Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-231391591239 %61 %
2019-10-24000 %100 %


Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Магжан Жумабаев. Шыгармалары::Шығармалары

Кітәпханаға қайту

Шығармалары ->
Апторы: өлеңдер
Шығармалары - Көрілім: (2261)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


МЕНІ ДЕ, ӨЛІМ, ӘЛДИЛЕ

Қажыдым енді, күш бітті,

Көңілсіз, салқын, күн бұлтты,

Жел бұйығып тербелед.

Әлдекімнің өлгенін,

Оны қалай көмгенін,

Әңгіме ғып күңіренед.

Жел, күңіренбе, жасың тый,

Өлім күйі — тәтті күй.

Балқиды жаным бұл күйге.

Мені де, өлім, әлдиле...

Әлдиле, елім, әлдиле!..

Қара орманның шетінде,

Нағыз желдің өтінде

Өскен жалғыз жас қайың

Былқ - сылқ етіп билеген,

Сылдыр - сылдыр күйлеген,

Болсын онда не уайым?

Сол жас қайың құлапты,

Жанында жел жылапты.

Балқиды жаным бұл күйге.

Мені де, өлім, әлдиле,

Әлдиле, өлім, әлдиле!..

Қолына ала ту алып,

Қылышын қанға суарып,

Тау суындай тасыған.

Қарақат көзін қан жауып,

Қабағынан қар жауып,

Ойын салған жас ұлан.

Майданда ұлан қайтыпты,

Жел иманын айтыпты..

Балқиды жаным бүл күйге,

Мені де, өлім, әлдиле!

Әлдиле, елім, әлдиле!

Әлдеқайда бетпақ шөл,

Бетпақ шөлде жалғыз жол

Сол жолменен жалғыз жан

Түн бойы талмай жүріпті,

Табанын тастар тіліпті,

Келгенде атып алтын таң

Сорлы шөлде өліпті,

Жел құмменен көміпті.

Балқиды жаным бұл күйге,

Мені де, өлім, әлдиле!..

Әлдиле өлім, әлдиле!..

Бетінен алма қан тамған,

Тілінен тәтті бал тамған,

Бұйра толқын шашы бар

Күлкісі меруерт шашылған,

Өзі — гүл жаңа ашылған,

Дәл он бесте жасы бар

Сұлу көп жас төгіпті,

Тұншығып жасқа өліпті.

Балқиды жаным бүл күйге

Мені де, елім, әлдиле...

Әлдиле, өлім, әлдиле!..

Талпынған жаңа нәресте,

Ақ қанатты періште,

Былдырлаған бұлақтай,

Көрінген жанды күлдірген,

Жаңа піскен бүлдірген,

Балауса нәзік құрақтай,

Қайтыпты қозы көз тиіп,

Бетінен кепті жел сүйіп...

Балқиды жаным бұл күйге.

Мені де, өлім, әлдиле...

Әлдиле, елім, әлдиле!..

Алыста айдын шалқыған,

Көбігі меруерт балқыған.

Сол айдынның астында

Бар екен алпыс ақ отау,

Алтын уық, жібек бау.

Бәрі он алты жасында,

Отау сайын толқын шаш,

Толқын шаштар жалаңаш...

Балқиды жаным бұл күйге.

Мені де, өлім, әлдиле...

Әлдиле, елім, әлдиле!..

Жаңа піскен балдырған,

Сүйсе мейір қандырған,

Айдынға барып түсіпті.

Отауларды аралап,

Жас жүрегін жаралап,

Сұлуларды құшыпты.

Құшыпты да өліпті,

Жел толқыннан біліпті...

Балқиды жаным бүл күйге.

Мені де, өлім, әлдиле!..

Әлдиле, елім, әлдиле!..

Балдырғанмен бастасып,

Сұлумен қол ұстасып,

Жас ұланмен жолдас боп,

Жас қайынды колға алып,

Баланы сүйіп бір қанып,

Жолаушымен мұңдас боп,

Мен де тезірек өлейін,

Әлі жаспын демейін,

Балқиды жаным бұл күйге.

Мені де, өлім, әлдиле...

Әлдиле, өлім, әлдиле!..

Бетімнен тәтті бір сүйіп,

Алдыңа алшы әлдилеп,

Келші, өлім, тезірек.

Жан ұшудан тоқтады,

Жынданып енді соқпайды

Кешегі асау жас жүрек.

Бетімнен тәтті бір сүйіп,

Алдыңа алшы әлдилеп...

Балқиды жаным бұл күйге.

Мені де, өлім, әлдиле...

Әлдиле, өлім, әлдиле!..


Мазмұндас кітаптар

1 философия
2 Бауыржан Момышұлыәңгіме
3 дастан
4 естеліктер
5 Гүлжауһар Сейітжанәңгіме
6 Сәкен Иманасовестеліктер
7 Нұрдәулет Ақышәңгіме
8 дастан
9 Ғабиден Мұстафинәңгіме
10 дастан

Пікірлер:


Жолдаушы №: #111, : 19:52 - 2019/05/19

Керемет өлең!


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.