Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-16820225637 %63 %


Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Саттар Ерубаев. Менин курдастарым::Менің құрдастарым

Кітәпханаға қайту

Менің құрдастарым ->
Апторы: Саттар Ерубаевроманәңгімелер
Менің құрдастарым - Көрілім: (1596)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Роман туралы әңгіме

(Романның увертюрасы)

Менің бір жолдасым болды. Ол қарап келе жатып, айқайлағым келеді, көрінген жұртты құшақтап сүйгім келеді дейтін. Бақыттылықтан ғой деймін.

Мен бір әңгіме жаздым. Ол менің көрінгенді құшақтап сүйгенім, бірінші шыққан айқайым еді. Онда шеберлік, жазушылық жоқ болғанымен, жаңа сезім бар еді.

Бірақ, бақытты болу бір басқа да, сол бақытты тани білу бір басқа екен. Ол сезімді көп жолдастардың түсінгісі келмейді.

─ Адам баласын бақытты ететін сөзді тыңдап жатып адамның өлгенін сезбей қалуы мүмкін бе? - дейді олар.

Жаңа сезімді түсіне білу үшін сыншыл болу, саясатшы болуы аз екен, сол сезімнің денеңді дуылдатып, жүрегіңді тулатып толқытуы қажет екен. Былайынша айтқанда, жаңа сезіммен бойыңның теңдесі болуы керек екен.

Сезім туралы айта түсейінші...

Киров өлгенде Ленинградтары менің бір жолдас қызым былай деп маған хат жазды:

«Әкем Сергей Мироновичтің өлгенін естіп, заводтан келді де, сандықта жатқан ескі наганын алып майлап, сүртіп, тыныш таппай, жауға аттанатындай түнімен ұйықтамады. Осы жағдайды сөзбен айтып болмайтын бір аса жалынды, сәулелі сезім бар».

Мен жолдас Киров өлімі жөнінде көп өлең, поэмалар оқыдым. Бірақ оның ешқайсысы да жоғарғы хат сияқты қанымды қыздырып, жүрегімді толқытқан жоқ. Осы бір нәрсе әдебиетке өте қажет қасиет екен-ау деп түсініп едім, сонда бір.

Мен сезім жөнінде біреуге сабақ берсем бе деп отырғаным жоқ. Сезім жөніндегі сабақты бәріміз бірігіп тыңдасақ деп отырмын. Сол сезімді толықтайтын кітапты тыңдасақ деп отырмын.

Өмірге сүйген жардай ғашық болғандардың бірі – менмін. Бәріміздің өміріміздің басталуы бар. Барлығымыздың да өмірде бастан кешірген аса тәтті минуттеріміз бақытпен бетпе-бет кездескен уақытымыз барлық өміріміздің тағдырын шешіп берген кезеңдеріміз, өлгенше ұмытылмайтын, еске түссе жүректі тулататын уақиғаларымыз бар. Міне, бұл әңгіме сезімнен басталып, менің бастан кешірген аса тәтті қымбат минуттеріме, өмірімнен бет алған бағытына арналмақшы. Бірақ өмірімнің бағытына жол сызып берген кезеңінің өзі сол жаңа сезімінің жасалуы мен сезімді оятатын кітаптар еді. Ол менің саналы өмірдің соқпағына түспеген кезім еді. Мен өмірімді де, оның бақытын да содан кейін таптым. Ыстықпен де, суықпен де содан кейін таныстым. Мен жүрегімнің отын да, өмірімнің мазмұнын да содан кейін жасадым.

Мен онда 12 жасар едім. Ағам менің сабақты қалай пысықтағанымды бақылап, қадағалап тұратын. Ол өте қатаң еді Бір күні ол Анри Барбюстың жаңа шыққан романын алып келді

─ Осыны оқып, мазмұнын маған айтып берерсің, - деді. Мен әлденеше күн соңына түсіп жүріп «Отты» оқып шықтым. Бірақ түк түсіне алмадым. Екінші рет оқып шықтым, романда Барбюстың суреті бар еді Суретінде ол үлкен қара көзді қою қара мұртты, әдемі – ақ еді Содан кейін Барбюс десе окопта жатқан ұшы-қиырсыз көп солдаттардың ішінен көтеріліп, жалпы әлемге айқай салып тұрған қара көзді, қара мұртты, әдемі кісі көзіме елестейтін .

Мүмкін, бұл Максим Горькийдің жазған беташарының әсері болар.

Ағайым:

─ Осындай ұлы адам біздің компартияның мүшесі, - деп тіпті мақтанып қалатын.

Кейінірек, өмір бақытының дәмін тата бастаған соң қандай тілек болса да, орындалатынына көзім жете бастаған соң, Анри Барбюсты көруге өте құмар болдым.

Бұл құмарлықты өмірімнің барлық ой-қырынан алып өтіп, 1935 жылға дейін әкелдім. 1935 жылы жастайымнан жанымның арманы - Барбюсты көрдім. Бірақ мен көргенде ол консерватория залында үлкен қара көздерін мәңгілік жұмып жатыр еді Мен сөйтіп оның отты көздерін кере алмадым. Мен оған жер бетінен кетер алдында кездесіп, бірнеше рет, ақтық рет алдынан өтіп бара жатып жылап жібердім. Мен бұрын еш уақытта да жыламаған едім. Тек мынадай бір жардай болды.

1931 жылы Ленинградта оқып жүргенімде «әкең өлді» деген телеграмма келді Мен жылағаным жоқ. Бірақ, неге екенін қайдам, жолдастарымның барлығын жинап алып, «әкем өлді» деп айттым да, жүгіріп үйге кетіп қалдым. Кешке біздің екінші курстағы барлық студенттер жиналып келіп, маған көңіл айтты. Менің қайғыма ортақ екендерін білдірді. Сонда грузин баласы - жолдасым Сивадзе: «қайғырма, біз екеуміз Совет үкіметі дейтін өлмейтін әке тауып алғанымыз жоқ па», - деді Сонда мен қайғыдан емес, қуанғандықтан жылап жібердім. Өмірде жалғыз емес екенімді сезу, бүкіл Отан болып мені сүйетінін сезу мені аса бақытты етті, жолдасымның өте жылы сөзі көңілімді босатып-ақ жіберді.

Мен жаңа сезіммен, интернационалдық сезіммен осылай кездесіп едім.

Мен өмірдегі ең тәтті минуттерді, бақытты содан кейін таптым.

Мен осы әңгімені теңіз желіне кеудемді тоса тұрып жаздым. Өмірдің жолына, бақыттың соқпағына ең алғаш түскен минуттер аса қымбатты болды. Сол алыстағы минуттер жел болып кеудеңе соғып, ауа болып ішіңе кіріп жатқандай болады. Сол тәтті минуттер теңіз желіндей көңілді көтереді желпіп үрлейді, ескірген тұзды исі кең дем алдырады.

...Баяғыда, бұдан көп болды, мен онда сегіз жасар едім; ауылда асық ойнап, қозы жайып жүретін едік. Өмірде қала көрмеген, қолына қағаз ұстамаған әжем бірінші рет қалаға барып, маған бір кітап әкеліп берді Ешкімге көрсетпей, мені оңашалап шығарып алды да:

─ Қалқам, болашақтан үмітіміз бар. Мынау дүниедегі барлық аналардың қамқоры, жанашырының жазған кітабы дейді Бұл әулие адам дейді. Осыны өзі өскенде оқып, маған түсіндіріп берерсің. Ешкімге бермей, жыртпай сақта, - деді. Содан бері көп жыл өтті. Одан бері мен бақытты да, қуаныш, махаббатты да өмірден таптым. «Жерде адам болу - үлкен бақыт» - дейді ұлы жазушы. Мен осы ұлы бақытқа ие болдым.

Мен осы өмірімнің қырынан қарғып, ойынан орғып өткенде де осы анам берген кітапты тастағаным жоқ.

─ Бақытты, шырағым, құдай бермек еді Әзрет Сұлтан бермек еді, енді осы кітап берер, оқы, шырағым - деген еді әжем. Осы кітап маған бақыт берді. Мен анам берген кітапты «барлық аналардың бірден-бір қамқоры, жанашыры жазған кітапты», ең бірінші рет Әзрет Сұлтанның дәл түбінде отырып оқыдым. Кітаптың басы жыртылып қалған екен. Мен оқып болған соң, базардан жарты кез қызыл шүберек сатып алдым да, ағашқа ту қылып тағып, әжеме апарып бердім.

─ Кітап беретін бақыт осы көрінеді - дедім.

Кітаптың атын, авторын білмесем де, ішінен түсінгенім осы еді Ертеңіне әжем қолына қызыл ту алып, бірінші рет Май митингісіне шықты. Бұл бүкіл аналардың қамқоры болған адамға сенушіліктің күштілігіне еді.

Кейін, 29 жылы Ленинградта сол кітапты талқыладық. Ол кітап Максим Горькийдің «Анасы» екен.

1931 жылы Түркістан барғанда Максим Горькийдің үлкен портретін ала бардым.

─ Бұл кім? - деді әжем.

─ Бұл баяғы өзі берген кітапты жазған «барлық аналардың жанашыры» болған адам, -дедім мен.

Мәдениет жолы баспаған Азияға, хат танымайтын, қала көрмеген қара халықтың анасына да «барлық аналардың» қамқоры болып жете алған ұлы адамның ұлы шығармасымен мен осылай танысып едім.

Мен, Барбюс пен Горький жөнінде айтып отырғанда, олардың ұлы шығармаларының жүрек толқытатынын, әрбір оқыған адамның өміріне өзінше бағыт сілтеп беретінін айтпақшы едім. Бұл жалпы роман туралы, роман жазу туралы әңгіме еді.

Мен жазушы болғым келді. Горькийге ұсап жағалауда, теңіз желіне кеудемді төсей отырып, Макар Чудралардың әңгімесін тыңдағым келді Бұл Горькийдің әсері еді Горькийге еліктеп, теңіз жағалап көп жүрдім. Сұңқар жырын Горькийге айтып берген қойшы жолықса екен деп көп іздедім. Бір күні бір қойшыға жолықтым.

─ Горькийді білесің бе? - дедім.

─ Білгенде қандай, колхозымыздың аты - Горький.

─ Сұңқар жырын оқып па едің?

─ Я

─ Сол сияқты жыр айтып бересің бе?

─ Ондай жырды қайдан айтайын, өйткені оны дүниеде бір - ақ рет туған Горький жазған. Бірақ бір ертегі айтайын.

Сонда қойшы шал маған осы «Терек пен қызыл гүлді» айтып берді.

«Терек пен қызыл гүл»

Текше таудың бауырында, мөлдір бұлақ жағасында ұзын терек болатын еді. Бұл терекке жақын жерде, қалың шөптер арасында, жылда жайнап шешек атып, айналаға жұпар иісін тарататын бір қызыл гүл есетін еді.

Саяхатта жүрген жастар, мөлдір бұлақ жағасына көркем терек саясына кеп отырып демалатын, қызыл гүлдің жұпар иісін таза ауада еркін жұтып көңілденіп, шаттанатын.

Бір күндері бір сұлу қыз келіп бұлақ жағасынан қызыл гүлді керді - дағы қасына кеп отырды. Мен білем бе себептерін: қыз жүріп қызыл гүлге жақын болған ғой ежелден, әйтеуір ол содан кейін күнде келіп қызыл гүлді сылап-сипап мәпелейді Жан - жақтағы кесір етер, сәнін бұзар шөбін жұлып, әдемі етіп өсіреді.

Көкке мойнын созған терек, тәкаппар боп өскен ғой, ол іші күйіп қызғанады, сұлу қыз да қызыл гүл екенін қайдан білсін, сүйілген сұлу гүлге құмар болатынын қайдан білсін, қыз жүрегін ұрлап алған қызыл гүлді көп ойланып, мұқатпақшы болады терек.

Таң алдында қызыл гүлдер шешек атып сыланғанда, сұлу қыздай таранғанда, ұзын терек дөрекілеу сөз бастайды:

«Е, қызыл гүл, таң атарда шешек атып сыланасың, сұлу қыздай таранасың, бірақ сен гүл, табиғаттың сені әбден мазақ етіп, қор қылғанын сезесің бе? Өсімдіктердің ішіндегі ең жаманы сен боласың, ұзындығың бір - ақ тұтам, алабұта, қамыстардан бойын озып, мойнын асып еш нәрсені көре алмайсың. Ағаштарға патша, ұзын терек мен боламын, жер бетінде не болса да көріп, биік тұрам. Алабұта, қамыстардан басқа нәрсе көре алмаған сен де өзіңді ұялмастан бақытты деп санайсың - ау!»

Шешек атқан алқызыл гүл саспай былай жауап береді.

«Тәкаппар боп өскен терек, ақылың қысқа, бойың ұзын... Бойым қысқа болғанымен, адам маған бақыт берген. Жүз жыл өмір сүрсең - дағы, тастан басқа нені көрдің, тау артында нелер барын сен білмейсің, сезбейсің де.

Сен де тассың, қозғалмайсың. Күнде маған кеп жүрген қыз мені, қызыл гүлді қолына ұстап, самолетпен аспанға ұшты, тау артында нелер барын өз көзіммен көріп түстім. Мұндай құрметті мың жылда да сен көрмессің. Бір орында тастай қатқан, ұзын терек болғаннан да, бір орыннан қозғала алмай, өмір бойы тұрғаннан да, бір - ақ рет аспанға ұшып, айдай сұлу қызды құшып, жер бетіне түскен артық...»

Терек мұны тыңдап алып, былайша деп сөз қозғады:

«Сен де, қызыл гүл, мақтануға себеп те жоқ, желеу де жоқ. Сорлы гүлім, менімен теңесуге саған қайда? Мен өскелі жүз жыл болды, әлі жүз жыл жасармын мен. Ал сен болсаң бір күндіксің, бір - ақ күндік өмірің бар. Бүгін барсың, ертең жоқсың, бүгін таңда шешек атсаң, ертең қурап соласың. Әй, сорлы гүл, сөйте тұрып маған қарсы сөйлейсің - ау!»

Күн сәулесін жұтып жатып, қызыл гүл қысқа ғана былай жауап берді.

«Ұзын терек жүз жыл жасап нені білді, нені көрді?

Халыққа жеміс бердің бе? Әуеге жұпар иісін шаштың ба? Бір күн өмір жасасам да, жер жүзін мейрам күні бүкіл халыққа бақыт берген, бұл халыққа сәуле сепкен Ұлы көсем кеудесіне сыйлық болып тағылдым мен.

Ұлы көсем жүрегінің соғуын да есіттім мен. Сонда бұл жерді жүз көсем жаққа кезікті, көсемдеп бір шоқ гүлді жер жүзін бәрі көрді. Бұдан артық бақыт бар ма? Бұдан артық құрмет бар ма? Тау мен тастың арасында елге ешқандай жеміс бермей жүз жыл өмір сүргеннен де, Ұлы көсем кеудесіне 15 минут тарылған соң қуарғаным жақсы емес пе?..»

Көргенімді мен де айтайын, енді кезек келсе маған, мейрам күні жайнап кет қызыл алаң.

Қарап тұрсам көзім тігіп, халқы берген гүлді кеудесіне тағып алып, ұлы көсем келеді екен. Ұлы көсем - ол данышпан.

Қиялшыл боп тұрған шал ем, былайша ой ойлаймын:

«Бір - ақ рет ұлы көсем кеудесіне тарылған гүл осыншама қуанды. Ал көсемнің кеудесінен мәңгілікке шықпайтұғын, еш уақытта құшағынан, жүрегінен кетпейтұғын жастардың да бір арманы бар ма екен!» - деп ойлаймын мен...

Мен жазушы болам деп жүрмін, романның сюжет жағы жүрегіңнің соғуы болған ұлы бақытты, армансыз жастарды - романның темасын осылай тапқан едім.

Мәңгілік өмір туралы жыр

Кешке таман, таудан тұман жылжи түсіп, теңіз бетін қаптайды. Сонсын кішкене екпін соғып, тұманды үрлеп тұрып, жоқ қылып жібереді. Сонда көк теңіз айнадай мөлтілдеп керіліп жатады.

Теңізде шек жоқ әлдеқайдан барып көкжиекке қосылып кетеді. Күні бойы толқын соғып есеңгіреген теңіз жағасы тыныш - ақ.

Арқамыз - тау, алдымыз - теңіз, су жарасында біз отырмыз. Мен, Рақмет, Сейтен, Валентина. Ортамызда - Төлеңгіт жыршы.

─ Аға, әңгіме айтшы - дейміз біз.

Төлеңгіт камзолының түймесін арытып, ойланып, шексіз теңізге қарап біраз отырады. Әлден уақытта. «Қап, болмас!» дейді де, домбырасын алып өзінің өте жақсы көретін «Мәңгілік өмір» жөніндегі жырын айтады. Біздің де естиік де ынтығып отыратынымыз осы болған соң жыршыны қоршай түсеміз. Төлеңгіт аққудай саңқылдап, теңіз тыныштығын бұзып, шағалаларды шулатады.

«Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім,

Өлім деген суық сөздің ішінде мен жүр едім.

Өмір деген өксігімді баса алмастан жүр едім,

Бір жабыққан көңілімді аша алмастан жүр едім.

Күнде күліп ататұғын, ақ сәулелі алтын таң,

Бұлбұлының үніменен меш былай жыр қылған:

Арқаның ардагері, ақын Жырау,

Алдында қазылған ор, қалың шырмау.

Өмірге екі туып, екі келмей,

Арманда, есіл ерім, кетесің - ау.

Бір адамның, бір өмірі маған аз ғой деуші едім,

Туып, өліп кетуді де маған аз ғой деуші едім

Ағаш - екеш ағаш тағы кеп көгеріп, қуарар,

Сенің өмірің бір – ақ рет көгерер де, суалар.

Ебелектей ербең етіп жер бетінен кетерсің,

Өмірінде өзін жеңді біз қалдырмай етерсің.

Өмip деген өксігімді баса алмастан жүр едім.

Өнерімнің барлық гүлін аша алмастан жүр едім.

Өмірімнің де; уақыттың да сарындарын мен көрдім.

Мола болған ғасырлардың қабірлерін мен көрдім.

Мың жылдардың қу сүйегі - мола ішінде мен тұрдым,

Көп ғасырлар өтіп жатқан жол үстінде мен тұрдым,

Кең даланы баурына алып қара түн де қаптады,

Молалардың жұмбақтарын қараңғыда сақтады.

Жерді, шөпті қозғап, түртіп, үрлеп ұшып жел кетті,

Өлген өмір, жансыз жанды су бетіндей тербетті

Көп ғасырлар түйіскен жер, бұдан шығар мың тарау.

Мола үстінде желбірейді қара шашақ бір жалау.

Мол болған соңғы ғасыр - сол қабірдің түбінен,

Үн шығарып сөз сөйлесті бір қарт кісі менімен:

«Елу жылдар бұдан бұрын өлген едім, жан балам,

Танымасаң енді тағы, сен немерем, мен бабаң.

Бұл өмірде сексен жасап өліп кеткен адам ем.

Мойнымдағы міндетімді атқардым деп санап ем.

Жер бетінде сүйретіп жүрмін елім бір ғасыр,

Ол ғасырдың сүйетұғын ұлы жоқты жанашыр.

Жер бетінде сүйретіліп жүріп еді бір Датқа,

Қан арқылы, мал арқылы жеткен, шіркін, мұратқа.

Күнгей менен теріскей боп сұлап жатқан дала еді,

Сол далада қазақ деген сорлы халық бар еді

Бетегеден биік еді, аласа еді жусаннан,

Қайтқан құстай кейін жүрген, бақыт көрмей қашаннан.

Жел білетін ұшатынын, сай білетін қонарын,

Құдайы да, адамы да ойламаған обалын.

Сол халықтың Датқа жүрген жаншып, басып арқасын.

Қаннан арық ағызған ол, сусын ішіп қанғасын.

Бұл жауыздың сұмдықтарын, ойлап біліп түсіндім.

Бір күн барып ат үстінен жұлқып оны түсірдім. –

Ер үстінде ұйықтамасаң атқа мініп нең бар еді!

Халық қамын жей алмасаң, Датқа болып нең бар еді?

Домалатып сабап алдым жұрт алдында Датқаны,

Жерді жарып осы хабар сардаланы қаптады.

Мені сонда елден асқан батыр деді тамам жұрт,

Қайтпас қайсар арыстанның атын берді маған жұрт,

Жаным балам, тозбаушылық, өшпеушілік қайда екен,

Мәңгі жасау, еш уақытта өлмеушілік қайда екен?»

Өмір деген өксігімді баса алмаған жан едім.

Өнерімнің барлық гүлін аша алмаған жан едім,

Бәсе, қане, мәңгі жасау, өлмеушілік қайда екен?

Өте ұмытшақ уақытқа көнбеушілік қайда екен,

Сонан бері кеп іздедім өлмеушілік жасауды,

Мәңгіліктің етегінен мәңгі түрде ұстауды...

Қызығына келе жатыр түйдектеліп жыр енді,

Бұл дәуірдің бас кезі еді, 20 жыл еді

Алыстағы ауылыма келе жаттым ат жегіп.

Құба жоннан құлай тартып, бір аяңдап, бір желіп.

Бір уақытта жол үстінде бір қарайған көрдім мен,

Желе-жортып, жүрек толқып жақындап-ақ келдім мен.

I

Келіп төнсем: бір жас жігіт қызыл қанға боялған.

Жараланған, әлсізденген, елуге де таянған.

Көрініп тұр бір кісіге бірнеше адам жабылған.

Оң жақ қолы шынтағынан балтаменен шабылған.

Шабылған он қол үстінде кітап толған жәшіктің.

Жаралының аузынан мен жалынды сез есіттім:

«Ауылыма өлмеушілік мен әкеле жатыр ем,

Анау әне жәшіктеп кітаптарды оқып па ең?

Ол кітаптар - ұлы Маркс, Лениннің еңбегі,

Ол еңбектер мәңгі жасау, өлмеушілік өрнегі.

Сол еңбекті өлмейтұғын, өшпейтұғын ағатай,

Мен ауылға алып келе жатыр едім шаршамай.

Жеткізбестен тап дұшпаны жол үстінде құлатты,

Бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты.

Соны мықтап ұстап жатыр мені қолым кесілген,

Өлсем - дағы, өлмеушілік шығар емес есімнен.

Мен өлермін алтын күннің шығуына қарамай,

Бірақ жауға мен бермедім өлмейтұғын кітапты.

Ауылыма кітаптарды жеткізіп бер, ағатай.

Бұрала басқан соқпақты жол, бұрылып қырдан асқанда,

Ақтық сөзін маған айтты, қарап тұрып аспанға:

«Бір сыр бар еді сақтап жүрген жүрегімнің түбінде,

Сол сырымды айтайын мен, өлмей тұрып тірімде.

Қарап тұрсаң, төңкеріске, отанына, тарихқа.

Адамдағы қымбат қасиет - берілгендік халыққа.

Бүкіл халық мақсаты бір, барлығында бір ниет,

Отан үшін басты беру бәрінде бар қасиет.

Менде бар еді берілгендік, сүюшілік Отанды.

Сондықтан да төңкерістің солдаты боп атандым.

Менің қаным миллионның тамырында ағады.

Бір жүрегім миллионның жүрегі боп соғады.

Менің бақытым, қуанышым бүкіл елдің болады,

Мен жасасқан жаңа өмір жайнап өседі, жанады.

Маған қымбат барлығынан - бермегендік көсемге,

Ол берілген миллионның жүрегінен өшер ме?

Ендеше мен мәңгі жасап, өшпеймін де, өлмеймін,

Еш уақытта жоғалмаймын, тозбаймын да, сөнбеймін.

Оңтүстіктің ыстық күні батыс жаққа барғанда,

Қырқа, қырлар қарауытып әлдеқайда қалғанда,

Дала еркесі тентектеу жел құшақтап шөпті алғанда,

Соңғы сөзін ол арнады бақыт жолын салғанға.

Қырдан, таудан, судан асып, қызарып жанып күн батты,

Күнмен бірге мәңгілікке жаралы жан жол тартты,

Сол уақытта есім ауып, мен арбадан құладым,

Бар даусыммен шын жүректен айқай салып жыладым.

Айдалада жалғыз өзім барлық жерді қозғадым,

Жалғыз ұлы өлген ана сияқты боп боздадым...

Мәңгі өмір өлмеушілік осылайша табылған,

Бақытпенен, Отанменен қаланып бірге салынған.

Менің құрдастарым

(Романға баратын жол)

Бұл тақырып мені көп ойландырды. Мен қайыршылар мәселесін шешпекші болған Олеша сияқтымын.

Мен романда жазып отырған Рақмет бір күш маған былай деді.

─ Саттар, сен қалай жазғың келеді? Олешаша жазғың келе ме? Олеша өте нәзік жазушы ғой. Ол шын жүрекпен, жүрегінің отымен, жанын ортаға сала жазады. «Студент Орлов менің қарындасым Верамен жүретін еді. Осы арада бір түрлі ашықтық сырын жасырмаушылық көрініп тұрған жоқ па?

Мен үндегенім жоқ.

─ Тақырып сенің жүрегіңді толқыта ма? - деді ол маған.

─ Я....Бірақ мен Олеша емеспін ғой - дедім мен.

─ Дұрыс - ақ. Сен Олеша емессің, сондықтан сенің жүрегіңді толқытады - деді ол.

Я, менің ойланғаным рас. Мен өзімнің досым жөнінде жазбақшы едім, сондықтан ол жөнінде өтірік айтуға менің қақым жоқ еді. Мен осылайша шын жүрегімнен, адал көңіліммен ашық жазбақшы болдым. Бірақ шын жүректен жазушылықтың, адал көңілділіктің өзі менің әңгімемнің тақырыбы болып кетті.

Бұл былай болған еді:

Ол баяғыда қойшы болған, оның артынан инженер атағын алып, Қарағандыда учаске начальнигі болған. Ол көркемөнерді өзінің учаскесінен гөрі жақсы білетін еді Көркем әдебиеттің көмескі соқпақты жолымен штректе жүргендей боп жүретін. Скрипка жөнінде сөйлесе, өзінің шахтерлік лампасы жөнінде айтып тұр ғой дейтін еді. Флобер жөнінде өзімен бір курста бірге оқитын студенттерінен артық білетін еді Ол Александр Прокофьевтің барлық өлеңін жатқа білетін. Ол жаңа туған інісіне Кристов деп ат қойған. «Ромео Джульетта» трагедиясының бүтін сахналарын жатқа айтатын. Ол Кузьма Прутковтың барлық афоризмін білетін. Ол «Русалкадағы» Мельник ариясын жақсы айтатын. Оның квартирінде Иоганн Себастьян Бах пен Спинозаның портреті ілулі тұратын. Оның үлкен кітапханасы бар еді Ол кітапханада ұлы Лениннің томынан бастап Джемс Джойстың «Улисына» дейін бар еді Көп адамдар мұның бәрін қайдан біледі деп таң қалатын. Мен мұның бәрін қайдан білетінін жақсы білетін едім. Терең білетінін де білетін едім. Бірақ мен де таң қалдым. Оның себебі мынау еді:

Ол Долбы жазығында туған. Ол көш үстінде туып жерге, шөпке шырылдап түсе қалған еді. Оның арқасы бірінші рет көрпеге емес, даладағы жерге тиген еді Ол еш уақытта да Бетховеннің атын, Рембрандтың атағын есітпеген еді. Бұл далада еш уақытта да скрипка даусы сыңсымаған. Бұл жерде еш уақытта Гомер аты аталмаған, бұл даланын үстін басып Беранже өлеңін білетін адам еш уақытта жүрмеген. Бұл арада бір - ақ таныс нәрсе бар еді ол күн еді. Бұл арада сексеуіл бар еді, бірақ ол да жалғыз еді.

Рақметтің шешесінен сұраңызшы, ол өмірінде қаланы көрді ме екен? Москва деген сөзін естімеген. Рақметтің әкесінен сұраңызшы, ол өмірінде қағаз көрді ме екен? Сия деген сөзді есітті ме екен?

Бұл Долбы жазығында мәдениет болған емес.

Я, ол осы арада туған еді Осы далада туып, осынша ғылымды біліп үлгергенше мен таң қалған едім.

─ Сен бекер таң қаласың, далаға қарашы - деді ол маған.

Мен сонда оның себебіне түсіндім.

Сөйтсем, даланың өзі өзгеріп кеткен екен. Күш кеше бұл далада заманымыздың Ұлы адамы Сергей Миронович Киров болған екен. Бұл далаға мемлекеттік музыка театры келген екен. Бұл даланы Ленинград жазушыларының бригадасы аралап жүр екен. Бұл далада қызыл гүл есе бастапты. Газеттер шығарылып, трактор жүре бастапты. Бұл жерде көсем аты күн деген сөзден де танысырақ болып кетіпті. Бұл арада Максим Горький атты колхоз ұйымдасыпты. Бұл жерде Батыс Европаның ешқандай халқы көрмеген жаңа өмір мәдениет құрыла бастапты. Менің есіме Эдгар Поның «Шындық - фантазиядан да күшті деген сөзі осылай түсініп еді.

Дала Долбы жазығы деп аталушы еді.

Ауыл Долбы аулы еді. Мал Долбынікі еді Рақметтер Долбының малшысы еді.

Осынау далада Долбы деген бай болған еді, сол дала да, мал да, ауыл да, малшылар да Долбынікі еді. Ауадан басқа заттың бәрі Долбы деген сөз арқылы аталушы еді. Рақметтер үрім - бұтағымен қойшы болып келе жатқан. Рақметтің әкесі, бабасы - барлығы қойшы болған. Рақметтің бабасы ыстық күнде қой қайырып жүріп, былай деп өлең айтушы еді.

Далада қойды бағып көп жүремін,

Бай малынын қамдарын жеп жүремін.

«Малдың қамын қойшы жер, қойшы қамын

Жейтін адам бар ма екен?» деп жүремін.

Рақметтің әкесі де:

«Малдың қамын қойшы жер, қойшы қамын

Жейтін адам бар ма екен? - деп жүремін –

деп өлең айтатын. Рақмет те осы белгілі ата өлеңін айтып, қойшы болуы керек еді. Бірақ ғасырлар бойы қойшылықпен келе жатқан атаның заңын бірінші рет Рақмет бұзып жібердік. Бұл батылдықты қала да, ауыл да күтпеген еді.

Мүмкін ол өзінің қамын жейтін адамын тапқан болар. Бірақ мұны ауыл білмеген еді Ол жұмбақты түрде бұзды. Ол үшті-күйлі жоқ болды да кетті

Ауылда кейбіреулер Рақметті қасқыр жеп қойды деп жүрді. Кейбіреулер басмашы алып кетті дегенді құрдас дегенді шығарды. Үшінші біреулер шайтан айналдырып, қаңғыртып жіберген деген өсек таратты. Мәуленнің әйелі «Маған біреу айтты. Рақмет бұзылған қыстаудың ішінде отыр екен. Айналасы жанған от екен» - деп өсек таратты.

Бірақ Рақметтің қасқыр да жеген жоқ еді, басмашы да алып кеткен жоқ еді, шайтан да айналдырмаған еді. Ол өзінің барлық күшін жинап, айға ұмтылған арыстандай шапшыған болатын. Сөйтіп, ащы, көңілсіз күндердің, жылдардың, ғасырлардың дәстүрін бұзды. Ата қуып келе жатқан заңның сабақ жібін үзді. Бірақ оны өзі сезбеді. Мүмкін, ол ешқандай жіпті үзбеген шығар. Оны басқа нәрсе үзген болар. Әлдеқайда тау жарылып жатқан жоқ па еді, жер астындағы күштер қозғалып жер сілкініп жатқан жоқ па еді. Бірақ Рақмет мұны да сезбеді. Ол, шынында, ешқандай сабақты жіпті үзгісі келген жоқ. Оның жіпті үзбегені рас, бірақ үзу үшін емес, тіптен ұстап қараңғыдан жарыққа шығу үшін іздеді. Ол арқан көздеген жоқ, шынжыр іздеген жоқ, құрсау іздеген жоқ, өйткені оған қол жетпейтін тәрізді еді. Ол тек жіпті іздеген, сабақ іздеген еді. Бірақ осы іздеушілікті өзі жер астындағы күштердің толқуы, қозғалуы еді.

Сол уақытта Рақмет өзінің қамын жейтін адамды тапты. Ол адамның басында басмашының бөркі жоқ еді ол қасқыр тісті емес еді ол қасқыр мен басмашыларды аулап жүрген адам еді. Қасқырлар мал етіне місе тұтпай, адам етін жей бастады, басмашылар адамның да, малдың да етін қоса жеді. Қасқырлар адам құсап үйде отырды да, басмашылар қасқырдай дала кезді. Басмашы болған бұрынғы пристав еді. Қасқыр болған Долбы еді. Анығырақ айтсақ, қасқыр басмашы еді де, басмашы қасқыр еді.

Рақмет басмашының да, қасқырдың да қолына түспеді. Оған дәуір күліп қарады. Ол бақытқа кездесті. Ол өзінің қамын жейтін адамды осылай тапты. Ол сондықтан әкесінің, бабасының қой жайғандағы өлеңін айтқан жоқ. Ол осылайша дәуірге жолықты. Дәуір оған қызыл әскердің киімін киіп келді.

Бұл былай болған еді:

Рақмет қозы бағып жүрген. Ойламаған жерден ерте туған көпей көк қозы жоғалып кетті. Сонда Долбы тоғыз жасар Рақметті шырылдатып тұрып сабады. Рақметтің әкесі Төлепті де сабады.

Төлеп үйіне келгенде Рақмет жылап төр алдында жатыр еді Таяқ жеген шал ашуға шыдай алмай, жуан таяғымен Рақметті салып қалды. Рақмет талып қалды. Ол көзін ашып алғанда үйде ешкім жоқ еді, тек үш жасар қарындасы Сағадат ұйықтап жатыр еді. Рақмет есіктен шықты да, беті ауған жағына қарай кетті. Оның ешқандай ойы да болған жоқ. Кеудесін кек қысты. Күн батып, теп-тегіс даланы қараңғылық басқанда Рақмет өзінен-өзі жылап жіберді. Өне бойына қорқыныш пайда болды. Бірақ жансыз дала керең еді.

Бір уақытта осы қараңғылықтан қылаң етіп бір аттылы адам көрінді. Рақмет үн шығарған жоқ.

─ Бала, ей бала, қайдасың? - деді аттылы адам.

Рақмет жай ғана даусын шығарды, аттылы адам Рақметтің аты-жөнін сұрады. Рақмет тағы жылап жіберді. Жылап тұрып барлық сырын айтып берді. Аттылы адам Долбыны бір боқтап алды да: «Жүр менімен бірге, мен сенің еншіңді алып берем» - деді.

Рақметтің таныс емес, жат ауылға барғысы келмеді. Бірақ қоршаған қараңғылық ауылдағы байды,әкесі Төлепті, қырық тесік үйін есіне түсірді. Даланы басқан қараңғылық Рақметті қорқытса, түннен де қараңғы ауылдағы өмірі одан сайын қорқытты. Рақмет көнді. Аттылы адам Рақметті артына мінгестіріп алып: «Белімнен мықтап ұста» - деді. Желе-жортып үлкен жолдың ернеуіне келген де, аттылы адам:

─ Менің атым Тұрар, есіңнен шығарма. Онан соң есіңде болсын, сенің әкең Төлеп емес, Дәуір. Біздің дәуір. Еш уақытта есіңнен шығарушы болма – деді.

Рақмет Дәуірдің кім екенін білген жоқ. Оған бұл өз жұмбақ еді, сонда да ішінен« дәуір, дәуір» деп бір - екі рет айтып қойды. Екеуі бірнеше сағаттан кейін қалаға жақындады. Сол уақытта Тұрар:

─ Менің бір балам бар, оның аты Сейтен, ұмытпа, Сейтен, сен онымен дос боласың – деді.

Бір мезгілде қараңғылықты қақ жарып бір адам шыға келді. Ат теуіп кетті. Рақмет құлап түсті. Қараңғыдан шыға келген адам мылтықты атып жіберді. Тұрар кесілген теректей теңселіп барып жерге құлап түсті. Мылтық атқан адам, атты ұстап алып мінді де, қараңғылықты бүркеніп жоқ болды. Шығыстан көтеріліп таң атып келе жатты. Қозғалмастан ыңыранып Тұрар жатты. Барлық күшін жинап:

─ Рақмет, сенің әкең Дәуір болады. Еш уақытта есіңнен шығарма, оның балалары көп. Сен оған барасың - деді.

Екі минуттен кейін даусын зорға шығарып:

─ Менің балам бар. Сен соның досы боласың - деді тағы да.

Рақмет:

─ Ағатай! - деп жылап жіберді.

Тұрар өлерінің алдында:

─ Рақмет, менің қалтамда орамалым бар, алып берші - деді. Рақмет алып берді Тұрар өзінің қанына саусағын малып алды да, орамалға «Д» деген әріпті жазды.

─ Мынаны ал, сені орналастырады. Сен Дәуірдің ұлы... - деп өзгесін айта алмады. Рақмет Тұрардың денесінің мұздап, өлікке айналып бара жатқанын сезді.

Қаладан аттылы қызыл әскерлер келді. Комиссар қапылыста жау қолынан өліп кеткен Тұрардың қабірі үстінде сөз сөйледі. Тұрарды да, Рақметті де қызыл әскерлер қалаға алып кетті. Рақмет орамалды командирге берді.

Рақметті үлкен тас үйге алып келді. Кровать, көрпе, матрац, жастық берді. Шалбар, көйлек камзол берді. Етік берді. Күніне үш рет тамақтанатын болды. Бұл арада балалар көп еді, интернат өміріне Рақмет үйрене бастады.

Бірнеше күннен кейін Рақметті оқытушы қыз шақырып алды. Қыз күліп тұрып:

─ Қалқам, әкеңнің аты кім? - деді.

Рақмет: «Тұрар айтқан Дәуірдің ойы осы екен ғой. Мынау соның қызы екен ғой» - деп ойлады.

Қыз әкең кім деп сұрағанда Рақметтің ойына Тұрар түсті. Қанмен жазылған әріп бар орамал түсті. Рақмет еш уақытта әріп көрген емес еді. Бірақ «Д» әрпі өзінің әкесіндей - ақ ап-анық болып, көз алдына елестейді де тұрады. Рақметтің есіне Дәуір деген сөз түсті. Сол уақытта шын жүрегінен, адал көңілмен:

─ Әкемнің аты – Дәуір - деді Рақмет.

Қыз түсіне алмай қалды:

─ Не дейсің?

─ Тұрар ағай, әкең Дәуір деген маған.

Қыз дәптеріне Рақмет Дәуіров деп жазып алды.

Рақмет мектепке барғанда қолына әліппе берді. Әліппені аша салып «Д» әрпін тани кетті. Көз жазбастан біраз қарап отырды.

─ Қане, қызық па екен? - деді оқытушы әйел.

─ Мен білемін - деді Рақмет.

─ Нені білесің? Әріптерді ме? Қызық екен, оны қайда жүріп білдің, қане, әріптер қалай жазылады екен, жазып көрші.

─ Әріптер қанмен жазылады - деп жауап берді Рақмет.

Рақмет әдемі сөйлеуді, әсем сөйлеуді білуге әлі жете қойған жоқ еді. Ол сауаттылыққа, білімге Тұрардың қаны арқылы жетіп отырғанын сезе қойған жоқ еді. Ол тек шын жүрегінен жауап берді. Адал көңілмен айтты. Ол, сүттей ақ ниетімен өмірі естімеген, білмеген, жұмбақ Дәуірдің ұлы болды.

Рақмет тек адамдарды білетін еді. Ол адамдардың түрлі - түрлі аттары болатын. Рақмет жылқыны, түйені, қойды білетін еді. Бұлардың ешқандай аттары болмайтын. Сондықтан да Дәуір деген сөз адамның аты сияқты болды да тұрды. Рақмет адамнан, қойдан, түйеден басқа еш нәрсені білмейтін. Міне, менің кейіпкерімнің ақ көңілдің, таза жандылығы, шын жүректен сөйлейтіні бірінші рет осылай көрінген еді. Рақмет осылай Дәуірдің ұлы болған. Мен экспозициямды осылай жазғам.

Мұның шын экспозиция болатынына көзім жетпейді. Бірақ әңгіменің түйінінің енді басталатыны рас. Бұл түйін 1929 жылы Рақметтің 10 жылдық мектепті бітіріп, Ленинград тау-кен институтына түсіп, Қарағандыға инженер боп келгеннен кейін басталады. Әңгіменің түйінін менің достарым - улы Дәуірдің мыңдаған ұлдары - басынан кешірген институт оқуынан кейін басталады. Ол түйін былай басталады.

«Рақмет бәрінен бұрын Илья Оренбургты, Олешаны, Александр Прокофьевті жақсы көретін еді. Ол «Күн екіншіні» үш қайтара оқып шықты. Сонан соң қарындасынан:

─ Менің қаным қызып, жүрегім толқып кетті. Мусоргскийді тартып жіберіп – деді.

Ол «Күн екінші» қайта-қайта оқып, әpбір сөйлемін аударып, әлдебір нәрсеге дайындалып жатты. Бірнеше күн еткеннен кейін өзінің учаскесіндегi комсомолдарын жинап алып, романды көпшілік түрде оқи бастады. Көп шахтерлер - комсомолдар, орыс тілін білмейтін. Рақмет әpбір сөйлемді ерінбестен, жалықпастан аударып отырды. Рақмет оқып құрдас болғаннан кейін жан-жағына қарап алды да:

─ Қалай дейсіңдер, біз жөнінде болып отырған жоқ па? - деді.

Ең алдымен орнынан Мәулекеш тұрды.

─ Басқаны білмеймін, әйтеуір Оренбург мені әкем жөнінде жазып отыр. Әкем көшпенділікке ұшыраған еді. Ол Қарағандыға келгенде социализмнің не екенін де білмейтін. Оған нан мен киім керек еді. Ал енді, ол қазір Қарағандының маңдай алды адамы - деді Мәулекеш.

Я, бұлар да Оренбургты сүйетін.

Бір күш Рақмет газеттен «Знамя» журналының З - номері шықты деген құлақтандыру оқыды. Бұл журналда Оренбургтың жаңа романы басылған еді.

Рақмет түнімен ұйықтаған жоқ. Ертеңіне барлық складты актарып шықты. Бірақ журнал табылмады.

Кейінде шахтер Халел осы журналды тапты. Ол журналды әдемілеп газетке орап, чемоданға салып, оны қолына ұстап, Рақметке келді.

Рақметтің үйінде журналды стол үстіне қойды да:

─ Табыс жөнінде рапорт берем – деді.

Рақмет журналды қолына алып:

─ Қалай таптың? - деп сұрады.

─ Алматыдан Тұраров деген қазақ ақыны келді. Сол ала келіп - деді Халел.

Рақмет қарғып тұрды. Басы айналғандай болып кетті. Кезге көрінбейтін бір адам: «Рақмет, сен Дәуірдің ұлысын» - деп сыбыр ете қалғандай болды. Мүмкін, бұл ойы шығар. Мүмкін, бір нәрсе есіне түскен болар... Рақмет жалтақтап жан-жағына қарады. Бірақ Халелден басқа ешкімді көре алмады. Орнына қайта отырды. Не болғанын енді түсінді - Егер мен шақырсам ақынын біздің үйге келе ме? - деді.

─ Ол өзі жақсы жігіт. Өзің сияқты жап – жас - ақ, комсомол мүшесі. Мен айтайын, ол сезсіз келеді үйіне - деді Халел қарт.

Халел есіктен шыққанда, Рақмет артынан айқай салды.

─ Аты кім екен оның?

─ Сейтен - деді Халел.

Кешке Сейтен келді. Олар осылай кездесіп, Сейтен, бізге мәлім баяғы Тұрардың баласы -Сейтен менің әңгімеме осылай кірді.

Ол темір жол депосының слесары еді. Оның аты Сейтен болатын. Кәдімгідей өлең жазатын. Екі жылдай дайындалып жүрді де, үшінші жылы Москвадағы әдебиет институтына түскен. Ол үшінші курста оқып жүргенде мынадай бір уақиға болды.

Сейтен театр институтындағы жолдасына келе жатып, жатақхананың алдына тоқтай қалды. Анадай жерде он алты жасар бір қыз тұр еді Жастар волейбол ойнап жатыр. Сейтен тоқтады да, орнынан қозғалмады. Ұятты да ұмытты. Бір уақытта: «Осыны қайда көрдім» - деді.

...Жоқ, ешқайда көрген жоқпын: Өйткені бұл Валя ғой, Валяны білесіңдер ме, ол әне, анау тұр. Тек бұл Валяның көздері үлкен қап-қара екен. Ал, ана Валяның ше? Ол, қазір Сейтеннің есінде жоқ, бірақ мынаның Валя екені рас, әйтпесе еш жерде кездеспеген Валя есіне неге түсе кетті. Неге бұл қыз Валя сияқты болды. Бұл қызды көргенде неге Олешаны еске түсірді. Бұл сол романдағы Валя ғой Деп ойлады Сейтен.

Валяның үстінде қара труси бар, аяқтары жалаңаш, барлық дене құрылысы көз алдында тұр. Аяғында ақ туфли, оны шұлықсыз киген. «Ойпырмай!» - деді де Сейтен жүре берді.

─ Соня, мына кісі неге сізге түңіле қарайды? - деп біреу айқай салды қызға.

─ Білмеймін.Бір кавалер болар. Іші күйіп тұрса керек - деп қыз күліп жіберді.

Сейтен кенет артына жалт қарады. «Шырағым, мен де сол жөнінде айтып тұрмын, бірақ мен кавалер емеспін, Володямын!» - деп айқай салғысы келді. Бірақ өзінен - өзі тоқтатты. Осы күннен бастап ол қайғыланатын болды. Ол бұрын сүңгіп көрмеген еді. Әрине, бұл жолы да солай, бірақ - әңгіме қыздың тәлкек қылғанында ғой.

Бірақ ертеңіне орыс әдебиетінің мұғалімі: «Бүгін неге көңілсізсіз?» - деп сұрағанда Сейтен:

─ Мен Валяны көрдім. Олешаның «Қызғаныш» атты романы есіңізде ме? – деді.

Институтты бітіргеннен кейін ол Алматыға барып, сол жақтан Қарағандыға келді

Сейтен Рақметтің үйінде отырды. Рақмет бір рюмка қызыл арағын ішіп алды да:

─ Сейтен, мені тыңдашы, сенің әкең маған Дәуірдің баласы бол деп тапсырып еді; жалғыз балам Сейтеннің досы бол деп тапсырып еді. Мені балалар үшін орналастырып еді, мен онда Дәуірдің не екенін түсінбеп едім, бірақ шын көңілмен, шын жүрегімнен беріліп едім. Дәуір деген эпоха деген сез екен, Дәуір деген социализм Дәуір екен. Мен осының баласы болып шықтым. Бірақ мені бір нәрсе істегім келеді, саған аса бір қымбат құрмет көрсеткім келеді өмірдегі ең тәтті, ең артық минуттарымды саған арнап, саған ерекше кызмет еткім келеді. Мен саған өмірімдегі ең қымбат нәрсені бергім келеді. Мысалы мен қарындасымды саған бергім келеді. Түсінесің бе, Сейтен? Ол сұлу, ол музыкантша...

Рақмет үндемей отырып қалды. Бір минуттен кейін қайтадан сөз бастады.

─ Мен жаманшылықтан, надандықтан, сасық құлықтан аулақпын, Сейтен. Мен біздің елден әйел теңінен жақсы білемін. Біздің қыздардың тек сүйгенше күйеуге шығатынын да білемін. Ешқандай зорлау деген бізде болмайды, болмақшы да емес, қызды әке-шешесі беретін уақыт әлдеқашан өткен. Бірақ менің ниетім Совет заңына қайшы келмейді. Сен түсінесің бе, Сейтен, мен шын жүрегімнен, адал көңілімнен айтып отырмын.

Сейтен мен Рақмет далаға шықты. Рақмет: «Айтам дегенімді айта алмадым» - деп өзінен-өзі ұрсып келе жатыр. «Мүмкін, қарындасын ақынға беріп, жағдайды пайдаланып қалайын деген ғой, деп ойлап қалар... Қызды Сейтен көрген жоқ қой. Ойпырмай, қазақшылығым қалмайды - ау!»

Бірақ Сейтеннің ойы басқада еді. Ол Москвада көрген «Валя» деп атаған қыз жөнінде ойланып келе жатыр еді. «Шіркін, осы арада алдымнан шыға келсе қайтер едім» - деп қиялданып келе жатыр еді. Бір уақытта Сейтен тұра қалды. Басы айналып, мен - зең болғандай болды. Валя деген ойы басынан шығып, қатарласқан түрде Сейтеннің алдына он шақты Валя болып тұра қалғандай болды. Сейтен кейін шегінді. Кейін кең ашқанда алдында баяғы Москвада көрген Валясы тұр еді.

─ Шырағым, мен кавалер емеспін, мен комсомолецпін, сіз бұл жерге қалай келдіңіз?

─ Ештеңе етпейді ол менің қарындасым ғой - деді Рақмет.

Валя - Рақметтің қарындасы еді. Бұл - баяғы тоғыз жасар Рақмет үйінен қашып кеткенде қалған 3 жастағы Сағадат еді. Сағадат ауыл мектебінде оқып, Алматыға келді. Артынан Халық Оқу Комиссариаты Москвадағы бір музыка мектебіне жіберген болатын. Мектепті бітіргеннен кейін, 1934 жылы Қарағандыға келген. Онда ол Рақмет бар деп естіген. Сағадат баяғы Москвада Сейтен көрген қыз еді. Достары Соня деп атайтын. Қарағандыда Сағадат шахты клубтарында концерт беріп жүрді. Қазақтан шыққан бірінші музыкант қыз болды.

Сағадат Сейтенмен дос болып кетті. Сейтенге Бахтың, Чайковскийдің, Шуберттің мелодияларын тартып беріп жүрді. Сейтен оған Гейненің, Беранженің, Светловтың өлеңдерін оқып беретін болды. Сейтен қызға сүю жөнінде еш нәрсе айтқан жоқ. Қыздың сүйетіндігіне сенімі зор еді. Ол қыздың ағасы арқылы жақындасқанына кішкене ұялыңқырайтын. Бірақ бір күш ойламаған жерден бір көмескі ой Сейтенге сап ете түсті. Бір буалдыр пікір, таңба, шіріген шөп мұның сүюін бүлдіретін сияқты болды. Қарап тұрсақ бәрі де орнында сияқты. Екеуі де жас, екеуінің де дені сау, екеуі де комсомол мүшесі. Сейтен өлең жазады, қыз скрипка тартады. Сейтен қызды сүйеді, қыздың да сүюі керек, бірақ Сейтеннің ойына бір нәрсе жетпейтін сияқты болады да тұрады. Бір қайғы, қапалық көкірегінен шықпай қойды. Мұның не екенін Сейтен білмеді. Қызға барарда жүрегі дірілдейтін болды. Сүйгенімен жолығу тәтті минут болмай, көңілдің қошын кетіретін болды. Сейтен баруды қойды. Адамдардан да қашатын болды. Бұл неліктен. Сейтен қандай қылмыс жасады? Сейтеннен қайыры не? Сейтен - ау, айтшы, қуанышың қайда, сенің қайғылануға правоң бар ма еді?

Сейтен күні бойы бір нәрсені жоғалтқан адамдай салбырайды да жүреді. Ол несін жоғалтты? Мүмкін, адамшылығын жоғалтқан болар? Мүмкін, қайнаған қуанышын жоғалтқан болар? Бірақ оны жоғалтатындай Сейтен не істеді? Оның ең жақын досын сатқан болар? Я, сүйгенін сатқан болар? Жоқ, бірі де емес? Сейтенге Алматыда қал дегенде, ол қалмады. Қарағанды жұмысшыларының арасына келіп мәдениет жұмысына кіріскен. Ол жолдасын да, сүйгенін де сатқан жоқ па?.. Міне, осы арада Сейтен күмілжіді. Бір минутте барлық жаманшылық сол жақтан келетін сияқты болды. Менің қай жақтан? Сағадаттан ба? Сейтеннің бойында құрдас - қорқыныш пайда болды. Бұлай болуды ол қаламайды, сондықтан айқай салып:

─ Өтірік – дейді.

Бірақ жүрегінде түйін болған немене! Сейтеннің көңілі осы неге толмайды? Жетпей тұрған кемшілік не?

Бір күні Сейтен «Правданың» бас мақаласын оқыды. Бас мақала совет семьясы, бақытты қыздар, сүюшілік жөнінде. Бас мақалада:

«Біздің қыздар - дүниедегі ең бақытты қыздар. Біздің қыздар жетем деген бақытына жете алады, дәуірдің үлкен адамы бола алады, бізде әрбір қыз өзінің сүйгеніне күйеуге шығады. Әйелді сүймейінше зорлап қосу капиталдық айуаншылық. Қыздардың аға, әкесінің айтқанымен күйеуге шығуы бізде жойылды» - делінген. Сейтен сүюге күмән туғызып, жүрегіне қобалжу келтіріп, жанына қадалып болған тікенектің не екенін жаңа білді. Мен «капиталдық айуаншылық» жасаппын деген ой Сейтеннің жүрегіне инедей қадалды. Сейтен далаға шықты. Жүгіріп отырып Рақметтің үйіне келді. Сағадаттың бөлмесіне кірді. Амандаспай жатып:

─ Сағадат, сенімен сөйлесуге бола ма? - деді.

Сағадат күлді:

─ Болуы да мүмкін – деді.

─ Сағадат! Осы сен меш сүйесің бе? Осы мәселенің шешімі келіп отыр.

─ Ағай «сүй» дегенмен мен қашып қайда барайын.

─ Ендеше, ағаңның көңілін қимай, өзіңізді зорлайды екенсің ғой, Сағадат!

Сағадат күлді.

─ Солай болуы да мүмкін.

Сейтен орнынан түрегелді. Басын төмен салбыратып біраз тұрды.

─ Сағадат! Сенің өзің сүймесең, ағаңның зорлайтын ешқандай қақысы жоқ. Сен сүймесең, менің де, ағаңның да өкпелеуге қақымыз жоқ. Енді былай болсын: сүю жөнінде барлық әңгімені тастайық. Әрине, бұрынғы күнімізше дос боп қалармыз, бірақ сүю жөнінде сөз қозғамайық - деді де Сейтен жүгіріп алып далаға шығып кетті.

Енді көшеге шыққанда Сейтеннің жүрегіне тесіп тұрған манағы көмескі ой кетіп, бір түрлі көңілденіп, тазаланып қалғандай болды.

Бұл өлеңнен артық нәрсе бұл жалғанда таппаспын.

Сен өлеңнен алма ағаштай бауырында ақ тастың.

Сен гүлдейсің, алма ағаштай бұраласың, сынбайсың,

Орамалды, айтшы, қалқаш, қай жігітке бұлғайсың?

Орамалдың жиектері көк лентамен торланған,

Себеп менің құрдасыма, жолдасыма арналған.

Ол құрдасты, ол жолдасты мен бір жерде табармын.

Он жақтағы оңашаға алып оны барармын.

Мұның қалай, дермін оған, менің бақытым кем бе екен,

Бір сыйлыққа екі адамның жүгіруі жөн бе екен?

─ деп өлең айтты. Абайсызда есік ашылды. Жалт қараса қарсы алдында Сағадат тұр. Сейтен неғыларын білмей сасып қалды. Сағадат көрген де жоқ. Сейтеннің қасына келіп:

─ Сейтен, мен сені сүйем, бұл арада ағамның ешқандай қатысы жоқ. Сейтен, сенесің бе? Мен шын жүрегімнен, адал ойымнан айтып отырмын - деп Сейтенді құшақтай алды.

Менің адал көңілдік, шын жүректен сөйлеуім жөнінде әңгімем бізге осылай жоғарылады...

Менің ағаларым

(Романға баратын жол)

I тарау

Айдалада бес-алты тас үй. Алыста жер астынан мұржалар шығып тұрған жер барактар көрінеді Бұл Қарағанды көмірлерінде істелетін шахтерлердің жер барактары. Түн. Ай жарық. Далада қыбырлаған бір жан жоқ. Шахтерлер жұмыстан жаңа ғана қайтқан. Ортадағы бір жер барактың ішінде семьялы алты шахтер тұрады. Үй төбесіне кірлер ілінген. Еденде алақандай бос жер жоқ. Бәрі қоқырмен толған. Шахтерлер өз төсектерінің үстінде, жерде қара су ішіп, нан жеп отыр. Ашыққан балалар нан жеген әкелерінше қарайды. Тек Әли, әйелі Дәмелі, баласы үшеуі қисайып төсегінде жатыр.

Есіктен біреу қарады:

─ Әліпті сұрап біреу келіп тұр!

Әліптің 63i де әйелі де, баласы да ұшып орындарынан тұрысты. Әліп ұзын қара жігіт, беті - қолын жуынбаған күйде. Қабағы түнерген. Басында жыртылған қара күйе берік. Аяғын салмақпен басып далаға шықты. Артынан әйелі де шығады. Әліп арбадан түсіп жатқан Төлептің қасына келеді. Салқын қанмен қолын алады.

Төлеп:

─ Мен землянкеңе ағаш әкелдім.

Әліп ағаштарды керіп езу тартады.

Әйелі келіп амандасты. Күләнданың бетінен сүйеді.

─ Күләнда ағасына ет әкелді - дейді Төлеп.

Әліптің әйеліне береді.

Дәмеш:

─ Қалқам ағасының аш екенін білген ғой – дейді.

Әліп қуанышты, қабағы жаңа ашылған сияқты. Бірақ үйге кіруге ыңғайланғанда, түсі бұзылып, әлдене ойына түскендей болады. Бұрылып жер кепеге қарайды. Қозғалмай тұрып қалады.

─ Сен неге сілейіп қалдың? - дейді Дәмеш.

─ Орын... орын...

─ Не қылған орын?

─ Жататын орын жоқ қой...

Төлеп ат байлап жүреді. Күләнда арбадан жүгін түсіріп жатады.

─ Үйіне келгенде, екі жыл көрмей көріскен ағаңа орын тауып бере алмағаның қиын екен. Айтшы өзің, далаға жатқызайын ба? - дейді Әліп.

Әйелі үндемей жерге қарайды.

─ Дәмеш! Шай ішкенде Нұрлыбай төсегі мен өз төсегіміздің үстінде отырып ішерміз. Одан кейін мен жұмысым бар деп шығып кетейін, шахтыға түсіп жатармын, сен үшеуің сығылысып ептеңдер.

─ Одан да сен жер кепені қаза берсең қайтеді? - дейді Дәмеш.

─ Мақұл.

Әліп үйге кіреді. Нұрлыбай шахтерге:

─ Менің ағам келген екен, шай ішіп болғанша орныңды бере тұрсаң...

Дәмеш күліп...

─ Сүйтші, көп жасағыр – дейді.

Нұрлыбай орнынан тұрып далаға шығып кетеді.

Есіктен Төлеп пен Күләнда кіреді.

─ Ассалаумағаликем!

«Аликумсәлем» деген күбірлеген дауыстар шығады. Төлеп келіп Әліптің төсегіне отырады. Кішкене баланың бетінен сүйеді.

Ең шетте жатқан кісінің беті көмескі білте шамның жарығымен тек қарайып көрінеді. Ол шахтер шалқасынан жатыр. Оның аты - Шектібай. Ол бұрылмастан, келген Төлептерге мынаны айтады:

─ Біздің өмір осы, бір землянкеде қойдай қамалып жатырмыз. Бір нәрсе дейін десең шығарып жібереді. Тағы екі үй кіргізбекші.

Мұның әйелі төсек үстінде картошка аршып отыр.

Дәмеш қасындағы жатқандардан стакан жинайды. Жастықтың астынан ораулы қара нанды алып турайды. Оны көріп қатарында жатқан бір шахтерің баласы «нан» деп жылайды. Оған ешкім келіп қойған жоқ. Тек інісін «жүгермек» деп бір қойып қалды. Дәмеш нанның жартысын төсектің астына қайтадан тықты. Шәйнегіне, бір рет ішілген, шайдың су самасын салды. Екі кесеге құйып Төлеп пен Күләнданың алдына қойды.

─ Күнше күштегенде сексен тиын табамыз. Нанға да жетпейді. Жалақыны тағы да азайтпақшы. Ауылға келіп күн көрмесек... - деді Әліп.

Шетте жатқан:

─ Кетсек, бәріміз бірден кетелік. Бәріміз де кетеміз деп жұмыс істемей қояйық, жұмысты тоқтатып тұра алмайды. Амалсыз жалақысын көбейтеді.

Ортада жатқан шахтер.

─ Ой, тыныш жатшы, өзің бір нәрсе көрейін деп жүрсің - ау.

Шетте жатқан шахтер басын жұлып алып:

─ Көрмей жүрміз бе, бәрін көріп жүрміз. Неден қорқасың, жалақыдан айырылам дейсің бе? Айырылмай отыр ма едің? Ашығам дейсің ғой. Ашықпай отырсың ба? Жатақ орнымды алып қояр деп қорқасың - ау, есіңде болсын, сенде жатақ орын жоқ. Ендеше неден қорқасың? Мен қорқудан кетем.

Шеттегінің қасындағы:

─ Қойыңдар, құлаққа маза беріңдерші - деп бір аунап түсті.

Таң жанадан атып келе жатыр. Жер кепенің iшi ұйқыда. Бір уақытта гудок айқайлады. Ортадағы жатқан қарғын тұрды. Нұрлыбайды оятты. Нұрлыбай көзін уқалап жатыр.

─ Екінші гудок айқайлады ма? – деді.

Оған ешкім жауап берген жоқ.

Ортадағы:

─ Кәне, тұрыңдар! - деп айқай салды.

Барлығы да бастарын көтерді. Барлығы да «екінші гудок болып қалды ма» деп сұрап жатты. Шеттегі жатқан киінді жастығының астынан бір жапырақ нанды алып қойнына тықты. Сүртті де қайтып алып, жартысын жұлып жастық астына қайтадан қойды.

Біртіндеп шығып жатты.

Дәмеш, Күләнда тұрды.

Дәмеш жастық астындағы бір жапырақ нанды алып далаға шықты, Күләнда да далаға ере шықты.

─ Мен де барам, жеңеше.

Екеуі жүріп келеді. Едәуір жерде біреу қатты тоң жерді қазып жатыр. Бұл - Әліп, Дәмеш оған нан апара жатыр.

Біреу келіп оны алдына салып айдап кетті. Дәмештер жүгіріп келеді. Әліп тас баракқа алып келді, ішке кірді, бұл шахты иесі ағылшынның кабинеті еді. Төрде қағаз жазып семіз шал Хокинс отыр. Диванда оның баласы Джим отыр. Жасы жиырма бестерде, кішкене қып-қызыл тілі бар, құйрықсыз жапон итін алдына алып отыр. Джим қалтасынан қораб алып, оның ішінен кәмпит алған сайын, ит өзінің кішкене тұмсығын жалап - жалап алады.

Джим кәмпитінің бірін алып өз аузына салып, екіншісін алып иттің аузына салады.

Әліп шал Хокинстің алдына келіп тұрды.

Ағылшын басын жұлып алып, тілі бұралып, ағылшын акценті тілімен:

─ Сен неге менің рұқсатымсыз землянке қазасың?

─ Құдайдың жері ғой - деді күбірлеп Әліп.

─ Мүмкін, қазақтың жері шығар? Сен шахты да қазақтың дерсің 10 сом штраф салам!.. -деп ақырды Хокинс.

─ Сен ағашты қайдан алдың?

─ Ағам әкеліп берді.

─ Ұрлап алғансың ғой, қазір ағашыңды конторғa алып кел.

Осы уақытта Дәмеш кіріп келді.

Күләнда сескеніп Дәмештің қолынан ұстап қалтырап тұр. Джим Күләнданы көргенде өзінің аузына апара жатқан кәмпитін итінің аузына сала салды. Аузын ашып қарап қалды. Ә дегенде өзінің бұрынғы сұлу әйелдерді көргендегі әдетімен аңдаусызда ағылшын тілімен:

─ Please, sit down - деді.

Хокинс оған бұрылып қарап, езу тартып күлді.

─ A girl is good!

Джим Әліпке қарап:

─ Where does he WOTK?

Хокинс:

─ Miner.

Әліп Хокинстің аяғына жығылады:

─ Тақсыр, рақым етіңіз, мүсәпірмін, землянкем жоқ!

Джим жармасқан итін қуып жіберіп, Күләндаға қадалады. Күләнданың қасына келеді. Күләнда шошып Дәмештің ар жағына шығады. Әліп келіп Джимнің алдына жығылады. Джим Хокинске барып құлағына сыбырлайды. Екеуі де Дәмешке тығылып тұрған Күләндаға қарайды. Әліп Джимге бас иіп, тағы жалынайын дегенде, екі қолын сермеп:

─ Ол райт, ол райт - деп басын изейді. Өзі Күләндадан көзін алмайды. Әліп екі қолын көкірегіне қойып ырзалық беріп, басын шұлғиды.

Әліптер есіктен шығып бара жатқанда Хокинс:

─ Штрафты төлейсің, жұмысқа кешігіп қалдың! – дейді.

Әліп аңырайып тұрып, шығуға ыңғайланғанда Хокинс тағы шақырып алады:

─ Землянкеңді қаза бер, бірақ, саған мынадай шарт қоям: сен жетінші забойдан көмір шап.

Әліптің түсі қашып, көзі шарасынан шыға жаздайды:

─ Ол қауіпті ғой, көмір басып қалады, креп жоқ...

Хокинс:

─ Мен бұйырамын! Барасың! Кет, жоғал!

Әліп шығып кетеді.

...Күләнда жер баракта Әліптің төсегінде жатыр. Ойланып жатыр. Ағылшынның тесіле қарауы көз алдына елестейді. Көзін кең ашып, денесі түршігіп, көзін қайтадан жұмады.

...Төлеп пен Дәмеш екеулеп жер баракты қазып жатыр. Қазған жерлері кісінің белаурынан келеді. Қар басқан дала көрініп жатыр. Бір мал жоқ, тек алыста үрген ит даусы естіледі.

ІІ Тарау

Менің ...Шахты асты қараңғы, забой жеңнің ішіндей жіңішке. Креп жоқ, тышқанның іні сияқты. Әліп соның түбінде көйлегіне дейін шешіп, жалғыз өзі көмір шауып жатыр. Бұл -кәдімгі жұмыс істеуге болмайтын қауіпті жетінші лава. Самайынан аққан тер көмір күйемен қап-қара болып емшегінің үстіне дейін сорғалап ағып жатыр. Желкеден аққан тер, жон арқасынан жол тауып арып, шалбарының ышқырына барып жоқ болып жатыр. Әліп шөлдеген. Қайта-қайта тамсана береді. Әліп ентігіп дем ала алмай тұр. Әліп қабырғадағы дымқыл көмірдің арасынан тамшылап тұрған қара суды алақанымен іркіп, тосып алып жұтады. Дамыл таппай үсті - үстіне шабады. Күректі алып, шапқан көмірлерін дөңгелек арбаға салады, арбаның алдында байлаулы жіп бар. (Бұл жіп - Әліптің мойнына салып, арбаны тартатын жібі). Арба көмірге сәл толмайды. Шынында толған, бірақ асыра үңілген емес. Үңілмеген арбаны қабыл алмайды, штраф салады.

Әліп күректі тастап, қайтадан қайласын қолға алады. Отырып төбесіне қарайды. Бір топ көмір шоқтай болып шығып тұр. Оны жамбастап жатып, аяқты созып жіберіп, қос қолдап ұру керек. Лава тар. Әліп аяғын созып жіберіп жамбастап жатып, шабуға ыңғайланады. Сол уақытта аяқ жағы сықырлайды. Бұл төбеден көмір. Алдымен бір топ көмір құлап түседі, бірақ аяқты жинап түрегеліп қашып кетуге мүмкіндік жоқ. Әліп құлап келе жатқандай - ақ бар дәрменімен айқай салады. Төбесіндегі көмірлер басып қалғанда, екінші рет айқалайды, бірақ даусының жартысы ғана естіледі.

...Алтыншы забойдағылардың біразы қайлаларын тастап жүгірді. Жолда десятник тұр, жібермейді.

─ Қайда барасыңдар, жұмыс істеңдер?!

─ Жетінші забойдағы Әліп көмір басып қалыпты, өледі ғой, аршып алайық та - дейді Нұрлыбай шахтер.

Біраз қайлашылар жиналып қалады, десятник жанына орыс жігіт келеді Бұл қайлашы Илья Афанасьев...

─ Неге қарап тұрсыңдар? Бәріміз қырылып қалсақ та, бұлардың жаны ашыр ма?

Илья жетінші забойға өтіп кетеді. Десятник оны ұстаймын дегенде, Шектібай иығынан тартып тоқтатады. Бетше ала көзімен қарап, өзі жетінші забой жаққа кетеді. Десятниктің қасына қайлашы Алексей Петров келеді.

─ Киргизда нелері бар? Бәрі қырылып қалсын! - дейді десятник.

Алексей тістеніп, көзін алартып, қабағын түйіп, десятникке біраз қарап тұрады.

─ Сенің киргизда нең бар?

Қасында тұрған қазақ забойшы Бейсен десятникке:

─ Не әкеңнің құны бар?! – дейді.

Десятник айқай салады:

─ Қaзip жандарыңның барында тараңдар, жұмыс кетіңдер!

Қайлашылар біртіндеп тарасады.

...Илья мен Шектібай жетінші забойда. Алыстан шамдары жылтырайды. Әліпті көмір астынан аршып алған. Әліптің eci жоқ, талып қалған, өлік сияқты. Сүйретіп алтыншы забойға алып келеді. Қайлашылар жұмыстарын тастап, қайтадан жиналып қалады.

─ Tipi ме? - деп сұрайды Нұрлыбай.

─ Tipi, аяғы сынған, басқа жерін білмейміз.

Қалайшылар қоршап алады.

Жан-жақтан барлығы бірдей шуласады:

─ Енді мұны шығарады!.. Жұмыстан қуады!..

─ Айуандар, көріне көзге өлімге айдап, мертіктіріп, енді жұмыстан шығарады... - дейді Илья.

Арт жақтан бір қазақ жігіт:

─ Осы неге креп қоймайды? Біздің елде дей ме? Неге қауіпті жерге айдайды? – дейді.

─ Өлсін дейді. Сен өлсең айдың басынан бергі жалақыны десятниктің пайдасына қаладым - дейді" Алексей.

Десятник келе жатады. Жұмысшылар тарай бастайды.

Алексей десятникке:

─ Қaзip жоғарыға хабар бергіз, елірмей емдету керек.

─ Сен өзің неғып жүрсің, неге жұмысына бармайсың? - деп десятник бажылдайды.

─ Мен үшін сен істемейсің ғой.

─ Сенімен ертең сөйлесермін.

Илья, Шектібай, Алексей үшеуі Әліпті көтереді.

─ Қайда барасыңдар? Не жұмыстарың бар?.. Көмірлеріңді шабыңдар... білмейді жата берсін...

─ Сендер өлтірді деп біз өлтіре алмаймыз - дейді Илья.

Десятник мұртын сипады:

─ Жұмыстан шыққыларың келген екен.

Десятникке ала көздерімен қарап, Әліпті көтерісіп алып кетеді.

Қайлашылар арасында күбір сөз:

─ Енді Әліпті жұмыстан шығарады.

─ Бала-шағасы аштан қырылады...

─ Өзі жазылар ма екен?..

─ Үндеріңді өшіріңдер! - деп десятник айқай салды.

Шахтерлер сөздерін тоқтатады. Десятник тың тыңдағанда біраз тұрып, кетіп қалады.

...Әліптердің жер кепесі. Өте қараңғы: Төсекте Әліп жатыр. Көзі жұмулы, ауық-ауық ерні қимылдайды. Ышқынғысы, айқайлағысы келеді, бірақ дәрмен жоқ. Жағалай Дәмеш, баласы, Төлеп, Күләнда, Илья отыр. Шектібай, Алексей түрегеліп тұр. Дәмеш, кішкене бала, Төлеп, үшеуі де жылап отыр.

─ Қайнаға - ау, енді қайттым? Қырылатын болдық қой - деп Дәмеш қатты жылап жіберді.

─ Қырылмайсың, шығартпаймыз жұмыстан - деді Илья.

Илья, Шектібай шығып кетті. Алексей Дәмешке қарап біраз тұрды. Бір нәрсені айтқысы келген адамдай оқталды. Қолын қозғады. Қазақ тілін білмеген соң айта алмай ернін тістеді. Қайтадан Дәмешке қарады. Қиналып жатқан Әліпке қарады.

Боздап отырған кішкене балаға көзі түсті. Тағы айтайын деді, айта алмады. Сөз орнына кезден жас шықты. Күйелі беттен жас сорғалады. Көзіне десятник елестеді. Шампанский ішіп отырған ағылшын елестеді. Алексей басын көтеріп алды, есікке қарай жүрді. Есік алдына барып, мойын салбыратып, кепкесін қолына ұстап біраз тұрды. Содан соң кенеттен артына бұрылып, тез-тез басып Дәмешке келіп үлкен, қап-қара кендей болып жатқан алақанын ұсынды. Дәмештің қолын алып серттескендей бетіне қарап біраз тұрды. Содан кейін бір сілкінді де, айбынды қадаммен басып шығып кетті....

Төлеп үндемей отыр. «Шіркін, біз де келдік. Әліп бақытсыздыққа ұшырады - ау» - деп отыр ма? Бір уақытта.

─ Күләнда, сынық салушыға тағы барып келейік, неге келмей жатыр? - деді Күләнда орнынан тұрып шығып кетті.

Әліп енді ойбайлады. Аянышты түрде ыңырсыды. Ыңырсу өрлеп, шыңғыруға айналды. Сүйеніп арамен кесіп, ағаш құсап бөлшектеп жатқандай болды. Бір уақытта аяғы емес, дәл жүрегінің барлық жағынан да тез - тез ине сұғып жатқандай безектеді. Содан соң сол ұзын инелерді айқастыра өткізіп тырп еткізбей, қозғалтпай қойғандай талығып, қырылдап, демі бітіп, үні шықпай қалды. Кенеттен сол барлық жағынан да ине сұққан жүрегін үлкен, жалпақ темір алақанмен тырнақты батыра ұстап жұлып алып бара жатқандай, қатты шыңғырды.

III тарау

....Қас қарайған. Ағылшын үйлер! Терезелерінің жарықтары көрінеді Аспанда ай да, жұлдыз да жоқ. Қара бұлт тақтайға тамған майдай, біртіндеп жайылып аспанды тегіс жапқан. Әлдеқайда шәуілдеп ит үреді Жұпар басып Күләнда келеді. Үлкен қара көздері ойнақшып, жан-жағына алақтап қарайды. Қорқынышты. Оймақ аузы, кішкене әсем ерні тістеулі. Тоқтады. Артынан дауыс шықты. Бұрылып қарады. Жақындап келіп қалған пар атты шананы көрді. Жолдан шыға жүрді «Тоқта!»деді біреу. Күләнда айқай салайын деп еді, кенеттен тістелген ернін босатып, аузын аша алмай қалды.

Шанадан біреу:

─ Мініңіз, біз де сонда барамыз - деді.

Күләнда шегіне түсті. Сонда артынан біреу құшақтай алды. Күләнда ыршып түсті. Айқайлай бергенде, бір үлкен қол орамалмен аузын басты. Күләнданы екі адам көтеріп шанаға салды. Күләнда тулайды, біреуі көкірегінен басып, кеудесіне мініп алып, аузына орамал тығып отыр. Қос ат ала жөнелді. Шауып келеді. Қызыл тас үйге әкелді. Екі жігіт Күләнданы көтеріп, ішке кіргізді. Есікті ашты. Ауызғы үйде кішкентай итше кәмпитін беріп Джим отыр. Ей жігіттің бірі - мұртты сары жігіт, Күләнданы ішке кіргізерсің. Қол қусырды:

─ Мырза, келді!

Бұл - орысша киінген үлкен қара жігіт - Өтеген тілмаш.

Джим итін алқымынан итеріп тастап жымиып күлді. Күләнда бір жігіттің құшағында қабырғаға тығылып тұр. Ес-түс жоқ. Ойына баяғы кабинеттегі уақиғалар түсті. Жігіт босатып тұрды.

─ Көкежан - ай, мені құтқаршы!

Күләнда еңіреп Өтегеннің етегіне жармасты. Өтеген ыржаңдап күлді Джим Өтегенге сағат ұсынды. Өтеген оны алып екі алақанына кезек салып қарады. Күлді қалтасына салды. Өтеген Күләндаға қарады.

─ Ештеңе де істемейді. Тек мырзаның мырзалығы ұстап, саған көйлек кигізіп жібермекші. Жақсы қыз екен дейді - деді Өтеген. Өзi тepic қарап сылқылдап күледі.

Есіктен үй сыпырушы Таня кірді. Алға қарай жүрейін деді де, есіктің тұтқасынан ұстап кейін шалқайды. Көзі аларып, бетінен қаны қашты.

Өтеген Күләнданы құшақтап, сүйретіп, ішкі үйге кіргізді.

─ Шырағым, мен қазақпын ғой, мен барда несіне қорқасың?

Кровать үстінде әйелдің әдемі көйлегі жатыр. Жерде кілем төселген. Өтеген ағылшынша тігілген жібек көйлекті қолына алды:

─ Мынаны ки, мен тepic қарап тұрамын.

Күләнда жылап тұр, көйлекті алмады.

─ Бол, ки! Тезірек кетейік. Дұшпаннан түк тартсаң да пайда емес пе? Тез! Әліп қиналып жатқан шығар. Бұлардың әдетке бергенін алмасаң жібермейді.

Күләнда дірілдеп Өтегенге қарайды. Күләнда көйлекті алды. Қолы дірілдеп тұр, көйлекке қарайды.

─ Бол, мен тepic қарап тұрам.

Өтеген тepic қарайды. Күләнда әлі көйлекке қарап тұр. Ол ағылшын әйелінің киініп жүргенін көрген, қызыққан. Көзіне елестейді. Көйлегін шешеді, бұрылып қарайды. Томпайып тіке төңкеріліп тұрған, кішкене екі кесеге көзі түседі. Ернін жалайды, сілекейін жұтады. Тағы қарайды. Күләнданың жіңішке аш беліне көзі түседі. Ентігіп, шыдай алмайды. Бұрылып, жүгіріп барып құшақтай алады. Күләнда шошынып секіріп түседі. Есік сылдыр етеді. Өтеген селк етіп, түк білмегендей есік жаққа жүгіреді.

─ Мен қалай киюді үйретейін деп едім – дейді.

Күләнда көйлегін киген. Қолға түскен асаудай.Бірақ көйлек келісіп тұр. Өз көйлегін, камзолын алып, есікке қарай жүгіреді.

─ Жүр кетейік, ағатай!

Осы уақытта үйге Джим кіріп келеді. Өтеген шығып жүре береді. Джим есікті бір бұрап, ішінен кілттеп, кілтті қалтасына салады. Күләнда, үрейленген, екі көзі Джимнен айырмай, кейін шегіне түседі. Барлық күшімен есіктің тұтқасына жабысады, есікті тартады, жұлқылайды. Джим қолына бір орамал алып Күләндаға келеді. Күләнданың қолындағы киімдерін алып, босағаға лақтырып тастайды. Күләнда баланың жыласымен еңіреп қоя береді. Джим Күләнданың қолынан ұстап, сүйретіп төсекке алып келеді. Отыр дегендей ымдайды. Күләнда отырмайды, жылап жұлқынады. Джим кеудесінен басып отырғызады. Екеуі сөйлеспейді, бірінен - бірі көзін алмайды, арбасып тұрған сияқты. Бірін тілі бірі білмейді. Күләнда қорқынышты жылап отыр. Джим қуанышты, күліп отыр. Көздері жайнап Күләнданың бетіне, денесіне қарап біраз отырды.

Джимнің көзі қарауытты, аузынан суы ақты... құшақтай алды. Кішкене Күләнданы соқтадай денесімен бас салды. Айқайлауға әлі келіңкіремей, кішкентай аузын тістеп сүйеді. Нәзік белін қысып төсекке жатқызды аузын орамалмен басты. Күләнданың булыққан буынған даусы шықты, аяқ-қолы төсекті сабалады.

...Ауызғы үй. Өтеген күлімдеп есіктен тыңдап тұр, Таня үйдің ортасында тұр.

Ішкі үйден ышқынған, жан қиналған, көмекке шақырған, жаны шығып бара жатқан ащы дауыс шықты. Таня жүгіріп барып есікті қақты. Өтеген оны итеріп жіберді. Таня ентігіп, үрейленіп Өтегенге қарады, жүгіріп далаға шықты. Алды-артына қарамай жүгіріп келеді. Дала қараңғы, талай сүрінді Міне, шахты конторы. Міне, шахтыға баратын жол. Әлі жүгіріп келеді. Міне, шахтыға келді, қора аузына еніп жоқ болды. Қараңғы штрекпен жүгіріп келеді. Забойға енді, сүйретіліп, еңбектеп келеді. Шаң-шаң қайла дыбыстары, күректің сылдыры, жалтыраған шамдар көрінеді.

IV тарау

Таня Ильяға келді. Ентігіп, біраз сөйлесе алмай тұрды. Илья Таняға қарады. Таня қалтырап:

─ Әліп қайда? Кішкене қарындасын көшеден ұстап алып, Джим зорлап жатыр, қыз өлетін.

Ильяның көзіне Әліптердің үнінен шыққан қыздың далаға шыққаны елестеді Қараңғыдан: «О - не дейді?» деген күбірлер шықты. Шахтерлер келіп жатыр. Илья маңдайынан терін білегімен сүртіп тұрып:

─ Әліптің кішкене қарындасын дәрігерге бара жатқанда, ұстап алып, үйіне апарып Джим зорлап : жатыр дейді.

─ Не дейді? - деді жаңа келе жатқан біреу.

Илья жай ғана:

─ Бұл айуандыққа шыдауға бола ма, бұдан өткен айуандық бола ма! – деді.

─ Осыған қалай шыдайсыңдар?! - деп Илья айқайлап жіберді.

─ Ажыратып алу керек - деді біреу.

─ Жүріңдер, жұмысты тастаңдар!

Шахтерлер тұс-тұсынан айқайлады, түрлі боқтаулар естідік. Еңбектеп Алексей келді. Жұрт қызып, дабыр ұлғайып, боқтау көбейді.

Шамның жарығында бүк түсіп, үндемей біреу отыр. Бұл - Сәду. Сәду басын көтеріп алды:

─ Бәрін бүлдіріп жүрген орыстар, жаңа Әліпті апарып келгенде бір сұмдықты істеп келген ғой. Тыныштығымызды алып-ақ болды-ау.

Қайласын қолына ұстап ұзын қара жігіт отырды. Бұл осы уақытқа дейін ештеңе деген жоқ. Тісін қайрап, көзі жарқылдап, қайламен біреуді ұруға тап беруге отырған сияқты. Бұл -Бейсен шахтер еді, Сәдуге қарап:

─ Жаныңның барында аузыңды жапсаң қайтеді.

─ Қазақ - қазақ, деп қақсайсың да жүресің, қазақшы болсаң, жас қызыңды құлындай шыңғыртып жатқанда неге ара түспейсің? Күні кеше емес пе еді десятникке жағынып бізді «қазағыңды» жамандап жүргенің. Білеміз, қандай орысқа қас екеніңді - деп Шектібай да жекіп тастады.

Алексей орнынан қозғалды.

─ Кәне, жүріңдер! Үшінші забойға кеттік – деді. Шахтерлер қимылдай бастады. Қайлаларын ала жүрді. Забойдың іші айқай, боқтау сөзге толды.

Забойдың ең түбінде бес-алты адам отырды. Илья шығып бара жатқанда бұлар қарап тұрды да, жұмыстарын істей берді. Ильялар штрекке түскенде, алдындағы үшінші забойдан жиырма адам шықты. Алдарында Алексей. Барлығы қосылып штрекпен келе жатыр. Тәртіпсіз айтылған сөздер, айқайлар көмірдей құйылады. Алдарынан десятник шықты.

─ Ал, жігіттер - деді Бейсен. Барлығы жабыла түсті. Десятник тұрған жерге шахтерлер үймеледі, тепкілеп - тепкілеп тастап кетті.

Шахтерлер сөйлеместен жүгіріп келе жатыр. Қызыл тас үйге жақындап, есік алдына келді. Алдында үздік келе жатқан Бейсен мен Илья ішке кіріп кетті. Осы уақытта мылтық атылды. Үш полицейский есіктің алдына келді. Бейсендердің кіргенін көрмей қалды. Тағы да мылтық атылды. Айқай-шу көбейді.

Ішкі үйге Бейсен мен Илья кірді. Төрде, төсекте, ессіз-түссіз, көзін жұмып, талып Күләнда жатыр. Дірілдеп сұп-сұр болып, көзі аларып, бұрышқа тығылып Джим тұр. Илья Күләндаға барды. Бейсеннің көзі Джимге түсті. Тісін қайрап, көзі шатынап біраз қарап тұрды да, қайласын салмақтады. Джимнің көзі қайлаға түсіп, бұрышқа тығыла түсті. Бейсен қайласын үй қабырғасына сүйеп қойды. Жұдырығын түйіп, тістеніп Джимге барып, аларған көзін қадап, қолынан ұстап, үйдің ортасына алып келді. Жұдырығын салмақтап тұрып беттен бір соқты. Джим қаңғалақтап ұшып түсіп, мұрнынан қан сорғалады. Илья келіп ұстай алды.


Мазмұндас кітаптар

1 Думан Рамазанәңгіме
2 Қанипа Бұғыбаеваөлеңдер
3 Константин Паустовскийәлем әдебиеті
4 фольклор
5 Фариза Оңғарсыноваөлеңдер
6 жыр
7 Мұхтар Әуезовпоэмалар
8 жыр
9 Шәкәрім
10 тарих

Пікірлер:


Жолдаушы №: #102, : 07:45 - 2019/01/28

Менің құрдастарым " жалғасы


Жолдаушы №: #101, : 07:45 - 2019/01/28

Менің құрдастарым " жалғасы


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.