Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

::::Fariza Ongarsynova. Olender zhinagy. V::Өлеңдер жинағы. V кітап

Кітәпханаға қайту

Өлеңдер жинағы. V кітап ->
Апторы: Фариза Оңғарсыноваөлеңдер
Өлеңдер жинағы. V кітап - Көрілім: (784)


: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


ЖОҒАЛҒАН МАХАББАТ

Арманым сен едің,

ардағым сен едің.

Өзіңсіз өмірім

күнгейсіз деп едім.

Көрмесем жабығып,

сарғайып, сағынып,

өзіңмен бір еді

бал арман, ақ үміт.

Қайырмасы:

Күндер-ай сағынған,

жалындаған,

қызғанған, еркіме

бағынбаған.

Жоқ бүгін махаббат

арманым да.

Шынымен жоғалтып

алғаным ба?

Не дейін көңілге,

түсім бе, өңім бе?

Кінәлі кім бұған,

өзім бе, өмір бе?

Жайнайын тағы да,

нұр құйып таңыма.

Киелі сезімім,

оралшы жаныма!

Қайырмасы.

1991


Мазмұндас кітаптар

1 Мұхтар Шахановөлеңдер жинағы
2 Қуандық Түменбайәңгіме
3 Мұқан Иманжановәңгіме
4 Әбіш Кекілбаевпьесааударма
5 Мұхтар Әуезовестеліктер
6 Ханс Кристиан Андерсенертегі
7 Сәбит Мұқановәңгіме
8
9 Хамза Есенжановәңгіме
10 Константин Паустовскийәлем әдебиеті

Пікірлер:


Жолдаушы №: #143, : 06:59 - 2020/05/29

Өте керемет


ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.