда болады, гегельдік үрдістің бірінші ойшылы, ол Августиннің дүниенің дуалистік картинасын қиратты және түпнұсқа готикті өз уақытындағы жаңа христиандықты Ескі және Жаңа Өсиеттің үшінші діні ретінде қарама-қарсы қойды: Әкенің, Ұлдың және Қасиетті Рухтың дәуірі. Ол озық ойлы францискандар мен доминкандарды бірден елең еткізді, және біздің мәдениетіміздің барлық тарихи ой-санасын аз да болса меңгерген дүниеге көзқарасын өмірде жандандырды. Лессинг, өзінің уақытын ұрпақтар22 дәуірінің антиктігіне қарайтын уақыт деп атады, бұл ойды өзінің «Адамзатты тәрбиелеу» еңбегі үшін (сәби, жасөспірім және ержету сатылары) XIV ғасыр мистиктерінің ілімінен алды, ал Ибсен, оны «Император және Галилеянин» драмасында негізді түрде тұжырымдады (онда гностикалық дүниетаным сиқыршы Максимнің образында тікелей көрінеді), ол өзінің 1887 жылы Стокгольмде сөйлеген сөзінен бір қадам да ілгері жылжыған емес. Осыған қарағанда, мұнда ба¬тыс еуропалық өзіндік сезінудің әлдебір қажеттілігі жатыр - бұл өзіндік пікірмен қорытынды тепе-теңдікті жасау болып табылады.

Бірақ Флорида аббатының шығармасы құдыретті дүние тәртібінің құпиясын мистикалық айқындауы болды. Ол оған интеллектуалды пайымдау жасалса ғана өзінің барлық мәнінен айырылады және ғылыми ойлардың алғышарты болуы тиіс. Осы үрдіс XVII ғасырдан бастап өсе түсті. Бірақ бүкіл әлемдік тарихты саяси, діни немесе әлеуметтік тұрғыдан тұжырымдаудан асқан әлсіз әдіс жоқ. Мыңжылдықтар үлесіне тиетін ақыл-ойдың үстемдігі, ізгілік, көпшіліктің бақыты, шаруашылық өрлеу, ағарту, халықтар бостандығы, табиғатты игеру, бүкіл әлемдегі бейбітшілік және тағы сол сияқтылар оларды түсіндіретіндердің ұстанымын дәлме-дәл айқындайды; бұл орайда мыңжылдықтардың өздері бірден-бір қажетті нәрсені түсіне алмады немесе оған қол жеткізе алмады, және олар біздей емес, басқа әлдебір басқа нәрсеге ұмтылғаны ескерілмейді. «Өмірде мәселе өмір туралы болатыны, бірақ оның қандайда бір нәтижесі еместігі айқын» - Гёте осылай деген, оны бағдарламаның көмегімен тарихи нысанның құпиясын ашуға тырысқан барлық ағаттық әрекеттерге қарсы қоюға болады.

Сол картина тарихшылар арқылы жеке өнер және жеке ғылым ретінде, саяси экономия мен философияны қоса алғанда, бейнеленеді. Бізге бейнелеу өнерінің (живописьтің) «өзі» египеттіктерден (немесе үңгірдегі адамдардан) импрессионистерге дейін, музыканың «өзі» соқыр Гомерден Байрейтке дейін, қоғамдық құрылыстың «өзі» қадалық құрылыстардың тұрғындарынан социализмге дейін қандайда бір өзгермейтін үрдіске негізделгендей болып көрінеді, бұл орайда өнерге өмірдің белгілі бір мерзімі бөлінетіндігі, олар белгілі ландшафтымен және адамның белгілі типімен, оның бет-бейнесімен байланыстылығы естен шығарылады, бүл жалпыға ортақ тарихтардың мәні өнердің атауынан және кейбір қолмен атқарылатын ерекшеліктерінен басқа, ортақ байланысы жоқ жекелеген өнерлердің жекелеген көріністерінің белгілі бір санының сыртқы жиынтығы болуы мүмкін.

Бізге әрбір организмде оның тіршілігінің қарқыны, нысаны және ұзақтығы болатыны немесе тіршіліктің кез келген көрінісі өзінің шығу тегімен айқындалатыны белгілі. Мыңжылдық еменді енді қайта өседі деп ешкім де ойламайды. Жауынқұрттарының күн сайынғы өсуін көргенде ол әлі де бірнеше жыл өседі ешкім де айта алмайды. Бұл арада әркім белгілі бір шекараны айқын сезінеді, бұл сезіну ішкі форма сезімінің баламасы болады. Бірақ дамыған адамзат тарихына қатысты тарихилықты елемеушілік орын алады, бірақ органикалық тәжірибемен болашақ оптимизммен қарайды, әркім де «одан әрі дамуға» ұмтылады, бүл оның ғылыми тұрғыдан дәлелденуіне байланысты емес, оның мұны қалайтындығынан туындайды. Бүл арада шексіз мүмкіндіктерді көреді - бірақ ешқашан табиғи аяқталуды көрмейді - әрбір сәттегі жағдайлардан жалғастырудың мүлдем аңғал құрылымы үлгісін жасайды.

Бірақ «адамзатта», көбелектер мен орхидеялардағы сияқты, ешқандай мақсат, ешқандай идея, ешқандай жоспар жоқ. «Адамзат» - бүл зоологиялық ұғым немесе бос сөз ғана.

Осы фантты тарихи формалар мәселелер аясынан шығарып тастағанда, сол бойда нағыз формалардың ғажайып байлығы шыға келеді. Тіршіліктің шексіз толықтығы, тереңдігі мен қозғалмаулығы анықталады, бүл әлі күнге жиі қолданылатын, әлсіз схемамен, жеке «идеалдармен» көмкеріледі. Линеарлық бүкіл әлемдік тарихтың көңілсіз картинасының орнына, оны басым фактілермен ғана қолдауға болады, мен тол ландшафты аясынан бастапқы күшпен гүлденген қуатты мәдениеттердің нағыз қойылымдарын көрдім, оған олардың әрқайсысының өзіндік формасы, адамдарының өзіндік идеясы, өзіндік құштарлығы, өзіндік өмірі, толғанысы, сезінуі, өзіндік ажалы тығыз байланысты болады. Мұнда жарықтың түсі, ақ дағы, қозғалыс бар, ондайды әлі бірде-бір рухани көзқарас ашып көрген емес. Гүлденген және ескірген мәдениеттер, халықтар, тілдер, ақиқаттар, құдайлар, ландшафтар бар, сол сияқты жас және кәрі емендер мен ағаштар, гүлдер, бұтақтар мен жапырақтар бар, бірақ ешқандай қартайған «адамзат» жоқ. Әрбір мәдениетте өзіндік жаңа теңеулер болады, олар пайда болады, жетіледі, солады және ешқашан қайталанбайды. Пластикалар, бейнелеу өнері, математика, физика бір-бірінен терең мәнімен ажыратылады, оның әрқайсысының шектеулі өмір сүру кезеңі бар, оның әрқайсысы өзінше тұйықталған, мұны әр өсімдіктің өзіне тән гүлденуімен және жеміс беруімен, өсуінің ерекшелігімен және солуымен салыстыруға болар еді. Бұл мәдениеттер, жоғары дәрежедегі тіршілік иелері алқаптағы гүл тәрізді алға мақсат қоймай өсе береді. Олар өсімдіктер мен жануарлар тәрізді Гётенің тірі табиғатына жатады, бірақ Ньютон айтқан өлі табиғатқа емес. Мен бүкіл әлемдік тарихтан мәңгілік түзілуді және жаңаруды, ғажайып қалыптасу мен органикалық формалардың ауысуын көремін.

Сонымен қатар «Ежелгі дүние - Орта ғасырлар - Жаңа уақыт» қатары өзінің ықпалынан айырылады. Ол ғылыми тірек ретінде соншама тар және кең болса да жалғыз, философиялықтан біржолата айырылмаған нұсқа, оған біз біздің нәтижелерімізді топтастыру үшін орналастырдық, және оған өзіміздің бүкіл әлемдік тарих атауымен осы кезге дейін реттеген қалған мазмұнды енгізуіміз керек; бірақ оған енгізілетін ғасырлар саны баяғыда таусылған. Тарихи материалдың тез өсуі кезінде, әсіресе аталған тәртіптің аясынан шығып кету орын алғанда, картина ұшы-қиыры жоқ ретсіздікке айналады. Мұндай жағдайды әрбір тарихшы біледі және сезінеді, ол сол тұңғиыққа батып кетуге деген қорқыныштан өзіне белгілі схеманы қармайды. 1667 жылы профессор Горн Лейденде24 алғаш рет «Орта ғасырлар» деген сөзді қолданды, бүгінде пішінсіз, тұрақты түрде кеңейтілген массаны қамтиды, ол коп немесе аз ретке келтірілген басқа топтардың екеуіне жатқызылмауы арқылы жағымсыз түрде айқындалады. Жаңа парсылық, араб және орыс тарихына күмәнді тұжырым мен баға соның мысалы болып табылады. Ең алдымен бұл әлемнің алдамшы тарихы бастапқыда іс жүзінде Жерорта теңізі бассейнінің Шығыс өңірімен шектелетін жағдайды одан әрі жасыруға болмайды, ал кейін халықтардың қоныс аударуынан бастап - таза («атыстық мәнге ие болған және араб мәдениетіне қатысы болмайтын, шамадан тыс қайта бағаланған оқиғалар, кенеттен сценаның өзгеруін бастан кешеді және Батыс Еуропаның орталық бөлігіне көшіріледі. Гегель өзінің тарих жүйесі үшін шеңберге жатқызылмайтын халықтарды жоққа шығаратындығын барынша аңғалдықпен айтып қалды. Бірақ бұл әдіснамалық алғышарттарды нақты мойындау ғана, онысыз бірде-бір тарихшы алға қойған мақсатына жете алмас еді. Қазіргі кезде бүл ғылыми і актінің маңызды мәселесі - тарихи даму факторларының қайсысы есепке алынады, қайсысы алынбайды. Ранке соның айқын мысалы.

8

Қазіргі уақытта біз дүниені бөліктей ой елегінен өткіземіз. Тек біздің философтар мен тарихшылар оны әлі меңгере қойған жоқ. Біз үшін әмбебаптық мәнге ұмтылатын, бірақ батысеуропалық адамның одан арғы рухани атмосферасының өзінің көкжиегімен жоймайтын ұғымдар мен перспективалар қандай маңызға ие болуы мүмкін?

Осыған байланысты біздің жақсы кітаптарымызды қарайық. Платон адамзат туралы айтқанда, ол варварларға қарама-қарсылықта эллиндерді айтты. Бүл антиктік өмір мен ой-сананың тарихилықты жоққа шығару стиліне толықтай сәйкес келеді және гректер үшін дұрыс және көп мәнді болып табылатын қорытындыларға осы алғышартты есепке алуға әкеп соқтырады. Этикалық идеалдар туралы Кант философиялық ойлар айтқанда, ол адамдардың барлық типтері мен уақыттары үшін өзінің ережелерінің маңыздылығын тұжырымдайды. Ол мұны тек өзі үшін және өзінің оқырмандары үшін айтпайтындығы түсінікті жәйт. Ол өзінің эстетикасында Фидий өнерінің немесе Рембранд өнерінің принципін емес, жалпы өнер принципін тұжырымдап береді. Бірақ ол ойлаудың қажетті нысандарын келтіреді, бұл батыстық ойлау жүйесінің қажетті нысандары ғана бар деген сөз. Аристотельге және оның елеулі өзге қорытындыларына бір көзқарастың өзі бүл арада өзіндік рефлексияның онша түсініксіздігін, сонымен қатар басқалай айтқанда, ақылдың айқын екендігін көрсетуге тиіс болды. Орыстық ой-санасына батыстық ой-сана категориясы қаншалықты жат болса, оның соңғысына қытай немесе грек категориясы соншалықты жат болады. Антиктік алғашқы сөздерді шын мәнінде және түгелдей түсіне қою бізге мүмкін емес, бұл да орыстарды23 және үнділерді түсіну тәрізді, ал қазіргі заманғы қытайлық пен араб үшін Бэконнан Кантқа дейінгі мүлдем басқаша интеллектіге құрылған философия күлкілі оқиға сияқты болып көрінеді.

Міне, батыс ойшылына жетіспейтіні осы, өзінің жеке пайымдауларында тарихи қатыстылық сипатқа менсінбей қараушылық болмауы тиіс еді, ондай пайымдаулар жалғыз-дара болу аясында қалып қояды; қажетті шекаралардың мән-маңызын білу керек; оның «мызғымас ақиқат», «мәңгілік жетістіктер» өзі үшін ғана ақиқат және дүние аспектісінде ғана мәңгілік және оның міндеті - оның арғы жағындағы шындықты іздеу, басқа мәдениеттердің адамымен айтылғандар арқылы ақиқат шындықты іздеу. Бүл болашақта кез келген философияның толықтығы үшін талап етіледі. Бұл дегеніңіз тарих, тіршілік әлемі формаларының тілін түсіну болып табылады. Бұл арада тұрақты және жалпыға ортақ ештеңе жоқ. Алға қарай жалпы ойлау формасы, жалпы трагедиялық принцип, жалпы мемлекет міндеті туралы айтпай-ақ қойсын. Ортақ міндеттілік деген әрқашанда өзіңнің басқаға деген жалған қорытынды жасауың болып табылады.

Біз Шопенгауэрден бастап, қазіргі заманғы батыс еуропалық ойшылдарға жүгінетін болсақ, картина неғұрлым күмәнді бола түседі, - онда философиялық тұжырымдаудың орталығы абстрактілік-жүйеліліктен практикалық-этикалыққа қарай ауысады және таным мәселесінің орнына өмір проблемасы келіп шығады (өмірге, билікке, әрекетке еріктер). Бүл арада қарастыруға жататын, Канттағы сияқты, идеалды абстракция «адам» емес, ол нағыз адам, бұл адам тарихи уақыт кезеңінде жер бетінде тіршілік еткен алғашқы қауымдық құрылыс адамы немесе белгілі бір халыққа жататын мәдениеттің өкілі, жоғары ұғымдардың құрылымы әлі де «Ежелгі дүние - Орта ғасырлар - Жаңа уақыт» схемасымен айқындалады және оны жергілікті жермен байланыстыру ақылға сыйымсыз болып көрінеді. Бірақ ахуал дәл осылай болып отыр.

Ницшенің тарихи көкжиегін қарастырайықшы. Оның декадансқа, нигилизмге қатысты ұғымдары, барлық құндылықтарды қайта бағалауы, билікке деген еркі, батыс өркениетінің мәнінде терең тамыр жайған және оның талдауына сүйенсек, тікелей басты рол атқарушы да осы екен - сонда олардың негізінде не жатыр? Римдіктер мен гректер, Ренессанс пен еуропалық қазіргі заман, үнді философиясына сырттай (түсініксіз) атүсті қарауды қоса алғанда, қысқаша айтқанда: Ежелгі дүние - Орта ғасырлар - Жаңа уақыт. Ол расын айтқанда, бүл шекараларды ешқашан аттаған емес, оны оған замандас ойшылдар да аттаған емес.

Бірақ оның жоғары өркениетті қытай дәуіріндегі Конфуцийдің немесе қандайда бір қазіргі заманғы америкалықтың ішкі өміріне қатысты дионикалық түсінігі қандай болды? Адамнан жоғары тұратын түр - ислам әлемі үшін не? Немесе үндістің не орыстың жандүниесінің стихиясы үшін форма түзетін антитез ретінде «табиғат» пен «рух», «пұтқа табынушылық» пен «христиандық», «антиктік» пен «қазіргі заман кезеңі» ұғымдары нені білдіруі тиіс? Өзінің адамгершілік тұрғысынан Батыстың идеялық әлемін өзіне жат көріп, теріске шығарған Толстойдың «Орта ғасырлармен», Дантемен, Лютермен ортақ нәрсесі не? қайсыбір жапонның Парсифальмен және Заратустармен, қайсыбір үндістің Софоклмен ортақ нәрсесі не? Ал сонда Шопенгауэрдің, Конттың, Фейербахтың, Геббельдің, Стриндбергтің идеяларының әлемі кеңірек болғаны ма? Сонда олардың психологиясы тұтастай алғанда әлемдік маңызға ие болатындардың барлық түріне қарамай ма, таза батыстық мәндегі шеңбермен қоршалған емес пе? Ибсендағы әйелдер проблемасы қандай күлкілі болып көрінеді, бүкіл «адамзаттың» назарын аударатын образды алып қарайықшы, егер атақты Нораның орнына дүниетанымы шамамен 2000-нан 6000 маркаға дейінгі пәтерақы мен протестанттық тәрбиелеген үлкен қаланың солтүстік-батыс еуропалық ханымды қойса, сахнаға Цезарьдің әйелін, мадам де Севиньені, қайсы бір жапон әйелін немесе тироль шаруа әйелін шығарса қала болар еді? Ибсеннің өзі кешегі және бүгінгі күндегі астаналық орта таптың дүниетанымын иеленеді. Оның шиеленісті оқиғалары, жандүниеге қатысты алғышарттары шамамен 1850-ші жылдарға жатады және мұнысы 1950-ші жылға жетер ме екен, өйткені, ондағы шиеленістер жоғарғы таптың, төменгі таптың да шиеленістерімен ешқандай ортақтығы жоқ, бұл арада еуропалық емес тұрғындары бар қалалар туралы айтып жатудың өзі артық шығар.

Осының бәрі эпизодтық және жергілікті жәйттер, былайша айтқанда, батыс-еуропалық типтегі үлкен қалалардың шектелген эфемерлік зиялыларына қатысты, оның бүкіләлемдік және «мәңгілік» кұндылықтарға сай келуі қиын, бұл Ибсен мен Ницшенің замандастары үшін соншалықты маңызды десек, ондағы факторлар «бүкіләлемдік тарих» тұрғысынан алғанда жергілікті сипат алады. Батыста осы күнге дейін кеңістік, уақыт, қозғалыс, сан, ерік, неке, меншік, трагедиялық, ғылым туралы мәселелер туралы айтылып келген және ой елегінен өткізілгеннің бәрі тар шеңберде әрі күмәнді болып табылады, өйткені, қойылатын сан сауалдарды берілетін жауаптардың саны айқындайтындығын мойындаудың орнына әрқашанда сұрақтың жалғыз шешімін табуға деген ұмтылыс болып келді, кез келген философиялық сұрақ белгілі бір дәрежеде жауап алуға деген мағыналы тілек, ондай жауап сұрақтың астарында жатады, дәуірдің маңызды сұрақтары өткінші контексте түсіндірілмейді, бүл үшін тарихи оқшауланған шешімдер тобына жол беру керек, олардың қамтуы - барлық дербес құндылықтар критерийлерін шегерумен болады -сонда ғана соңғы құпиялар ашылады. Нағыз білгір адамдар үшін абсолютті дұрыс немесе жалған көзқарас деген болмайды. Уақыттың немесе некенің мәселелері тәрізді қиын мәселелермен бетпе-бет келгенде жеке өзінің тәжірибесіне сүйену аздық етеді, ақыл-парасаттың ішкі дауысына, өзінен бұрынғы өткендер мен замандастардың пікірімен санасу керек. Осындай жолмен оның уақытының көлденең тартқан сұрағының шындығын біледі, бірақ мұнымен іс біте қоймайды. Басқа адамдар үшін басқа шындықтар болады. Ойшыл үшін оның бәрі де керек немесе олардың бірін ғана таңдайды.

Батыс сыны әлемді қалай кеңейтуге және тереңдетуге қабілетті екені түсінікті, және Ницшенің және оның замандастарының қарапайым релятивизмінен тыс, біз бүкіләлемдік тарихты, әлемді тарих ретінде түсіндік деп айтпас бұрын, ең алдымен қарау шеңберіне форманың сезінуі дәрежесі қандай, психологияның деңгей қандай, практикалық мүдделерден қол үзушілік пен тәуелсіздік қандай, көкжиектің қандай шексіздігіне жету керек тәрізді сұрақтар енгізілуі тиіс.

9

Осының бәрі - еркін түрде, жұтаң, сырттан енгізілген, иске қалаумен жасалған, тарихқа таңылған нысандарға мен бүкіләлемдік тарихтың табиғи, «коперниктік» гештальтін қарама-қарсы қоямын, бұл олардың ең алдымен тылсым тереңінде жасырылған және дұрыс көзқарасқа і ана ашылады.

Осы орайда Гёте есіме түседі. Оның тірі табиғат деп атағаны кең мағынада алғанда бүкіләлемдік тарих деп аталатын әлем-тарих ретінде деген ұғымға дәлме-дәл сәйкес келеді. Гёте суреткер ретінде өмірді, өзінің образдарын дамытуды, қалыптасуды үздіксіз жетілдіре отырып, оның «Вильгельм Мейстер» және «Поэзия және шындық» шығармаларынан көрінетіндей, ол математиканы жек көрді. Бұл арада әлем-тарих-ретінде ұғымы әлем-организм-рстінде ұғымына қарсы тұрды, өлі табиғат - тіршілікке, заң -гештальтке қатысты. Жаратылысты қадағалаушы ретінде оның жазған әр жолы «тірі табиғаттың көрінісін жырлаған»26 гештальт көзқарасы болып табылады. Жандандыру, пайымдау, салыстыру, тікелей ішкі сенімділік, дәлме-дәл сезімдік фантазия - тірі құбылыстардың жұмбағынан сыр тартуда оның құралына айналады. Жалпы алғанда тарихи зерттеудің құралы да осындай. Басқа жол жоқ. Мұндай құдыретті көзқарас Вальмидегі шайқастан кейін жанған оттың жанында отырған оған мынадай сөз айтқызды: «Осы жерден және қазірден бастап бүкіләлемдік тарихтың жаңа дәуірі басталады және сіз соған қатыстым деп айта аласыз». Бірде-бір қолбасшы, бірде-бір дипломат, философтар туралы айтпағанның өзінде, тарихтың соншалықты қалыптасу сәтін тап солай сезіне қоймаған шығар. Бұл - ұлы тарихи оқиғалардың жасалған сәтінде ол туралы айтылғандардың ішінде ең керемет пайымдау.

Сондай-ақ ол жапырақ жаюдан өсімдік пішінінің өзгеруін, омыртқалы жануар типінің пайда болуын, геологиялық қабаттардың түзілуін - табиғаттың тағдырын қадағалады, бірақ табиғаттың каузальдығы еместігін айта кеткен жөн - мұнда да адамзат тарихы нысандарының тілі, оның мерзімдік құрылымы, оның органикалық логикасы жан-жақты дамытылуы тиіс.

Әдетте адам жер бетіндегі организмге толықтай жатқызылады. Оның дене құрылысы, оның болмыс-бітімі - бәрі неғұрлым жинақтаушы бірлік құрамына кіреді. Өсімдіктер тағдырының адам тағдырымен ұқсастығын сезіну - лирика атаулының басты тақырыбы -барлық адамзат тарихының жоғары деңгейдегі тіршілік иелерінің кез кел¬ген басқа тобының тарихымен ұқсастығы - көптеген анималистік ертегілердің, дастан мен мысалдардың тақырыбы болды. Бұл арада адамзат мәдениеттерінің әлемін алдын ала сызылған схемаға салмай, оған салыстыру әдісін кеңінен қолданған жөн. Бұрынғы кездері «жастық», «өрлеу», «гүлдену», «құлдырау» сөздері айтылатын болса, ал қазір субъективтік бағалар мен әлеуметтік, моральдық немесе эстетикалық тәртіппен белгіленеді, одан органикалық жай-күйдің объективті сипаттамасы келіп шығады; антиктік мәдениетті, өзінен-өзі тұйықталған құбылыс ретінде, антиктік жандүниенің болмысы мен бейнеленуі ретінде, египеттік, үнділік, вавилондық, қытайлық, ба¬тыс мәдениеттерімен салыстырған жөн және осы үлкен индивидуумдардың құбылмалы тағдырларынан типтік жағдайларды іздеу керек - сонда бізге, Батыс адамдарына, тек біздің өзімізге ғана, бүкіләлемдік тарихтың картинасы көз алдымызға келеді.

10

Егер енді біз өзіміздің неғұрлым тар көлемдегі міндетімізге келетін болсақ, онда осы дүниеге көзқарас алғышарттарына сүйене отырып, бізге ең алдымен 1800 және 2000 жылдар аралығындағы батыс-еуропалық - американдық ахуалды морфологиялық жағынан айқындауға тура келеді. Жалпы батыс мәдениеті аясында бүл дәуірдің уақытша параметрін әрбір мәдениетте қандайда бір гештальтте сөзсіз кездесетін биографиялық кесінді ретінде оның мән-мағынасы, оның саяси, көркем, рухани және әлеуметтік нысандары тілінің органикалық және символикалық маңызын белгілеп алған жөн.

Салыстырмалы қадағалау осы кезеңнің эллинизммен •пір уақытта» болғанын көрсетеді, оның қазіргі шарықтау шегіндегі «бір уақытта» болу ерекшелігі - дүниежүзілік соғыспен -эллин кезеңінің рим дәуіріне өтуімен белгіленеді. Қатаң мәнді түрде орындалған рим стилін керемет деп айтуға болмайды, оны варварлық, тәртіптілік, практикалық, протестанттық деу керек, тек салыстыру арқылы ғана нағыз болашақты түсінудің кілті ашылады. Гректер мен римдіктер - бұл орайда олардың тағдыры арасындағы бөлініс біз үшін жүзеге асқан болып көрінеді, мұндай тағдыр бізді де күтіп түр. Өйткені, «Ежелгі әлемнен» біздің, батысеуропалық жетілген эквивалентті і абуға болады, - бұл эквиваленттің бет жағынан қарағанда ерекшелігі бар сияқты болып көрінеді, бірақ ол іштей өте ұқсас, онда ұлы организмді жетілдіру үрдісі бар. «Троян соғысы» мен крест жорықтарынан, Гомердің және «Нибеиунгтер туралы жыр» жырларынан бастап, дорика мен готика, дионистикалық қозғалыс және Ренессанс, Поликлет пен Себастьян Бах, Афина мен Париж, Аристотель мен Кант, Александр мен Наполеон арқылы екі мәдениеттің әлемдік қалалары мен имперализмі сатыларына дейін қамтиды, біз мұнда нағыз шындықтың тұрақты alter ego-сын кездестірдік.

Бірақ антиктік тарихтың картинасын, интерпретациялаудың өзі әрқашанда біржақты, шағын түрде алынды! сырттай да! партиялық та! Біз өзімізді «ежелгілермен» соншалықты туысқан сезінеміз, біз өзімізді алға қойған мақсаттармен қинаған жоқпыз. Мұндай жатық ұқсастықта қауіптілік те бар, ол табылған олжаларды, бастапқы күйінен, оларды ішкі ұғынуға орай, жоғары дәрежеде реттеу мен айқындауға өтуінің өзі ежелгі дәуірді зерттеудің бәріне зиянын тигізер еді. Бізге ақырында құрметтейтін ескі ұғымға сенушіліктен арылуымыз керек, бір қарағанда антиктік ішкі жағынан бізге жақын болып көрінеді, өйткені, біз оның шәкірттері әрі бұтақтарымыз, сол тұрғыдан алғанда біз оған табынушы болдық. XIX ғасырдың барлық діни-философиялық, тарихи-көркем, әлеуметтік-сыни жұмысы қажет болды, бұл бізге Эсхилдің драмасын, платондық ілімді, Аполлон мен Дионисті, афин мемлекетін, цезаризмді түсінуге үйрету үшін керек болған жоқ - оған жетуге біз үшін әлі алыс, - бірақ осының бәрі ішкі мағынада мексикалық құдайлар мен үнділік сәулеттен де бөтен әрі тым алыс жатырғанына бізді сендіру керек.

Біздің грек-рим мәдениеті туралы көзқарастарымыз әрқашанда қарама-қайшылықта болып келді, бүл орайда «Ежелгі әлем - Орта ғасырлар - Жаңа уақыт» схемасы барлық «көзқарастар» перспективасын тікелей айқындап берді. Қоғамдық өмірдің өкілдері, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер «қазіргі кездегі адамзат» барлық мағынада табысқа жетуде деп санайды; олар оған өте жоғары баға береді және бұрынғының бәрін оның өлшемі деп қарайды. Қазіргі кезде принциптері Клеонға, Марияға, Фемистоклге, Каталина мен Гракхамға «сай болуды» ұсынбаған бірде-бір партия жоқ. Басқалар, атап айтқанда, суретшілер, ақындар, филологтар мен философтар жоғарыда келтірілген қазіргі заманда өзін қолайсыз сезінеді, соның салдарынан өткен кезеңнің қандайда бір уақыт кесіндісінде абсолюттік ұстанымды ұстайды, бірдей дәрежеде догмалықпен бүгінгі күнді пайымдайды. Біреулері эллинизмде әлдебір «әлі де жоқты», ал енді біреулері қазіргі замандағы «енді жоқты» көреді, тарихтың сол картинасының әсерімен әрқашанда осы екі дәуірді бір-бірімен линеарлы байланыстырады.

Осындай қарама-қарсылықта Фаустың екі рухы пайда болды. Бірінің қауіптілігі парасаттылықтың бет жағымен бүркемеленген. Ақыр соңында бұрынғы болған антиктік мәдениеттен онда антиктік рухтың бөліктерінен әлеуметтік, шаруашылық, саяси, физиологиялық фактілердің байланыстарынан басқа ештеңе қалмайды. Қалғаны «қайталама салдар», «рефлекстер», «қосалқы құбылыстар» сипатын қабылдайды. Оның кітаптарынан Эсхил хорларының мифтік құдыретінің, ежелгі пластиканың құбыжық жер бетіндегі күштерінің, дорикалық бағаналардың, аполлондық нанымдардың белгілерін, рим императорларының наным-сенімдерінің ізін таба алмайсыз. Кейінгі романтиктер, Бахофен, Буркхардт және Ницше тәрізді үш базельдік профессорлар әртүрлі идеологияның қауіптілігіне мойынсұнады. Олар антиктіктің ішінара кездесетін өңірлерінде бағытынан адасып қалады. Олар бірден бір куә болатын ежелгі әдебиеттің қалдықтарына сүйеніп, бұл оларға керемет болып көрінеді, мәдениет ешқашанда өзінің ұлы жазушыларымен неғұрлым жетілмеген түрінде болған емес . Біріншілері ең алдымен құқықтық құжаттардың кассаң әдебиеттеріне, жазбалар мен монеталарға сүйенді, оларды әсіресе Буркхардт пен Ницше өздері үшін елей қоймады. Сонымен әртүрлі сыни принциптерге орай екі тарап та бірін бірі мойындай қойған жоқ. Ницше мен Моммзен бір біріне сәл де болса назар аударғанын еске түсіре алмаймын.

Бірақ олардың бірде-біреуі аталған қарама-қарсылықтың жойылуын қарастыру биігіне жете алмады, ал оған жетулеріне де болатын еді. Каузальды принципті жаратылыстанудан тарихи зерттеуге ауыстыру оның өзі үшін кегін алуға мүмкіндік берді. Әлемнің үстірт көшірмелі физикалық картинасын прагматизмге саналы емес түрде келді, ол бар болғаны бүркемелейді және шатыстырады, тарихи формаларының мүлдем өзгеше құрылған тілін түсіндіріп бере алмайды. Тарихи материалдың массасын тереңдетілген және реттелген тұжырымдамаға бағындыруды жақтай отырып, жақсы ештеңе ойлап тапқан жоқ, себеп пен салдардың қайсысы бірінші, қайсысы, екінші екендігіне қатысты бір тоқтамға келе алмады. Тек практиктер ғана емес, сонымен қатар романтиктер де бүл мәселеге жармасты, өйткені, тарих өзінің жеке логикасын тіпті олардың арманшыл көзқарастарына аша қойған жоқ болатын.

11

Антиктікке қатысты материалистік және идеологиялық тәсілдер туралы тоқталайық. Бірінші жағдайда таразының бір басы басқанда екіншісі көтерілетіндігі айтылады. Бұл шын мәнінде де солай екендігін дәлелдейді, - дәлел де таң қаларлық. Біз сонымен себептер мен салдарға келетін болсақ, әлеуметтік және сексуалдық, ақыр соңында таза саяси фактілер себептерді білдіреді, ал діни, рухани және көркемдік дүниелер салдарды көрсетеді (жалпы алғанда материалистке соңғылары туралы факт ретінде айту қаншалықты тән болар екен). Идеологтар, керісінше, таразының бір басының көтерілуінен екіншісі төмен түседі деп дәлелдейді, олар мұны тура сондай дәлдікпен дәлелдейді. Олар наным-сенімдерді, мистерияны, салттарды, өлеңнің құпиясын және т.б. алға тартады. Екі тарап та каузальдық қатардан бас тартады, қарсыластар заттардың ақиқат өзара байланысын көрмейді немесе көргісі келмейді, және көрсоқырлықпен, атүсті, аңғырт, абсурдты немесе фривольды пасықтықпен бір-бірін масқаралайды. Идеолог әлдекім эллиндерде қаржылық проблеманы әңгіме етсе, дельфийлік оракулдың терең мәнді сөзінің орнына Абыздардың байлығын еселейтін ақша операцияларына қатысты тақырыпты қозғаса, бұл оған аса оғаш нәрсе болып көрінеді. Саясаткер кімде-кім өзінің шабытын сакральды формулаларға орынсыз жұмсаса, антиктік таптық күрес туралы қазіргі сырлы сөздермен кітап жазудың орнына аттикалық эфебтерді киіндірсе, оған күле қарайды.

Петраркте бір тип беріліп те қойған. Ол Флоренция мен Веймарды, Ренессанс ұғымы мен батыс классицизмін жасады. Екіншісі XVIII ғасырдың ортасында көрініс тапты, және оның пайда болуы үлкен қаланың өркениетті шаруашылық саясатының басталуына сәйкес келеді, демек, ол ең алдымен Англияда (Грот) болды. Шын мәнінде бұл арада мәдениетті және өркениетті адам көзқарастарының бір-біріне қарсы тұруы орын алды - бұл екі ұстанымның да әлсіздігін жоя алмайтын немесе сезінуге мүмкіндік бермейтін тым терең әрі тым адами қарама-қарсылық.

Тіпті материализм осы пунктте идеалистік болып әрекет етеді. Ол тіпті өзінің не қалайтындығын білмей тұрып, өзінің назарын өз қалауларына тәуелді етіп қойды. Іс жүзінде біздің озық ойларымыздың бәрі антиктік образ алдында құрметпен басын иді және осы дара жағдайда сынның білмейтін шекараларынан қол үзді. Ежелгі дәуірді зерттеу әрқашанда еркіндікке және талдау күшіне арқа сүйеді және әлдебір діни қастерлеушілік нәтижелерінің шылауында кетті. Тарихтың он бойында бір мәдениетке басқа мәдениеттің жадымен баға беретін ондай ынталы нанымның екінші мысалын табу қиын. Біз Ежелгі әлем мен Жаңа уақытты «Орта ғасырлармен» - аз бағаланған тұтастай мыңжылдықпен және еленбеген тарихпен тамаша байланыстырдық, - бұл сондай-ақ Ренессанс кезеңінен бастап біздің жағымпаздығымыздың көрінісі болды. Біз, батыс еуропалықтар, «ежелгіге» тазалықты құрбан еттік және біздің өнеріміздің дербестігі «қасиетті үлгіге» жалтақтаумен жүзеге асты; гректер мен римдіктер туралы біздің түсінігімізге әркез сіңірумен болдық, өзімізге ме жетпейтінін және жандүниеміздің түкпірінде неге үміт артатынымызды сезіндік. Бірде бізге ойы ұшқыр психолог осы түбімізге жететін иллюзияның тарихын, біз готика кезеңінен бері әр сәт сайын антиктік ретінде есептеген тарихты айтып береді. Император III Оттоннан, бұл біріншіден, және Ницшеге дейін, бұл Оңтүстіктің соңғы құрбандығынан батыстың жандүниесін шын сезіну үшін неғұрлым сабақ болатын ондай міндеттер аз болды.

Біздер бүгінде Палладионың суық көрінетін академиялық құрылыстарына мейілінше скептикалық тұрғыдан қараймыз. Ол Пампейге қатысты «таңқаларлық, жартылай көңілге қонбайтын әсері» туралы жасырмай өкінішпен айтады. Оның Пестумдегі және Сегестадағы храмдар, эллин өнерінің кереметтері туралы ескертулері қолайсыздық тудырады және онда елеулі еш нәрсе жоқ. Демек, ол нағыз сыртқы көрінісімен және барлық өзінің келбетімен қарсы алдында тұрған ежелгілікті мойындамаған. Бірақ басқалармен тап солай болған. Олар антиктіктің ішкі иірімін сақтай отырып, онымен жеке жүздесуден сақтанған. Олардың «Ежелгі әлемі» барлық уақытта жеке дүниетанымы, фанты, идолы үшін өздерінің жасаған және өздерінің қандарымен суарған әлдебір өмірлік идеалының жасырын сыры болды. Ойшылдардың бөлмелерінде және поэтикалық үйірмелерде Аристофандағы, Ювенал мен Петрониядағы үлкен қаланың өнегелерін батыл бейнелеумен шаттана айтты, ал оңтүстігіндегі ластық пен жай халықты, оба мен зорлықты, балаларды қорлауды және Фрин, фалликалық нанымды және цезарьлық жын-ойнақты айналып өтеді, қазіргі кездегі әлем қалаларында да мұндай шындықпен бетпе-бет келуден жалтарады. «Қалаларда өмір сүру қиын: онда құмарпаз адамдар коп». Заратустра осылай деп айтқан. Олар римдіктердің мемлекеттік мақсатын мадақтайды және бүгінде қоғамдық мәселелерден бойын аулақ салатындарды жек көреді. Білгіштердің тұтастай тобы бар, олар үшін тога (сыртқы киім) мен сюртук, византиялық цирк пен ағылшындық спорт алаңы, антиктік жолдар мен трансқұрлықтық темір жолдар, триерлер мен экспресс-кемелер, римдік найзалар мен прусстық сүңгі арасындағы айырмашылықтар, ақыр соңында Суэц каналын фараон немесе қазіргі заманғы құрылыс инженері жүзеге асырды ма, осының бәрі магиялық күшті иеленеді, бұл көңіл көншітетін көзқарас. Олар бу машинасын адамзат жетістігінің белгісі және рухани қуаттың көрінісі ретінде, егер оны Герон Александрийский ойлап тапса, оған қарсы ешқандай дау айтпас еді. Пессинунт тауының Ұлы Ана нанымының орнына әңгіме римдік орталық жылыту жүйесі мен бухгалтерия туралы болса, онда олар үшін одан асқан қорлау болмас еді.

Бірақ басқалар да осыдан басқа ештеңені көрмейді. Олар өздері сияқты грекпен әңгімелесіп отырып, олар бізге соншалықты жат мәдениеттің мәнін толық жеткізеді, олар теңдестіру жүйесінде айналады, ал оның өзі антиктік рухқа тіптен соқпайды. Олар «республика», «бостандық», «меншік» тәрізді сөздердің іштей ешқандай туыстығы жоқ онда да, мұнда да затты білдіретіндігіне күмәнданбайды. Олар Ежелгі дүниенің тарихын жазатын, өздерінің саяси идеалдарын шын жүректен білдіретін Гёте уақытындағы тарихшыларды мазақ етеді, Ликургтің, Бруттің, Катонның, Цицеронның, Августің аттарын пайдалана отырып - қорғалатындар мен сотталушылар - жеке өздерінің қамын ойлайды, бірақ өздері сондай тарихтың бір тарауын да жаза алмайды, бұл орайда өздерінің ертеңгілік газеті қандай партиялық ағымға жататындығын айта алмайды.

Сондай-ақ өткен кезең Дон-Кихоттың немесе Санчо Пансаның көзімен қарай ма, оған мүлдем мән бермейді. Ол жол да, бүл жол да мақсатқа жеткізбейді. Ақыр соңында әркім өзіне бірінші кезекке антиктің сол кесіндісін алдына қоюға мүмкіндік берсе, ол кездейсоқтық жағдаймен оның жеке ниетіне бәрінен де коп жауап берген болар еді: Ницше - Афинаның Сократқа дейінгі кезеңін, экономистер - эллин кезеңін, саясатшылар -Рим республикасын, ал ақындар - императорлар дәуірін айтар еді.

Діни немесе көркемдік құбылыстар алғашқыда әлеуметтік және шаруашылық болды десек, оны керісінше тұжырымдау дұрыс емес. Бұл арада кез келген жеке мүдделерден тыс сөзсіз еркін көзқарасты иеленген адам үшін, ондай мүдделер қандай болса да, жалпы ешқандай тәуелділік, ешқандай басымдық, ешқандай себептік-салдарлық байланыстар, құбылыстарды бағалау және маңызы тұрғысынан ешқандай айырмашылықтар болмайды. Жекелеген фактілердің дәрежесі олардың формаларының тек коп немесе аз деңгейдегі тілдің тазалығы және қуатымен, ізгілік және зұлымдық, жоғары және төмен, пайда және идеал жағына қарай олардың символикасының интенсивтілігімен айқындалады.

12

Осылайша қарастырылған Батыстың күйреуі аз да емес, коп те емес, өркениеттің проблемасын білдіреді. Бұл орайда неғұрлым жасы ұлғайған кез келген тарихтың негізгі мәселелерінің бірі айқын көрінеді. Органикалық логикалық салдар ретінде, мәдениеттің аяқталуы мен ақыры ретінде өркениет дегеніміз не?

Өйткені, әрбір мәдениетте өзінің дербес өркениеті бар. Этикалық тәртіптің әлі күнше бұлдыр айырмашылығын білдіретін бұл екі сөз алғаш рет бұл арада қатаң және қажетті органикалық жүйелілік көрінісі ретінде, мерзімдік мағынада түсіндіріледі. Өркениет -мәдениеттің болмай қоймайтын тағдыры. Бұл арада ең жоғарғы шыңға қол жеткен, ондай биіктіктен тарихи морфологияның кейінгі және қиын мәселелерін шешуге мүмкіндік болады. Өркениеттер ең жоғары және ең жасанды жай-күй, оған адамдардың неғұрлым жоғары типі қабілетті бола алады. Олар - аяқталу; олар болғанды қалыптасу ретінде, өмірді өлім ретінде, дамуды бір орында қатып қалған ретінде, ежелгіні және руханилықты балалық ретінде, дәлелденген дорика мен готиканы ақыл-ойдың қартаюы және тасқа айналған әлемдік қаланың тасы ретінде көреді. Олар - ақыры, шағымдануға жатпайды, бірақ олар ішкі қажеттілік арқылы әрқашан шындық болды.

Тек осы ғана римдіктерді эллиндердің мұрагерлері ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Тек осы арқылы ғана кейінгі антиктік өзінің тұңғиық құпияларын ашып көрсетуге болады. Өйткені, римдіктер варварлар болды, бірақ олар ұлы дамуды жүзеге асырған емес, ал оны жалғастырған варварлар деудің өзі біреулер үшін жай сөз болып көрінуі мүмкін? Мейірімсіз, философиядан алыс жатқан, өнерден жұрдай, нәсілдік инстинктері бар, айуандыққа дейін барған, тек нақты табыстармен ғана есептесетін, олар эллин мәдениеті мен бос кеңістік арасында тұрады. Оларды тек практикалық фантазия ғана бағыттады -олар құдайлар мен адамдар арасындағы қатынастарды, жеке адамдар арасындағы сияқты, реттейтін сакральды құқықты иеленді, және құдайлар туралы бірде-бір түпнұсқаға дейінгі римдік аңыздар - өзінің сипатын білдіреді, ол Афинада мүлдем кездеспейді. Гректің жандүниесі және римдік интеллект - оның не екендігі міне осы. Мәдениет пен өркениетті бір-бірінен осылай ажыратуға болады. Мұны тек антиктікке ғана қатысты айтуға болмайды. Бұл тип мықты ақыл-оймен қайта-қайта бой көтереді, бірақ олар мүлдем метафизикалық адамдар емес. Олардың қолдарында әрбір кейінгі дәуірдің рухани және материалдық тағдыры бар. Олар вавилондық, египеттік, үнділік, қытайлық, римдік имперализмді өмірге әкелді. Буддизм, стоицизм және социализм тәрізді дәуірлер құлдырап бара жатқан адамзатты оның барлық субстанциясында тағы бір демеп, жаңартуға қабілетті түпкілікті өмірлік көңіл-күйдің кемеліне келуіне қол жеткізеді. Тарихи үдеріс ретінде таза өркениет органикалық емес және семіп қалған формаларға айналған біртіндеп білінетін ойықта (Abbau) тұр.

Мәдениеттен өркениетке өту антиктікте IV ғасырда, Батыста XIX ғасырда жүзеге асты. Осы сәттен бастап ұлы рухани шешімдер әрбір деревня есепке алынған орфилік қозғалыс пен Реформалау кезеңінде болғандағыдай «бүкіл әлемге» емес, үш немесе торт әлемдік қалаларға тән болды. Мұндай қалалар тарихтың барлық мазмұнын өзіне тартып алды және оларға қатысты мәдениеттің жиынтық ландшафтысы әлемдік қалаларды өзінің ең жоғарғы адамгершілік қалдықтары арқылы қоректендірумен ғана айналысатын провинциялардың дәрежесіне дейін төмендеді. Әлемдік қала және провинция24 - осындай негізгі ұғымдармен әрбір өркениет тарих формасының мүлдем жаңа проблемасын айқындап алады, оған, біз, қазіргі адамдар, оның мүмкін болатын барлық салдары туралы оқшауланған ұғымдарды иеленбей-ақ толғанамыз. Әлемнің орнына - қала, алыстағы елдердің барлық өмірі шоғырланатын әлдебір нүкте, бүл орайда қалған бөлік құлазып қалады; нысандардың әр алуандығы болып табылатын жерде туып-өсіп, жермен күнелткен халықтың орнына -жаңа көшпенді, дәстүрден қол үзген үлкен қаланың тұрғыны, арамтамақ (паразит), ол діншіл, зиялы, саяқ, шаруаларды (оның жоғарғы нысаны дворяндықты) өте жек көретін адам, демек органикалық емеске, ақырына қарай басталатын мейірімсіз қатыгез қадам, -сонда мұның өзі не? Франция мен Англия мұндай қадамды жасап та қойды, Германия ондай қадамға әзірленуде. Сиракузама, Александрия ізімен Рим келе жатыр. Мадридтің, Париждің, Пондоннның соңынан Берлин мен Нью-Йорк келе жатыр. Провинция болу -осы қалалардың бірінің сәулесі түсетін радиустан тыс орналасқан тұтастай елдердің тағдыры сондай, бұрын оған Крит пен Македония, бүгінде скандинавтық Солтүстік жатады.

Бұрынғы кездері әлемдік мәселелерді метафизикалық, діни-нанымдық немесе догмалық бейнелеу тұрғысынан дәуірдің идеяларын түсінуі жолындағы күрес шаруаның (дворяндық пен дін) негізді рухы мен ертедегі дорикалық және готикалық дәуірдің ескі және аты шыққан шағын қалаларының «зайырлы» патрициандық рухы арасында жүргізілді. Дионис дінінің төңірегіндегі - мысалы, Клисфен Сикионский тираны кезі, - немістің империялық қалалары мен гугеноттық соғыстардағы Реформалау төңірегіндегі қырқыстар осыған саяды.

Бірақ бұл қалалар ақыр соңында деревняны жеңіп шықты - әлемнің таза қалалық ой-санасы Парменид пен Декартта кездеседі, - оларды әлемдік қала осылай жеңеді. Бұл арада кейінгі дәуірлердің бәріне тән рухани үдеріс - ионике, сондай-ақ барокко байқалады. Қазіргі кезде, эллинизм дәуірі тәрізді, оның табалдырығында жасанды, яғни жатжерлік үлкен қаланың, Александрияның негізі жатыр, мұндай мәдениетті қалалар - Флоренция, Нюрнберг, Саламанка, Брюгге, Прага - әлемдік қалалардың рухына үмітсіз іштей қарсылық көрсеткен провинциалдық қалаларға айналды. Әлемдік қала мына төмендегілерді білдірді: «отанның» орнына космополитизм , дәстүрлер мен үлкендерді құрметтеудің орнына салқынқанды нақты мағына, бұрынғы дінге ғылыми дінсіздік, мемлекеттің орнына «қоғам», бұрынғының орнына табиғи құқықтар. Ақша органикалық емес ретінде, абстрактілі өлшем, ол баяғыдан келе жатқан өмірлік укладтың құндылықтарынан, құнарлы топырақтың мағынасына барлық байланыстарды үзген. Осы сәттен бастап тектілік дүниеге көзқарас ақша мәселесіне да қатысты болады. Ешқандай Хрисипптің грек стоицизмі емес, бірақ Катон мен Сенеканың кейінгі римдік стоицизмі ауқаттылықтың әлдеқандай негізі ретінде ұсынады , және бұл XVIII ғасырдың әлеуметтік-этикалық көңіл-күйі емес, бүл XX ғасыр ой-санасының балама бейнесі, егер ол өзін кез келген кәсіби - тиімді - үгіттен жоғары екендігін көрсетуге дайын болса, онда қазіргі кезде миллионерлерге теңесетін болады.

Әлемдік қалаға халық емес, бұқара жатады. Оның мәдениетке (дворяндыққа, шіркеуге, әулетке, өнердегі конвенцияға, ғылымдағы танымдық мүмкіндіктердің шекараларына) қарсы күресті білдіретін дәстүр атаулыға икемсіздігі, оның шаруаның ой-өрісінен артықшылығы ұшқыр және салқынқанды ақылы, оның мүлдем жаңа үлгідегі натурализмі, кейінге ұмтылуда, Сократ пен Руссодан әлдеқайда ілгері кетуі, сексуалдық және әлеуметтікке қатысты алғашқы қауымдық құрылыстағы адамзат инстинкттері мен жай-күйіне сүйенетін, et circenses соның өзі, ол қазіргі кезде еңбекақыны және спорт алаңын көбейту үшін күрес арқылы қайтадан көтеріліп отыр, - осының бәрі біржолата аяқталған мәдениет пен провинциямен салыстырғанда әлдебір айырықша жаңа, кейінгі және перспективасыз, бірақ сонымен қатар адамзаттық экзистенциясының болмай қоймайтын формасын көрсетеді.

Міне, партиялық қызметкердің, идеологтың, маңызды моралистің көзімен емес, қандайда бір «көзқарас» тұйықтығынан емес, уақытқа мойынсынбайтын, тарихи формалардың әлем мыңжылдықтарына назар аударатын биіктіктен көрінетін шындық осы, егер қазіргі заманғы ұлы дағдарысты шын мәнінде аңғарғыңыз келсе, шындық осы.

Мен бірінші кезектегі тәртіптің символдарын мынадан көремін, Римде триумвир Красс құрылысқа бөлінген жер учаскелерін сататын атақты алыпсатар болған, оның алдында барлық жазбаларда мадақталатын рим халқы, тіпті алыс қашықтықтағы галлалар, гректер, парфяндар, сириялықтар қалтырайтын, халық тығыз орналасқан көп қабатты үйлерде, қала түбіндегі үйлерде жоқшылықтың азабын тартқандар паналады және милитаристік экспансияның жетістіктеріне толықтай енжарлық немесе өзіндік спорттық мүдде пайда болды; көптеген әулеттік ақсүйек текті отбасылары, кельттердің, самиттердің және Ганнибалдың жеңімпаздарының бұтақтары өздерінің әулеттік иеліктерінен амалсыздан бас тартуға және арзанқол пәтерлер жалдауға мәжбүр болды, өйткені, жұтатқан алыпсатарлыққа қатыспады; сол кезде Via Арріа бойында Римнің ақшалы сабаздарының бейіттеріне әлі күнге дейін таңғалдыратын ескерткіштер қойылды, ал халықтың арасынан қайтыс болғандардың мүрделері өлген малмен бірге қаланың қоқыс төгетін шұңқырына лақтырылды, Август кезінде эпидемияның алдын алу үшін, бұрын топырақпен көмілмеген бүл орынға, сонда Меценат өзінің атақты бағын отырғызды; туристік кірістермен және жатжерліктердің қайырымдылық қорларымен (мысалы, иудей патшасы Иродтың) өмір сүрген иесіз қалған Афинада тез байып кеткен римдіктердің саяхат жасаушы қарапайым тұрғындары Перикл дәуірінің туындыларына көз тікті, онда ол Микеланджелоға қатысқан Сикстин капелласын американдық көрушілерінен артық мәнісін түсіне алмады, содан кейін алып кетуге болатын өнер шығармаларының бәрін өздерімен бірге ала кетті немесе оларды ақылға сыймайтын шарықтаған бағаларға сатып жіберді, модаға еліктеп, оның орнына ескі кезеңнің терең мағыналы және байсалды туындыларымен қатар орасан зор және асқақтаған рим құрылыстары салынды. Тарихшылар осындай мәселелерді мақтауға немесе теріске шығармауы тиіс, қайта морфологиялық пайымдап, кім көруді үйренсе, оған сөзсіз идея ойына оралатындығына назар аударуы қажет.

Өйткені, одан әрі қарай осыдан бастап дүниеге көзқарастың, саясаттың, өнердің, білімнің, сезінудің барлық ірі шиеленістері аталған антитезаның белгісімен болады. Ертеңгі күннің өркениетті саясаты кешегі күннің мәдениет саясатына қарама-қарсылығы қандай? Антиктікте риторикамен, Батыста журналисткамен, сонымен қатар өркениеттің қуатын ақша білдіреді. Мұндай олардың рухы халықтар өмірінің барлық тарихи формаларына елеусіз түрде енеді, көбінесе оларды ешқандай өзгертпейді және бүлдірмейді. Августіге дейін неғұрлым берік болған Рим мемлекеті өзінің формасы жағынан үлкен Африкандық Сципионннан кейін қалып қойды, Бірақта ықпалды партиялар нақты шешімдерді қолға алды. Барлығы да шектеулі мөлшердегі тамаша ақыл-оймен шешіледі, олардың есімдері қазіргі уақытта белгілілердің қатарына қосылмайды, екінші сортты саясатшылардың, риторлар мен трибундардың, депутаттар мен журналистердің ықпалды тобы болды, осы алуандықтың бәрі провинциалдық көкжиектердің өлшемімен алғанда, ең төменгі буындарда халықтың өзін-өзі билеуіне деген иллюзияны қолдайды. Ал өнер ше? Философия? Платондық және канттық уақыт кезеңінің идеалдары жалпы ең жетілген адамзатқа қатысты болды; эллинизмнің және қазіргі заманның идеалдары, атап айтқанда, социализм, сондай-ақ онымен іштей қандас туыстығы бар, соншалықты негізделген тіршілік ету мен жасанды іріктеу үшін гётелік емес күрес формулаларымен дарвинизм, оз кезегінде туыстығы бар әйел мәселесі және Ибсендегі, Стриндберг пен Шоудағы неке проблемасы, анархиялық сезімділіктің импрессиондық бейімділігі, қазіргі заманғы жабыққан құмарлық, әсемдік және қасіреттің түгелден жиынтығы, Оның көрінісі Бодлердің лирикасы мен Вагнердің музыкасы болып табылады, - осының бәрі деревнялық және жалпы табиғи адамның дүниені сезінуі үшін емес, сонымен қатар астаналық данышпандар үшін де керек. Қала кішкентай болған сайын бейнелеу өнері мен музыканың мәнісі болмайды. Мәдениетке гимнастика, турнир, агональды сайыстар жатады; өркениетке - спорт. Бұл гректік палестраны римдік цирктен ерекшелендіреді. Өнердің өзі спортқа айналады - Iart pour Iart осындай мағына береді - белгілі адамдар мен сатып алушылардың жоғары дәрежелі жұртшылығы қатысқанда, бәрі бір, абсурдты құралды дыбыс массалары мен үйлесімдіктегі қиындықтарды жеңу туралы немесе безендіру мәселесіне «тәсіл» туралы әңгіме болады. Фактілердің жаңа философиясы майда болады, онда метафизикалық алыпсатарлық үшін әрқашанда қалалықтардың интеллекттісі, талғамы және жүйкелері үшін қажеттілікке болатын тек қана күлімсіреу, жаңа әдебиет дайын тұруы керек, ал провинциал үшін түсініксіз әрі жеккөрушілік орын алады. «Халық» үшін Александрлық поэзия ма, пленэризм бе, бәрібір. Бұрынғы кезде де, қазір де мұндай өту сол дәуірге тән дау-дамаймен белгілі болды. Еврипидпен және бейнелеу өнеріндегі революциялық мәнермен, айталық, Аполлодорды алайық, болған афиндықтардың наразылығы Вагнерге, Манға, Ибсенге және Ницшеге қарсы наразылықта қайталанады.

Гректердің шаруашылық қатынастары туралы айтпай-ақ оларды түсінуге болады. Римдіктер тек осы қатынастар арқылы ғана болатынын түсінеді. Херонейде және Лейпцигте соңғы рет идея үшін шайқасты. Бірінші Пуникалық соғыста және Седанда шаруашылық мәселелерін назардан тыс қалдыруға болмайды. Римдіктер олардың практикалық күш-қуатымен бірінші рет күл иеленушілікке антиктік шаруашылық жүргізуге, құқықтық санаға және өмір сүру салтына тән көпшіліктің аса мықты деп санайтын стилін берді және ол қатар жүргізілген еркін жалдамалы еңбектің бағасы мен ішкі маңызын кемітті. Осыған орай германдық, негізінен Батыс Еуропа мен Американың романдық емес халықтары көптеген елдердің ірі өнеркәсібінің келбетін өзгертетін бу машинасын дамытуды қолға алды. Осы екі құбылыстың стоицизммен және социализммен байланыстарына назар аудармауға болмайды. Тек римдік цезаризм, Гай Фламинийдің жариялаған және бірінші рет Мария арқылы түрге ие болған, антиктік әлемнің шегіндегі ақшаның өлшемі дүниеге келтірді - ол практикалық үлгінің берік рухты және кең натураларының қолында болды. Онысыз Цезарьды да, римдік құрылымды да түсіну мүмкін емес. Әрбір гректе Дон-Кихотқа ұқсайтын, әрбір римдікте Санчо Пансаға ұқсайтын тұстары бар - ал олар осы айтқаннан бұрын қалай болғаны кейінге ысырылатын мәселе болып табылады.

13

Римдік әлемдік үстемдікке келетін болсақ, ол келеңсіз феноменді білдіреді, ол бір жағынан күш-қуаттың артықшылығына негізделмеген - римдіктер ондай мүмкіндікті Замадан кейін иелене алған жоқ, - ал екінші жағынан, қарсыласудың жетіспеушілігі. Римдіктер әлемді ешқандай жаулап алған емес25... Олар Замадан кейін бірде-бір үлкен мемлекетпен соғысқан жоқ, әрі оған мүмкіндігі де жоқ болатын26. Олардың классикалық соғыстары самниттерге қарсы, Пирр мен Карфеганға қарсы соғыстары болып табылады. Олардың сәтті сағаты Канны болды. Котурныда жүздеген жылдар бойы тұрған халық жоқ. Пруссиялық неміс халқы, 1813, 1870 және 1814 жылдардағы қуатты сілкіністерді бастан кешіп, басқаларға қарағанда оның құнын жақсы түсінеді.

Мен бүл арада имперализмді түсінуге шақырамын, оның египеттік, қытайлық, римдік империялардың, үнді әлемінің, ислам әлемінің тас мүсінге айналған қаңқасы әлі де жүздеген және мыңдаған жылдарға сақталуы мүмкін, бүл орайда ол жаулап алушылардың бірінің қолынан екіншісіне өтіп отырады, - адамдардың өліктері, аморфты, мейірімсіз адам тобырлары; әлдебір ұлы тарихтың тұтынған материалы, - түйіннің типтік символы осындай. Имперализм - бұл таза өркениет. Осы мызғымайтын формада Батыстың тағдыры көрінеді. Мәдениетті адамда күш-қуат іштен туындайды, ал өркениетті адамда сырттан болады. Мен Сесил Родстан жаңа дәуірдің адамын иіремін. Ол өзін батыстық, германдық, әсіресе немістік, саяси стильден оқшау ұстайды. Оның «Кеңейту - бүл (юрі де» деген Наполеондық редакциясында пісіп-жетілген өркениеттің нағыз үрдісі қамтылған. Бүл айтылған римдіктерге де, арабтарға, қытайлықтарға да қатысты. Бұл арада таңдау жоқ. Тіпті жекелеген адамның немесе тұтастай таптардың және халықтардың саналы еркі бұл арада ештеңені шеше алмайды. Экспансиялық үрдіс бұл жазмыш, әлемдік қалалар кезеңінің кейінгі адамын еліктіретін, оны өзіне қызмет етуге мәжбүрлейтін, оны мұны қалауымен немесе қаламауымен, оның бұл туралы білгенімен немесе білмегенімен санаспайтын әлдебір әзәзілдік пен мейірімсіздік27. Өмір - бүл мүмкін болатынды жүзеге асыру, ал ақылды адамға тек экстенсивті мүмкіндіктер ғана28. Қазіргі, онша дамымаған социализм экспансия атаулыға қарсы қаншалықты күрескенімен, ол бірде тағдырдың барынша алға ұмтылуымен оны алғашқы болып қолданылатындардың өзіне айналады. Бұл арада тіл саясаттың формалары - белгілі бір адамдардың интеллектуалды тікелей жеткізуші - терең метафизикалық проблемамен: ақыл-ой - бүл ұзындықты толықтыру деген каузальдың принципінің шүбәсіз маңызымен бекітілген фактімен түйіседі.

Имперализмге дейін менменсіген 480 және 230 жылдар аралығындағы (антиктік хронологияда шамамен 300- 50-ші жылдар) мемлекеттік құрылымында «римдік мемлекет» тәрізді Цинь"29 практикалық көзқарас тұрғысынан, ал теориялық жағынан философ Чжан-и арқылы қорғалған имперализмнің (линчэн) принципі халықтар лигасы тарапынан (хохцун) қарсылыққа ұшырады, ол көбінесе Ван Ху идеясына арқа сүйеді, бүл аталған кейінгі дәуірдің терең скептигі және адамдар мен саяси мүмкіндіктердің білгірі болатын, бірақ оның әрекетінен ешқандай нәтиже болмады. Екі тарап та саясатты қысқартуды ұсынған Лао-цзы идеологиясының қарсыластары болды, бірақ линчэннің артықшылығы экспансиялық өркениеттің табиғи қадамы болды30.

Родс уақыты әлі келе қоймаған батыс Цезары типінің алғашқы жол салушысы болды. Ол Наполеонмен және жақын арадағы ғасырлардың арасында ортада тұрды, сөйтіп, оның өзі 232 жылдан бастап римдіктерді цизальпийлік галлдарды бағындыруға үндеп, сол арқылы олардың отаршылдық экспансиялық саясатына түрткі болған, Александр мен Цезарь арасындағы Фламиний тәрізді болды.

Фламиний қаттырақ айтқанда31, дәуірге орасан зор мемлекеттік ықпалды пайдаланған жеке тұлға, мемлекет идеясының өзі шаруашылық факторларының қуатына қарсыласуын қойды, - Римдегі цезарьлық типтегі оппозицияның бірінші адамы болғаны күмән туғызбайды. Онымен мемлекеттік қызмет идеясы аяқталады және билікке ерік дәстүріне емес, жалаң күштерге ғана сүйену басталады. Өркениеттің табалдырығында тұрған және оның салқын және жеңіл лебін сезінген Александр мен Наполеон романтиктер болды; тек оның біреуіне өзін Ахиллдің рөлінде болу, ал екіншісіне Вертердің рөлінде болу ұнады. Цезарь бұрын-соңды адам естімеген ақыл-ой қуатын меңгерген фактілердің айрықша адамы болды.

Бірақ Роде табысты саясат деп тек аумақтық және қаржылық жетістікті түсінді. Бұл оның таза римдік қыры, ол өзі оны керемет түсінді. Батысеуропалық өркениет ондай энергиямен және тазалықпен ешқашан бейнеленбейді. Өздерінің географиялық карталарының бірінен ол өзіндік поэтикалық қатты әсерге бөленуі мүмкін, бұл пуритандық пастордың ұлы, Оңтүстік Африкаға қаржысыз келіп, орасан зор байлыққа иеленген, бүл байлық оның саяси мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесті. Оның Қайырымды Үміт мүйісінен Каирге дейін трансафрикалық темір-жолы тарту ойы, оның Оңтүстік-Африкалық Империясының жобасы, оның темір қақпалы ақшалыларға билік етіп, оларды өзінің идеяларына қызмет етуге мәжбүрлеуі, мемлекетке қатынасын айқындауды мойсұнбайтын аса қуатты мемлекеттік тұлғаға айналып, оның болашақ резиденция ретінде салынған Булувайо астанасы, оның соғыстары, дипломатиялық акциялары, жолдар жүйесі, синдикаттары, әскері, оның «өркениет алдындағы интеллектуалдың жоғарғы парызы» туралы түсінігі -осының бәрі орасан юр және қайырымдылық орындалуы тұрғысынан, біздің соңымыздағы келешектің хабаршысы болып табылады, оның пайда болуымен батысеуропалық адам тарихы түпкілікті аяқталады.

Кімде-кім бұл шешімді ештеңе өзгерте алмайтындығын, осыны қалау керектігін не ештеңені қаламауды, осы тағдырды ұнату не келешекте және өмірдің өзінде өкінуді түсінбесе, кімде-кім осы белсенді билік ететін ақыл-ойға, осы энергияға және қатаң тәртіпке тән өлшемдерді сезінбесе, кімде-кім провинциалдық идеализммен басты қатырса және бұрынғы өткен кезеңнің өмір стилін аңсаса, - ол тарихты түсінуден, тарихқа толғанудан, тарихты жасаудан бас тартуы тиіс.

Сонымен, Imperium Romanum енді бірегей феномен емес, әлемдік қаланың қатаң және жігерлі, өзіне тән ауқымы бар қалыпты өнімі болып көрінеді, ол практикалық интеллектінің жоғары дәрежесіндегі финалдық кезеңге тән, бұрын бірнеше рет қайталанған, қазіргі кезге дейін теңестірілмеген деуге болады. Тарихи форманың құпиясы омың бет жағында жатпайтындығын және костюмдері мен көріністеріне қарап аңғаруға болмайтындығын түсінуге тиіспіз, адамзат тарихында да, өсімдіктер мен жануарлар тарихында да іштей мүлдем бөлек, бірақ сырттай алдамшы ұқсастықтары бар құбылыстар бар, - Карл Великий, және Граун-аль Рашид, Александр мен Цезарь, германдықтардың Римге қарсы соғыстары және моңғолдардың Батыс Еуропаға шабуылдары, - және басқа құбылыстар, олар ора¬сан зор сырттай ерекшеліктерге ие бола тұра, әлдеқандай ұқсастары болады, айталық, Траян және Рамсес II, Бурбондар мен аттикалық демос, Мухаммед және Пифагор. XIX және XX ғасырлар бүкіләлемдік тарихтың тура қарағандағы көрінетін алдамшы шыңы екендігін есте ұстауымыз керек, шын мәнінде әрбір түпкілікті пісіп-жетілген мәдениетте жасына қарайғы саты ретінде кездеседі, -әрине, бар болғаны уақыт аясына жататын социалистерсіз, импрессионистерсіз, электрлі трамвайсыз, торпедалар мен диференциальды есептеулерсіз, бірақ сонымен қатар өз кезегінде сыртқы безендірудің мүлдем өзгеше мүмкіндіктерін иеленетін өзінің өркениетті руханилығымен, - бұл қазіргі кезең әлдебір өтпелі сатыны білдіреді, ол белгілі жағдайларда ғана пайда бола алады, сонымен, қазіргі батысеуропалыққа қарағанда, толықтай айқындалған неғұрлым кейінгі жай-күй болады, өткен тарихта олар бірнеше рет жүзеге асырылған және соған байланысты Батыстың болашағы біздің тап сол сәттегі идеалдарымыз бен уақыттың фантастикалық бөліктерінің бағдары бойынша жоғары және алға ұмтылған ұшы-қиырсыз ағындары ғана емес, сонымен қатар тарихтың бірнеше ғасырларды қамтитын, формасы мен ұзақтығына қатысты қатаң шектелген және сөзсіз алдын ала болжанған бірлі-жарым жүзеге асуы, - мұндай жүзеге асуды қолда бар мысалдарға қарап, байқап көруге және маңызды жақтарынан болжауға болады.

14

Кімде-кім қараудың осы биігіне жетсе, оның қолына жемістердің өзі түседі. Бірінде ғана ойлар тұйықталады және оның қарастыруы бойынша онжылдықтар бойы ынтамен, бірақ дінді, өнер тарихын зерттеу, таным, этика, саясат, саяси экономия сынды салаларында жаңа рухты нәтижесіз иеленетін барлық жеке мәселелер шешіледі.

Бұл ой-сана ақиқаттың қатарына жатады, олар бұрын да барлық айқындылығымен айтылған болатын, енді ешқандай қарсылықты тудырмайды. Ол Батыс Еуропа мәдениетінің және оның дүниені сезінуінің ішкі қажеттіліктерімен байланысты. Ол өмірге көзқарасты түбірімен өзгертуге арналған, кімде-кімнің оны ұғынуға қол жетсе, онда оның өзін іштей меңгергені деп білу керек. Әлемнің бізге соншалықты тән және қажетті картинасы бүкіләлемдік-тарихи даму болып табылады, біз осы дамуды бастан кешудеміз және біз оны әлі күнге әлдебір органикалық тұтастық ретінде ретроспективте қарастыруды үйрендік. Бұл туралы әзірге тек физик ғана өзінің есептеулерінде армандай алады. Бұл, тағы да қайталап айтайын, коперниктік птолемеевтік аспектіні алмастыруды және, демек, тарихи саладағы өмірлік көкжиекті шексіз кеңейтуді білдіреді.

Әлі күнге ойға келетіннің бәрін болашақтан күтуге тыйым салынбайды. Фактілер жоқ жерде, сезім билік етеді. Алға қарай әркімнің міндеті келешекті барлап қарау болып табылады, ал тағдырдың бол май қоймайтыны онсыз і(а болады, демек, жеке идеалдардан, үміттер мен тілектерде әлдебір тәуелсіз болады. Егер біз «бостандық» деген сөзді қолданатын болсақ, біз басқаны емес, тек қажеттіні немесе әлде бірдеңені жүзеге асыруға еріктіміз. Оны «игілік» ретінде сезіну - адамның фактілерді ажыратуына мүмкіндік береді. Бұл туралы өкіну не теріске шығару оны ешқандай өзгерте алмайды. Өлім адамның туған сәтімен, қарттық жастықпен, өмірдің гештальті мен оның ұзақтығының алдын ала белгіленіп қойған шекараларының өмірімен байланысты. Қазіргі дәуір - мәдениеттің емес, өркениеттің дәуірі. Сол арқылы мүмкін болмауына байланысты өмірдің тұтастай қатарларының мазмұны жоғалып кетеді. Бұл туралы өкінуге және өкінішті пессимистік философия мен лирикада білдіруге болады - алға қарай да солай бола береді, - бірақ оны өзгерту мүмкін емес.

Мен келешектің контурлары мен бағытына қатысты сенімділікті иландыратын және үлкен үміттерді үзетін әлемнің сондай аспектісіне қарсылықты тыңдауға дайынмын, егер оның бірде таза теориядан гөрі ауқымдылыққа қолы жетсе, егер ол келешекті қалыптастыруда шын мәнінде рол атқаратын адамдар тобының практикалық дүниеге көзқарасы болса, ол өмірге қарсылық және көптеген адамдар үшін жай жазмыш болған болар еді.

Мен мұндай пікірді жақтамаймын. Біз өркениетті адамдармыз, біз готиканың және рококоның адамдары емеспіз; бізге өмірдің ұсынған қатал және салқынқанды фактілерімен санасуға тура келеді, ондай ұқсастық Периклдік Афинада емес, цезарьлық Римде кездеседі. Батысеуропалық адам үшін ұлы сурет өнері мен музыка туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Оның архитектоникалық мүмкіндіктері осыдан жүз жыл бұрын сарқылып қалған. Бірақ мен, егер еңбекқор және шексіз үміттері бар ұрпақ кезінде ондай үміттің қандайда бір бөлігінің орындалуы мүмкін еместігін білетін болса, одан келетін зиян жоқ деп есептеймін. Ол ең қымбат үміттер бола берсін; кім оған берілсе, ондай соққыдан есін жияды. Әрине, егер олар шешуші жылдарда сәулет, драма, бейнелеу өнері саласында өздері үшін игеретін ештеңе қалмағанына сенім жетегіне келсе, бұл кейбіреулер үшін қайғылы аяқталуы мүмкін. Солай-ақ бола қойсын. Әлі күнге бәрі де бүл арада ешқандай шектеулерді бірауыздан мойындамады; әр уақытта әр салада өзінің міндеті бар деп есептеді: оны тапты, және, оны күштеу жолымен және арды аттай отырып табу керек болды; былайша айтқанда, тек өлімнен кейін осы сенімнің негізі болды ма, еңбек өмір бойына қажетті болды ма, әлде керек емес пе еді деген мәселелер айқындалды. Бірақ әркім, егер ол нағыз романтик болмаса, ондай саңылауды жоққа шығарады. Бүл римдіктерді ерекшелендірген паңдық емес. Кені таусылып қалған рудникке байланысты «ертең бүл жерден жаңа арна ашылады» деуден қандай пайда бар - қазіргі өнер де өзінің жаппай және алдамшы стилистикалық білімдерімен осы күйді бастан кешкендей, -жоғарыда айтқан кен орнының кеншілерін одан алыс емес жердегі жаңа орындағы байлықты игеруді ұсынса мәселе басқа болар еді? - Мен бүл ілімді болашақ ұрпақ үшін игілікті іс ретінде қарастырамын, өйткені, бұл оларға дәуірдің ішкі мүмкіндіктеріне ненің мүмкін, яғни қажеттігін және ненің жатпайтындығын көрсетіп береді. Әлі күнге орасан зор қаражат пен күш-жігер жалған жолдарға жұмсалды. Батысеуропалық адам, тарихи тұрғыдан қалай ойланбасын, және қалай сезінбесін, оның таңдаған бағытының ақиқаттығына өзіне есеп береді. Ол, егер сыртқы жағдайлар кедергі жасаса, жолынан адасады, жан-жағын қармалаумен болады. Бұл арада оған тек ғасырдың еңбегі ғана барлық мәдениеттің контекстінде оз өмірінің жағдайын зерделеуге және өзі не істей алады және не істеуі тиіс деген мәселелерде тексеруге мүмкіндік беріледі. Егер осы кітаптың әсерімен жаңа ұрпақтың адамдары лириканың орнына техникаға, сурет өнерінің орнына әскери-теңіз қызметіне мән берсе, онда олар менің ойлағанымдай әрекет еткені деп білу керек, және одан артық оларға ештеңе тілеудің өзі мүмкін емес.

15

Сонымен қатар бүкіләлемдік тарих морфологиясының философияға қатынасын айқындау керек. Әрбір түпнұсқа тарихи қарастыру нағыз философия болып табылады... Бірақ философ-жүйелендіруші өз нәтижелерінің мәңгілікке қатысты коп адасушылыққа ұшырайды. Ол әрбір ой тарихи әлемде болатын фактіні назардан шығарып алады және, демек, барлық өткеннің жалпы тағдырын бөліседі. Ол жоғары дәрежедегі ойлау әлдебір мәңгілік және өзгермейтін нәрсені иеленеді, барлық кезде маңызды мәселелер бір мәнге ие болады және оларға қашанда болса да түпкілікті жауап беруге болады деп ойлайды.

Бірақ сұрақ пен жауап бұл арада тұтасып кеткен, және негізінде толықтай белгілі жауап бойынша соншалықты жабырқаушылық жатқан әрбір маңызды сұрақ тек өмірлік символдың маңыздылығын иеленеді. Ешқандай мәңгілік ақиқат жоқ. Әрбір философия өзінің, тек өзінің уақытының көрінісі, бірдей философиялық интенцияны иеленетін ондай екі дәуір жоқ, бұл арада әңгіме сезімдердің пайымдауы немесе категорияларының формаларына қатысты әлдебір академиялық түкке тұрмайтын нәрсе туралы емес, нағыз философия туралы болып отыр. Суайырық мәңгілік және өткінші ілімдер арасында емес, белгілі бір уақыт аралығында өміршеңдігі дәлелденген ілімдер арасында орналасады не мүлдем болмайды. Туындаған ойлардың өткінші еместігі - бүл иллюзия. Негізгі жасалатын қорытынды адам онда қандай орын алатындығына болады. Адам неғұрлым маңызды болса, философия да шындыққа жанасымды - өнердің ұлы туындысының ішкі шындығы тұрғысынан алғанда, ол жекелеген ережелердің дәлелденетіндігіне және тіпті қарама-қайшы келмеуіне тәуелді емес. Айрықша жағдайларда, ол аталған дәуірдің барлық мазмұнын тамамдауы мүмкін, оған айтарлықтай форма беріп, оны ұлы тұлғаға айналдырып оны өзінде жүзеге асырады, осылайша оны одан әрі дамуға береді. Философияның ғылыми костюмі, ғылыми бетпердесі бүл арада ешқандай рол атқармайды. Жоқ ойлардың аясында жүйені негіздеуден оңай нәрсе жоқ. Бірақ тіпті керемет деген ойдың өзі, егер оны ақымақ айтса, түкке тұрмайды. Тек өмірлік қажеттілік ілімінің дәрежесін айқындайды.

Осы орайда мен ойшылдың сол оз дәуіріндегі ұлы фактілерге қырағылығын бағалап көремін. Мәселенің байыбына терең бойламаған философ шындықтың аясын тарылтып жібереді, ол ешқашан жоғары дәрежелі бола ал¬майды. Сократқа дейінгілер үлкен стильдегі көпестер мен саясатшылар болды. Платон Сиракузада өзінің саяси идеяларын жүзеге асырмақшы болғанда өмірімен қоштасуға шақ қалды. Сол бойда Платон бірқатар геометриялық ережелерді тапты, оларды антиктік математиканың жүйесін құру үшін Евклидке берді. Паскаль, Ницшенің айтуынша, «әлсіреген христиан» ретінде ғана, ал Декарт, Лейбниц өз кезеңінің бірінші математиктері және техниктері болды.

Кван-цзыдан (670 жылдар шамасында) бастап Конфуцийге дейін (550-478) Қытайдың ұлы «Сократқа дейінгілері» Пифагор мен Парменид, Гоббс және Лейбниц тәрізді мемлекеттік қызметкерлер, билеуші монархтар, заң шығарушылар еді. Тек әртүрлі мемлекеттік биліктің және үлкен саясаттың қарсыласы, шағын бейбіт қауымдастықтардың фанатигі Лао-цзфыдан бастап дүниеден және тұйық катедер-философияның алғашқы өскіндерінің прагмафобийден қол үзуі пайда болады. Бірақ өзінің дәуірі, Қытайдың ancien regime үшін, ол философтың белгілі типімен салыстырғанда өзін ерекше сезінді, ол үшін таным теориясы нақты өмірдің ұлы жағдайларының білімін білдірді.

Мен бұл арада таяудағы өткен кезеңнің барлық философтарына қатты қарсылықты байқаймын. Оларға жетіспеген нәрсе нақты өмірдегі батыл ұстанымдар болатын. Олардың бірде-бірі ешқандай әрекетімен де, бір күшті ойымен де жоғары саясатқа, қазіргі заманғы техниканың, хабарлау құралдарының, халық шаруашылығының дамуына, ірі ауқымдағы шындықтың қандай да бір аспектілеріне араласа алмады. Олардың бірде-біреуімен математика, физика, қоғамдық-саяси ғылым саласында ешқандай санасудың қажеті болмады, бұл одан бұрын Канттың жағдайында болған еді. Мұның не екендігін түсіну үшін басқа дәуірлерге жай көз жүгіртсе жетіп жатыр. Конфуций бірнеше мәрте министр болды; Пифагор Кромвельдік мемлекетін еске түсіретін айтарлықтай32 саяси қозғалысты ұйымдастырды және осының бәрі әлі күнге дейін ежелгі дүниенің тарихын зерттеуші мамандармен толықтай бағаланып болған жоқ. Гёте басқарған министрлік жоғары үлгіде болды және ол ұлы мемлекетті аңсады, Суэц және панама каналдарының құрылысына олардың әлемдік экономикаға қосатын үлестері тұрғысынан қызығушылық танытты және оны жүзеге асырудың мерзімін дәл болжай білді. Американың шаруашылық өмірі, оның көне Еуропаға кері эсері мен қарқынды дамып келе жатқан машина индустриясы оның назарын үнемі аударумен болды. Гоббс Англия үшін Оңтүстік Американы иеленуге қатысты ұлы жоспардың бастамашыларының бірі еді. Ол кезде басталған іс Ямайканы жаулап алудан әрі бармаса да, ол ағылшындардың отаршылдық империясының негізін қалаушылардың бірі болды. Батысеуропалық философиядағы сөзсіз данышпанның бірі саналатын Лейбниц дифференциалды есептеу мен analysis situs, өзі қатысқан ірі-саяси жоспарлардың негізін қалаушы, Германияны саяси релаксациялау мақсатында жасалған XIV Людовиктің меморандумінде француз әлемдік саясаты үшін Египеттің маңызын негіздеп берді. Оның ойларының і ол дәуірден озып кеткені соншалық (1672), кейіннен оны Наполеон өзінің Шығысқа жорығында пайдаланған екен. Лейбництің сол кездің өзінде Ваграмнан бастап, атап айтқанда, Рейнде және Бельгияда иелену Францияның жағдайын ұзақ уақытқа жақсарта алмайды және Суэц каналы бір кездері әлемдік билікке кілт болатыны анық дегенін Наполеон жақсы түсінді. Философтың терең мәнді және стратегиялық пайымдауларын корольдің жете түсінуге өресі жетпегені сөзсіз.

Осындай данышпандардың көзқарасын қазіргі кездегі философтарға телудің өзі ыңғайсыз. Бұл неткен бейшаралық! Саяси және практикалық көкжиектің қандай жай қатардағы жағдайы десеңізші! Мемлекеттік қызметкер, дипломат, кең ауқымды ұйымдастырушы, қандайда бір ірі отарлық, сауда немесе көлік кәсіпорнының басшысы ретінде өзінің рухани деңгейін олардың ішінде әлдебіреуі көрсете алды ма? Бірақ бұл өзіндегі тереңдіктің емес, салмағының болмауының белгісі. Мен айналама мұқият қарай отырып, бүгінгі күннің өзекті мәселесі бойынша терең мәнді және алға озған пайымдауды жасағандарды солардың ішінен іздеймін. Сонда мен жаппай провинциалдық пікірлерге ұшырастым, ал ондай пікірді кез келген адамнан естуге болады. Мен қазіргі заманғы ойшылдың кітабын қолға ала отырып, ол өзі әлемдік саясаттағы нақты жағдай туралы, әлемдік қалалардың, капитализмнің, мемлекеттің болашағы, техниканың өркениеттің, орыс стихиясының, ғылымның дамуымен байланысы туралы ойлана ма екен деп өзіме өзім сұрақ қоямын. Гёте мұны түсінер еді және ұнатар еді. Көзі тірі философтардың ішінде осыны біртұтас назармен қамтитын бірде-біреуі жоқ. Мен қайталап айтайын, әңгіме философияның мазмұны туралы емес, мәселе оның ішкі қажеттігінің, оның жемістілігінің және оның символикалық маңызының күмәнсіз белгісі туралы болып отыр.

Осы келеңсіз нәтиженің мүмкін болатын салдарына алданып қалуға болмайды. Философиялық белсенділіктің соңғы мағынасы назардан тыс қалған. Оны уағызбен, үгітпен, фельетонмен немесе арнайы ғылыммен шатыстырады. Құс ұшатын биіктіктегі перспективадан төмендегі бақа жатқан перспективаға төмендеу орын алды. Осы орайда жалпы алғанда, бүгін немесе ертең нағыз түпнұсқа философия болуы мүмкін бе деген сұрақ туындайды? «Философиялық ойдың жаңа өрлеуі» деген сылтаумен әбден шайналған сағыздай соза бергенше, плантатор немесе инженер тәрізді нақты іспен шұғылданған жөн емес пе, ешқандай пайдасы жоқ құрғақ теориядан гөрі ең болмаса бір авиациялық двигатель құрастырған артық шығар. Бұдан бұрын жүздеген өзінен бұрынғы болғандар айтып кеткен ерік пен психофизикалық параллелизм ұғымына қайта айналып соғып, қайта тұжырымдама жасай берудің өзі «мамандық» болуы мүмкін, бірақ ол философия емес. Дәуірдің өмірін оның ең қазыналы тереңдігіне дейін қамти алмағанның не өзгерте алмағанның бәрі жариялауға жатпауы тиіс. Кешегі күні әлі де болса мүмкін нәрсе, бүгінде соншалықты қажетті бола қоймайды.

Мен математикалық және физикалық теориялардың тереңдігі мен дәлдігін ұнатамын, олармен салыстырғанда эстетик пен физиолог шалағай болып көрінеді. Экспресс кеменің, болат құятын зауыттың, прецизиялық аппараттың айқын, жоғары интеллектуалды формалары, өзге де химиялық оптикалық ресімдердің нәзіктігі мен әдемілігі үшін мен бейнелеу өнері және архитектурамен бірге қазіргі қолданбалы өнерлердің бүкіл стильдік қоқыр-соқырын үстеме етіп берер едім.

Мен римдік храмдар мен мүсіндерді құрметтеймін. Мен Колизейді және Палатиннің асқақтаған күмбездерін ұнатамын, өйткені, кірпіштен салынған қоңыр түсті құрылыстар нағыз римдік рухты, олардың инженерлерінің тапқырлық шешімдерін паш етіп түр. Олар, егер цезарьлық құрылыстарға жататын мәрмәр тастан қашалған тізілген тас мүсіндер, фриздер мен қүй тырқы архитравалар тәрізді болса, оған мен елең ете қоймас едім. Бұл айтқандарға мысал ретінде императорлық форумдардың құрылысына көз салсаңыз жетіп жатыр: көз алдыңызға қазіргі заманғы беймаза, зор, бос тұратын көрмелер келеді, бұл периклдік грекке және рококо адамына жасалған материалымен де, көлемімен де жат көрінер еді, айта кетелік, бұл Рамсес II кезеңіндегі Луксор мен Карнактың үйінділерін, Р.X. дейінгі 1300 жылғы модерннің египеттік стилімен теңеседі деуге болады. Нағыз римдік рим өркениеті негізіндегі Gratculi histrionem, «артисті», «философты» жек көруі жайдан-жай емес. Өнерге және философияға бұл дәуірде орын болған жоқ: олар сарқылған, ығыр болған, басы артық болды. Оған мұны өмірлік шындықтың түйсігі жеткізді. Бір римдік заң сол кездегі лирика мен метафизика мектептерінің барлық кітаптарының салмағынан ауыр еді. Мен осы орайда айта кетейін, тәжірибелік психология саласымен тікелей айналысатындарға қарағанда, қазіргі кезде басқа өнертапқышта, дипломатта және қаржыгерде нағыз философ қасиеті жасырынып жатқандығын сеніммен айта аламын. Осындай ахуал белгілі бір тарихи сатыда қайталанып отырады. Егер қандайда бір алғыр ойлы Римдікке консул немесе претор ретінде әскерді басқар, провинцияны қалыпқа келтір, қалалар мен жол сал немесе Римде «бірінші бол», Афинада немесе Родоста Платоннан кейінгі катедер-философияның қандайда бір жаңа шалағай әралуандығын қолдану керек десе, өрескел көрінер еді. Әрине, ешкім де оны істемейтіні түсінікті. Бұл уақыттың бағытына сәйкес келмейді және оған алдыңғы күні уақыт рухына әркез жармаса кететін үшінші сорттағы адамдар тартылуы мүмкін. Осы орайдағы маңызды сұрақ - біз үшін мұндай кезең келді ме, жоқ па.

Жоғары көркемдік және метафизикалық өнімге сұраныс болмаған кезде таза экстенсивті қызмет ғасыры - қысқаша айтқанда, дінсіз дәуір, бұл әлемдік қала ұғымына толықтай сәйкес келеді, - құлдырау кезеңі болып табылады. Оған күмән жоқ. Бірақ біз осы кезеңді таңдаған жоқпыз ғой. Біз Фидийдің немесе Моцарттың уақытындағы күні жарқырап шығып тұрған пісіп-жетілген мәдениетте емес, толық өркениеттің алғашқы бастауында туғандықтан ештеңені өзгерте алмаймыз. Бәрі де осы жағдайды, осы тағдырды біз өзімізге қаншалықты түсіндіруімізге және оған қатысты өзімізді алдарқатуға, бірақ одан кете алмайтындығымызды түсінуге байланысты. Осыны жете түсінбеген адам өз замандастарының арасында есепте жүре алмайды. Ол есалаң, көз бояушы немесе педант болып қала береді.


Мазмұндас кітаптар

1 Мархабат Байғұтәңгіме
2 Сәкен Иманасовөлеңдер
3 Шерхан Мұртазароман
4
5 Төлен Әбдіковповесть
6 Қабдеш Жұмаділовповесть
7 саясат
8 Дүкенбай Досжанәңгіме
9 Смағұл Елубайәңгіме
10 Мұқан Иманжановәңгіме

Пікірлер:


Жолдаушы №: #117, : 20:05 - 2019/09/04

Сәлем достар, менің атым Вәлерий Белянин, мен Нұр-Сұлтанмын, мұқтаждарға ізгі хабарды тарату үшін келдім. Әйелім мені басқа еркекке тастап кеткенде, мен қәтерлі ісікке шалдыққаныма байланысты жұмысты тоқтата тұруды өтінгенде, мен депрессияғә түстім. сынды. Ол менің жалғыз қызымды алып кетті, сондықтан мен оған жалғыз қоңырау шалуға тырыстым, бірәқ ол мені елемеді, мен оның мәтіндік хабарламаларын жібердім, ол кенеттен жауап берді және маған енді оған қоңырау шалмауды немесе SMS жібермеу керектігін айтты, сондықтан мен бір күні байланысқа шықтым. менің фейсбуктегі досым, мен оған бірдеңе түсіндірдім, ол сондай мәселелердің болғанын айтты және ол мені Дригбинөвия деп аталатын емле кәстөрімен таныстырды, ол маған жеке электрөнді пошта байланыстарын жіберді doctorigbinovia93@gmail.com Мен өнімен байланысып, ол маған тез жауап берді, мен оған өзімнің прөблемәләрімді түсіндірдім және ол мұны көптеген адамдар үшін жасады деп уайымдама дедім, мен ешқәшән өрфөгрәфияғә сенбейтін адаммын, бірәқ мен оны сынап көруден бас тарттым, ол мені 24 сағатқа тастауға сендірді зәклинәние, сөнімен қатар мені қәтерлі ісік ауруынан емдеп, маған жақсы жұмыс жасаңыз, ол кенеттен маған ауруыма арналған дәрі-дәрмектерді жіберді, мен оны 2 күнде қабылдадым, ал мен бос болдым, келесі күні өз көзіме ешқәшән сенбедім, біреу менің есігімді қақты және Мен сол күні ешкімді күтпеген едім, ол кенеттен ол менің әйелім болды Көзіме жас келді, мен шыдай алмадым, ол менімен жалбарынып, кешірім сұрады, маған көмпәниядә


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.