Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-181111389944 %56 %


Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Илияс Жансугуров. Отирик олендер::Өтірік өлеңдер

Кітәпханаға қайту

Өтірік өлеңдер ->
Апторы: Ілияс Жансүгіровөлеңдер
Өтірік өлеңдер - Көрілім: (1113)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

МЕЙІРБАННЫҢ ӨТІРІГІ

Мейірбан — албан, қызылбөрік руынан. Бұл күнде ұрпағы Алматы уезінде Қызылбөрік болысында. Өтірік өлеңдегі «Бүркіттен» бастап, «Кер бие, торы құлын», «Торы тайды» айтып «Шыбынды» да шығарады.

МЕЙІРБАННЫҢ ӨТІРІГІ

Жағалай Құрөзекті ауылым қонды,

Үй тігіп, жүк жиғанша ымырт болды.

Білге қара асынып аң іздедім,

Үйде нағып отырсың, Мекен сорлы.

Жағалай Құрөзекті шыға салдым,

Таңға жақын бір елік атып алдым.

Бүйрек майын шыжғыртып ішіп алдым,

Таң қыланда мызғымға жатып қалдым.

Нанбаңыз айтқаныма болса жалған,

Сауданың сөзі емес сатып алған.

Күн шығарда оянып дөңге шықсам,

Қияда бір бүркіт тұр ұя салған.

Қайта ойға, қуандым да, түсе қалдым,

Ұзынша бір құрықша кесіп алдым.

Желмей, жортпай қиядан құсты алуға,

Басына балапанның тұзақ салдым.

Балапан да бұлқынды асаудайын,

Тартынғанды тарпаңдап баса алмаймын.

Тас құлатып, тау бұзып торлағанда,

Бақайын баса сүзді бас маңдайым.

Қойымды қоңыр ақсақ айтып сойдым,

Ши қоршап балапанды қойып қойдым.

Шығармай шып-шырғасын түгел асып,

Бүркітке арқа-мойын жемге қойдым.

Сынаттым Байтоғашқа келген күні,

Бар екен әр жерінде белгі жүні.

Бұл менің шұбарыма ұқсайды екен,

Жабысты маған бер деп күні-түні.

Ертеңіне ап шығып аңға салдым,

Салған күні үш қасқыр, бес түлкі алдым.

Келесі күні он қасқыр, он қарсақ ап,

Шаршаған соң, тау асып жатып қалдым.

Түсімде түлкі алғаным есімде бар,

Түлкіме етік алыппын өкшесі бар.

Таң атқан соң жорыттым үлкендерге,

Бір жақсы ат мінесің деді жорушылар.

Әркім-ақ бұл бүркітке қолқа салды,

Он екі ай ұдайы салдым жануарды.

Бір саятта шіркінге көз өтті ме,

Қолға оралмай, тас болып қатып қалды.


Мазмұндас кітаптар

1 Сәкен Жүнісовроман
2 новеллаҚұс қанаты
3 дастан
4 Әзиз Несинәлем әдебиеті
5 Бейімбет Майлинповесть
6 Мұхтар Әуезовәңгіме
7 Сайын Мұратбековәңгіме
8 Дүкенбай Досжанәңгіме
9 дастан
10 әлемдік философиялық мұра

Пікірлер:


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.