Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-141757522045 %55 %
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-1643998254 %46 %


Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Абай Кунанбаев. Олендер мен аудармалар. Биринши китап::Өлеңдер мен аудармалар. Бірінші кітап

Кітәпханаға қайту

Өлеңдер мен аудармалар. Бірінші кітап ->
Апторы: Абай Құнанбаевөлеңдераудармалар
Өлеңдер мен аудармалар. Бірінші кітап - Көрілім: (2474)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


ЛАЙ СУҒА МАЙ БІТПЕС ҚОЙ ӨТКЕНГЕ

Лай суға май бітпес қой өткенге,

Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.

Сол қасқырша алақтап түк таппадым,

Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?

Берген бе тәңірім саған өзге туыс?

Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс.

Шарықтап шартараптан көңіл сорлы

Таппаған бір тыянақ не еткен қуыс?

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,

Өзіне құмар қылған оның әмірі.

Халиққа104 махлұқ ақылы жете алмайды,

Оймен білген нәрсенің бәрі — дәһрі105.

Өзгені ақыл ойға қондырады,

Біле алмай бір тәңіріні болдырады.

Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,

Талпынып тағы да ойлап зор қылады.

Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,

Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.

Ақылдың жетпегені арман емес,

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.

Мекен берген, халық қылған ол ләмәкан106

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың, оны ойламай,

Өзге мақсат ақылға тола ма екен?

Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ,

Иілтіп екі басын ұстаған хақ.

Имек жолда тыянақ, тегістік жоқ,

Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.

* * *


Мазмұндас кітаптар

1 Хамза Есенжановәңгіме
2
3 Мұстай Кәрімәңгіме
4 Мұхтар ӘуезовАбай
5 әлемдік философиялық мұра
6 Дидахмет Әшімханәңгіме
7 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлыдастандар
8 Жырлар
9 Рабиндранат Тагорәлем әдебиеті
10 Нұрдәулет Ақышәңгіме

Пікірлер:


Жолдаушы №: #116, : 05:30 - 2019/08/23

Халиқ


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.